5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет5/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

10 

 

8. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для проведения 



практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. М. П. 

Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. –  57 с. 

9. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

10.Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

11. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с

.

 



 

3  тақырып. Басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы 

 

Дәріс жоспары: 

1.  Басқару шешімдерін модельдеу және оның жіктелуі 

2. Басқару шешімдерін әзірлеуге дайындық 

3. Басқару шешімдерін әзірлеу 

4. Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру 

      


1.  Модель ұғымының бірнеше түсіндірмесі бар. Солардың бірі ретінде модель қандай да  

бір  объектінің  үлгісі,  эталоны  деп  қарастырылады.  Модельдің  басты  қасиеті    -  түпнұсқа 

болып табылатын объектінің барлық тұстарын  алып қарамай, оның  негізгі  тұстарын алып, 

қарапайым үлгісін ғана көрсетуі. Басқару процесіндегі модельдеу шешімдерді негіздеу үшін 

қолданылады.  Басқарудағы  модельдер  шешімнің  тиімді  нұсқасын  таңдауда  маңызды  құрал 

болып табылады.  

 

Басқарудағы модельдер түрлі белгілері бойынша жіктеледі



1.  Мақсатқа бағытталуы бойынша:  

  теориялық-аналитикалық  –  олар  экономикалық  процестердің  жалпы  қасиеттері  мен 

заңдылықтарын  зерттеуде  қолданылады  (мысалы,  ғылыми-теориялық  зерттеулердегі 

үлгілер); 

  қолданбалы  –  талдаудағы,  болжаудағы,  басқарудағы  нақты  экономикалық  мәселелерді 

шешу барысында қолданылады (іс жүзінде қолданылады). 

2.  Модельдеу объектісін агрегаттау дәрежесі бойынша: 

  макроэкономикалық модельдер - экономиканың қызмет етуін біртұтас етіп қарастырады; 

  микроэкономикалық  модельдер  –  экономиканың  кәсіпорын,  фирма  секілді  буындары 

үшін қолданылады.  



3.  Нақты қолдану бағыты бойынша: 

  баланстық    -  қолда  бар  ресурстар  мен  оларды  пайдаланудың  сәйкестігін  көрсету  үшін 

қолданылады (мысалы, «өндіріс-шығындар» балансы); 

  трендтік  –  жүйенің  негізгі  көрсеткіштерінің  дамуының  ұзақ  мерзімдік  тенденциясын 

сипаттау үшін қолданылады; 

   оңтайландырушы  –  өндіру,  бөлу,  тұтынудың  белгілі  бір  нұсқаларының  арасынан  ең 

үздігін таңдап алуға арналған; 

  имитациялық – зерттелетін жүйені немесе процесті имитациялау үшін қолданылады. 



4.  Уақыт факторын есепке алу бойынша: 

   статикалық - бір уақыт аралығындағы тәуелділікті көрсету үшін қолданылады; 

  динамикалық – даму үстіндегі экономикалық жүйелерді сипаттау үшін қолданылады.  

5.  Айқынсыздықты есепке алу дәрежесі бойынша: 

  детерминантталған 

– 

параметрлері 



мен 

айнымалылары 

бір-бірінен 

тәуелді 


математикалық модель (мысалы, эндогендік, экзогендік айнымалылары бар функция); 

  стохастикалық (ықтимал). 

 



11 

 

6.  Модельге енген математикалық объектілердің сипаты бойынша: 

  матрицалық; 

  сызықтық программалау; 

  сызықтық емес программалау; 

  корреляциялық-регрессиялық модельдер; 

  жаппай қызмет көрсету теориясы моделі; 

  желілік жоспарлау моделі; 

  ойындар теориясы моделі. 

7.  Зерттелетін әлеуметтік-экономикалық жүйелерге қатысу типі бойынша: 

  дискриптивті – бақыланатын нақты құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжауға 

арналған; 

  нормативтік  –  белгілі  бір  берілген  критерийлер  тұсындағы  экономикалық  жүйенің 

әрекетін сипаттайды. 

2.   Басқару шешімдерін әзірлеу процесі үш ірі сатыны қамтиды: 

І дайындау; 

ІІ қабылдау; 

ІІІ жүзеге асыру. 

Осы  аталғандарға  толығырақ  тоқталамыз.  Басқару  шешімдерін  әзірлеуге  дайындық  келесі 

қадамдардан тұрады: 

 

проблемалық ситуация туралы ақпарат алу; 



 

проблемалық ситуацияны шешу үшін мақсаттарды анықтау; 

 

бағалау жүйесін енгізу; 



 

ситуацияны талдау; 

 

ситуацияны диагностикалау; 



 

ситуацияның даму болжамын жасау. 



Проблемалық  ситуация  туралы  алынған  ақпарат  шынайы  әрі  толыққанды  болуы 

керек.  Егер  ақпарат  толық  немесе  шынайы  болмаса,  бұл  қате,  тиімсіз  шешімдердің 

қабылдануына  әкелуі  мүмкін.    Ақпараттың  шектен  тыс  көп  болуы  да  қиындық  туғызады, 

өйткені тиімді басқару шешімі үшін маңызды ақпаратты іріктеп алу оңай болмайды. 

Шешім  қабылдау  ситуациясы  туралы  ақпаратты  алу  және  өңдеу    барысында 

ситуацияның ерекшелігі мен даму тенденциясын сипаттайтын сараптамалық материалдарды 

дайындау  маңызды.  Мұндай  сараптамалық  материалды  басқару  шешімдерін  қабылдау 

ситуациясы саласына қатысты жеткілікті білім мен тәжірибеге ие мамандар дайындауы тиіс.  

Шешім  әзірлеуде  ұйым  алдында  тұрған  мақсаттарды  анықтап  алу  маңызды  роль 

атқарады.  Мақсаттар  анықталғаннан  кейін  ғана  ситуацияның  дамуына  ықпал  ететін 

факторларды,  механизмдерді,  заңдылықтарды,  ресурстарды  анықтауға  болады.  Осы  сатыда 

мақсаттар ағашын қалыптастыру әдісі дайындалып, қолданылады. Олар мақсаттар жүйесінің 

иерархиялық құрылымын және мақсатқа қол жеткізу дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін 

критерийлер ағашын анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаттар ағашы мемлекеттік басқарудың 

құрылымдарында  программалық-мақсаттық  жоспарлау  кезінде,  концерндерде,  фирмаларда 

ірі ауқымды жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолданылады. 

Мақсатты  дәл  анықтау  басқару  процесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады. 

Мақсаттардың  басымдығын  анықтау  үлкен  мәнге  ие.  Ресурстарды  ретсіз  жұмсауға 

болмайды. Мақсатқа қол жеткізудің жолдарын білу де маңызды. 

Басқару  шешімдерін  әзірлеу  процесінде  ситуацияны  дәл  бағалау,  басқару 

шешімдерінің табысқа әкелетін тұстарын ескеру үлкен маңызға ие. Ситуацияның қандай да 

бір  аспектісін  адекватты  бағалау  үшін  белгілі  бір  факторларға  байланысты  орын  алатын 

ситуацияның  жай-күйін  сипаттайтын  индекстерді,  индикаторларды  қалыптастыру  керек. 

Дайын, бұрыннан бар ндекстерді де қолдануға болады. 

Бағалаудың  тағы  бір  түрі  -  рейтингті  есептеу.  Мысалы,  банктердің,  сақтандыру 

компанияларының,  инвестициялық  қорлардың  тұрақтылығы  мен  сенімділігі  ашық  баспасөз 

беттерінде  жарияланатын  рейтингтер  арқылы  анықталады.  Сонымен  бірге  саясаткерлердің, 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау