5В031200 «География» мамандықтарына арналған



жүктеу 1,26 Mb.
бет2/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,26 Mb.
#16080
1   2   3   4   5   6   7



Мазмұны


  [жасыр

  • 1 Мониторинг жүйесінің деңгейлері

    • 1.1 Санитарлық-улылық мониторинг

    • 1.2 Экологиялық мониторинг

    • 1.3 Биосфералық мониторинг

  • 2 Ғарыштан бақылау жасау

  • 3 Пайдаланған әдебиет

Мониторинг жүйесінің деңгейлері


Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар: санитарлық-улылық, экологиялық және биосфералық мониторинг.

Санитарлық-улылық мониторинг


Санитарлық-улылық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайларын, ең алдымен зиянды заттар, ұсақ ағзалар жәнепаразиттердің ластандыру дәрежесін бақылау, осы ластанудың адамға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.

Экологиялық мониторинг


Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі (биогеоценоздардағы) және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу, сондай-ақ су, жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау. Табиғи кешендер, биогеоценоздар,биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыру жолымен анықтайды. Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі, белгілі уақыт аралығындағы құрлық немесе су аудандарының бірлігі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортаға адамның антропогендік өзара әсерінің дәрежесі туралы жер құнарлылығының, тұщы су қоры мен сапасының төмендеуі, тұрғылықты жердің шөлге немесе батпақты жерге айналуы, минералдық ресурстар қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады. Табиғи құрамбөліктердің сипаты мен бұзылу шамасы туралы пікір айтуға болады. Олар қорғалатын, қорыққа айналған аумақтармен, үлгі өлшем (эталон) деп аталатын тұрақты тәжірибелік үлескілермен байланыстырылып, жануарлар қылығымен (олардың жылыстауы, тағамдық байланысының өзгеруі және т. б.) теңдестіру немесе салыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Биосфералық мониторинг


Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмірқышқыл газының,озонның,жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар,сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Ғарыштан бақылау жасау


Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны, қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкси кеңістіктердегі өсімдік жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестердің үлкен зиян келтіруі тәізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жою немесе бәсеңтуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұғап әр түрлі ұшу құралдары (ұшақтартікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.[1]

Пайдаланған әдебиет


  1.  Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.


Мониторингті басқару орталығы


Ұшу сынаулары мен штатты пайдалану кезеңінде ғарыштық аппараттардың транспондерлерінің параметрлеріне орбиталық өлшеулер жүргізуді  ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінің байланыс мониторингі жүйесі жүзеге асырады.

Спутниктердің ұшу сынаулары кезеңінде байланыс мониторингі жүйесінің көмегімен ғарыштық аппараттардың борттық қайта таратқыш кешендерінің ұңғыларының сипаттамаларын өлшеу жүргізіледі, ғарыштық аппараттардың пайдалы жүктемесінің мақсатты пайдалануға әзірлігі туралы ақпарат әзірленеді.

Жиіліктік-энергетикалық ресурстың  жалгерлерінің мүдделері үшін спутниктерді пайдалану кезеңінде байланыс мониторингі жүйесі  қайта таратылатын сигналдардың параметрлерін өлшеуді, борттық қайта таратқыш кешендердің ұңғыларының параметрлері мен жүктелуін оңтайландыру үшін бақылауды және деректерді әзірлеуді жүзеге асырады.

Байланыс мониторингі  жүйесінің көмегімен  спутниктік байланыстың жерүсті  пайдалану станцияларының ғарыштық аппараттардың борттық қайта таратқыш кешендерінің жиіліктік-энергетикалық ресурсына қолжетімділігі және спутниктік байланыс пен хабар таратудың ұйымдастырылған арналарының үздіксіз мониторингі жүзеге асырылады.

 

Байланысты бақылауды және басқаруды ұйымдастыру

 

«Казсат» ғарыштық аппаратымен байланысты үздіксіз бақылау және басқару функцияларын жүзеге асыру үшін  Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінде байланыс мониторингі жүйесі (БМЖ) ұйымдастырылды.



 

БМЖ  міндеттері мен мүмкіндіктері

 

Байланыс мониторингі жүйесі мыналарға арналған:



  • «Казсат»  сериялы ҒА  транспондерлеріне орбиталық сынаулар және сызықтық (Н көлбеу және V тік)  поляризациялануы бар Ku – диапазонындағы  жиіліктердің (төменгі сызықта10950 МГц – 11700 МГц) барлық жұмыс диапазонындағы   параметрлеріне өлшеулер жүргізу;

  • Байланыс операторлары желілерінің үздіксіз және сапалы жұмысын  қамтамасыз ету (соның ішінде цифрлық және  ұқсама телевизияның тасымалдаушыларын бақылау) үшін Ku – диапазонындағы  транспондерлердің сигналдарына мониторинг жүргізу, сондай-ақ транспондерлердің берілген жұмыс режимдері мен техникалық сипаттамаларын сүйемелдеу;

  •  Жердегі станциялардың  (ЖС) параметрлерін  өлшеулерді жүргізу және оларға спутникпен жұмыс істеуге рұқсаттама беру рәсімін жүзеге асыру;

  •  ҒА  жұмысының жиіліктерінің барлық диапазондарында ұңғылардағы бөгеуілдік ахуалды бақылау.

 

БМЖ құрамы

Байланыс мониторингі жүйесі өз құрамына мыналарды қамтиды:



  •  мониторинг станциясын (МС);

  • мониторинг жүйесін басқару орталығын (МБО).

Мониторинг станциясы (МС) бақылау-өлшеу жабдығы, радиожиіліктік қабылдау-тарату  жабдығы және антенналық бекеттер кешенін өзіне қамтитын БМЖ-ның аппараттық-бағдарламалық бөлігі болып табылады.

 

Мониторинг жүйесін басқару орталығы (МБО) функционалдық  белгісі бойынша бөлінетін және  пайдалы жүктеменің жиіліктік-энергетикалық ресурсын жоспарлау және  басқару, «Казсат» ҒА пайдалы жүктемесін өлшеулер және мониторинг жүргізу, сондай-ақ ЖС  ҒА транспондерлеріндегі жұмысқа рұқсаттама беру рәсімін жүзеге асыру үшін ЖС параметрлеріне өлшеулер жүргізу міндеттерін жүзеге асыруға арналған автоматтандырылған жұмыс орындарынан (АЖО) тұрады.

 











жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау