Журналистика өмірін қақатығыс пен шиеленіс жағдайында қорғау туралы
Европа Кеңесінің 15 бабына сәйкес министрлік комитеті мынандай нұсқаулар береді. БАҚ-тың азаттылығы және журналистік мамандықтың демократиялық қоғамдағы ең маңызды, әсіресе қоғамды хабарлау ісінде, өз ойларын арттырып, мемлекеттік биліктің қызметін қадағалауда өте маңызды екендігін айтады. Журналистер қоғамға ұлттық және Халықаралық құқықты бұзудағы адамдардың бейнетін көрсетіп, бұзушылық және қайғы, бейнеттерді алдын алуға көмектеседі. Олардың қоғамдағы рөлінің маңызды екенін айтады. Осындай журналистік зерттеулерде олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріліп, репортаж жасауға құқықтары бұзылуымен кездеседі. Журналистер өмірінің қауіпті жағдайлары әр түрлі болады, байланыс құралдарын тартып алудан батап, қорқыту, ұстау, өлтіруге дейін барады.
Халықаралық адам құқығын қорғау фактілерін маңызды екенін дәлелдеп әлемдік және еуропалық көлемде журналистерді қорғау үшін Адамның құқықтарының әлемдік деклорациясы, Халықаралық азаматтық және саяси құқық факті, адамдардың құқығы бойынша Еуропалық конвенцияға сәйкес маңыздылығын айтады. Тағы айтатын жағдай, 1949 жылы 12 тамызда және 1977 жылдың 8 маусымында қабылданған Женева конвенциясының Хаттамасының 79 бабаныда айтылғандай журналистерді азаматтық тұлға ретінде қорғауға қажет. Осы міндеттер халықаралық емес әскери конференция кезінде қолданылатынын айтады. Журналистік жұмысқа әр түрлі кедергілер жасау әр жағдайларда жеке қарастырылады. БАҚ ұйымдары, кәсіптік ұйымдар және журналистердің өздері қауіпсіздіктерін сақтау керек. Шаралардың алдын алу, өзін-өзі қорғау жолдары арқылы, “Журналист” термині бұл жерде барлық БАҚ өкілдеріне келісті: хабарлар мен мәліметтер жинап, оны өңдеу мен жариялау, оның ішіне телеоператорлар, фотосуретшілер, оларды қолдайтын әріптестер, машина жүргізушілер және тілмаштар да жатады. Журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институтының (JNSI) директоры Родни Пиндердің айтуынша, жуналистерді өлтірген қылмыскерлерді табу туралы сұрағы шешілмегенше, өлтіру саны азаймайды.
Осы маманға сәйкес әлемде мыңнан астам журналистер қаза тапты. Осындай мәліметтер (JNSI) журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институты баяндамада жасады. “Убить вестника” баяндамасында екі жылдық жаһанды зерттеуде, журналистер әр мемлекеттерде, бейбітшілік заманында қаза тауып жатқанын мәлімдейді. Төрт репортердың біреуі ғана соғыс жайында материал жүргізгенде қаза тапты. “657 еркек пен әйелдер өз мемлекетінің көлеңкелі жағдайын көрсетуін тырысқан кезде өлтірілген” – дейді баяндамада. Әр жағдайда қылмыскер табылмаған, БАҚ-тың қызметкерлері мен журналистерді өлтіруді зерттеу әлі қолға толық алынбағаны мәлім. Қылмыскерлердің бос жүргендігі – баяндаманың ең бірінші қорытындысы.
Әр мемлекеттерде журналистерді өлтіру – ең жай, арзан және ең тиімді әдіс болып кетті. Қылмыскерлердің жасалған қылмыстан қашу саны көбейген сайын өлтіру спиралі көбейе береді.
ЮНЕСКО баяғыдан бұл проблеманы шешуге қолға алды. 2003 жылдың 3 мамырында JNSI құрылған күні, оның бас директоры Киотиро Мацуура қылмыскерлерге соғыс жариялады. “Әр жағдайда журналистті қорқытып, зорлау немесе түрмеге отырғызу бұл – адамдарға қоғамдағы жақсы, жаман жақтарын көрсетуге кедергі жасау, ар-ұяттан айрылған деген, барлық азаматтар өз құқығынан түгел айрылып, өз ойларын білдіре алмайды.”
Бұндай істерге қалай әсер ету керек? 2006 жылдың аяғында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1738 журналистерді қорғау резонациясын қабылдады. Резонацияда мемлекеттердің қылмыстық істі тоқтатып, бұзушылардағы кінә болған адамдарды соттауға міндет етеді. Бірақ мына шаралар тек соғыс болып жатқан жердегі журналистерге ғана қатысы бар.
Еуропа Кеңесінің Парламент ассомблеясы биыл қабылданған 1535 резонациясында мемлекет-мүшелерге журналистік өлімдерге зерттеулер жүргізуді міндеттейді.
“Журналистердің өміріне қол (сұққандар) көтергендер бос жүрсе – демократия мен құқықтың басшылығы өзінің күшсіз екенін білдіреді” – дейді резонацияда.
Журналистер өмірінің қауіпсіздігін көтеру мақсатында JNSI бірнеше нақты шаралар қарастырады. Бұл шаралар қабылданған 1738 резонациядағыдай оны нығайтуға пайдаланады. Мысалы, Әлемдік банк, Халықаралық валюта қоры және басқа да Халықаралық ұйымдар журналистерді өлтіру санын қаржы көмекті бағалау көрсеткіші ретінде көру керек.
Дамыған елдерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарда өткізілетін медиа-тренингтер бағдарламасының қауіпсіздігі бойынша курстар қосылу керек. Жас журналистерді қорықпауға үйретудің амалы жоқ. Оларға өз қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру керек. Бірақ көптеген мемлекеттерде мұндай қауіпсіздік сақтау курстар өткізудің кейде пайдасы жоқ дейді.
Халықаралық ұйымдардың қолдауымен, оның ішінде ЮНЕСКО, Журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институты (JNSI) көмегімен БАҚ-да 700 қызметкерлерді 13 мемлекеттерде ақысыз осындай курстар жүргізіледі.
Біреуге өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауын міндеттеу жеңіл, бірақ бұл шешілетін жағдай емес. Біріншіден, журналистер өз өмірінің қауіпсіздігі туралы өздері ойлау керек. JNSI барлық редакцияларға өзі құрастырған қауіпсіздігін сақтау Кодексін тәртіпке алуға шақырады. Барлық жаңалық беретін команда мүшелерінің жұмысындағы қауіпсіздік жағдай жасауды жөн көреді. Редакциялар соғыс кезінде, бейбітшілік кезінде өз қызметкерлерін керекті құралдармен қамтамасыз етіп, сәйкес қауіпсіздік туралы тренингтер өткізу қажет. Сонымен қатар БАҚ-тың басшылары жұмыс уақытында психологиялық зақым, стресс алған журналистерге кәсіптік қолдау көрсете білу керек. Соңында айтатын мәселе, журналистер сапалы және тәуелсіз репортаж жасағанда қоғамның да қолдауы маңызды.
Мәскеу қаласында, Пречистенка ауданының шіркеуден екі аттам жерде 2009 жылы 19 қаңтар күні “Новая газетаның” тілшісі Анастасия Бабурова мен адвокат Станислав Моркеловты өлтірді. Екеуі де жарақат алғаннан қайтыс болды. Негізгі себеп: адвокаттың қызметімен байланысты. Ол шешен қызы Эльза Кунгоеваны өлтірген үшін сотталған подполковник Будановты уақытынан ерте шығару туралы пресс-конференция жүргізген, ал тілші қызға қылмыскердің артынан жүгірген кезде оқ тиген. Қылмыскерлер өздерінің ешкімнен қорықпайтынын көрсетіп, дәл қала орталығында, бейнекамералар құрылған жерде өлтірген. Ол маскада болып, метроға қашып кеткен. Атысқанына қарағанда бұл қылмыскер қарумен пайдалануды біледі.
Қазіргі күнде осы адамдарға арнап Грибоедов ескерткішінің алдында еске алу акциялары өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар қоғамдық активистер, журналистерге қарсы теоррорға қарсы келе алмайтындығына үкіметті кінәлайды. Қазір мемлекетте құқық қорғаушы немесе журналист болу – өте қауіпті. “Біз қылмыскердің атын білмейміз, бірақ кім айыпты екендігін білеміз. Ол – өз азаматтарын қорғай алмайтын мемлекет.”
Осыған сәйкес акциялар Пермь, Биробиджан, Уфа, Омск қалаларында өтіп жатыр. Ал Нижний Новгород қаласында үлкен жарнама-баннер созылып жазылған “Адамдар үндемегенше, жүйе өлтіреді”, акцияны не себеппен жүргізгендері туралы ұйымдастырушылар қағаздар таратты, бірақ оқыстан милиция қызметкерлері келіп ұйымдастырушыларды қуа бастады. Сондан соң жастар басқа алаңға барып, акцияларын аяқтады. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға тамақ таратты. 15-20 адам тамақтанды. Сондай-ақ акциялар Германияда, Бронденбург қақпасының алдында, Ресей елшілігінің алдында өтті. Ұйымдастырушылар өлген журналистердің (Анна Политковская, Анастасия Бабурованың) суреттерін ұстап, шам шырағын жақты. Өтіп жатқан көліктер ақырын жүре бастады. Бұл акцияның аты “Репортеры без границ” және “Халықаралық амнистия”. Акцияны өткізу себебі Политковская мен Бабурованы өлтірген қылмыскерлер әлі бостандықта жүргені.
“Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасының заңнамасы шыққаннан бері журналист кәсібінің құқығы мен мамандық қызығушылығын қорғау үшін көп шаралар атқарылып жатыр. Журналистер өз материалдарында тек шынайы мәліметтерді мамандық әдептілігіне сай жазу керек. Хабарды бекіту деген аудио және бейне жазулары. Бұл құралдармен арнайы рұқсат арқылы қолдануға болады. Бұл репортер жұмысына қиындық туғызады. Жаңа заңнама осы мәселені шешеді. Рұқсат сұрауға керегі жоқ. Қазіргі таңда журналистті диктофон және бейнекамерасыз елестету мүмкін емес. Жаңа заңнамада журналистердің хабарды алу жеңілдетті. Қазір, лауазымды адамдардан жауап алмаған себепте жоғарыдағы басшыларға, содан соң сотқа беруге мүмкіндік бар. Жаңа заңнама бойынша журналистер бірініші рет бас тарту жағдайы болса, сотқа лезде баруға құқылы. Қазақстан Республикасының Парламенті қолдайтын болса, қазақстандық қоғамның ары қарай демократтық жолға түседі. Болатын өзгерістер үкімет пен бұқаралық ақпарат құралдары еуропалық стандартқа жақын болу керек. Бірақ журналистер мемлекет алдында өздерінің міндеттерін білу керек.
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Свет звезды. Элита отечественной журналистики» кітабы
«Отандық журналистика» Сағымбай Қабашұлы
«Қазақстан журналисінің анықтамалығы» (интернет желісі http://typo 38.unesco.org./index.phpsid=804. 98 and L=3)
«Жұлдыздар жорығы. Отандық журналистика таңдаулылары» кітабы
«Журналистика: техника безопасности» Борис Лозовский
«Егемен Қазақстан» газеті, 7 ақпан 2009 ж
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңнама
«Страна и мир» газеті, 15 қаңтар 2009 ж
«Семей таңы» газеті, 5 ақпан 2008 ж
СМИ и общество, Журналист №6. 15-16 бет, 2008 ж
«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры
8-Дәріс. Журналистика принциптері
Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен объективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер.
Өз ойыңды оқырманыңа таңушы болма! Сенің міндетің ақпарат беру. Атқарушы билік сот, заң билігі мен қоғам арасындағы модераторсың, бірақ, сен қоғамға сабақ үйрететін мұғалім, қоғамды емдейтін дәрігер емессің! Сен тек қана ақпаратпен қамтамасыз ететін маман иесісің.
Дау-жанжал жайлы ақпарат таратсаң, микрофоныңды екі жаққа да теңдей ұсын!
Таратқан ақпаратың дәлелді болсын! Өздігіңнен тон пішпе! Болжам жасама! Өзіңнің не ойлайтыныңды емес, өзіңнің не білетіңді (дәлелденген, анықталған, зерттелген, көзің жеткен ақпаратты) ғана репортажыңа енгіз.
Бір ақпарат алсаң, оны екінші, тіпті реті келсе, үшінші ақпарат көзінен тексеріп ал!
Тексерілмеген ақпаратты жазушы болма!
Скептик бол! Таратылған ақпаратқа бірден сенудің орнына, күдікпен қара! Бәлкім, ақпараттың сыртында бір нәрсе жасырынып тұрған шығар!!!
Ұялшақтықты ұмыт!
Ақпаратқа әуестік немесе кез келген нәрсені білгісі келетін қасиет журналистік зерттеулерге мұрындық болады.
Төзімділік – сіздің алдыңыздағы есік жабылып, ақпараттан құр қалдырған кезде қажет қасиет.
Скептик болуыңыз – ақпаратты жан жақты талдауға көмектеседі. Толық картинаға көз жеткізбейінше, әртүрлі ақпарат көздерін қопарудан жалықтырмайды. Естіген нәрсе түгілі, көзбен көрген нәрсенің өзін толық зерттемейінше тыным таптырмайтын қасиет.
«Ақпаратты – өсек-аяң (тексерілмеген ақпарат), пікір (әлдебір адамның әлдекім нәрсе жайлы ойлауы), ресми ақпараттан айыра біл. Сен сол үшін де журналиссің», дейді Маргарэт Фрини.
Жаңалық – жұртшылықтың назарын аударатын, қызықтыратын және пайдалы мәлімет. Жұртшылыққа сіздің таныстарыңыз достарыңыз, отбасыңыз да жатады. Олар газет оқымауы мүмкін. Бірақ теледидардан жаңалық қарай қалса, не нәрсеге ерекше қадалады?
Баршаға танымал адамға қатысты жаңалық
Сирек, біртүрлі немесе төтенше оқиғалар.
Қылмыс хроникасы.
Көпшіліктің мүддесіне тікелей қатысты проблема (мысалы, метро, айналма жолдар, жаңа заңдар мен шешімдер).
Адам сезіміне әсер ететін жағдайлар (мәселен, ерекше тағдыр).
Кез келген жаңалық қандай да бір оқиға туралы болады. Демек, біз осыған қарап, жақсы жазылған жаңалықтың критерилерін шамалап айтуымызға болады.
Оқиғаға қанықтығы
Дәйектілігі, деректілігі
Логикалық тізбекпен тарқатылуы
Дәлдігі.
Шартты түрде жаңалықты бірнеше түрге, мысалы, ресми, экономикалық, спорт, мәдени, қылмыс тақырыбындағы жаңалықтар деп бөлуге болады. Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге жүгінуі тиіс.
Журналист үшін жаңалықты ғана айтып қою аз – бұл базардағы өсек сияқты.
Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай түсіндірме береді.
Ақпарат немесе жаңалық:
Оқырманыңа қызықты,
Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,
Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние.
Батыс журналистикасы оқиға туралы жаңалықты жазарда, репортер «журналистиканың негізгі сауалдары» деп танылатын сіздерге белгілі алты сауалға жауап беруі тиіс деп есептейді. «Бес W бір H» деп аталатын кәсіби жаргонды Редьярд Киплинг деген ағылшын енгізген делінеді. Себебі ағылшын тілінде сол алты сауалдың бесеуі W әрпінен басталады. Олар сіздерге таныс, яғни;
Who – кім?
What – не?
When – қашан?
Where – қай жерде?
Why – неге, не үшін?
How – қалай?
Жаңалықты жазу үшін осы алты сауалға жауап алынды делік. Енді жаңалықтағы оқиғаны қандай тізбекпен өрбітуі керектігін анықтауымыз керек. Егер бәрі түсінікті болса, жаңалықты жазуға кірісуге болады. Және біз жаңалықты кіріспе (кейде оны лид деп те атайды) жазудан бастауымыз керек. Лид – қарапайым да түсінікті жазылған ең бірінші, не алғашқы екі сөйлем. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алу, онда «мақаланы оқиыншы» деген ынта ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі. Сіздің жазған мақалаңыздың алғашқы жолы осы жаңалықты оқырманға «сатуы» керек. Ол қысқа да нұсқа болуы, «екпінді» түрде «ондыққа тиуі» тиіс.
Блог сөзі «сайттар туралы есеп» деген түсініктен (web-log) алынған сөз. Бұл кері хронологиялық тәртіппен жазылған үздіксіз жазбалар лентасы дегенді білдіреді. Оны бір пайдаланушы, яғни, блоггер жүргізіп отырады. Белгілі бір блог-сервиске тіркелген блоггер тұтыну келісімшарты негізінде жұмыс істейді. Жазба лентасын жазу қиын емес: алдымен веб-пішін (редактор панелі бар терезе), оған мәтін жазылып, сілтемелер, бейне-фотосуреттер салынады. Кейін осының бәрі интернетке жарияланады. Блогты пайдаланушы қалауына қарай әр жазбаның астына пікір жаза алады. Пікірді бүркеншік атпен немесе өзге блоггерлердің атынан беруге болады. Екі миллионнан астам блоггер (блогты жүргізуші) оқиға орнына ресми тілшілерден бұрын барып, ақпаратты елден бұрын таратып отырады. Олар барлық салада, барлық жерде жұмыс істеп машықтанған сарапшылар сияқты. Блогтардан еш жерден, тіпті Интернеттен де табылмайтын қызықты дүниелерді табуға болады.
Соңғы кезде біздің ҚазНет (негізінен Мегалайн-Хит тарифі пайда болғаннан кейін) үлкен қарқынмен дамып келеді. Соған сәйкес блогтар да, кез-келген адам пайдалана алатын осы ақпарат ортасының да асқан жылдамдықпен алға ілгерілеуі мүмкін.
Бірақ біз орыс тілді блоггер Рунетке тоқталғанымыз жөн шығар. Блоггер ресейлік компанияларға тиесілі.
Сонымен қатар әр блоггердің жеке френд-тізбегі болады. Бұл өзі оқығысы келетін блоггерлер тізімі. Ол да кері хронологиялық тәртіппен орналастырылады. Сол арқылы әрбір пайдаланушы өзін қызықтырған топтамаларды оқи алады.
Көріп отырғандарыңыздай, блог жүргізудің қиындығы жоқ. Оның тиімді жағы да бар. Өйткені:
Блогты жүргізу үшін компьютерді егжей-тегжейлі білудің қажеті жоқ
Ұсынылатын сервистердің басым көпшілігі тегін жұмыс істейді
Қазіргі блог-сервистер барлық саланы қамтиды. Одан Шумер тарихына қызығатындардан бастап, «Ласковый Май» тобының фанаттарына дейін өз іздегенін таба алады.
Біздің заманымызда өз көзқарасыңды әсіресе, саяси көзқарасыңды білдіру қиын. Ал, ондай ойларды блогтарға емін-еркін түсіруге болады. Сондықтан, блогтарда бүгінгі өмір шындығы түгел бейнеленеді десек те болады. Ендеше, блогтар – барлық әлеуметтік топтар мен ағым өкілдерінің пікірлесу алаңы болып табылады.
Көптеген факторларға байланысты блогтар бірнеше түрге бөлінеді:
Автор санына қарай
Тегіне қарай
3. Орналасқан жеріне қарай
Блог платформа
Stand-alone блогы
Блогтар бірінші кезекте жеке күнделік қызметін атқарады. Бірақ, көптеген адамдар оны жеке пиар, саяси үгіт-насихат, хабарландыру тақтасы, ғылыми пікірталас пен кәсіби кеңес алаңы ретінде пайдаланады.
Негізгі түсініктер:
Пост – блогқа жазу
Блоггер – блогты жүргізетін адам
Френд – сіздің оқу үшін жазылған блоггеріңіз
Блог-сервис немесе блог-платформа – блогтар орналастыратын сайт.
2008 жылдың көктемінде әлеуметтік желілерді 45 млн адам пайдаланған; ал, 2007 жылдың басында тұтынушылар саны 3 миллионға жуық қана болатын; яғни, әлеуметтік блогтарды пайдаланушылар саны бір жылда 15 есе артқан. Интернетті ұялы телефондар мен смартфондар арқылы пайдалану мүмкіндігі артты. Зерттеулердің қай-қайсысы да интернетті үйде отырып пайдалану мүмкіндігінің артқанын дәлелдеп береді. Мәселен, 2001-2007 жылдар аралығында Интернетті үйде пайдаланушылар саны 9,5 есе, ал офисте қолдану тек қана 3,5 есеге артқан. Зерттеулерге сәйкес, Ресейде интернет-тұтынушыларының 27%-ға жуығы блогтарды оқиды екен. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Өйткені, блогтар онша беделді емес және Интернетке деген қызығушылық аз.
Журналистиканың қоғамды шынайы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ететін функциядан гөрі, ақыл айтушы, жөн сілтеуші, қолдағы ақпараттан субъективті түрде қорытынды жасаушы қызметін мықтап тұрып қолға алуын ең алдымен Кеңес Одағы идеологиясынан қалған әдет десек, қателеспеппіз. Адамдардың өздігінен ойлауын, өзіндік позицияға ие болуын қажет деп таппаған жүйе барлығын да бақылауда ұстаған болса, журналистикасы да сол жүйеге сай қалыптасқан. Батыс журналистикасында журналист өзі жеткізіп тұрған ақпараттың салмағын, сөздің құдіретін жете түсінеді.
Әр ақпарат немесе мақала Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай деген сауалдарға жауап беруі керек. Сонда ғана, оның мақаласы толыққанды болып шығады. Жаңалық дегеніміз өзінше бөлек жанр ретінде қызық. Жаңалық дегеніміз кез келген мақаланың да, сұхбаттың да құрамдас бөлігі. Сондықтан, журналист жаңалық жаза алатын болса, ол басқа да жанрларда сауатты да, кәсіби шеберлік таныта алады. Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге жүгінуі тиіс. Қазіргі заманғы техникалық блогтар мәтіндерді ғана емес, интернетке дыбыстық файлдар мен бейне жазбаларды да орналастыруға мүмкіндік береді. Бірақ, блогтың мазмұны қандай болатынын пайдаланушының өзі таңдайды. Жалпы, блог-сферада өзіңді биязы ұстаған жөн. Онда атыңның құпиялығына, жазадан құтылып кетуге болады деп үміттенудің қажеті жоқ. Интернетте жазылғанның бәрі сақталып қалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Принцип сөзінің мағынасы
2.Журналистика пинципі неше түрде қалыптасқан?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989
2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999
3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999
4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері
5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998
9-Дәріс. Баспасөз бен журналистік қызметтің бостандығы
ХІХ‑ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла‑шаралар болды.
Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады.
І‑ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі‑жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады.
1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді.
1 Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру.
2Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті.
3Баспасөз органдары бақылауда.
4Ғайбаттап жазыуға болмайды.
5Хабар‑ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау.
6Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да
7Ешкімнен ештеңе дәметпеу.
8Ағаттық, қателіктер болса түзеу.
9Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу.
Этика деген де‑ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ‑ның тәуелсіздігі.
Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай‑ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді»‑дейді.
ОБЕС‑нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы»
Бақылау сұрақтары:
1. Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі деген не?
2. Кәсіптік этникаға байланысты кодекстер алғаш қай елде пайда болды?
3. Нәтижеліліктің түрлері дегенді қалай түсінесіз?
4.Нәтижелікке жету жолдары
5.Журналистика тиімділігін арттырудың қандай түрлері бар?
6.Журналистиканың пәрменділігін неден көруге болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978
2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004
3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001
10-Дәріс. Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары
Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.
Журналистік қызметтік нәтижелік проблемалары.
Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.
Баспасөз бостандығы журналистің құқықтары мен міндеттері және әдеп әлемі. ХІХ‑ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла‑шаралар болды.
Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады.
І‑ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі‑жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады.
1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді.
1. Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру.
2. Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті.
3. Баспасөз органдары бақылауда.
4. Ғайбаттап жазыуға болмайды.
5. Хабар‑ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау.
6. Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да
7. Ешкімнен ештеңе дәметпеу.
8. Ағаттық, қателіктер болса түзеу.
9. Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу.
Этика деген де‑ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ‑ның тәуелсіздігі.
Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай‑ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді»‑дейді.
ОБЕС‑нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы»
Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі.
Авто‑гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз‑ шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы.
Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді.
Авторлық шарт дегеніміз‑ автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар:
1Шығарманы пайдалануға беретіні туралы.
2Авторлық рұқсатнама.
1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды.
2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды.
Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді.
Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді.
Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды.
1996ж (ВААП) ҚР‑ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң.
Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай‑ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |