5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музықа да жатады. Бағдарлама



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#24150
1   2   3   4   5   6

Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музықа да жатады. Бағдарлама - бір арнаға, тақырыпқа арналған хабарлар жиынтығы. Сөздік хабарға леқция, баяндама, дикторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады. Воқалды аспапты музықалар.

Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер

- магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған дыбыстың естілуін яки


қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден
жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау сияқты істер.
Онда шығармашылық және техниқалық топ қызмет етеді, сонымен
бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар.

Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына түста барабан күштірек» немесе «скрипка үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдарды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан қүрделі болып қеледі. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес микрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен тағы бір микрофонға, одан қейін дыбыс агрегатына беріледі.

Дыбыс жазу кезінде адам дауысының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар:

- дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын


қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға
қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс
трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция – сөз
бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу
процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралықмаңызды оқиғалар

осы трансляциялық жолмен таратылады.



Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер - магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған дыбыстың естілуін яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау сияқты істер. Онда шығармашылық және техникалық топ қызмет етеді, сонымен бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар. Радиоүйінің тыныс-тіршілігін құрап отырған ұжымдардың қызметін бейнелейтін схема төмендегідей:
РАДИО ҮЙІ:

Қазақ радиосынын Бас директоры

Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры

Қазақ радиосы Бағдарламалар директорының орынбасары

Қазақ радиосынын Бас редакторы

Қазақ радиосынын Бас редакторының 1-орынбасары

Қазақ радиосының Бас редакторының 2-орынбасары

Қазақ радиосынын техникалық директоры

Шығармашылық топ:



Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редақтор Орынбасары Жауапты редактор

Таңғы хабарлар Бас редакциясы: Бас редактор

«Руханият» Бас редакциясы: Бас редақтор Орынбасары

Қоғамдық-танымдық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары

Жастар мен балалар бағдарламалары Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары

Әлеуметтіккономикалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары

Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактордың 1 -орынбасары Бас редактордың 2-орынбасары

«Алтын қор» Фонотека жетекшісі

Фонотека жетекшісінің орынбасары Үйлестіру және хабар тарату қызметі:

Жетекшісі

Жетекшінің орынбасары

Дыбыс жазу және монтаж қызметі

Дыбыс жазу жэне монтаж қызметінін бастығы Жарнамалық және әлеуметтік роликтер бөлімі:

Бөлім бастығы



«Қазақстан» РТРҚ АҚ-ның веб-сайтын бөлім бастығы жэне екі аға вебредакторлар шығарады. Сонымен қатар, режиссерлер, журналистер, комментаторлар, дикторлар, дыбыс режиссерлері, операторлар, инженерлер, кадр бөлімі, есеп бөлімі, күзет бөлімі, жөндеуші техниктер қызмет атқарады.

Радиоүйінде сөздік, музыкалық, концерттік, әдеби-драмалық т.б. студиялар болады.



Студия дегеніміз – дыбыстық хабарлардың жасалу процесі өтетін акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші дыбыс өтпейтіндей етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстың шағылуын бәсеңдететін құрылыс материалдарымен қапталады. Аумағына, атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Студиялық аппараттық бөлмеде – сөздік, дикторлық мәтін жазылады.

Монтаждық аппараттық бөлмеде – шағын хабарлар жасалады. Онда магнитофондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.

Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде-музыкалық, драмалық қомпозициялар, эстрадалық, симфониялық т.б. концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитофондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық эсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазу қолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты (рояль, қонтрабас, қақпалы аспаптар); екінші жолға - үрмелі аспаптар (труба, тромбол); үшінші жолға - саксафон; төртінші жолға - солист жазылады. Сонан соң сигналдар магнитофоннан студиядағы күшейткішке беріледі. Одан кейін синхронды дыбыс жасау үшін көпжолды магнитофоннан біржолды магнитофонға көшіріледі. Бұл процестердің бәрі қазіргі кезде сандық технологияның өмірге енуіне байланысты оңай атқарылатын болды.



Концерттік студия кең болуы тиіс, бұл орыннын аумағы 300 шаршы метрге дейін қамтылады. Кем дегенде 40-50 адамнан тұратын оркестр орналасатын орын, бірнеше микрофондар орналастырылады. 80-100 адам еркін сиятындай болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар орындауындағы бұл орында қанша жақсы жарақтандырылғанымен де студиялық «атмосфераның» сақталуы жиі кездеседі. Студиялық «атмосфера» деген - айналадағы қоршаған ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі жасайтын шу. Бұл - көбінесе бағытталмаған микрофондарды дыбыс көзінен алшақ орналастырудан болатын құбылыс. Ондайда микрофонда отырған адамның сәл ғана қимылы, желдету жүйесінен өтіп түрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны да жағымсыз шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып табылады. Кең залдарда концерттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндіқ бар. Оркестрді еркін орналастыруға болады.

Әдеби-драмалық студия негізінде түрлі радиоқойылымдарды дайындауға бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл-әреқеттеріне, сөйлеулеріне лайықталған.

Сөздіқ студияда дикторлық мәтін оқылып, жазылады. Ол екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екіншісі дикторға арналған. Екі бөлменін арасы әйнеқпен бөлініп, арасын байланыстыратын микрофонмен жалғастырылған. Жазылуға тиіс мәтіннін сапалы шығуына дыбыс операторы мен режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалап отырады.

Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепеке алынады. Реверберация – латынның «геvегbагаiо» шағылу деген сөзінен шыққан. Яғни, жабық бөлмедегі дыбыс өшкеннен кейінгі оның біртіндеп сөну процесі осылай аталады. Сөздің анық, жақсы естілуіне қажетті реверберация уақыты 0,5-0,6 секундтан аспауы қажет. Үлкен студияда 0,2-0,25 секунд, кішірек студияларда 0,3-3,5 секунд аралығы қамтылады.



Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына түста барабан күштірек» немесе «скрипқа үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдарды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан күрделі болып келеді. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес миқрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен тағы бір микрофонға, одан кейін дыбыс агрегатына беріледі.

Дыбыс жазу кезінде адам даусының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар – дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар.

Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Студиялық аппараттық бөлме

2. Монтаждық аппараттық бөлме

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978


6 -Дәріс. ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Микрофондар.

2. Динамикалық микрофондар.

3. Конденсаторлы микрофондар


Микрофондар – акустиқалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «mіkго» - аз, шағын, «рһопе» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы тоқ индукцияланады. Индукцияланған тоқ жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де, дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.

Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрафон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), конденсаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен күнге жаңартылып өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенімен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де, дизаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету фунқциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған.

Микрофон құралдарынын бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементтен жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьезоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа тәріздес магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған таспа тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманын тербелісі кезінде катушқа бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы шығады.



Конденсаторлы микрофон – сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бүлар өздігінен электр қуатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша тоқ қүші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелеқ үстел» өтқізгенде немесе шағын топ қатысқан хабарларды жазған қезде осы қонденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардын конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни қосымша тоқ күшінің қажеті жоқ.

Бағытталмаған - орындаушының кеудесіне қысқыш арқылы бекітілетін шағын миқрофон. Арнайы тоқ көзі қолда немесе қалтада сақталады.

Динамикалық микрофондар қолдануға ынғайлы, сапасы мықты болып табылады. Ал, конденсаторлық дыбыс қабылдағыштар керісінше осал келеді. Мысалы, қатты қозғалыста жүретін өнер көрсетушілердің қимыл-әрекеттерінен микрофон құрылымы өзгеріске түсіп қалуы мүмкін. Мұндай сәттерде - электродинамикалық микрофондар қолайлы. Тек қана кабельдердің жалғанбай немесе ажырап қалмауын қадағалаған жөн. Кейбір табиғат өзгерістері кезінде, мысалы, далада, жел өтінде т.б жағдайларда журналистерге жұмыс істеу сәті тууы мүмкін. Ондайда, төзімді болып табылатын ленталы микрофондар. Яғни, студиядан тыс жұмыс қезінде осындай құралдармен жарақталған абзал. Микрофондарды қолдану кезінде формасына, түріне, салмағына көңіл бөліну қажет. Қажетті жағдайларда микрофондарды тандау тәжірибелі дыбыс режиссерлеріне тапсырылады. Аудиториясының көлеміне, жазылатын хабарлардың барысына орай микрофондар үстелдік, едендік, аспалы және кеудеге тағылатын болып бөлінеді. Әр түрлі жағдайда микрофонмен жұмыс істеу әрқалай болып қеледі. Егер орындықта отырған адамның сөзі жазылатын болса оның аузынан 30-40 см жерге микрофон қойылуы тиіс. Қағазбен оқылуға тиісті сөз болса, онда қағаз столда жатуы керек, қолға ұстап түрған болса сыбдыры жазылып қалады. Парақтарды ауыстыру қажет болған жағдайда жұмсақ, сықырламайтын қағаздарды пайдаланған жөн. Немесе, парақты аудармай-ақ баспалдақ тәріздес етіп жылжытып отыру керек. Сонан соң сөйлеушінің қолы арқылы қозғалып кетпеуін бақылау қажет. Көбінесе кеудеге тағылатын «петличқа» миқрофоны ыңғайлы болып табылады.

Егер хабарға қатысушы екі адамның сөзін жазу керек болған жағдайда үстелдің бұрышын орталарына қалдырып не болмаса бір жағына жақын етіп отырғызып олардың әр қайсысынан микрофонды 40-50 см жерге орналастыру керек. Егер көп адам қатысатындай болса доға тәріздес етіп орналастырған жөн. Ал, музыкалық ансамбльдер болса, онда тік тіреуге дыбыс қабылдағышты бекіту керек.

Үй жағдайында дыбыс жазу қажеттігі болған қезде үй ішінде артық шу беретін заттардан (сағаттың тықылы, телефонның шылдыры, су ағардың дыбысы т.б.) босатып, неғұрлым дыбыстың өшуі процесіне қатысты заттармен (кілем, қалың төсеніштер, жұмсақ мебельдер т.б.) қамтылғаны дұрыс. Әрине, бұл айтылғандар микрофонды пайдаланудың шағын ғана түрлері. Онын әр түрлі жағдайларда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдері бар. Тәжірибелі инженерлер дыбыс режиссерлері жазылуға тиісті хабардың пішінін, жанрын, маңызын т.б. жағдайларын алдын-ала зерттеп барып орналастыруы тиіс немесе озық технология үлгілерін пайдаланулары мүмкін. Электронды журналистиқаның өнімдері ұжымдық болып саналатындықтан техникалық немесе шығармашылық топтар бірлесе еңбек еткенінің нәтижесінде жақсы хабарлар өмірге қеледі. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принципіне байланысты. Микрофон құралына байланысты өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасауы қажет және ол микрофонның өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы қажет, шыққан сигналға кедергілер болмауы керек, барлық жиіліктегі дыбыстар аппаратқа қосылған сон біркелкі берілуі қажет. Сонда дыбыс деңгейі бірқалыпты болып, жазылған дыбыс сапасы жақсарады.

Микрофондар қолданылу қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: су асты тербелісін жазатын құралдар - гидрофон, жер қабатындағы дыбысты - геофон, ал ауадағы дыбысты жазатын құрал микрофон деп аталады. Электрониканың дамуы күннен күнге қарқын алуда. Бұл құралдардың тек дизайны ғана емес, атқаратын функциялары да жетілдірілуде. Дыбысты сезгіштік қасиеттері артып, дыбыстың жазылу сапасы да жақсара түсуде. Ең сапалы микрофондар қатарынан электретті микрофондар көрінуде. Жартылай кәсіби немесе тұрмыстық жағдайда қолданылатын шағын, бағытталмаған МКЭ - 3, қардиондты, бір бағытты МКЭ - 9; бір бағытты МКЭ -271 (бұрынғы МКЭ-100) маркалы магнитофондар музыканы жазуда табысты қолданылуда. Әр түрлі радиомикрофондар өте кең таралып, қолданылуда. Аса озық технологияларда қолданылатын С414ХЬ8, ССЮ21Е, С0^523 жэне СНМ-21 сияқты микрофондар дүниежүзіліқ масштабта өзіндік орын алуда. Ал, А8-8Р8 800Р, АТ615 маркалы видиокамералар және олардын микрофондары озық үлгідегі құралдар болып саналуда. Бұл құралдарды өндірушілер әлемге әйгілі 80ЫҮ, Рапазопіс, ІУС, Тһот$оп секілді фирмалар.



Аудиовидеоқұралдардың жетілуіне байланысты технология да жаңарды. Болашақ журналистердің жауапкершіліктері сын кезінде. Шығармашылықпен қоса техниқаның озық үлгілерін меңгеру талабы да арта түсті.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Микрофондардың түрлері.

2. Микрофондар қолданылу қызметіне қарай бөлінуі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
7 -Дәріс. МАГНИТОФОНДАР
Дәріс сабағының мазмұны:

1. «Днепр-8», «Репортер - 7» магнитофондары.

2. Магнитофондардың құрылысына ортақ бөлшектер.
Магнитофондармен қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішқе түседі. Күшейтілген микрофондық сигналды бірден жазу тетігіне беруге болар еді. Алайда, қандай жақсы сападағы қүшейткіш болса да эр түрлі жиілікті бірқалыпты күшейте алмайды. Сондықтан, міндетті түрде дыбыс деңгейін өлшеуіш құрал - индикатор қажет.

Күшейтілген, коррекцияланған дыбыс магнит тетікке (маг. головка) түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитті головка - таға тәрізді, жұқа магниттелмеген, денемен бөлінген үш жағында 2 полюс белгіленген жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған магнитті өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп, қажетті информация алынады. Ол дыбыс ұзақ сақталуы үшін үнтаспаға арнайы темірқышқылы, кобальт, хром сияқты химиялық элементтер қосылады.

Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру тетігі болады. Алайда, үнтаспаларды пайдаланар алдында заводтан берілген анықтамаларға көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, кейбір үнтаспалардың магнитті ұстауы күшті болады да магнитсіздендіретін тетікке бағынбайды, сөйтіп бірнеше дыбыс қайта жазылып, магнитті жазудың сапасы төмендейді. Бұл айтылған жайлар магнитофон қызметін анықтайтын негізгі белгілер. Ал бұл магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзіліқ соғыстан кейін ғана пайда болды. Радиожурналистер алғашқы шағын магнитофонды 1952 жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы марқасы «Днепр-8» деп аталды, қейіннен «репортер» делінді. «Репортер» латын сөзі, хабар жеткізуші, әкелуші деген мағынаны білдіреді. «Репортер - 1-ден» кейін ғалымдар ізденістен туған, көптеген дыбыс жазу құралдары дүниеге келді. Соңғы цифрлы технологияға дейін табыспен қолданылып келген құрал - «Репортер - 7» болды.

Магнитофондардың құрылысына ортақ бөлшектер бар. Олар:

алдыңғы панельге орналастырылған кері орау.

тоқтату


дыбысты кері шығару

жылдамдатып орау

жазуға дайындау

дыбыс деңгейін бақылаушы - индикатор

ток күші мен күшейткішке қосар тетік

динамиқалық компрессорды қосу

сөйлеу фильтрін қосу

есептегіш қүрал.



кассета салатын орын

панельдің артқы жағында тоққа қосу тетігі



аккумуляторды ұстайтын қақпақша

автостоп


дыбыстың жазылуын наушник арқылы бақылау тетігі. Өндіріске компьютерліқ технология араласқанша қолданылып келген, клі де пайдалануда жүрген магнитофондардын бірі - СТМ-200. Қате кетқен мәтінді бірден түзету, дыбыстың естілуін бір қалыпқа келтіру жақсы жолға қойылған бұл магнитофон электронды монтаж жасауға лайықталған. Монтаж студиядан тыс немесе студияда жазылған хабарларды техникалық өңдеу деп аталады. Ол үшін студияның жұмысы жолға қойылуы қажет. Оған тиісті шаралар:

Сапалы, ыңғайлы компьютерлер таңдау керек.

Микрофоннан, магнитофоннан шыққан сигналдарды микшерлеу құралы қажет.

Дыбыс эффектілерінің жасалуы.

Фонограммаларды бағдарлама жасау кезінде тыңдау

5. Барлық қасиеттерін сақтай отырып сапалы дыбыс жазу.
Микрофондарды таңдау, микшерлеу, дыбыс деңгейін реттеу жұмыстарының барлығын инженерлер жүзеге асырады, радиода дыбыс операторы, теледидарда дыбыс режиссері атқарады. Мұндай жұмыстарда техниканы жақсы меңгерумен қатар шығармашылықтан да хабардар болғаны жөн. Сонда ғана ұжымдық енбеқтің сапалы болып шығуына мүмкіндік туады.

Магнитофондар арқылы жазылған дыбыстың қолданылу аясы да кеңейе түсуде. Мысалы, үй тұрмысындағы видео, аудиожазуларда, лекция, баяндамалар жазу, тарихи дереқтер жасау, электронды экскурсовод қызметінде, теледидардан трансляциялы хабарларды жазып алуда, радиодан концерттерді жазуда т.б. қолданылады.

Студияның, оның құралдарының қатысуы арқылы жасалатын процесс –



монтаж. Хабардың сәтті шығуы монтаждың дұрыс жасалғанына байланысты. Монтаж – хабарларды техникалық өңдеу. Яғни француз сөзінен шыққан жинақтау, бір жүйеге келтіру деген мағынаны білдіреді. Монтаждың қасиеті ерекше екендігі тәжірибеде дәлелденген. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің орнын алмастыру, қысқарту, ой мен ойдың астасуы, қабысуы, пікір түйіндерінің мәнін жоғалтпауы - тартымды хабардың негізі бола алады.

Электронды БАҚ тәжірибесінде дыбыс жазудың екі әдісі бар: бірі эфирге тарату болса, екіншісі қағазға түсіру үшін дыбыстық информация жинау. Алғашқы түрі телерадиода қолданылады да, екіншісі газет журналистері үшін қажет. Эфирге хабар тарату үшін жоғары сапалы магнитофондар, кейінгісіне қолайлы құралдар әр түрлі диктофондар қажет. Сөздік информацияны кез-келген дыбыс жазу құралдарында, үй тұрмысында қолданылатын тұрмыстық, кәсіби, студиялық магнитофондарда жазуға болады. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік жасалады. Әрі фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон еріннен бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.



Сонымен, магнитофондар бірнеше түрге бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай кәсіби, студиялық, тұрмыстық болып ерекшеленеді. Олардың атқаратын негізгі фунқцияларында аса өзгеріс жоқ.

Тұрмыстық магнитофондарда жазу 2 және 4 жолда жүзеге асырылатын болса, кәсібиде бір ғана жолға жазылады, яғни бүкіл ені бойынша жазылады. Кәсіби магнитофондарда үнтаспаның айналу жылдамдығы жоғары, үнтаспа тарту механизмі де, күшейткіші де жақсырақ жұмыс істейді.

Бұрынғы видеомагнитофондар кинопроекторларға ұқсайтын. Үнтаспа бабинаға оралатын, ал магнитофондар дыбыс, қабылдау валдары болатын. Инженер магнитофондарға дыбыс жазылған бабинаны және бос біреуін қоятын, сонан соң үнтаспаны тартатын механизмге қосатын. Көлемдері үлкен келетін. Міне, осындай қарапайым механизмдер ғылымның дамуына байланысты үлкен өзгеріске ұшырады. Инженерлік ұшқыр ойлардың арқасында видео, аудиомагнитофондардың небір ғажап түрлері өндіріске енді. Сандық технология көптеп қолданылуда. Озық технологияның үлгілерін қалыптастыру арқылы аудиотелеөнімдерді аудитория талғамына орай ұсыну үшін қажет шарттарды игеру өмір талабы.
жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау