5В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



жүктеу 6,45 Mb.
бет5/42
Дата28.11.2017
өлшемі6,45 Mb.
#2103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Оқытудың қосымша түрлері – 5 кредит (ECTS 7,5)

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ырғақ – 4 кредит (ECTS 6)

Пәннің коды:

Пәннің типі: Оқытудың қосымша түрлері

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3,4

Кредит саны: 4 KZ кредиті

Дәріс беруші: Қартабаева Ә. - оқытушы

Курстың мақсаты: Аталған пән жоғарғы оқу орындарында оқытудың қосымша түрлері ретінде ендірілген. Пәннің мақсаты болашақ мұғалім дердің би өнерінің қыр сырымен таныстыру, әдемілікке ұйрету, оныигеріп қана қоймай, өзінің әсем қимылымен, сәнді киімімен, әдемі бітімімен үлгі бола білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Дене шынықтыру, балетмейстер өнері, хореографиялық мұра, тренаж класс.

Курстың/пәннің мазмұны: Ырғақты биімен айналысу ағзаның дұрыс жетілуіне, икемділікті, ептілікті, дене буындарының созылмалығын, бұлшық еттің дұрыс шынығуына, дене бітімінің әдемі қалыптасуына, әсемдікті сезіне білуге жағыдай жасанды. Практикалық орындау ебедейсіздік, икемсіздік қабілеттерінен арылып, билеу шеберлігін шыңдауға, әуен екпінін сезінуге, жадыда сақтау, есту, ойлау қабілетінің артуына, ынтасын, қимыл координациясын, бір уақытта бірнеше көзғалысты орындау алу дағыларын жетілдіруге көмектеседі. Өйткені, бұл сабақта адамның өз денесін, оның қимыл қозғалысын меңгере білуге тәрбиелейді.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Чижова А. Танцует «Березка» М., 1999

2. Анастафьев Д. Народные таланты.

3. Ленинградский гос.хореографический техникум «Классики хореографии»

4. Чернова Н. От Гельцр до Улановой

5. Аркина. Н. Языком танца

6. Захаров Р. Беседа о танце

7. Богатков Л. Танцы народов мира



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу



Пәннің коды:

Пәннің типі: Оқытудың қосымша түрлері

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1 KZ кредиті

Дәріс беруші: Абдуллаева А.Ә. - профессор

Курстың мақсаты: Студенттерді іс-қағаздарын сауатты жазуын, оның түрлерін білуге үйрету, іс қағаздарының шығу тарихынан мағлұмат беру, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін жете меңгерту, іс-қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру. Кредиттік технология жүйесін оқытулың жаңаша әдістерін пайдалану арқылы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге, ресми орындарда қазақ тілінде іскерлік қарым-қатынас жасай білуге үйрету, студенттердің сөйлеу мәдениетін арттыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Осы пән негізінде студенттің білім деңгейін саралайды. Мектептен алған білімдерін арттыру, іс қағаздарын сауатты толтыруға үйретеді.

Курстың/пәннің мазмұны: Болашақ мамандардың ресми орындарда қолданылатын алуан түрлі іс-қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтырып, кәсіби деңгейін шыңдай түсуге үмтылдыру. Сонымен қатар пәнді оқыту барысында студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәселесі, кейбір негізгі қағидаларын да игереді. Тілді оймен байланысты өткір құрал ретінде жұмсай білу үшін оның даму заңдылығына, қазіргі жағдайына, байлығына, негізгі қағидаларына қанық болуы керек.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы».- А., 199/8 5 қазан

2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы.- А., 2001

3. Сыздыкова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.- А., 1993

4. Салагаев В. Іс қағаздарын жүргізу.- А., 2002

5. Ергазиева Н., Сүлейменова Б. Іс қағаздарының орысша – қазақша сөздігі.- А., 1992



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

2-ші оқу жылы (халық аспаптар)
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Жалпы білім беру циклі – 12 кредит (ECTS 18)

Міндетті пәндер – 11 (ECTS 16,5)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2106

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: Сейсенов Б. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: дамудың философиялық құзыреттілігін қалыптастыру, ғылымға философиялық және әлеуметтік тұрғыда талдау жасау. Ғылымға рационалдықтың типі, әлеуметтік институт, әрекет жүйесі ретінде кешенді талдау жасау және т.б

Деректемелері/Пререквизиттері: барлық арнайы пәндер

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы


1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 1(2) 103

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Нурахметов Е. – филология ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім деңгейлерін қалыптастыру, коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру, меңгерген білім дағдыларын өз бетінше дамытып жетілдіруге және терендетуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Оқытылатын шетел тілінің фонотекалық, орфографиялық, лекциялық, грамматикалық нормалары. Фонетика: шетел тілінің айтылу және ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен репродукциясы. Орфография,, лексика, оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пахатина А. Живой английский. М.,2003

2. Аркин В.Д. Практический курс английского языка. 2 курс. М.,2005

3. Арбекова А.И. Английский без ошибок.

4. Петрова А.В. Самоцучитель английского языка.

5. Дудкина Г. Учебник. Английский язык для делового общения.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Eko 2105

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Ибадуллаева С.Ж. – биология ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Осы пәні экологиялық міндетін, нақты экологиялық жағдайды терең түсіне отырып экологиялық білім мен тәрбие, қоршаған ортаны жақсарту, қалыптастыру болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, физика, математика, биология, адам анатомиясы

Курстың/пәннің мазмұны: «Экология және қалыпты дамыту» ғылымының қалыптасуы, даму кезендері, организм және орта, экологиялық факторлар, биологиялық ырғақтар, геоэкология туралы мәселелерді қамтиды. Сол сияқты түр, популяция, популяциялар құрылымы, олардың табиғаттағы саны мен ауыткуы, тұрақтылығы, биоценоздар мен экожүйелер, олардың құрылымы, биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары, экологиялық мәселелердің бүгінгі жай-күйі, ҚР даму перспективалары мен өндірістік куаттардың қоршаған орта халық денсаулығына әсері туралы экологиялық мәселелер жан-жақты қарастырылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Баешов А. Экология негіздері. Түркістан, 2000

2. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. А., 1995

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаева Ж. Экология. А., 2001

4. Риклефк Р. Жалпы экология негіздері. М., 1981

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Шалболова Ү. – экономика ғылымдарының докторы, профессор

Курстын мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді№

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика. Құқық негіздері. Саясаттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері.
Ұсынылатын әдебиет:

1. Экономикалық теория. Оқу құралы. - Алматы, 1999;

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық / Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. – Алматы-Ақтөбе, 2002;

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002;

4. Байгісиев Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1998;

5. Видяпин В.И. Экономическая теория. – Москва, 2001;

6. Добрынин А.И., Тарасевич Л.С. Экономическая теория. Изд. 3-е. СПб, ГУЭФ, 2000;

7. Жунісов Б.С., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономиканың негіздері. Оқу-әдістем елік құралы. – Ақтөбе, 1993.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Жүсіпбекова М. – заң ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;



Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Таңдау пәндері - 1 кредит (ECTS 2)

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Адам қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: Okn 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, таңдау компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1 KZ кредиті

Дәріс беруші: Нурымова Р. –ауылшылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету,

  • Студенттерге жарақаттану зардаптарын, белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету,

  • Өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету,

  • АҚ бойынша халықты оқыту жүйесімен таныстыру,

Оқыту барысында студенттерді қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге осы пән міндеттерінің маңыздылығын терең игеруге бейімдеу

Деректемелері/Пререквизиттері: Физика, экология, химия

Курстың/пәннің мазмұны: Курстың негізгі мәселелері, маманды дайындаудағы ролі. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтудың ұйымдастырушылық және теориялық негіздері. Төтенше жағдайлар жіктелуі. «Адам-өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіптердің жіктелуі. Ағза қорғанысының табиғи жүйелері. Жарақат зақымдарды, аса қауіпті инфекцияларды, ауыр сырқаттарды тануға, дәрігер алдындағы жедел көмек көрсетуге үйрету. Өндірістік ортаның жағымсыз факторларын жіктеу. Өндірістік қызметті ұйымдастыру негіздерін тіршілік қауіпсіздігінің қазіргі заман талаптарына сәйкес оқу.

Ұсынылатын әдебиет:

1

Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности».

Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.



2

Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов –Москва. Высш школа, 2002

3

Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва Высш.школа, 2001.

4


Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1-Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002

5

Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. –Алматы : Республика курстары

ТЖ және АҚ, 2003 ж.



жүктеу 6,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау