Өндірістік тәжірибені түрлі меншік нұсқасындағы кәсіпорындарда өтудегі қарастырылатын сұрақтар тізімі
Шаруашылық субъектісінің атқаратын қызметтерімен және құрылымымен танысу.
Кәсіпорын жарғысымен, қызметтік міндеттерімен танысу.
Қаржылық бөлімнің ұйымдастыру жұмысымен танысу.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының динамикасы және құрылымымен танысу:
А) меншікті капиталды талдау;
Б) тартылған және заемдық қорларды талдау.
Кәсіпорынның қаржылық қорларымен танысу (Жарғылық, резервтік және т.б.)
Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен динамикасымен танысу.
Айналым құралдарын талдау, олардың құрамы мен динамикасы.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалаумен танысу:
А) өнімді өндіру мен шығару бойынша кәсіпорын шығындарын бағалау мен талдау (жұмысты орындау мен қызмет көрсету);
Б) жалпы табысты бағалау мен талдау ( негізгі қызметтен, жеткізіп беруден тыс операциялар және т.б.)
В) табысты реттеу механизмі және таза табысты пайдалану мен бөлу тәртібімен танысу.
Кәсіпорынның бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша сұрақтармен танысу.
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділік көрсеткіштерін талдау.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау.
Бизнес жоспардың қаржылық есептерін есептеу.
Студент есепте келесі кезеңдерге көңіл бөліп, көрсетуі тиіс:
Ағымдағы активтер мен пассивтерді оперативті басқару.
Дебиторлық қарыздардың нақты жағдайын бағалау.
Табысты жоғарылату әдістерін талдау.
Фирманың дивиденттік саясатымен танысу.
Инвестициялық жобаларды бағалау мен талдау.
Кәсіпкерлік тәуекелділікті және оларды басқару тәсілдерін зерттеу.
Қаржылық ағын қозғалысын және оның тиімділігін жалпы бағалау.
Тәжірибе аяқталғаннан кейін, студент өндірістік тәжірибе бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады. Есепте атқарған жұмыстарының түрін толық көрсетіп, кәсіпорынның алғашқы құжаттарын, балансын, есептіліктерін тіркеп қояды.
Есептерді шығаруда көрсеткіштерді есептеу әдістерін көрсетеді. Тәжірибелік материалдарды жинағанда, міндетті түрде дипломдық жұмыс тақырыбына байланысты болуы керек.
3.4.5 ҚР сақтандыру компанияларында
Тәжірибеленуші студент өндірістік тәжірибені өту барысында, сақтандыру компаниясының ұйымдастырушылық құрылымымен танысып, кемінде күнтізбелік соңғы үш жыл бойындағы аналитикалық ақпараттарды жинаумен айналысады.
Сақтандыру компаниясының ұйымдастырылу құрылымының түрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, тәжірибеленуші студент компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен танысып, есепті ұсынуы тиіс.
Қаржылық департамент
Бұл Департамен бойынша студенттің өндірістік тәжірибе есебінде компанияның төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық есептіліктің түрлері мен нұсқалары көрсетілуі тиіс (қаржылық көрсеткіштері, активтері, динамикадағы инвестициялық қоржындары).
Сақтандыру департаменті
Бұл Департамент бойынша тәжірибеленуші студенттің есебінде болуы тиіс:
жүргізілетін сақтандыру түрлері;
қайта сақтандырудың жағдайы мен дамуы;
осы сақтандыру компаниясының даму болашағы жайында.
Сақтандырудың құрылымын, нұсқалары мен сыныпталуын, сала бойынша сақтандыру бойынша төлемдер мен сақтандыру сыйақыларының түсуін көрсетілуі тиіс.
Қайта сақтандыруға жіберілген сақтандыру сый ақыларының құрылымын көрсету керек.
Сату департаментінде
Бұл Департамен бойынша студент сақтандыру компаниясының маркетингтік саясатын, оның мақсаты мен міндеттерін зерттеу керек. Тұтынушыларға сақтандыру қызметтерінің қозғалысы тәсілдері мен әдістерін анықтау керек.
Заң бөлімінде:
Компанияның нормативтік және заңнамалық актілердің сақталуын алып, талдап және ұсынуы тиіс. ҚР сақтандырудың заңнамалық базасын жетілдірудің мүмкін болатын бағытын келесі сұрақтар бойынша зерттеу:
сақтандыру төлемдерінің кепілдендірілген жүйесі;
міндетті сақтандыру жүйесі;
сақтандыру нарығын реттеу мен бақылау жүйесі.
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп (мүмкіндігінше) сақтандыру компаниясының келесі құжаттарын мазмұндау керек: (бухгалтерлік баланс, сақтандыру келісім шарттары, сақтандыру ережелері, табыстар мен шығыстар есебі, сақтандыру полистері және т.б.)
3.4.6 Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен
қазынашылық ұйымдарда
Мемлекеттік қаржылық ұйымдарда өндірістік тәжірибе мазмұны мемлекеттік басқару деңгейі мен өндірістік тәжірибе базасына сәйкес ерекшеленеді. Есепте қаржылық ұйымдардың міндеттері мен беделі сипатталып, оның Ережелері, оперативтік және стратегиялық сипаттағы мазмұны мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекеттік қаржылық ұйымдардың тәжірибелік қызметін зерттеу оның құрылымы мен әрбір бөлімшелердің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қарастырудан басталады. Өндістік іс тәжірибенің және жұмыс түрлерінің жалпы мазмұны келесі сұрақтарды қарастырумен көрсетіледі.
Қазынашылық комитетінің және территориялық қазынашылық ұйымдардың қызметтері мен өкілеттілігімен танысу. Қазынашылық ұйымдардың бөлімдерімен танысу: құрылымы, тағайындалуы, қызметкерлер міндеттері, қызметтік инструкциялар.
Қызметкерлердің функционалдық міндеттерін қарастыру: мемлекеттік бюджеттің орындалуын басқару, түсімдерді басқару, міндеттемелерді тіркеуді басқару, төлем ақы шотын енгізуді басқару, төлемдерді бақылауды басқару, мемлекеттік мекемелермен жұмысты басқару, ішкі бақылауды басқару, мердігерлермен анықтамалар жүргізу және есеп жүргізу, қаржылық қамтамасыз ету бөлімімен, қазыналық жүйені техникалық жүргізу мен ақпараттық қауіпсіздік бөлімі.
Зерттеу жүргізу объектілері бойынша материалдарды жинап, оқып, талдау.
Ұлттық валютадағы бюджетке түсімдердің орындалуын ұйымдастырумен танысу.
ҚР ЕБК бекітілген табыстардың сыныптама кодымен сәйкес біріңғай қазынашылық шоттың жұмыс істеуімен танысу.
Бюджеттік алымдарды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударудың кезеңділігі мен тәртібі және бюджеттік субвенцияларды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударумен танысу.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын, азаматтық құқықтық келісім шарттарды, мемлекеттік тіркеуді жүргізетін тәртіппен танысу. Қолма қолсыз нұсқадағы ұлттық валютамен төленетін төлемдерді жүргізу.
Мемлекеттік мекемелердің жүргізетін депозиттік шоттарымен, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудегі төлемдерді жүргізу тәртібімен танысу. Олардың қол астында қалған, тауарларды жеткізіп беруден (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен ақшаны қолдану тәртібімен танысу.
Бюджеттік несиелерді ұсынудағы қаржылық қызметтерді сипаттау мен бюджеттік несиелеу тәртібімен танысу. Қазақтан Республикасының Үкіметінен қарыз алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тартылған қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру. Мемлекетпен кепілдендірілген заемды иемденген, қаражат алушының қаржылық жағдайын мониторингтау тәртібі. Мемлекеттік мекемелер үшін қазынашылық ұйымдардың бюджет ақшасын басқару тәртібі.
3.5 Есепті жазып және қорғау
Өндірістік тәжірибе студенттің қорытынды жұмысы болып табылады. Ол тәжірибе бағдарламасының негізінде, күнтізбелік кестеге сәйкес жасалады. Онда студент барлық қарастырылған сұрақтары бойынша жасалған жұмысын көрсетіп, экономикалық жұмыстарды орындағанынынша дәлелдейтін құжаттарды және есептерін тігеді.
Есепті жазуда, қаржы несиелік салада жұмыс істейтін маманның жұмысын көрсететін құжаттарды тікелей көшіріп алуға болмайды. Есепте қызметкердің құқықтары мен міндеттеріне жалпы сипаттама беріледі. Әсіресе, жұмысты орындау тәсілдері мен нақты есептерге көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, жасалған жұмысты көрсету мен тігілген құжаттар, есептер бір бірімен байланысты болуы керек.
Есептің мазмұнында болуы тиіс:
Сыртқы беті (титулды парақ)
Мазмұны
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе күнделігі
Шаруашылық субъектісіне жалпы сипаттама
Шаруашылық субъектісінің бөлімдерінің жұмыстарына сипаттама және талдау
Кәсіпорын (ұйым) қызметінің қаржылық экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруды жетілдіруге ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі (ақпарат көздері)
Қосымшалар
Есепке қосымша тігіледі:
. Тәжірибені өту күнделігі.
. Кәсіпорынның нақты құжаттары (қаржылық есептілік, кәсіпорынның және қаржылық экономикалық бөлімдердің ұйымдық құрылымы, зерттеу тақырыбы бойынша материалдар)
Барлық жиналған материалдар тиянақты түрде папкаға тігіледі.
Есептің жалпы көлемі қосымшаларды қосқанда 30-40 парақ бет болу керек. Мәтінді жазған кезде шетінен: сол жақтан 3 см, оң жақтан- 1,5 см, жоғарғы және төменгі жақтан 2 см қалдыру керек. Есептегі парақ беттерінің номері сыртқы беттен (титулды) басталып, тізбектеліп, араб сандарымен белгіленіп, парақтың жоғарғы оң жақ бетіне қойылады.
Сыртқы бет (титулды) номерленбейді және бірыңғай нұсқада болуы тиіс, қосымша 2 көрсетілгендей.
Есепті қорғау арнайы комиссиямен қабылданады. Есепті қорғау кезінде өндірістік тәжірибе уақытында үйренген тәжірибе мен білімді көрсету керек. Тәжірибенің нәтижесі бойынша баға талаптарға сай болып, студенттің «Қаржы» мамандығы бойынша тәжірибелік жұмысқа дайындық деңгейін көрсетеді.
4. Дипломалды іс-тәжірибе
4.1 Дипломалды іс-тәжірибені ұйымдастыру, мақсаты және міндеттері
5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша дипломалды іс-тәжірибе 4 курс 8 семестрде теориялық білімді, өндірістік іс-тәжірибені аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады.
Диплом алды практикасы негізгі білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде оқытудың соңғы кезеңі болып табылады. Студенттер теоретикалық және практикалық оқытудың бағдарламасын толық игергеннен кейін өткізіледі.
Дипломалды тәжірибе жоғарғы білікті мамандар даярлау бойынша оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады және сәйкес мамандыктары, кызметтері мен лауазымдары, қажетті материлдык техникалык базасы, кұралдары және акпараттык технологиялары бар әр түрлі қызмет ету ортасы мен жеке меншік түрлерінің кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зауыт зертханаларында жүргізіледі. Дипломалды тәжірибе бакалавриат студенттері үшін арнайы пәндер циклымен анықталады және мамандық түрі бойынша қызметі түрімен байланысады.
Диплом алдындағы іс-тәжірибенің мерзімі, сағат көлемі, кредит саны және ұзактығы мамандыктың жұмыстық оқу жоспарымен аныкталады. Диплом алдындағы іс-тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады. Диплом алдындағы іс- тәжірибенің барысында студент кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметі бойынша нақты материалдар жинайды және оны диплом жұмысын жасауда қолданады. Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сырттай және кешкі бөлім окушылары таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарына танысу және сәйкес материалдар жинау үшін тағайындалған тәртіппен диплом алдындағы іс- тәжірибеге жіберіледі.
Дипломалды тәжірибе студенттің институтта оқу барысында алған теориялық білімін практикалық жұмыста бекітудегі қорытынды бөлім болып табылады. Ол студенттердің мамандық бойынша терең практикалык машық алуына және оны келешек қызметінде Қазақстан экономикасынын нарықтық қатынас дамуы мен түрлі шаруашылық түрлері жағдайында қолдануына бағытталған.
Диплом алдындағы іс-тәжірибені өту барысында студент:
білу керек: кәсіпорын қызметін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды; бухгалтерлік айналым құжаты жоспарлы- талдау қызметін ұйымдастыру; кәсіпорынның экономикалық қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ережесін,бухгалтерлік қаржылық есептілік көрсеткіштерін қалыптастыруды; басқару шешімдерін қабылдауда есептілік ақпараттарды қолдануды;
меңгеруі керек: кәсіпорын қызметінде нормативтік құжаттарды, ережелерді қолдануы; экономикалық қызметті құжаттармен қамтамасыз ету үрдісін ұйымдастыру; кәсіпорын қызметінде қолданылатын ақпараттарды жинақтау, талдау, қолдану; кәсіпорында бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу; қаржы есептілігін есепке алуды; өткизилген талдау нәтижелері бойынша экономикалық ұсыныстарды негіздеу; ұйымның шаруашылық қызметінің «қысқа орындарын» табу және себептерін қарастыру.
дағдысы болуы керек: өз қызметінде нормативті-құқықтық базаны қолдану дағдысы; ақпараттарды жинақтау,талдау, қалыптастыру және ақпараттарды басқару құралы ретінде, компьютерді қолдану дағдысы;
кәсіпорындардың өнімділігін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу дағдылары; техникалық-экономикалық ұйымдардың жұмысын жақсарту үшін басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін зерттеу дағдылары.
Диплом алды тәжірибе студенттердің келесі құзыреттіліктерінің қалыптасуына бағытталған:
Дипломалды іс-тәжірибені өту нәтижесінде студент келесі дағдыларды, қабілеттерді , жан-жақты және кәсіби құзыреттіліктері:
ұйыдастырушылық дағдыларды жетілдіру (өз уақытын басқару, мекеменің жұмысына қосылу, қызмет ісін әріптестерімен бірге ұйымдастыру);
жоспарлау және ұйымдастырушылық аспектілерде жұмыс процесін анализдеу, пішіндерін тиянақты саралау және жұмыстың әдістерін, анықтау және нәтижелік жұмысты анализдеу;
конструктивтік дағдыларының қалыптасуы (мекемеден сұранысқа сәйкес кәсіби қызметтің міндетін анықтау;
кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу қабілеті;
ұйымдарда қабылданған стандартқа сәйкес экономикалық бөлімнің есеп жоспарын қалыптастыру оларды дәлелдеу қабілеті;
басқармашылық шешімдерді қабылдауда алынған ақпараттарды қолдану және әр түрлі меңшік нысандарындағы кәсіпорындар есептерінде қамтылған қаржылық және бухгалтерлік ақпараттарды талдау және интерпретациялау қабілеті.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты - теориялық білімді бекіту және тереңдету, жоода оқу үдерісінде студенттермен алынған, ұйымдастыруға икемділіктері бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға студенттерді дайындау.
Диплом алды тәжірибенің міндеттері
Диплом алды тәжірибені өтудің негізгі міндеттеріне кіретіндер:
белгілі қызмет түрінде нақты кәсіби міндеттерді шешу барысында терең кәсіби дағдыларды иелену;
дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша деректер көзін талдау; дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша нормативтік құжаттарды, заңдылықтарды мұқият зерттеу, сонымен қатар кәсіпорында қолданылатын ақпараттық қаматмасыз ету құралдарын және бағдарламаларын білу;
дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша қажетті практикалық материалдарды жинақтау,өндеу және жалпылау.
Диплом жұмысының тақырыбы бойынша мәліметтерді студенттер өндірістік іс-тәжірибені өту барысында жинақтайды және диплом алды тәжірибені өту кезінде аяқтайды. Яғни кәсіпорынды зерттеу барысында бірнеше жылдық мәліметін қарастырады.
Диплом алды іс – тәжірибенің бағдарламасын орындау барысында студент нормативтік, құқықтық құжаттарды, кәсіпорында қолданылатын немесе жобаланған нұсқаулар мен әдістемелік құжаттарды, қолданылатын стандарттар мен тәсілдерді, кәсіпорында бар ақпараттық-анықтамалық базаны, есепті тапсыру және дайындау технологиясын біліп үйренуі қажет.
Ең қолайлысы студенттерге диплом жұмысын өтініш бойынша іс –тәжірибе базасында орындау. Бұл жағдайда, студент диплом алды іс – тәжірибе обьектісі бойынша ұйымның қызметіне тиісті нақты практикалық мәселелерді шешу үрдісінде диплом жұмысын жазады.
Диплом алды іс – тәжірибені өту барысында диплом жұмысының құрылымы, оның негізгі ережелері анықталады, диплом жұмысын жазу үшін қажетті теориялық және практикалық материалдар жинақталады.
Дипломалды іс – тәжірибе студенттерге теориялық білімін бекітуге, жүйелеуте, бекітуге және кеңейтуге есептеу машығын жетілдіруге диплом жұмысын құру үшін экономикалық материалдар жинауға, өзіндік зерттеу жұмысының элементтерін игеруге көмектеседі. Студент жұмысының бұл маңызды бөлімі дипломдык жоба үрдісінің бастамасы болып табылады. Дипломалды іс – тәжірибе кезінде жинақталған экономикалық ақпараттың толықтығынан студенттердің университеттегі оқуының соңғы бөлімі-диплом жұмысын қорғауының жетістігі тәуелді.
4.2 Диплом алды іс – тәжірибенің мазмұны
Диплом алды іс – тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады және нақтыланады, диплом алды тәжірибенің жетекшісі бекіткен тапсырмаға сәйкес орындалады. Диплом алды іс-тәжірибесіне басшылықты, ереже бойынша, дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі іске асырады. Диплом алдындағы іс- тәжірибенің барысында студент кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметі бойынша нақты материалдар жинайды және оны диплом жұмысын жасауда қолданады.
Тақырыптардың атауы
|
Мазмұны
|
Дайындық кезеңі
|
Материалдарды жинақтау, өндеу және ұсыну бойынша инструктаж өткізу. Кәсіпорыннан диплом алды іс-тәжірибе басшысымен ұйымдастыру сұрақтарын талқылау.
|
Дипломдық жұмыстың библиографиялық рәсімделуін және әдебиеттерді қарастыру.
|
Негізгі кезең
|
Кәсіпорын қызметінің қысқаша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы.
|
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау.
|
Зерттеу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу
|
Қорытынды кезең
|
Практика бойынша есепті дайындау және рәсімдеу.
|
Қорғауға дайындық және диплом алды іс – тәжірибенің есебін қорғау.
|
4.2.1 Дайындық кезеңі
Материалдарды жинақтау, өндеу және ұсыну бойынша инструктаж өткізу. Кәсіпорыннан диплом алды іс-тәжірибе басшысымен ұйымдастыру сұрақтарын талқылау. Дипломалды іс – тәжірибе кезінде студент сол бағдарламаның барлық талаптарын орындауға қажетті нақты материалдарды жинактап, жалпылауға міндетті.
Дипломалды іс – тәжірибе барысында студент:
диплом жұмысының тақырыбы бойынша әр түрлі дерек көзінен ақпараттарды таңдап, тексеріп материалдарды қорытындылайды;
диплом жұмысының тақырыбы бойынша кәсіпорыннан қандай практикалық материалды алу қажеттігін қарастырады;
диплом алды іс – тәжірибені өту кезінде қаралатын сұрақтар тізімін жасайды;
диплом алды іс – тәжірибенің талдау бөлімін орындау кезінде қолданылатын талдау кестелерін жасайды.
Дипломдық жұмыстың библиографиялық рәсімделуі және әдебиеттерді қарастыру
Диплом жұмысын жазу диплом тақырыбына байланысты әдебиеттерді іріктеп, нормативтік – құқықтық актілерді және практикалық материалдарды қарастырудан басталады. Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).
Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.
Диплом жұмысының (проектісін) жоспарын жасау.
Диплом жұмысының (дипломдық проект) тақырыбы бойынша тәжірибе обьектісіне қатысты материалдарды жинау (мамандығына сәйкес)
Дипломдық жұмысының (дипломдық проект) мәселесі бойынша өзіндік зерттеу жүргізу
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқу және оның анализі.
Дипломдық жұмыстың мәтінің құрастыруДиплом жұмысының (жоба) библиографиялық тізімі - автордың диплом жұмысын жазғанда пайдаланған ақпарат көздері.
4.2.2 Негізгі кезең
Кәсіпорын қызметінің қысқаша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы
Диплом алды іс – тәжірибенің диплом жұмысының тақырыбын таңдауына байланысты кәсіпорынмен, оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымымен танысуынан басталады.
Студент бұл бөлімді орындау барысында есепте келесі сұрақтарды көрсетеді:
кәсіпорынның шаруашылық-заңдық статусы, кәсіпорынның мамандануы(саудалық,өндірістік), меншік формасы, шаруашылық жекемеңшік деңгейі, кәсіпорынның орналасу мекенжайы(кәсіпорынның бәсекелестермен қарымқатынасы, қызмет көрсету контингенті);
кәсіпорынның жұмыс жасау режимі, тұтынушыларға қызметкөрсету формасы, кәсіпорынның жалпы ауданы,құрылымдық бөлімдердің негізгі жұмысының ерекшеліктері және құрылымы және олардың негізгі қызметінің есебі;
кәсіпорын қызметінің спецификасы, диплом жұмысының нәтижесіне әсерін тигізетін себептер мен факторларды анықтау;
кәсіпорынды басқару:
кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;
кәсіпорынды басқару схемасы;
кәсіпорынның басқару құрылымының оңтайлығын бағалау;
кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау
Студент бұл бөлімді орындау барысында есепте келесі сұрақтарды көрсетеді:
жетекшімен бірге диплом алды іс – тәжірибеде зерттелетін көрсеткішке талдау жүргізу жоспарын қарастыру;
зерттелетін көрсеткішке әсерін тигізетін факторлар мен деректерді анықтау және бағалау;
зерттелетін көрсеткішке жалпы талдау жүргізу;
зерттелетін көрсеткішке факторлық талдау жүргізу.
Зерттеу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
Студент бұл бөлімді орындау барысында есепте келесі сұрақтарды көрсетеді:
кәсіпорынға ұсынатын нақты іс-шараларды қарастыру;
еңгізілетін ұсыныстың нақты себептерін айқындау;
еңгізілетін ұсыныстың экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
еңгізілетін ұсыныс барысында кәсіпорында туындайтын шығындарды есептеу;
еңгізілетін ұсыныс барысында кәсіпорын тиімділігін бағалау және есептеу.
4.2.3 Қорытынды кезең
Практика бойынша есепті дайындау және рәсімдеу. Қорғауға дайындық және диплом алды іс – тәжірибенің есебін қорғау.
Диплом алды іс – тәжірибенің сонында студент практика бойынша есепті дайындауы және рәсімдеуі керек.
Диплом алды іс – тәжірибені өтудің негізгі құжаты болып күнделік табылады, күнделікте практикада студенттің атқарған жұмыстары бейнеленеді:
диплом алды іс – тәжірибе бойынша берілген тапсырманы орындау және диплом жұмысын жазу материалын жинақтау;
диплом алды іс – тәжірибені орындаудын календарлық жоспарының толықтығы және орындау деңгейлігі;
студенттің орындалған практикалық жұмысының мазмұнын және құрамын талдау, оның құрылымын, көлемін, орындау уақытын және практикадағы жетекшінің бағасын көрсету;
диплом алды іс – тәжірибе кезеңіндегі студенттін жасаған жұмысына берілген қысқаша сипаттама және бағасы.
Диплом алды іс – тәжірибені өту барысында студент күнделіктен бөлек диплом алды іс – тәжірибенің есебін толтырады. тәжірибе соңында студент-машықкер іс-тәжірибе нәтижелері бойынша жазбаша есеп құрады. Есепте орындалған жұмыстар туралы, іс-тәжірибе базасының қысқаша сипаттамасы, оның мамандық бойынша қызметін талдау, шешімдер мен нұсқаулар. Есеп жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс.
Диплом алды іс – тәжірибе аяқталған соң білім алушы-машықкер тәжірибе нәтижесі бойынша есеп жасайды. Есеп беру осы кезеңдегі білім алушының қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.
Диплом алды іс – тәжірибенің есебінде келесі бөлімдер болуы қажет:
титулды бет;
алғашқы бет;
диплом жұмысының тақырыбы бойынша қаралған және өнделген әдебиеттер көзі;
кәсіпорын қызметінің қысқаша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы;
диплом жұмысының зерттеу тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау;
зерттеу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
ұйымның экономикалық талдау қызметін немесе есептің негізгі бөлімін жазудың ақпараттық базасы болып табылатын қосымша материалдар.
Диплом алды іс – тәжірибе аяқталғаннан кейін студент бір жұманың ішінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасына тапсыру керек:
диплом алды іс – тәжірибенің күнделігін( бөлімдері толтырылған, екі жақтын жетекшілерінің қолымен);
диплом алды іс – тәжірибенің есебін.
4.3 Диплом алды іс – тәжірибеге жетекшілік ету
және өткізу тәртібі
Диплом алды іс – тәжірибеге жетекшілікті студенттерге экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы жүргізеді.
Практиканың басында студенттерге алдын ала түсіндіру конференциясы жүргізіледі,яғни мақсаты, мазмұны, жұмыс көлемі, диплом алды іс – тәжірибені өту ережесі, есепті жазудың мерзімі және қорғау туралы ақпаратпен таныстырады. Диплом алды іс – тәжірибенің мерзімі оқу жоспарына сәйкес белгіленеді. Диплом алды іс – тәжірибенің басталу және аяқталудың нақты күндері институттың бұйрығы бойынша бекітіледі.
Диплом алды іс – тәжірибені өткізу бойынша жалпы бақылауды кафедра тарапынан диплом алды іс – тәжірибе бойынша ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. Бітіруші кафедра тарапынан іс-тәжірибе бұйрығымен тағайындалған оқытушылар, сондай-ақ диплом жұмысының бекітілген жетекшілері жүзеге асырады. Кафедрадан тағайындалған диплом алды тәжірибе жетекшілері іс-тәжірибе басталғанға дейін машықкер-студенттермен іс-тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін, кеңес беру кестесін,іс-тәжірибе мазмұны мен бағдарламасын, есеп түрлері мен оны қорғау мерзімін және іс- тәжірибе етуге қолдана беру үшін жиналыс өткізеді. Диплом алды іс-тәжірибенің жетекшісі – кафедрамен тағайындалатын, іс-тәжірибе базасынының қызметін және мамандықтың бағытын білетін және іс-тәжірибе сұрақтары бойынша студенттермен, магистранттармен кеңес беру жұмыстарына жауапты тәжірибелі оқытушы. Сонымен қатар, әрбір студент дипломалды жобасының жетекші- оқытушысымен бірге іс- тәжірибе барысында студент оқып үйренуі, жалпылауы немесе өз бетімен орындауы тиіс құжаттар мен жұмыс түрлерін анықтау үшін іс- тәжірибе өтудің жеке жоспары құрылады. Кафедрадан тағайындалған жетекші студенітердің кәсіпорын, ұйымдарға уақтылы келуін қамтамассыз етуі тиіс. Іс-тәжірибе жетекшілері мен дипломалды жоба жетекшілері студенттерді үздіксіз іс-тәжірибе өту жоспарынын орындалуы бойынша және іс-тәжірибе бағдарламасының өз уақытында орындалуын бақылып отыруға тиіс.
Кафедра тарапынан диплом алды іс – тәжірибе бойынша ғылыми жетекші келесі функцияларды атқарады:
практика бағдарламасы және диплом жұмысының тақырыбына сәйкес, жалпылауы немесе өз бетімен орындауы тиіс құжаттар мен жұмыс түрлерін анықтау үшін іс- тәжірибе өтудің жеке жоспары мен тапсырмасы құрылады;
диплом алды іс – тәжірибе сұрақтарына және есепті жазуға ақыл кенес береді;
практика бағдарламасын және орындалу сапасын қадағалайды;
диплом алды іс – тәжірибе бойынша жеке тапсырмаларды орындауға,диплом жұмысын жазу үшін материалды таңдауға және жүйелеуге әдістемелік көмек береді;
диплом алды іс – тәжірибе есебінің рәсімделуін тексереді, диплом алды іс – тәжірибе есебін қабылдайды және бағалайды.
Диплом алды іс – тәжірибе үрдісінде студенттер диплом алды іс – тәжірибе бағдарламасына сай нақты жұмыс орнындарында отырады.
Диплом алды іс – тәжірибені өту барысында студенттер келесі міндеттерді және жағдайды сақтаулары қажет:
ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағынуға;
диплом алды іс – тәжірибе бағдарламасына сәйкес өз бетінше тапсырмаларды орындауға;
диплом алды іс – тәжірибе күнделігін жүргізуге (Қосымша 2);
институт бұйрығына сай, жетекшіге диплом алды іс – тәжірибе есебін белгіленген мерзімде тексерту.
4.4 Диплом алды іс – тәжірибе бойынша есепті жазу және қорғау
Дипломалды іс - тәжірибе соңында студент-машықкер іс-тәжірибе нәтижелері бойынша жазбаша есеп құрады. Есепте орындалған жұмыстар туралы, іс-тәжірибе базасының қысқаша сипаттамасы, оның мамандық бойынша қызметін талдау, шешімдер мен нұсқаулар. Есеп жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс. Есеп беру осы кезеңдегі білім алушының қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.
Есеп келесілерді қамтиды:
диплом жұмысын жазуда қолданылған материалдардың сипаттамасы;
диплом жұмысының негізгі бөліміндегі қаржылық көрсеткіштердің талдануы;
диплом жұмысының тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне жасалған талдау негізінде жасалған қорытындысы және ұсыныстары.
Дипломалды іс – тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:
Диплом алды іс – тәжірибе күнделігі.
Диплом алды іс – тәжірибе есебі (Қосымша 3).
Студент іс-тәжірибеден өту барысында орнатылған формадағы күнделікті толтырады. Іс-тәжірибе бойынша күнделікте студенттің ұйымда немесе кәсіпорында болған кезеңіндегі іс-әрекетінің түбегейлі хронологиялық сипаттамасы беріледі. Күнделіктің ақпараттық бетінде студент, Оқу орны және кәсіпорын басшылығының тегі, оқу орнынан және кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшілерінің тектері жазылады, іс- тәжірибенің түрі мен базасы, іс-тәжірибеден өту мерзімдері, студенттің тапсырмасы жазылады.
Диплом алды іс – тәжірибе бағдарламасына сәйкес диплом алды іс – тәжірибе есебінің көлемі 30 – 45 бетті құрайды.(қосымшаларды қоспағанда). Диплом алды іс – тәжірибе есебінде диплом жұмысының мақсаты, міндеттері және жинақталған материалдардың сипаттамасы жазылады.
Диплом алды іс – тәжірибе есебінде диплом алды іс – тәжірибе бағдарламасындағы барлық кезеңдер қамтылады. Есептің екінші бөлімі диплом жұмысының талдау бөлімімен ұқсас болады.
Диплом алды іс – тәжірибе есебінде:
Титулдық бет – 1 бет.
Мазмұны - 1 бет.
Кіріспе – 1-2 бет.
Негізгі бөлім(2-3 бөлім) - 25-30 бет.
Әдебиеттер тізімі - 1-2 бет.
Диплом алды іс – тәжірибені орындау бойынша жоспар – график және титулдық бет бекітілген біртекті нұсқада рәсімделеді( Қосымшалар 1,2). Есептің қалған бөлімдері диплом жұмысын орындау талабына сәйкес рәсімделіп, орындалады.
Талаптарға сәйкес орындалған есепке диплом алды іс-тәжірибенің жетекшісі қол қояды.
Кемшіліктер шыққан жағдайда, кафедрадан іс-тәжірибе жетекшісі жұмысты толықтыруға қайтарады. Есептерді қорғауға, есебі және/немесе күнделігі дұрыс рәсімделмеген, сонымен қатар есебі және/немесе күнделігі есепті қорғау күні болмаған студенттер жіберілмейді. Диплом алды іс-тәжірибесінің қорытынды есебі, арнайы экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы ұйымдастырған комиссияның алдында қорғауға шығарылады.
Қорғаудың қорытындысы бойынша тәжірибеден өтуші студентке институтта қабылданған кредиттік оқыту жүйесіндегі бағалау бойынша баға қойылады. Егер білім алушылар себепсіз жағдайлармен тәжірибеге келмесе немесе қорытынды бақылау бойынша олармен «қанағаттанарлықсыз» бағасы алынса, онда білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады. Тәжірибе бағдарламасын себепті жағдаймен орындамаған білім алушы тәжірибеге оқудан бос уақытында қайта жіберіледі немесе тәжірибеден жеке тәртіпте өтеді. Тәжірибе бағдарламасының талаптарын себепсіз жағдаймен орындамаған немесе қанағаттарнарлықсыз баға алған білім алушы, белгіленген тәртіпте, академиялық қарызы бар білім алушы ретінде қайталап оқу жылына қалдырылады.
Қосымша 1
Достарыңызбен бөлісу: |