5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне дипломалды іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулық



жүктеу 9,02 Mb.
бет1/4
Дата01.01.2018
өлшемі9,02 Mb.
#6336
түріДиплом
  1   2   3   4

5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне дипломалды іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулық:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 нұсқасымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499 жоғары білім беру ұйымдары қызметінің Типтік ережесі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуіріндегі № 152 бұйрығымен бекітілген Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі негізінде жасалған.

Тәжірибе базасы негізінде ұйымдарды анықтау ережесі және кәсіби іс-тәжірибені өткізудің және ұйымдастырудың ережесі. № 107 29.01.2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген.


5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне кәсіби іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулық Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының 10.05.2017ж. әдістемелік секциясының отырысында № 5 хаттамасымен қарастырылған
Кафедраның әдістемелік секция

төрайымы А.Ж.Сембаева


«Қаржы» мамандығының студенттеріне кәсіби іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулығы экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының 14.09.2016ж. кафедра отырысында № 2 хаттамасымен қарастырылған
Кафедра меңгерушісі Г.Д.Тажбенова

Декан К.А.Мамадiл

Институтың ғылыми-әдістемелік кеңісінде талқыланып және бекітілді, хаттама №103 26.05.2017ж.
Мазмұны


1

Нормативтік сілтемелер .............................................................

4

2.

Оқу тәжірибенің бағдарламасы .................................................

5

2.1

Оқу тәжірибесінің міндеттері мен ұйымдастырылуы............................................................................

5


2.2

Тәжірибеге жетекшілік жасау .......................................................

5

2.3

Тәжірибеленуші - студенттің міндеттері .....................................

6

2.4

Оқу тәжірибесінің мазмұны ..........................................................

7

2.5

Есепті жазып және қорғау .............................................................

14

3.

Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы .....................................

16

3.1

Өндірістік тәжірибенің міндеттері мен ұйымдастырылуы ........

16

3.2

Тәжірибеге жетекшілік жасау .......................................................

17

3.3

Тәжірибеленуші - студенттің міндеттері .....................................

17

3.4

Өндірістік тәжірибенің мазмұны ..................................................

17

3.5

Есепті жазып және қорғау .............................................................

26

4

Дипломалды іс-тәжірибенің бағдарламасы ............................

27

4.1

Дипломалды іс-тәжірибені ұйымдастыру, мақсаты және міндеттері ........................................................................................

27


4.2

Диплом алды іс – тәжірибенің мазмұны ......................................

29

4.3

Диплом алды іс – тәжірибеге жетекшілік ету және өткізу тәртібі ..............................................................................................

32


4.4

Диплом алды іс – тәжірибе бойынша есепті жазу және қорғау..

33

5

Қосымшалар 1, 2, 3 .......................................................................

36


1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттері дипломалды іс-тәжірибесіне арналған әдістемелік нұсқаулықта келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 2007 жылдың 27 шілдесі, №319-Ⅲ ҚРЗ.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген № 1080 23 тамыз 2012 жылғы Жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, 2013 жылдың 17 мамыры, № 499.

Жоғары білім мекеме қызметінің типтік ережелері.

  1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы, 2011 жылдың 20 сәуір айы, №152. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері.

  2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы, 2016 жылдың 28 қаңтары, № 107 «Іс-тәжірибе базасы ретінде ұйымды анықтау ережелері және кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы».

2. оқу тәжірибесі
2.1 Оқу тәжірибесінің міндеттері мен ұйымдастырылуы
Оқу тәжірибесі 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 нұсқасымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің оқу тәжірибесі – жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Тәжірибенің басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын тәжірибелік жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін байланыстыра білу тиіс.

Оқу тәжірибесінің базасы студенттің ғылыми қызығушылығына сәйкес таңдалады. Студенттер оқу тәжірибені салық, кедендік және қаржылық органдарда, қазынашылық, сақтандыру ұйымдарында, банктік жүйе мекемелерінде, сонымен қатар кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде өтуіне болады.

Тәжірибенің мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби қызметі жағынан тәжірибе жинақтап, теориялық білімін бекіту болып табылады.

Оқу тәжірибесін өту кезеңінде студенттер сол немесе басқа бөлімдегі қаржылық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты тәжірибелік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Жинақталған алғашқы құжаттары, есеп беру материалдары, бухгалтерлік құжаттардың бланктері, қолдану материалдары оқу тәжірибе есебіне тігіліледі.

Оқу тәжірибені өтудің алдында тәжірибе өтілетін базаның жетекшісі, кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.

Оқу тәжірибесінің міндеттеріне кіреді:

- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша нақты қаржылық экономикалық міндеттерді шешуде пайдалана білу;

- таңдаған мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, оны дамыта білу;

- оқу тәжірибе бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;

- өз бетімен жұмыс жасауда тәжірибесін дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену, ұйымдардың қаржылық ресурстарын басқаруда және есептегі мәселелердің шешімін табуда эксперименттер жасау;

- студенттердің тәжірибелік жұмыстарға дайындығын анықтау.

Оқу тәжірибе бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент келесі курсқа көшірілмейді.

2.2 Тәжірибеге жетекшілік жасау
Тәжірибеге жалпы оқу әдістемелік жетекшілік етуді Еуразия гуманитарлық институтының «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы жүргізеді.

Оқу тәжірибесінің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің міндетіне кіретін:

- күнтізбелік жоспарды құрудағы сұрақтарға, тәжірибенің өтілу жоспары мен оның ұйымдастырылуына кеңес беру;

- тәжірибенің өтілу уақытындағы күнделікті толтыру барысындағы туындағын сұрақтарға кеңес беру;

- оқу тәжірибесінің нәтижесі бойынша есепті дайындап, жазудағы материалдарға талдау жасап, жинауда әдістемелік көмек;

- оқу тәжірибенің өтілуіне байланысты студенттің есебіне қысқаша пікір жазып беру.

Тәжірибенің өту орнында тәжірибе жетекшісі болып сол кәсіпорындағы білікті маманға жүктеледі:

Тәжірибенің өту орнындағы мамандар арасындағы жетекші:

1.Осы бағдарлама көлемінде өндірістік тәжірибені ұйымдастырады.

2.Тәжірибе сұрақтары бойынша кеңестер береді.

3.Тәжірибенің соңында студентке қысқаша пікір (мінездеме) береді, онда оқу тәжірибесінің бағдарламасын қалай орындағаны, тәжірибеленуші студенттің еңбек тәртібін сақтағаны және кәсіби дайындығы жайында көрсетіледі.

2.3 Тәжірибеленуші - студенттің міндеттері
Оқу тәжірибесін өту барысында студент міндетті:


  1. тәжірибені өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;

  2. кәсіпорыннан тағайындалған тәжірибе жетекшісінің өкімдерін орындауға;

  3. тәжірибенің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;

  4. көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;

  5. тәжірибе нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.



2.4 Оқу тәжірибесінің мазмұны
Жұмыс орындарында тәжірибені өту барысында студент өз бетімен жұмыс істеуді, мамандардың экономикалық әдістерді қолдануын, барлық бөлімдерде инструкциялық материалдарды терең зерттеп, келесі көлемдегі жұмыстарды орындауы қажет: қаржылық ұйымдардың құрылымымен жалпылама танысу (банктер, шаруашылық субъектілері) және оқу тәжірибе базасының ерекшеліктеріне сәйкес, оның қаржылық экономикалық қызметтерін зерттеу.

2.4.1 Коммерциялық банктерде
Коммерциялық банктердің қызмет ету аясы ерекше. Оқу тәжірибесін екінші деңгейлі банктерде өтетін студент, банктің бүкіл бөлімдерінің қызметін тізбектеп, зерттеуі қажет.

Банк қызметін зерттеуді оның қызметінің негізін анықтайтын, Банк Жарғысымен танысудан бастау керек. Сонымен қатар, банк құрылымын, барлық бөлімшелердің қызметі мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерін түгелдей зерттеу керек. Банк қызметіндегі келесі жақтарды зерттеу ұсынылады:



Қызмет етудің құқықтық және экономикалық негіздерінен

  • банктік қызмет ету облысындағы банктік қызмет етудің құқықтық негіздерін көрсететін, заңнамалық актілер мен инструктивті материалдарды зерттеу;

  • банк құрылымы мен бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелерімен танысу;

Банктік пассивтерді қалыптастыру

  • Жарғылық, Резервтік және басқа да қорларды біріктіретін, банктің меншікті капиталын , сонымен қатар бөлінбеген пайданы талдау;

  • оның жеткіліктілігін бағалау;

  • банктің қаржылық қорларының қалыптастыру ерекшеліктерін;

  • пассивтік операциялар тізімін зерттеу;

  • депозиттік операцияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – салымшыларына байланысты, валютаға байланысты, табыстылығына байланысты және т.б.);

  • банк пассивтерінің құрамы мен құрылымы;

  • банк аралық несиелерді зерттеу;

  • банктің эмиссиялық операцияларды пайдалануы (қосымша акцияларды эмиссиялау, қарыздық құнды қағаздарды шығару);

  • ресурстарды басқа да әдістермен тарту.

Активті операциялар

  • банк активтерінің құрамы мен құрылымы;

  • несиелік оерацияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – клиенттерге байланысты, валютаға байланысты, уақытына байланысты, табыстылығына байланысты, қамтамасыз етуіне байланысты және т.б.);

  • несиелік үдерісті талдау;

  • құжат айналымын зерттеу (несиелік өтініштер, несие беру қажеттілігін дәлелдейтін есептер мен құжаттар, несиелік істер);

  • несие төлеу қабілеттілігін анықтайтын әдістерді оқу;

  • несие беру ісімен танысу;

  • несиелік келісім шартты құру тәжірибесін үйрену;

  • несиені қайтарып алуды қамтамасыз ететін, әр түрлі нұсқаларды пайдалану тәжірибесімен түгелдей танысу (кепілдік механизмі, гарант, несиелік тәуекелділікті сақтандыру және т.б.);

  • берілген ссудаларды мақсатты пайдалануды бақылаудың тиімділігін бағалау;

  • құнды қағаздар нарығындағы банк қызметтерін зерттеу;

  • кассалық және есеп айырысу операцияларының іске асу тәртібімен танысу;

  • банктің инвестициялық қызметімен танысу;

  • банктің жүргізетін валюталық операцияларымен танысу;

Банктің көрсететін қаржылық қызметтері

  • банктік қызмет көрсетудегі банктің мүмкіндігі;

  • лизингтік операцияларды пайдалану;

  • банктің форфейтингтік және факторингтік қызметтері;

  • заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін трасталық операцияларды зерттеу;

  • сейфтік қызметтер;

  • банктік инновациялар;

  • төлем карталарымен жұмыс істеу.

Банктің Ұлттық Банкпен байланысы

  • пруденциялық нормативтерді есептеу;

  • бірнеше жыл көрсеткіштер динамикасын зерттеу;

  • коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі;

  • есеп беру материалдары мен бухгалтерлік құжаттарды зерттеу.

Қызмет көрсетудің қаржылық көрсеткіштері

  • Банк шығыстарын қарастыру ( пайыздық, әкімшілік және басқалай)

  • банк шығыстарының құрамы мен құрылымы;

  • табыстарды талдау және оны қалыптастыру көздері;

  • табыстарды бөлу тәртібін қарастыру;

  • банктік табыстардың қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің есебі;

  • банктің жұмыс істеу тиімділігін бағалау;

Банктік тәжірибедегі тәуекелділіктер

  • тәуекелділіктер түрі және олардың банктің қызмет етуіне әсері;

  • осы банкте қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістері;

  • банктің жұмысының қорытындыларына түрлі тәуекелдердің әсер етуін бағалау;

  • банктік тәуекелдер мониторингі және оларды төмендету жолдары.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін, студент оқу тәжірибе бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады.



    1. 2.4.2 Салықтық органдарда

Студент танысуы тиіс:

- бөлім құрылымымен және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен;

- салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен;



- салық төлеушілердің арыз, хаттары мен өтініштерін қарастыру тәртібімен;

- СТН табыс ету және лицензиялар мен патенттерді беру тәртібімен;

- салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен қатаң есеп беру бланктерін зерттеу;

- карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Аудит бөлімінің жұмыс орнында: салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен танысып, сонымен қатар осы бөлімнің жұмысында пайдаланатын бланктік материалдармен есеп берудің негізгі нұсқаларымен танысу. Осы бөлімде тәжірибеден өту кезеңінде студент дұрыс аударымдар жасаудың тәжірибелік әдістемесін қарастырып, заңды тұлғалардың бюджетке төленетін салықтары мен міндетті төлемдерінің толық және уақытында төленуін үйренуі керек. Осы мақсатта материалдарды қарастырып, салық салу сұрақтары бойынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары мен өтініштерімен танысу керек.

Студент салық инспекторларымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін тексеруге қатысуы тиіс;

- салықтық тексеріс қорытындысы бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпараттарды жеткізу тәртібімен танысу керек,

- салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

- әкімшілік құық бұзушылық хаттамалары мен тексеріс актілерін жасауды.



Қазіргі кезде қолданып жүрген салықтық заңнамашылықтарды бұзушыларға, қаржылық және салықтық санкцияларды қолдану тәртібін бақылау іс шараларының қорытындылары бойынша талдау жүргізу, берілген район бойынша жеке тұлғалардың табысынан түскен салықтардың сандық көрсеткіштерін, бақылау жұмыстарының жағдай бойынша бөлім есептерін талдау.

Есептеу, талдау және ақпараттық технологияларбөлімінің жұмыс орнында:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу,

- салық төлеушілердің есепте тұрған тізімімен;



- түсіндірме материалдарымен, тұлғалардың шоттарын жүргізу тәртібіне реттеу жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысу;

- декларацияларды қабылдау жүргізу әдістері мен талаптарын оқып, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру мен басқа да есептерінің материалдарымен танысу;

- декларация қабылдау тәртібімен, шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың есептерімен;

- жеке шоттар мен карточкаларды ашып, оларды жүргізу тәртібімен танысу;

- жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысу;

- салық органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелер тәжірибесімен танысу: ИНИС, ИСИД, ИСНДС, ЭФНО, ЭКНА, РНиОН, СГДС.



Өндіріп алу бөлімінің жұмыс орнында:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;

- ағымдағы аванстық төлемдерді төлеу уақыты мен тәртібін және бюджет табысындағы салықтардың қорытынды соммасын;

- салықтық заңнаманы бұзушыларға өсімпұл мен штрафтарды аудару тәртібін;

- салықтық міндеттемелерді орындаудағы, салық төлеушінің мүлігін өндіріп алуда қолданатын әдістердің жүргізілу тәртібін;

- салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;

- бюджетке салықтық қарыздарды өтеу тәртібімен,

- салықтық заңнамалықты бұзудағы жауаптыларға қолданылатын амалдармен және таластарды шешуде, сонымен қатар сот тәртібіндегі тексеріс актісі бойынша,салықтарды өндіріп алу тәртібімен танысу.



Төленбеген төлемдер бөлімінің жұмыс орнында студент танысуға тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен және салық төлеушілерді есепке қою тәртібімен танысу;

- районның экономикалық картасын жасаудағы, жеке меншік құқықтағы мүліктерге салық төлеу бойынша, салық инспекторларымен бірге түсіндірме жұмыстарға қатысу;

- заңнамалық актілерді оқу;

- жергілікті салықтарға дұрыс аударым жасауды бақылауда тәжірибелік жаңашылдықты үйрену



Жанама салықтар бөлімінің жұмыс орнында тәжірибеші танысуы тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысып, жанама салықтарды өндіріп алу мен аударудың тәжірибелік әдістемесін үйрену,

- ҚҚС пен акциз бойынша декларацияны қабылдау тәртібін және шот фактураны толтыру тәртібімен танысу,

- ойын бизнесі саласындағы жұмыс істеп тұрған салық салу тәжірибесімен танысу,

- нольдік пайыз бойынша, ҚҚС айналысы мен қайтару тәртібі және ҚҚС толық, өз уақытында аударым жасау бойынша заңдық құжаттармен танысу.

Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінде студент танысуы тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен,

- салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу тәртібімен,

- салық төлеушілерді тіркеу есебіндегі тәжірибелік әдістемелермен,



- бөлек қызмет түрлерін көрсететін, салық төлеушілерді есепке алу тәртібімен,

- салық төлеушілерді есепке алудағы қажетті құжаттармен танысу.



Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінде студент танысуы тиіс:

  • есепте тұрған салық төлеушілер тізімімен салықсалу объектілірін;

  • салықтөлеушілердің арыздары және хаттарымен қарастыру тәртібін;

  • СТН тапсыру және лицензия мен патенттерді беру тәртібімен;

  • салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен есеп беру бланктерімен танысу;

  • карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бөлімінде студент түсіндірме материалдарымен, салықтарды өндіріп алу және аударым жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысады.

Оперативті бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен талаптарын үйреніп, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігі мен басқада материалдарының есебі мен , декларациялармен танысады. Тәжірибеші декларацияларды, заңды тұлғалардың есептерін, патенттерді, жеке кәсіпкерлердің куәліктерін қабылдау тәртібімен танысуы тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысады.



Тексеріс бөлімінде студент салықсалу объектілері мен есепте тұрған салық төлеушілердің тізімімен танысуы тиіс. Бұл бөлімде тәжірибені өту кезінде студент заңды тұлғалардың төлейтін барлық салық түрлеріне аударымдар жасаудың тәжірибелік әдістемесін үйренуі тиіс. Осы мақсатта түсіндерме материалдармен бірге, салықсалу сұрақтары бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары және өтініштерімен танысуы керек.

Тәжірибеші салық инспекторларымен бірге, түрлі нұсқадағы жеке меншік кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық қызметтерін тексеруге қатыса алады. Тексеріс нәтижесі бойынша жоғарыда тұрған ұйымдарға, ақпараттар мен есеп беру тәртібімен танысады. Студент білу керек :



  • салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

  • жүргізілетін құжаттық тексерістерге қатысуға;

  • коммерциялық дүкендер мен базарда сатылып жатқан, кәсіпкердің тауарларының қалғандарын жинау тәртібімен танысу;

  • әкімшілік штрафтар жайында хаттамалар мен тексеріс актілерін жазуды үйрену;

  • тексеріс жұмыстарының жағдайы туралы есептерді талдай білу;

  • берілген район бойынша бюджетке міндетті төлемдер мен салықтардың түсуін сандық көрсеткіштермен талдай алуды үйрену;

  • бөлімдер жүргізетін кезекшіліктер мен рейдтарға қатысу;

  • осы бөлімдегі тәжірибе нәтижесі бойынша материалдарды рәсімдеп, есеп дайындау.

Күштеп өндіріп алу бөлімінде студентке қажетті:

  • бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;

  • салық төлеу уақыты мен тәртібін білу;

  • салықты төлеуді қамтамасыз ету тәртібімен танысып, салық төлеушінің мүлкін өндіріп алумен танысу;

  • салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;

  • бюджет алдындағы қарыздарды жабу тәртібімен танысып, таластарды шешу мен салықтық заңнамалықты бұзудағы жауапкершілікті, сонымен қатар сот тәртібімен тексеріс актісі бойынша салықтарды өндіріп алумен танысу;

  • салық қызметінің шешімін қайта қарау тәртібімен және сотқа арыз беруді қарастыру.

Оқу тәжірибе бағдарламасын орындау туралы есепті студент әрбір жұмыс орнынан кейін жазып отырады.

2.4.3 Шаруашылық субъектілерінде
Оқу тәжірибесі түрлі шаруашылық субъектілерінде де ұйымдастырылады. Тәжірибеден өту кезінде студент қаржылық менеджмент элементтерін, ағымдағы активтерді басқару мен қорларды пайдалану бағытын таңдауды, сонымен қатар фирманың нақты мәселелерін шешумен танысады:

  • қаржылық шешімдерді қабылдау талаптарын;

  • кәсіпорынның мақсатты дивиденттік және инвестициялық саясатын жасау және табысты өсіру әдістерімен танысу;

  • кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендету мен бағалауды жүргізу.

Тәжірибеге кірісуден бұрын, студент фирманың қаржылық экономикалық көрсеткіштерімен толық танысып, фирманың қаржылық жағдайы мен даму болашағын бағалайды.

Тәжірибеші міндетті тәртіпте қаржылық қызметтің құрылымымен танысып, әрбір бөлімнің қызметтерімен және міндеттерді бөлу тәртібімен танысады.

Оқу тәжірибесі уақытында студент фирманың қаржы менеджерінің қызметіне қатысып, кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау жасайды. Тәжірибе бойынша барлық жинақталған материал есеп ретінде тігіледі.

Оқу тәжірибесі басталмас бұрын, жұмыс орындарында жетекші күнтізбелік кестені жасайды, онда студенттің атқаруы тиіс жұмыстардың уақыты мен тізілімі, нақты анықталған міндеттері көрсетіледі.



жүктеу 9,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау