20
Ұжымдық (топтық) шешім қабылдаудың жағымды тұстары:
ұжымдық талқылау қателіктердің орын алу ықтималдығын төмендетеді.
Ынтымақтастық атмосферасы құрылады, топ мүшелері арасында әрекеттесу болады.
ұжымдық талқылауда басқару шешімдері неғұрлым толық ақпаратпен
қамтамасыз етіледі. Проблемаға қатысты түрлі білімі бар тұлғалар тартылады;
проблемаға қызығушылық туындайды. Егер адамның білімі мен тәжірибесі қажет
етілсе, адамдар іске үлкен энтузиазммен кіріседі (энтузиазм – мақсатқа қол жеткізу үшін
белсенді әрекет жасауға ұмтылыс);
сенімді қарым-қатынасты орнатады. Ұжымның әр мүшесі ынталанып, жауапкершілігі
артады;
түрлі этикалық нормалардың сақталуы. Адам басқалардың алдында шыншыл,
жауапты, этикалық және моралдық нормаларға сай болуға тырысады.
Басқару шешімдерін ұжымдық қабылдаудың жағымсыз тұстары:
уақыт шығынының көп болуы. Бұл топ құрумен, топты мәселемен таныстырумен,
олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдай құрумен байланысты. Неғұрлым топ үлкен
болған сайын шешімдерді әзірлеуге, үйлестіруге соғұрлым көп уақыт кетеді;
ортақ пікірге келу иллюзиясының туындауы. Мұндай дебаттар кезінде адамдар
көпшіліктің пікірімен келіседі;
шешімнің сапалық деңгейінің тұрақсыздығы. Бұл талқылауға қатысушылардың
кәсіби біліктілігінен тәуелді.
топта соңғы шешімге нақты жауапкершіліктің болмауы. Сондықтан бұрыс
шешімнің авторын табу қиын.
Рольдерді келесідей бөліп беру жолымен топ жұмысының тиімділігін
арттыруға болады:
эрудит (эрудит - терең білім мен оқу нәтижесінде терең танымға ие адам);
жаңа идея генераторы;
сыншыл;
әдіскер;
жетекші.
3. Әрбір адам басқалармен ұқсас немесе олардан ерекшелендіретін тұлғалық сипаттарға
ие. Оның үстіне бір адам әр ұйымда өз тұлғалық қасиеттерін әркелкі сипатта көрсетуі
мүмкін. Әрбір басқару шешімі оның инициаторының даралығын және оның құндылықтарын
сипаттайды.
Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде адамның ойлау қабілетінің
ескерілгені дұрыс. Басқару субъектісінің ойлау қабілеттілігі келесі сипатта болуы мүмкін:
терең ойлау – адам ойының аналитикалық сипатын, талданатын ситуацияның
себеп-салдарлық байланыстарын іздеу. Мұндай адамдар үшін басқару шешімдерін дайындау
тиімді болады.
кең ойлау – қызметтің жалпы сценариіндегі талданатын ситуацияның ролін бағалай
алады. Бұл ойлаудың синтездік сипатын көрсетеді.
шапшаң ойлау – уақыт бойынша жылдамдықпен байланысты. Ой шапшаңдығы
бірнеше нұсқаларды қарап, саралауға мумкіндік береді. Бұл басқару шешімдерін әзірлеу мен
жүзеге асырудың эвристикалық әдістері тұсында керек. Эвриристикалық тәсіл логикалық
ойлауға негізделеді.
ойлау икемдігі – ымыраға келуге бейімділік. Басқару шешімдерін дайындау мен
жүзеге асырудың матрицалық әдісі тұсында қажет.
Басқару шешімдерін әзілеу мен қабылдау тұсында көп адамды өзіне тарта білу
және қарата білу қабілеттілігі маңызды. Бұл – тұлғаның ерекше сапасына негізделген билік –
даналық, қайсарлық, кез-келген адамдарға қолжетімділік, сенімді сыртқы келбет, қоғамда әр
статусқа ие адамдар арасында өзін байсалды, сенімді ұстау.
21
Басқару шешімдерін әзілеу мен қабылдау сапасына жетекшінің келесідей қасиеттері
ықпал етеді:
романтизм,
практицизм,
оптимизм,
пессимизм.
Жетекшінің романтизмі басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру мәселелеріне
қатысты өз мүмкіндіктерін жоғары бағалаумен байланысты. Романтизм барлық
басшылардың қызметінің бастапқы сатысына тән.
Жетекшінің практицизмі немесе маманның практицизмі көп тәжірибемен және басқару
шешімдерін әзілеу мен қабылдауда стереотипті тәсілдерді қолданумен байланысты.
Басшының оптимизмі өзінің, персоналдың, ұйымның мүмкіндіктерін жоғары бағалауға
негізделген.
Басшының пессимизмі өзінің, персоналдың, ұйымның мүмкіндіктерін төмен бағалауға
негізделген.
4. Тұлғаның бедел (абыройы) – қарамағындағыларға, әріптестерге, қоршаған басқа да
адамдарға түрлі қызмет саласы бойынша кәсібилікпен, тәжірибелікпен, ізгілікпен
байланысты әсері. Беделдің сипаты мен мазмұны басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге
асыруға ықпал етеді.
Беделдің бірқатар түрлерін қарастырамыз.
Мейірімділік беделі – қарамағындағыларға қамқорлықпен, ізгілікпен, жанашырлықпен
қарау. Қамқоршының бұл ролі қарамағындағыларды біріктіріп, өзара көмекті күшейтеді.
Компенсациялық бедел – тапсырманы орындауүшін итермелеуші мотивтерді қолдану.
Компенсация ақшалай формада, қосымша демалыс т.б. түрінде болуы мүмкін.
Педанттық бедел жетекшінің тапсырманы орындау және оларды қарамағындағыларға
бөліп беру элементтерін алдын-ала жан-жақты қарастыру, тапсырманы орындауды қатаң
регламенттеу нәтижеге қажет сапада қол жеткізіп, белгіленген уақытта орындау
ықтималдығын арттырады;
Алшақтық беделі – басшы мен шешімді орындаушы арасындағы ақпарат пен
байланыстағы кедергілерді жасанды құру (басшының қолжетімді болмауы, басшы шешімнің
қалай орындалатындығын білмей, орындаушыға үміт артуы мүмкін).
Резонерлік бедел
. Іс-
әрекет нұсқаларының алуандығы қарамағындағылардың бойында
жетекші туралы біліктілігі жоғары деген пікірді қалыптастырып, тапсырманы сапалы
орындауға ынталандырады. Алайда, кейін, жетекшінің тым шашыраңқы ойы күман
тудырады, қарамағындағылардың тапсырманы орындауға қызығушылығын бәсеңдетеді.
Резонерлік - ойлаудың бос, көп сөйлеумен, нақты идеяның болмауымен байланысты
бұзылуы.
Тәкаппарлық бедел жасандылықпен, менмендікпен байланысты. Бұл беделді
басшылар, оның жан-жағындағылар құруы мүмкін. Басшының өзін-өзі бағалауының
шамадан тыс жоғары болуы беделден айырылуына әкеледі.
5. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруда оны орындаушылар басқару
шешімдерінің мағынасын көп жағдайда түсіне бермейді. Бұл ақпараттың жетіспеушілігіне,
тұлғаның ұғынуына байланысты болуы мүмкін. Тұлғаның шешімдерді ұғынуы
темпераментке байланысты. Темперамент - жеке психологиялық қасиеттердің жиынтығы. Ол
ақпаратты қабылдау механизмін және ақпаратқа адамның іс-әрекеті, сезім арқылы көрінетін
реакциясын сипаттайды. Адамның темпераменті саусақ белгілері секілді өмір бойы
өзгермейді. Темпераменттің 4 базалық типі бар: холерикалық, сангвинистік, флегматикалық
және меланхолиялық.
Холерикалық темпераментке ие тұлға басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдауда
шапшаңдықты, жеделдікті және жеке бастаманы қалайды. Қызықты тапсырмалар
орындағанды ұнатады. Егер қызығырақ тапсырма пайда болса, олар бұрынғы тапсырманы
аяқсыз қалдырып, жаңасын орындауға ауысуы мүмкін. Холериктер ситуацияны жан-жақты