5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 0,53 Mb.
бет2/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#24150
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дыбыстың табиғаты.

2. Оның функциялары және қоғамдағы орны.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
2-Дәріс. РАДИОБАЙЛАНЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТОЛҚЫНДАР АНЫҚТАМАСЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Ұзын толқын.

2. Орта толқын.

3. Қысқа толқын.


Ұзын толқын – шақырымдық, ұзындығы 1-20 шақырым, жиілігі 148-408 қГц. Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ынғайлы. Ең ұзақ таралуы - 2000 шақырым.

Орта толқын – гектометрлік, ұзындығы 575-187 метр, жиілігі 535-1605 кГц. Бұл толқын күндізгіге қарағанда жақсы таралады. Яғни, алыс қашықтықтарға радиобайланыс қөбінесе түнде тара-лады.

- декаметрлік, толқын ұзындығы 90-11 метр, жиілігі 3,95-26,1 кГц. Бұл толқын көбінесе шетелдерге хабарлар тарату үшін қолданылады. Космостық байланысқа жарамайды.

Ультрақысқа толқын – (УҚВ -1, УҚВ - 2, ГМ) метрлік, ұзындығы 4,6 - 2,8 метр, жиілігі 65,9 - 108 МГц.

ҒМ - радиостанцияларының біздің елімізде жұмыс істей бастағанына біршама уақыт болды. Алайда, өздерінің жоғары сапалылығымен эфирді жаулап алды. Көптеген үлкен қалалар радиостанциялары осы толқынмен хабар таратады.

Секундына 300 мың км/секунд жылдамдықпен таралатын радиотолқындардың жердін бетімен таралатындары - жоғары толқындар деп аталады.

Ал, әр түрлі бұрыштарға, тұйықтарға таралатын толқын - қеңістік толқындар деген атауға ие. Әуе қеңістігі бір қалыпты емес. Төменгі 10-15 шақырымдағы қабат тропосфера, ал жоғары қабаттағы 500-ден 600 шақырымға дейінгі аралық ионосфера деп аталады. Ауа жәй тұрған қүйінде электр тоғын өткізбейді, ал күннің сәулесінің әсерінен ионизация процесі өткен сон тоқ өткізгіштік қасиетқе ие болады. Осы иондану қезінде радиотолқындар бағытына өзгеріс енеді. Олардың мүлде өшіп қалуы, шағылуы бұрылуы сияқты әсерлері толқынға ион жасайды. Атмосферада неғұрлым иондану қөп болса, соғұрлым радиотолқындардың қисаю процесі көбейеді. Ал, жердің қисық траекториясына қарай радио толқындар қисық пішін алуы рефракция деп аталса, ал толқын алдындағы кедергіге кездесіп, ол бағытынан бұрылады, яғни дифрақция процесі өтеді.

Радиотолқындардың шағылуы, жаңғырықтың пайда болуы радиолокацияның негізі болады. Көрінбейтін заттардың тұрған жерін радиотолқындар әсері арқылы анықтау радиолокация деп, ал оған пайдаланылатын құралдар радиолокатор деп аталады. Бұл құралдар қөбінесе әскери техникада, көлік инспеқцияларында қолданылады. Радиолокацияда радиопередатчиктен антенна арқылы таралған радиотолқын кез келген заттан, әсіресе электр өткізгіш заттардан тез шағылады. Мысалы, самолеттер, кемелер, су асты қайықтары т.б. яғни, радиопередатчиктің антеннасы арқылы тараған толқын алдындағы обьектіден жан жаққа шағылды, бірақ энергияның бір бөлігі бұрынғы шыққан жеріне қайтып, қабылданғыш антеннаға келеді.

Радиотолқынның бір секундтағы жылдамдығы үшін жүз мың шақырымға тең. Қазіргі кезде осы толқын жылдамдығынан да тез ұшатын самолет ойлап шығарылып отыр. Әрине, адамзат ой-қиялынын шарықтау шегінде тұрған кезеңде электронды техниканың дамуының да заңды құбылыс екені айқын.

Радиотолқындар микросекундтарымен яғни секундтық миллиондық өлшемімен өлшенеді, ондай толқындармен жұмыс істеу үшін электронды сәулелі трубкалар пайдаланылады. Егер радиотолқынды пайдалану жөніндегі ғылыми жаңалықтар ашылмаса, дүние жүзін өрмекшінің торындай сымдар басып қететін еді. Сонымен бірге әуе кеңестігінде байланыстар жүйелі жүргізілмейтін, ұшақтардың қауіп-қатерге ұшырамай ұшулары қамтамасыз етілмейтін еді. Дәл осы сияқты су астындағы байланыс, әскери қорғау жұмыстарына да радиотолқындар табысты түрде пайдалануда.

«Дыбыстың қарқындылығына байланысты анықталатын дыбыстың субъективті сипаттамасы дыбыс қаттылығы» (Қазақ энциклопедиясы) деп аталады. Бір тонды дыбыстардын қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін. Дыбыстың бұл қасиеті тербіліс энергиясы амплитудасымен байланысты. Ал, дыбыстың қаттылығы мен амплитудасының аралығында тұрақты байланыс болады. Дыбыстың қаттылығы жөнінде бірі екіншісінен екі есе, үш есе, миллион немесе миллиард есе қаттырақ деп атауға болмайды. Қаттылығы әр түрлі дыбыстар туралы біріншісі екіншісінен осынша есе көп қатты емес, осынша бірлікке қатты деп айтылады. Өйткені, дыбыстың қаттылық бірлігі бар, ол – децибелл (дц). Яғни, қаттылық бірлігі децибеллмен өлшенеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ультрақысқа толқын.

  2. Дыбыстың қаттылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.



Алматы., 1978
3-Дәріс. ДЫБЫС ҚАСИЕТТЕРІ
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Дыбыс жылдамдығы.

  2. Дыбыс жиіліктері.

Дыбыс жылдамдығы. Барлық толқын сияқты дыбыс толқыны ондағы тербелістің таралу жылдамдығымен сипатталады. Жылдамдық толқын ұзындығымен және тербеліс жиілігімен байланысты. Дыбыс жылдамдығы әр түрлі ортада түрліше. Температурасы 20 °С ауада дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/сек-қа тең. Басқа орталарда ол басқаша болуы мүмкін. Дыбыс толқындарынын таралуы ең алдымен дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Мысалы, газдар мен қатты денелердегі толқынның жылдамдығы толқын таралатын ортаның тығыздығы мен сығылу процесіне байланысты болады.

Дыбыс жиіліктері. Егер дыбыс ауада таралатын толқын болса, онда ауа бөлшектері қозғалысқа түскен сайын, дыбыс шығып отыруы керек. Мысалы, адам қолдарын арлы-берлі қатты сермеген кезде дыбыс пайда болады. Яғни, бөлшектер тербеліске түседі. Бұл жағдайда толқын пайда болғанымен, дыбыс естілмейді. Оның себебі, толқындағы тербелістің белгілі бір жиілігінде ғана дыбыс пайда болады, яғни адам сезе, ести алатын дыбыс туады. Ғылыми тәжірибелердің дәлелдеуі бойынша, 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі жиіліктегі толқынды адамның есту мүшесі арқылы сезіне алады, ал бір секунд ішінде қолды 20 рет сермеу мүмкін емес. Ал, келіп жетқен дыбыс толқындағы тербеліс жиілігіндей жиіліқпен дыбыс толқындарын туғызады. Олар миға дыбыс сигналы болып жетеді. Дыбыс әр түрлі болады. Әйел дауысы, ер кісі, бала дауысы болып бөлінеді, әрі олардың өзіндік ерекшеліктері бар.

Дыбыс тоны. Дыбыстардын естілуіне қарай төменгі, жоғарғы тонды дыбыстар болып бөлінеді. Мысалы, барабаннан шыққан дыбыс – төменгі тонды, ал ысқырықтан шыққан дыбыстарды жоғарғы тонды болып саналады. Жоғарғы тонды дыбыстарға тербілістің үлкен жиілігі сәйкес келеді. Дыбыс толқынындағы тербелістер жиілігі дыбыс тонын анықтайды. Бір ғана түрлі жиілікте толқын шығаратын ерекше дыбыс көздері болады, бұл таза тонды дыбыс болып саналады. Дыбыстың мұндай түрін шығаратын құрал – камертон деп аталынады. Камертонның көлемі неғұрлым үлкен болса, оны соққанда шығатын дыбыс соғұрлым төмен болады.

Дыбыстың шағылуы. Дыбыс толқыны қандай бір ортада болмасын тарала отырып, белгілі бір уақытта осы ортаның шекарасына жетеді, ал оның соңынан дыбыс жылдамдығы басқа бөлшектерден тұратын өзге бір орта басталады, осындай шекарада дыбыс толқындарының шағылу құбылысы жүзеге асады. Шағылудын себебі, шекараға толқын әкелген тербеліс екінші ортаның бөлшектеріне беріліп, өздері жаңа дыбыс толқынының көздеріне айналады. Бұл толқын теқ екінші ортаға ғана таралып қоймайды, сонымен бірге алғашқы толқын келген бірінші ортаға да тарайды. Міне, осы процесс толқынның шағылуы деп аталады. Бұл құбылыс жаңғырықпен байланысты. Қандай да бір дыбыс көзінен сигнал беріліп, оның шыққан уақыты белгіленіп, қабылданған мерзімнің арасындағы уақыт өлшенсе кедергіге дейінгі қашықтықты табуға болады. Ультрадыбыстық толқындар табиғаты жағынан дыбыс толқынына ұқсағанымен адам оны дыбыс тәрізді қабылдай алмайды, өйткені оның жиілігі 20 Гц-тен артық. Ондай дыбыстарды қабылдайтын және шығаратын белгілі бір тіршілік иелері бар екендігі ғылымда дәлелденген. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытпен тарататындай етіп бағыттауға болады.

Дыбыстың жұтылуы. Бұл дыбыс энергиясының энергияның басқа түріне қайтымсыз айналуы процесі. Дыбыстың жұтылуы жиілікке тәуелді болады. Сондықтан да жоғары жиіліқтегі ультра-дыбыс пен гипердыбыс қысқа қашықтыққа таралады. Атмосферада, суда және жер қыртысында инфрадыбыс толқындары аз жұтылатын болғандықтан алысырақ қашықтыққа жетеді.

Ғылымда дыбыс толқындарын зерттейтін ғылым саласы акустиканың атқаратын рөлі зор. Дыбыстың барлық қасиеттерін зерттеу ақпарат таратудың жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру салаларын дамытуға, жетілдірілген музыка аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс жазу орындарының бәрінде қолданылатын «акустикалық жарақтандырылған бөлме» деген үғым бар. Ақустика гректің «аkustikas» деген сөзінен шыққан, «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл дыбыс туралы ілім - физиқаның маңызды салаларының бірі. Аристотель дыбыс тарайтын ортада сиреу мен сығылу процестерінің алма-кезек ауысып отыратыны және дыбыстың шағылуы нәтижесінде жаңғырық пайда болатыны туралы болжам жасаған. Барлық ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың дамуы да біраз тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастаған. ХVVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың шағылу процесін зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс толқындарының таралуындағы тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы және М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп, онын тербеліс жиілігіне тәуелділігін анықтаған. Мерсенн дыбыстардың ауада таралу жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П. Ламмес аса дәлдікпен есептеп шығарған. Басқа бір топ ғалымдар дыбыстың суда таралу жылдамдығын анықтаған. Осы ғалымдардың бәрі акустика ғылымын өрістеткен, дамытқан, өзіндік үлестерін қосқан.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дыбыс тоны.

2. Дыбыстың жұтылуы.

3. Дыбыстың шағылуы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
4-Дәріс. АКУСТИКА ҒЫЛЫМЫ
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Акустиканың атқаратын рөлі зор.

2. Акустикалық тәсілдер.
Ғылымда дыбыс толқындарын зерттейтін ғылым саласы акустиканың атқаратын рөлі зор. Дыбыстың барлық қасиеттерін зерттеу ақпарат таратудың жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру салаларын дамытуға, жетілдірілген музыка аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс жазу орындарының бәрінде қолданылатын «акустикалық жарақтандырылған бөлме» деген үғым бар. Акустика гректің «аkustikas» деген сөзінен шыққан, «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл дыбыс туралы ілім - физиқаның маңызды салаларының бірі. Аристотель дыбыс тарайтын ортада сиреу мен сығылу процестерінің алма-кезек ауысып отыратыны және дыбыстың шағылуы нәтижесінде жаңғырық пайда болатыны туралы болжам жасаған. Барлық ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың дамуы да біраз тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастаған. ХVVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың шағылу процесін зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс толқындарының таралуындағы тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы және М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп, онын тербеліс жиілігіне тәуелділігін анықтаған. Мерсенн дыбыстардың ауада таралу жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П. Ламмес аса дәлдікпен есептеп шығарған. Басқа бір топ ғалымдар дыбыстың суда таралу жылдамдығын анықтаған. Осы ғалымдардың бәрі акустика ғылымын өрістеткен, дамытқан, өзіндік үлестерін қосқан.

Қазіргі акустика мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы акустика және іс жүзінде қолданылатын акустика. Олар физиологиялық, музыкалық, архитектуралық және атмосфералық акустика, электро акустикамен гидроакустика сияқты салаларға бөлінеді. Жалпы акустикада дыбыстар пайда болуы мен таралуы процестері эксперименттіқ және теориялық тұрғыдан қарастырылады. Атмосфералық акустикада атмосфераның түрлі қабаттарында дыбыстың таралу, жұтылу және сейілу процестері қарастырылады.



Физиологиялық акустикада адам мен жануарлардың есту және дыбыс шығару мүшелерінің ерекшеліктері зерттелінеді. Электроакустикада дыбысты жұтып алу мен қайта шығару және электрлі музықа аспаптарын өндіру, өндіріске енгізу проблемалары зерттелінеді.

Архетиктуралық акустика салынатын ғимараттардағы дыбыстардың таралу процестерін қарастырады.



Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне негізделіп жасалған құралдың көмегімен теңіздер мен мұнай скважиналарының тереңдігі де дәл анықталады. Ал ультрадыбыс қатты заттарды уақтайды, өсімдіктердің өсуін тездетеді, бағалы материалдарды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен әр түрлі детальдардағы ақаулар анықталады, ауруларға диагноздар қойылады т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады.

Акустикалық материалдар - құрылыстардың акустикалық қасиетін жақсарту мақсатында қолданылатын заттар. Ол қаптау және төсеу материалдары болып бөлінеді. Қаптау материалдары дыбыс жұту (үй ішінде), шуды бәсеңдету (өнеркәсіп цехтарында, хирургиялық операция бөлмесінде т.б.) немесе қоғамдық орындарда (көру залы, радио және телестудияларда) естілу мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылады.



Толық акустикалық жарақтандырылған, дыбыс жазу процестеріне қатысты жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілген радиоүйінде хабар дайындаушы шығармашылық топпен бірге техникалық қызметкерлер де еңбек етеді. Радио үйі сияқты ғимараттардағы шуды бәсеңдету үшін ағаш талшықты тақта ас-бест, картон, поливиннилхлоридті линолеум, тақта, синтетикалық өнімдер, түкті қілем сияқты заттардың қолданылуы қажет. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі (дб) децибеллмен өлшенетіндігі ескеріледі. Мысалы, тұрғын және қоғамдық үйлердегі шу 40-50 дб болады, ал өндіріс орындарындағы 80 дб-ден аспауы керек.

Дыбыстық толқындар қабырғаға, төбеге, жиһаздарға т.б. кедергілерге соғылып біртіндеп сөнеді немесе шағылып теріс қайтады. Кедергіге соғылған дыбыс шағылады, ал ашық есік немесе терезе жолында болса, дыбыс өтіп кетеді. Шағылған дыбыс тез немесе кешігіп жетуі мүмкін. Егер кешігу 0,1 секундтан асса, онда дыбыс жаңғырық болып естіледі. Дыбыс кедергісі неғұрлым бос, атомдары сиреқ орналасқан болса, дыбыс тезірек өшеді. Егер дыбыс бірден өшпей біртіндеп сөнетін болса, мұндай дыбыстан кейінгі естілу сәті реверберация деп аталады. Сондықтан да электромагниттік жазуға жаңғырық араласпас үшін дыбысты сіңіріп алатындай жағдайлар жасалынады. Міне, осы тұста акустика ғылымының тұжырымдары жүзеге асырылады.



Дыбыстың табиғатының зерттелу бағыттарына орай сараптай келе біршама қорытындылар қалыптасады:

Миқрофондардың, күшейткіштердің, дыбыстау құралдарының т.б. сапасын олардың жиілік сипаттамасымен ешуақытта өлшеуге болмайды. Оның себебі - белгілі бір жиіліктегі дыбыс әр түрлі амплитудамен шығуы мүмкін. Соның нәтижесінде жазылған дыбыстың берілу сапасы төмендейді.

Дыбыс толқындары кедергілерге шағылып, реверберация пайда болуының себебінен магниттік жазудың, оның естілуінің сапасы төмендейді. Кей жағдайда реверберация дыбысқа көлем беріп, жеңілдетіп, пайдалы қызмет атқарса, кері қайту мерзімінің ұзақ болуына байланысты кері әсер етеді, өйткені жазуға жаңғырық араласады.


  • Дыбыстар өзінің жиіліктеріне қарай тез өшеді. Мысалы, жақындап

келе жатқан оркестр құралындағы аспаптар дыбысынын әр қалай жетуі. Бұл ерекшелік те жазу барысында ескерілуі керек. Сонымен бірге адамнын есту

қабілеті мен микрофонның қабылдау қасиеті бірдей болмайды. Осының бәрі дыбыстың жазылу сапасына әсер ететін фақторлар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Реверберацияның пайда болуы.



  1. Дыбыс жиіліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
5-Дәріс. ТЕЛЕРАДИОХАБАРЛАР ТАРАТУ ТОРАБЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі

2. Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі

3. Квадрофониялық жүйе



Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері яғни телерадиохабарлары арнайы тораптардан таратылады. Телерадио – торапқа жататындар: радиоүйлері, телеорталықтар, хабар таратушы каналдар, елді мекендерге хабар таратушы және қабылдаушы станциялар. Ал, радиожүйеге хабар тарату түрлері (дыбыстық, монофониялық, стереофониялық, квадрофониялық), бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар), модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті), толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар. Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радиоқабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы - толқындардың таралуына және радиотораптардың қызметіне байланысты алынады. Ұзынтолқындағы таратқыш антеннасынан таралған энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді.Ұзын толқын күндізгіге қарағанда түнде алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ұзын толқынға мыңдаған киловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.

Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі – бірнеше таратқыш бір жиіліқте параллельді түрде жұмыс істеп, біртекті бағдарламалардың таратылуы.

Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі – дыбыстың екі қаналмен жазылуы. Мысалы, бір ғимараттан шыққан дыбысты басқа жаққа электроакустикалық жолмен тарату. Яғни алғашқы шыққан дыбыстың өзгеріссіз сол күйінде естілуі. Егер ансамбль ойнап тұрған болса сондағы құралдардың әр қайсысының дыбысы жекелей естіліп тұрған күйінде жеткізіледі.

Квадрофониялық жүйе – стерофониялық дыбыстың 4 каналмен таратылуы. Бұл жүйенің өзі толық квадрофония, квазиквадрофония, псевдоквадрофония болып бөлінеді.

Дыбыстық сигналдар қолмен де және автоматты түрде реттеледі. Дыбыстың сапасын арттыру үшін дыбыс деңгейін реттеп отыру қажет. Музыкаға 25 дб, көркем оқуға - 14 дб, сөзге - 10 дб мөлшері қойылады. Ол жөнінде арнайы мамандандырылған кәсіби инженерлер мағлұмат береді, әрі сапалы дыбыстың эфирге шығуын қамтамасыз етеді. Теле, радио үйі - телерадиохабарлардың дыбыс жазудан бастап эфирге шығуына дейінгі процестер жүзеге асуға арналған, арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ғимарат.

Ал, хабар деген дыбыстық және бейнелік информациялар жиынтығы. Осы дыбыстық информациялардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметқерлер телерадио үйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық информациялардын түрлері:

Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музықа да жатады. Бағдарлама - бір арнаға, тақырыпқа арналған хабарлар жиынтығы.

1. Сөздіқ хабарға леқция, баяндама, диқторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады. Вокалды аспапты музықалар.

Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады.

Бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар); модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті); толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар. Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радио-қабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы - толқындардың таралуына және радиотораптардын қызметіне байланысты алынады. Ұзынтолқындағы таратқыш антеннасынан таралған энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді. Ұзын толқын күндізгіге қарағанда түнде алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ұзын толқынға мындаған килловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.

Радио үйі - радиохабарлардың дыбыс жазудан бастап эфирге шығуына дейінгі процестер жүзеге асуға арналған, арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ғимарат.



Ал, радиохабар деген - дыбыстық информациялар жиынтығы. Осы дыбыстық информациялардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметкерлер радиоүйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық информациялардың түрлері:

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау