5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



жүктеу 141,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі141,5 Kb.
#23213

УМКД 042-16.1.32/02-2013

______ 2013 жылғы

№ 3 басылым



11 беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042- .1. -2013




УМКД

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»

пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы

______2013 жылғы

№ 3 басылым


5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013
Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к. Түсіпбекова Ғалия Ауытқызы

___________ «___» ___________20__ жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.


Хаттама №___ «___» ___________20 __жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.


ОӘК төрайымы _________________Искакова Г.Қ.


4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 3 БАСЫЛЫМЫ


Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

Түсіпбекова Ғалия Ауытқызы доцент м.а., ф.ғ.к.

Кафедра: «қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі»

Кафедраның мекен-жайы:Шугаев к-сі, 159; 223-бөлме

Ақпараттық қатынас: телефон: 53-06-70

Сабақ өтетін орын: 214-аудитория

Кредит саны: 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазақ тілінің морфологиясы» пәні грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттейді.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

– Сөз – лингвистиканың, оның ішінде грамматиканың да нысаны болуы себебін ашу;

– Қазақ сөзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсету;

– Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;

– Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдау;

– Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталу;

– Грамматикалық категорияларды саралап көрсету;

– Морфемаларды жіктеу, жұрнақ пен жалғаудың қасиеттерін анықтау;

– Сөздің негізгі түрлеріне тоқталу;

– Сөз таптары мен олардың морфологиялық құрылымын анықтау.


1.5 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

- Қазақ тілінің морфологиясы саласының өзекті мәелелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Сөз таптарын және олардың морфологиялық құрылымын меңгеру, түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

1.6.2 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

1.6.3 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы


1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Қазіргі қазақ тілі

1.7.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесі
2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

1 Кесте





Тақырыптар атауы

сағаттар

әдебиеттер

Дәріс

Тәжір

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

№1 модуль

Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Сөз– лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі.


1

1

1

5

1, Б. 3-9

2, Б. 3-8

3, Б. 3-11

4, Б. 3-12




2

Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым.

2

1

1

4

1, Б. 12-23

2, Б. 8-37

3, Б. 11-20

4, Б. 12-23




3

№2 модуль

Сөздің морфологиялық құрылымы

3.Морфологияның ең кіші бірлігі – морфема.


2

1

1

5

3, Б. 25-37

4, Б. 64-68

8, Б. 23-38

9, Б. 63-67





4

Жалғаулар, оларға тән белгілер.

3

1

2

5

2, Б. 37-53

4, Б.38-78

5, 24-28


5

№3 модуль

Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері

Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің жасалуы.


2




2

4

2, Б. 53-61

4, Б. 80-92

5, Б. 20-24


6

Күрделі сөздер – лексика-грамматикалық единицалар.

3

1

2

5

2, Б.63-68

4, Б.92-125

5, Б. 25-37


7

№4 модуль

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы.

7. Зат есім. Лексика-грамматикалық сипаты.


2

1

2

3

2, Б. 52-68; 79-132

4, Б. 126-134; 134-166

7, 38-41


8

Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі

1

1

1

3

2, Б.133-148

4, Б. 166-183

5, Б. 42-45


9

Шырай категориясы, мағынасы, формасы.

1

1

1

4

2, Б. 148-164

4, Б. 183-190

5, Б. 46-48


10

Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер.

1

1

1

3

2, Б. 164-178

4, Б. 191-207

6, Б. 95-120


11

Есімдіктің сипаттары, басты белгілері.

1

1

1

3

2. Б. 179-200

4, Б. 207-222

6. Б. 121-132


12

Етістік. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты.

3

1

2

4

2, Б.200-322

4, Б.222-333


8, Б. 12-24

13

Етістіктің грамматикалық формасы. Салт және сабақты етістіктер. Етіс категориясы, оған тән сипаттар. Болымды және болымсыздық категориясы. Сипат категориясы. Есімшенің зерттелу тарихы.

Көсемше. Рай категориясы.

Шақ категориясы.


3

2

2

5

2, Б. 200-322

4, Б. 222-333

8, Б. 64-71


14

Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық құрылысы мен құрамы.

2

1

1

5

2, Б. 322-331

4, Б. 333-344 7, Б. 72-81



15

Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары.

1




1

3

2, Б. 332-349

4, Б.344-358

3, Б. 82-86


16

Көмекші сөздер. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі.

1

1

1

3,5

2, Б. 350-372

4, Б. 358-378

7, Б. 131-132


17

Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер.

1




0,5

3

2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134




3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілдік талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі морфология саласы ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОСӨЖ мақсаты – морфология саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.

ОСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • морфология ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.

Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.


5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.


6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің ұпайларға бөлінуі


Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 8-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ







2

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

25





3

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

10





4

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15
25




5

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15




6

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

10





7

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

Ағымдағы бақылау



30
25
60




8

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ







1-8 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







9-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




9

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15




10

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

10





11

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15
25




12

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15
10




13

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15
25




14

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

10





15

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

Ағымдағы бақылау



15
25

60





9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000






  1. ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

      1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 2007. – 190 б.

      2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: ЖШС Інжу-Маржан, 2007. – 390 б.

      3. Серғалиев, М. Қазіргі қазақ әдеби тілі (морфология және синтаксис): Жоғары оқу орынд. студенттеріне арн. оқу құралы ретінде ұсынған / М. Серғалиев; А. Айғабылов, О. Күлкенова.- Алматы: Ана тілі, 2007.- 214 б.

      4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: 2008. – 384.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Ахметов Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология: оқу құралы / Ә. Ахметов; К. Жүнісбекова, Ф. Оразбаева.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 2007.- 204 б.

7.2.2 Әбдіхалықов М.Н. Сөздік қатынас негіздері: оқулық / М.Н. Әбдіхалықов; Б.С.Күнтуарова, Л.А.Парфенова.- Астана: Фолиант, 2007.- 374 б.- (Кәсіптік білім).

7.2.3 Балтабаева Ж. Қ. Жоғары оқу орынында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша): Пед. ғылымд. д-ры ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис. автореф. / Ж. Қ. Балтабаева; Абай атын. Қаз. ұлттық пед. ун-ті.- Алматы, 2009.- 54 б.



      1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.

7.2.5 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 т. Т.5. Д-Ж / Құраст. Б. Әбілқасымов, С. Бизақов, Ә. Жүнісбеков ж.б.; А. Байтұрсынұлы атынд. тіл білімі ин-ты.- Алматы: Арыс, 2007.- 750б.- (Мәдени мұра) (Тілтаным).

7.2.6 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 т. Т.4. Б-Д / Құраст. Н. Әшімбаева, С. Ақаев, Қ. Рысбергенова; А. Байтұрсынұлы атынд. тіл білімі ин-ты.- Алматы: Арыс, 2007.- 750б.- (Мәдени мұра) (Тілтаным).

7.2.7 Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.

7.2.8 Оралбаева Н., Қалыбаева А. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 2008.



7.2.9 Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 2008. – 136 б.





жүктеу 141,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау