«5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы



жүктеу 0,66 Mb.
бет2/2
Дата10.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#18908
түріБілім беру бағдарламасы
1   2



1 модуль. Әлеуметтік-саяси


1. Модуль атауы және шифры

Әлеуметтік-саяси, ЖММ-1

  1. Модульге жауапты

Джумабеков Ж.А., Кусбеков Д.К., Көшербаев Д.Б.

3. Модуль түрі

Жалпы міндетті модульдер

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

2 семестр-3 сағат, 3 семестр-6 сағат

6. Кредиттер саны

9

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

2,3

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Мектеп пәндері: Қазақстан тарихы

11. Модуль мазмұны

Қазақстан Республикасының қазіргі территориясындағы адамзат қоғамының қалыптасу үрдісін ашып көрсетеді. Сонымен қатар тарихи оқиғаларды объективті түрде қарастыра отырып, адамзат қоғамы дамуының барлық қарама-қайшылығын анықтап беруде қоғамдық-экономикалық құбылыстарды талдауда ғылымилық, тарихилық қағидаларды ескере отырып, курс тарихи білімдерді құрайтын фактологиялық материалдарды, Қазақстан тарихының бұл курсы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи үрдістерді қамтиды. Болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам сияқты философиялық категорияларды меңгертеді. Модульдың мазмұны шектеулі әлеуметтік тәжірибелердің мәнімен және мағыналарымен байланысты мәселелі кеңістіктің дүниетанымдық ұғымын аша білумен анықталады. Берілген модульде әртүрлі әлеуметтік-саяси инвариантта қоғамның ерекше сипаттамаларына қол жеткізудің базалық координаттарының когнитивті үлгілерін алуға мүмкіндік беретін категориялы құралдарын игерудің эпистемологиялық технологиялары үндесіп үйлесім табады. Модуль қоғамдастықты қабылдаудың өзіндік әлеміндегі әлеуметтік әрекет субъектісі ретіндегі адамды және өзіндік маңызға ие болатын шындық әлемді зерттеуді қарастырады. Модуль қоғам мен адам болмысының неғұрлым маңызды аксиологиялық феномендерін зерттеуге мүмкіндік береді. Экология және тұрақты даму пәні тірі ағзалар мен қоршаған табиғи ортаның өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары, тіршілік орталары, экологиялық факторлар және тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері туралы ұғымдарды қалыптастырады. Популяция және экожүйе құрылымдарын қарастырады. Әлеуметтік гуманитарлық білім берудегі модернизация ұғымы. Модернизацияның негізгі теориялары. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің модернизация тәжірибесі. ХХ ғасырдағы Қазақстанның дамуының мәдени-тарихи тәжірибесі. Мемлекеттік тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның бірінші және екінші модернизациясы. Қазақстанның үшінші модернизациясының басымдылықтары мен міндеттері. Қоғамдық сана модернизацисы. Әлеуметтік гуманитарлық білім беру контекстіндегі ұлттық сана ұғымы. ХХ-ХХI ғ.ғ. Қазақстандағы ұлттық сананың қалыптасу ерекшеліктері. Ұлттық сананың қалыптасуындағы ұлттық мәдениеттің ролі мен маңызы. Қазақстанның эволюциялық дамуы жаңа идеологияның приципі ретінде. Қазақстандағы мәдениеттер диалогы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қызметінің ерекше тәжірибесі.

12.Білім беру нәтижесі

- құбылыстың күрделі тарихи процестерін талдау;

-жаңа идеологиялық көзқарастарды қалыптастыру үшін алынған білімді пайдалану;

- қазақстандық қоғамды дамытудағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жобалау;

- алынған теориялық білімдерді кәсіби қызметте қолдана білу.



13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Жоба қорғау, коллоквиум, бақылау жұмысы, реферат, ауызша, жазбаша сұрау, межелік бақылау т.б.

15. Модуль ұзақтығы

Екі семестр

16. Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы [Мәтін]: 1991-2001 / оқу құралы. - Алматы : Атамұра, 2013. - 175 б.

2. Сыбанбаев Қ.Ү. Философия негіздері: білім негіздері [Мәтін]: жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы / Қ.Ү.Сыбанбаев. - Алматы: Экономика , 2013. - 232 б.

3. Сәрсенова Ж. Философия: оқу құралы. - Алматы: Өлке, 2013

4. Рахымбаева А. С. Саясаттану: оқу құралы. - 2-ші басылым. - Астана: Фолиант, 2012

5. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер [Текст]: екі томдық: оқу құралы/ Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов; Абай ат. Қазақ Ұлттық Педагогикалық ун-ті. - Алматы: Қарасай, 2013

6. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру //Егемен Қазақстан, 2017



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.


2 модуль. Жаратылыстану-гуманитарлық


1. Модуль атауы және шифры

Жаратылыстану-гуманитарлық, ЖММ-2

  1. Модульге жауапты

Какимова М.Ш., Хусаинова Ж.С., Тыкежанова Г.М., Ауелбекова А.К.

3. Модуль түрі

Жалпы міндетті модульдер

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-2 сағат, 2 семестр-4 сағат

6. Кредиттер саны

7

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,2

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Мектеп пәндері: Информатика, Биология, Қазақстан тарихы, Математика, Құқық негіздері, Қоғамтану

11. Модуль мазмұны

Дербес компьютерде жұмыс істеудің келесі бағыттағы практикалық дағдыларын қалыптастырады: MS WINDOWS операциялық жүйесі, алгоритмдеу және бағдарламалау, MS WORD мәтін редакторы, MS EXSEL кестелік процессоры, MS ACCESS мәліметтер қоры, желілік технологиялардың негізгі концепциялары. Қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің. негізінде дайындалған меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындауы қажет заң талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреті шеңберінде қабылдаңған актілеріне негізделеді. Қажетті деген бірқатар жалпы ережелерге, принциптерге, анықтамалар мен жаңа ұғымдарға түсінік беріліп қана қоймай, нақты материалдар негізінде баска да жоғары оқу орындарында өткізілетін заң курсы бағдарламасы бойынша да түсініктемелер беріледі. Экономикалық қажеттіліктер, экономикалық қорлар мен экономикалық ресурстар, экономикалық таңдау мәселелері, «Экономикалық теорияның» «экономикс», «саяси экономикамен» өзара байланстылығы, экономикалық теорияның функциялары және әдістері қарастырылады. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсында жеке қауіпсіздік және тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз етудегі мемлекеттік жүйенің негіздері, азаматтық қорғаныс туралы негізгі анықтамалар, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың шығу көзі мен зардаптары, оларды алдын алу қарастырылады. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілері. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты (АҚ) құрудың және жұмыс істеуінің міндеттері, принциптері. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Радиациялық қауіптілік. Иондаушы сәуле шығарудан қорғау. Химиялық қауіптілік. Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптары. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы. Адамды және мекендеу ортасын табиғи және техногенді текті зиянды қауіпті факторлардан қорғау Бейбіт және соғыс уақытының төтенше жағдайларында халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері. Төтенше жағдайлар кезіндедәрігерге дейін көмек көрсету. Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайларда экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Жаппай жою қаруынан қорғау. Жарақаттану, Жарақаттар түрлері, Балалардың жарақаттануы. Қазақстандағы әлеуметтік мәні бар аурулар. Салауатты тұрмысты қалыптастыру. Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру, төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету болып табылады. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері, Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік, әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту.

12.Білім беру нәтижесі

- АКТ-ны кәсіби қызметте қолдану;
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін меңгеру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге ықпал ететін, жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін алу;
- экологиялық көзқарас қалыптастыру;
- кәсіби өзін-өзі тану нәтижелерін сипаттау;
- түрлі төтенше жағдайлар болған жағдайда құзыретті шешімдер қабылдау;
- алынған білімді кәсіптік қызметте қолдану

13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Модульда қарастырылған барлық жұмыс түрлерін орындау (эссе, тест, сабаққа қатысу, аралық және ағымдық бақылау түрлері, семинар сабақтарында сұрау, рефераттық баяндамалар қабылдау, жазба жұмыстары, аналитикалық жұмыс, бақылау жұмыстары).

15. Модуль ұзақтығы

Үш семестр

16. Әдебиеттер

1. Қыстаубаева З.Т. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері [Текст]: оқу құралы / З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2012. - 296 б.

2. Погосян Г. П. Экология және тұрақты даму : тестілер мен жаттығулар жинағы: оқу құралы / Г. П. Погосян, А. Г. Жумина ; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . - Қарағанды : Қазақстан-Ресей Ун-ті баспасы, 2012. - 222 б.

3. Әлинов М.Ш. Экология және тұрақты даму: оқу құралы / М.Ш.Әлинов. - Алматы: Бастау, 2012. - 270 б.

4. Алтынбасов Б.О. Құқық негіздері. Алматы, 2013

5. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық- Алматы, 2013

6. Құқық негіздері [Мәтін]: оқу құралы / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті; ред. Б.Ө.Алтынбасов. - Астана: Мастер ПО, 2014. - 348 б.

7. Оспанов Қ. И. Құқық негіздері [Мәтін]: оқу құралы / Қ. И. Оспанов. - Толықт. 3-ші бас. - Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 303 б. - (Оқу құралы). -

8. Андыбаева Г.Т. Экономикалық талдау: оқу құралы- Алматы, 2014

9. Бекішов Қ.Б., Асанов Қ.Д. Экологияның рухани өрісі, 2014

Информатиканы оқыту әдістемесі: оқулық / Е. Ы. Бидайбеков [ж.б.]. - Алматы: Дәуір, 2014. - 587 б. - Библиогр.: 525-526 б.

10. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық- Алматы, 2013

11. Құқық негіздері [Мәтін]: оқу құралы / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті; ред. Б.Ө.Алтынбасов. - Астана: Мастер ПО, 2014. - 348 б.



12. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі.№231-VҚР3 10.09.2016

Жаңартылған күні

31.08.17 ж.


3 модуль. Кәсіби-тілдік


1. Модуль атауы және шифры

Кәсіби-тілдік, ЖММ-3

2.Модульге жауапты

Аманбаева Г.Ю., Мажитаева Ш.М.

3. Модуль түрі

Жалпы міндетті модульдер

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-8 сағат, 2 семестр-6 сағат, 5 семестр – 2 сағат, 6 семестр – 2 сағат

6. Кредиттер саны

18

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,2,5,6

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Мектеп пәндері: Орыс тілі, Ағылшын тілі, Қазақ тілі

11. Модуль мазмұны

Орыс және шет тілдерінің фонетикасы: айтылу және ырғақтық-екпінді ерекшеліктері, сөйлем жүйесінің дыбыстық рецепциясы мен репродукциясы; Орфография: тілдің әріптік дыбыстық жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері; Лексика: сөзжасам моделдері; Мамандық бағытына сәйкес келетін лексикалық минимум, қолдану саласы бойынша лексиканың айырмашылықтары; Грамматика, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым мәселелері қарастырылады. Кәсіби орыс тілі пәнінің қызметі тілдің барлық типтерін жетілдіру және кәсіби қызметте болашақ маманға қажет әмбебап икемділікті қалыптастыру. Бұл міндет ғылыми стильді меңгеру дағдысымен, мамандық тілімен: рефераттау, тезис жасау, ғылыми мәтіндерді рецензиялау, ғылыми тілдікэтикетті меңгеру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау. Мамандық бойынша ғылыми әдебиетке шолу жасау. Кәсіби терминологиялық сөздікті қалыптастыру, мамандық бойынша мәтіндерге анотация құрастыру. Контраргумент элементтері арқылы диспутқа түсу. Мамандықтың басым ғылыми бағыттары жөнінде дискурссия жасау. Кәсіби бағытталған шет тілі пәні студент мамандығының пәндік саласында сөйлеу әрекеттерінің іскерліктері мен дағдыларын дамытады. Оқытылатын шет тіліндегі базалық категориялылық-түсініктеме аппараты және кәсіби шет тілдік терминология. Кәсіби-бағытталған шет тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Шет тілінде мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының сипаттамасы. Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту түрлері, инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, білім беру саласында жаңашыл технологияларды қолданудың тиімділігі сөз болады.

12.Білім беру нәтижесі

Кәсіби қызметтегі және әртүрлі әлеуметтік-мәдени салаларда заманауи қарым-қатынас процесінде тілдерді қолданудағы практикалық дағдыларды пайдалану.

13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, эссе, диктант жазғызу, колоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау т.б. Модульде қарастырылған барлық жұмыс түрлерінің орындалуы, эссе, жоба, жағдаяттың дамуы (case-study), бақылау жұмысы, сонымен қатар емтиханның жағымды бағасы, тезистер, реферарттау, аннотация жасау, тақырып бойынша ғылыми сөз сөйлеу, терминологиялық диктант, ғылыми тақырып бойынша хабарлама, ғылыми тақрып бойынша әдебиеттерге шолу жасау, ғылыми сөз сөйлеудің презентациясы, мамандық тақырыбы бойынша қоғам алдында сөз сөйлеу

15. Модуль ұзақтығы

Төрт семестр

16. Әдебиеттер

1. Хан Н.К. Мультимедийные презентации по русскому языку (научный стиль) – Караганда, КарГУ, 2012.

2. Русский язык: учебно-методическое пособие / Национальный центр тестирования. - Астана: РГКП "Национальный центр тестирования", 2013. - 112 с.

3. Профессиональный русский язык: учеб. пособие / Е. А. Журавлева [и др.]. - Алматы : Эверо , 2015. - 242 с.

4. Кубдашева, К. Б. Профессиональный русский язык. - Алматы : Эпиграф, 2015. - 138 с.

5. Сансызбаева, С.К. Профессионально-ориентированный русский язык. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 134 с.

6. Burmistrova, V. Workbook on the professional-oriented Englisn Language for the students of the Specialty "Public Healthcare". - Алматы : Эпиграф, 2016. - 156 p.

7. Амерханова, Ш. К. Профессионально-ориентированный иностранный язык (английский). - Алматы : Эпиграф, 2016. - 104 с.

8. Акбаева, Г. Н. Профессионально-ориентированный английский язык для педагогических специальностей: учеб. пособие / Г. Н. Акбаева, Г. Т. Смагулова, А. К. Болатбекова. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 151 с.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.



4 модуль. Педагогика-психологиялық ғылымдар


1. Модуль атауы және шифры

Педагогика-психологиялық ғылымдар, МММ-4

2.Модульге жауапты

Абильдина С.К., Сабирова Р.Ш., Жарылғапов Ж.Ж.

3. Модуль түрі

Мамандық бойынша міндетті модуль

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-1 апта, 2 семестр-2 сағат, 1 апта, 3 семестр-6 сағат, 4 семестр-6 сағат, 5 семестр – 2 сағат

6. Кредиттер саны

20

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,2,3,4,5,

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Әлеуметтік-саяси модуль

11. Модуль мазмұны

Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жеке тұлға және оның қазіргі қоғамдағы мәселелері. Үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің шарты ретінде. Білімді бағалаудың ерекшеліктері.Педагогикалық мамандық және оның дамуының қазіргі қоғамдық қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттары. Педагогикалық әрекет және оның негізгі аспектілері. Педагогикалық білім жүйесі. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері. Мұғалімнің кәсіби қызметі және оның әлеуметтік-педагогикалық мәні. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар. Жоғары педагогикалық білім жүйесіндегі педпрактика. Педагогикалық жобалау мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекше түрі ретінде. Педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру факторлары. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық процесс субьектілерінің өзара әрекетінің негізі ретінде. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде. Өз білімін көтеру әрекеті педагогтің үздіксіз білімінің шарты ретінде. Мұғалім мамандығын таңдау уәжі және оның қазіргі студенттер тұлғасын дамытуға әсері. Оқушылардың физиологиялық дамуының негізгі заңдылықтары. Онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекетінің, мүшелер қызметтерінің, мүшелер жүйесінің ерекшеліктері, әр жас кезеңдердегі функциялардың өзіндік ерекшеліктері. Педагогтың өзіндік дамуы. Заманауи талаптарға сай оқытушының педагогикалық қолдауы өзіндік миссия ретінде. Психология және адам дамуы - психикалық іс-әрекеттің негізгі заңдылықтары, психиканың эволюциялық процесі, психологиялық ғылымдардың дамуының қазіргі тенденциялары. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту түрлері, инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, білім беру саласында жаңашыл технологияларды қолданудың тиімділігі сөз болады. «Тәрбие жүйесі» ұғымы. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі. Тәрбие жұмысының бағыттары. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жас өспірімдер бірлестігі. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы.

12.Білім беру нәтижесі

- оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық тәсілдерді дайындайды; -педагогикалық құбылыстарды, жағдайларды, фактілерді талдайды, олардың арасындағы себеп-салдарлық қатынастарды белгілейді;

-Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласының ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, кәсіби жұмысты жүзеге асырады;

-тәрбиелік мақсаттарды тұжырымдайды;

- білім беру жүйесі талаптарына сай педагогикалық үдеріс іс-әрекет әдістерін тиімді таңдайды;

-білім алушыларға, тұрақты кері байланыс арқылы, өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасайды;

- білім беру саласының субъектілерінің бірлескен қызметі мен тұлғааралық қарым-қатынасын басқарады.



13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, эссе, колоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау т.б. Модульде қарастырылған барлық жұмыс түрлерінің орындалуы, эссе, жоба, жағдаяттың дамуы (case-study), бақылау жұмысы

15. Модуль ұзақтығы

5 семестр

16. Әдебиеттер

1.Жапбаров А.Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы,2016

2.Байдибекова А. Интерактивті тақтаны оқыту әдістемесі. Алматы, 2015

3Панфилов А.П. Инновационные педагогические технологии. Академия,2013

Бердібекова Қ.М. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014

4.Ишанов П.З. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекеттерін басқарудың технологиясы мен практикасы. Қарағанды,2014

5. Руководство для учителя. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»,2012

6.Образовательный портал www.cmp.kz

7.Тәуелсіздік және ұлттық әдебиеттану ғылымы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қарағанды, 2016



8. 2007 жылдың 27 шілдесіндегі (2015 жылдың 12 сәуіріндегі өзгертулер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж.

5 модуль. Қазақ әдебиетінің тарихы


1. Модуль атауы және шифры

Қазақ әдебиетінің тарихы, МТМ-5

2.Модульге жауапты

Жарылғапов Ж.Ж., Смағұлов Ж.Қ., Толеубаева К.А., Жумагулов А.Б.

3. Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау модулі

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-6 сағат, 3 семестр-4 сағат, 4 семестр – 4 сағат, 5 семестр – 3 сағат, 6 семестр – 3 сағат, 8 семестр – 6 сағат

6. Кредиттер саны

26

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,3,4,5,6,8

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Педагогика, Психология, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Философия

11. Модуль мазмұны

Қазақ халық ауыз әдебиті пәні фольклор және фольклористика ғылымының және қазақ халқының ауыз әдебиеті оның туу, қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдерін қамтиды. Ежелгі асыл сөздің құндылықтарын парықтай білу. Қазақ халық ауыз әдебиеті жан-жақты қарастырылып, терең талданып зерделенеді. Халқымыздың асыл қазынасы, бай мұрасы эстетикалық және поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады. Ауыз әдебиетімен қоса әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму кезеңдерін және де әдебиетке, әдебиеттану ғылымына қатысты терминдер мен түсініктер жүйесі жан-жақты қарастырылып, терең талданып зерделенеді. Сонымен бірге теориялық ұғымдар эстетикалық және поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады. Әдебиетгің түрлі кезендеріндегі тарихынан білімі бар, ұғымы қалыптаскан студенттердің білімдерін жаңа теориялық ұгымдармен толықтыратын, сөйтіп, өнердің, әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымының озық жетістері негізінде жан-жакты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп түсіну үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесін қамтылады.

12.Білім беру нәтижесі

- Әдебиет тарихын игертудің нәтижесінде адамды, өмірді, өнерді осының негізінде жалпы қоғамды тану пәннің толық өзіндік нәтижесін айғақтайды;

- Көркем шығарманың эсетикалық құндылығын таразылайды;

- көркем әдебиеттің тарихын бүгінгі шығармашылықтағы жаңашыл үрдістермен салыстыра алады;

- қазіргі таңдағы еліміз қабылдаған «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларымен сәтті байланыстырады



13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, эссе, диктант жазғызу, колоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау т.б.

15. Модуль ұзақтығы

Екі семестр

16. Әдебиеттер

1. Рахимов Б.С. Қазақ тарихи жырларының поэтикасы. Монография. Алматы, 2016

2. Рахимов Б., Айтбаева Б.М. Қазақ батырлық жырларындағы ажарлаудың қызметі. Қарағанды, 2014



3. Рахимов Б.С. Қазақ фольклорының тарихи негіздері. Қарағанды, 2017

4. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. Қарағанды, 2016.

5. Жарылғапов Ж.Ж., Такиров С.У., Жакулаев Ә.М. Қазіргі қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм. Қарағанды, 2015.

6. Смағұлов Ж.Ж. Қалыбекова Қ.С., Такиров С.У. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы сын және әдебиеттану. Қарағанды, 2015.

7. Смағұлов Ж.Қ. Әдебиеттану әдіснамасы.Монография. Қарағанды, Арко,2014.

8. Смағұлов Ж.Қ. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. Астана, 2017.

9. Жұмағұлов С.Б., Жұмағұлов А.Б. Бұқар жырау тағылымы Қарағанды:Тенгри, 2015

10. Жұмағұлов А. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы Алматы 2016

11. Қазақ әдебиеті тарихы 10 томдықтың 1,3,4 томдары Алматы 2013

12. Байтұрсынов А. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: (Ел-шежіре, 2013

13. Қамзабекұлы Д., Омарұлы Б., Шәріп А. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Алматы: Арна-В, 2013.

14. Ісмақова А. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы. Алматы, дәстүр, 2015



15. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру //Егемен Қазақстан, 2017

Жаңартылған күні

31.08.17 ж.


6 модуль. Қазақ лингвистикасы


1. Модуль атауы және шифры

Қазақ лингвистикасы, МТМ-6

2.Модульге жауапты

Мажитаева Ш.М., Жуынтаева З.Н., Турсунова М.А.

3. Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау модулі

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-3 сағат, 2 семестр-3 сағат, 3 семестр-3 сағат, 4 семестр – 3 сағат, 5 семестр – 3 сағат, 6 семестр – 3 сағат, 8 семестр – 3 сағат

6. Кредиттер саны

49

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,2,3,4,5,6,8

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Кәсіби-тілдік модуль

11. Модуль мазмұны

Тіл туралы жалпы тіл білімі ғылымының алғашқы баспалдағы, кіріспе курсы. Тіл біліміне қатысты негізгі ұғымдар жүйесі және тілдік терминдер, тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы, тілдің шығуы, тілдің қоғамдық қызметі, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні, дүниежүзі тілдерінің классификациясы мен саны, тіл білімінің салалары, жазу. Сөзжасам тәсілдері, сөзжасамдық мағына, сөзжасам бірліктері, сөз таптарының сөзжасамы, грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптары және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері қарастырылады. Тілдің қоғамдық қызметін, барлық салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдарын зерттеп айқындайды. Тіл білімі салалары бойынша білім алушылардың теориялық білімін жетілдіреді, тіл білімі салалары бойынша білім алушылардың теориялық білімін, функционалдық сауаттылығын арттырады, кешенді лингвистикалық талдау жасауды меңгертеді.

12.Білім беру нәтижесі

- тілдің қоғамдық қызметін, барлық салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдарын зерттеп айқындау;

- тіл білімі салалары бойынша білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру;

- тіл білімі салалары бойынша білім алушылардың теориялық білімін, функционалдық сауаттылығын арттыру;

-кешенді лингвистикалық талдау жасауды меңгеру.

-түркі тілдері, олардың жалпы сипатын, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін, қазақ тілінің тарихи грамматикасы мәселелерін жан-жақты меңгереді;

- латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуының теориялық, практикалық мәнін іс-тәжірибеде қолдана алады.



13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, эссе, диктант жазғызу, колоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау т.б.

15. Модуль ұзақтығы

7 семестр

16. Әдебиеттер

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

3. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 639 б.

4. Кодухов В.И. Введение в языкознание. – М.: Альянс, 2016. – 288 с.

5. Камчатнов А.М. Введение в языкознание. – М.: Флинта, 2016. – 232 с.

6. Сарбасова, Қ. Б. Қазіргі қазақ тілі (лексикология және фразеология). - Алматы : Дәуір, 2012. - 199 б.

7. Сарекенова , Қ.Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 168 б.

8. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.

9. Қалиев Б.А. Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.

10. Сыздықова Г. О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. - Алматы : Дәуір, 2012. - 160 б.

11. Момынова Б.Қ. Қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 278 б.

12. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. - Алматы : Арыс, 2012. - 173 б.

13. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: монография-оқулық / жалпы ред. басқарған Ж. Жақыпов. - Алматы : Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2016. - 462 б.

14. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы : Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

15. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы : Қазақ ун-ті , 2012. - 186 б.

16. Еспекова Л. Ә. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Эверо, 2014. - 100 б.

17. Орфографиялық сөздік. - Алматы: Дәуір, 2013.

18. Ерғалиев, Қ. С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. - Павлодар : ПМПИ баспасы, 2012.



19. Ажарбекова Э.Н. Орфография мен пунктуация мәселелері. Практикум. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж.


7 модуль. Заманауи білім беру негіздері


1. Модуль атауы және шифры

Заманауи білім беру негіздері, МММ-7

2.Модульге жауапты

Мажитаева Ш.М., Жарылғапов Ж.Ж.

3. Модуль түрі

Мамандық бойынша міндетті

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

4 семестр – 1 апта, 5 семестр-5 сағат, 6 семестр- 6 сағат, 2 апта, 7 семестр-13 апта

6. Кредиттер саны

27

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

4,5,6,7

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Педагогика, Психология, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

11. Модуль мазмұны

Қазақ тілі оқыту әдістемесінің бастау көздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологиясын оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі. Мәтінді оқыту әдістемесі. Тіл дамыту әдістемесі. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі. Пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі. Қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Курс әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы, жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы, әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау әдістері, әдебиетті оқыту әдістері, көркем шығарманы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту, лириканы оқыту, әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі, әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар, мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика мәселелерін қамтиды

12.Білім беру нәтижесі

- оқыту әдістемесінен алған білімдерін методологиялық-теориялық негізге сай педагогикалық қызметте пайдалану;

-білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және оқытудың инновациялық технологияларын саралау;

- оқыту әдістемесінің нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білуді меңгерту және тәжірибеде қолдану.


13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, эссе жазғызу, коллоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау т.б.

15. Модуль ұзақтығы

4 семестр

16. Әдебиеттер

1.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. № 5, 2015

2.Руководство для учителя. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»,2012

3.Образовательный портал www.cmp.kz

4.Тәуелсіздік және ұлттық әдебиеттану ғылымы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қарағанды, 2016

5.Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Алматы, 2016

6. Жапбаров А.Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы,2016

7.Байдибекова А. Интерактивті тақтаны оқыту әдістемесі. Алматы, 2015

8. ҚР БҒМ «Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесі мен іс-тәжірибе базасы ретіндегі ұйымды анықтау Ережелерін бекіту туралы» №107 2016 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығы. Астана, 2016.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ білім алушыларының кәсіби іс-тәжірибесі туралы ереже. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017.

9. Қалиев Б.А. Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 17 б.

10. Қалиев Б.А. Тілтанымдық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 19 б.

11. Қалиев Б.А. Диалектологиялық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 26 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.



8 модуль. Әдеби тіл мен әдебиеттану ғылымы


1. Модуль атауы және шифры

Әдеби тіл мен әдебиеттану ғылымы, МТМ-8

2. Модульге жауапты

Жарылгапов Ж.Ж., Мажитаева Ш.М.

3. Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

4 семестр – 3 сағат, 5 семестр – 6 сағат, 6 семестр – 3 сағат, 8 семестр – 9 сағат

6. Кредиттер саны

21

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

4,5,6,8

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Қазіргі балалар әдеби процесі, Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр әдебиеті, Философия

11. Модуль мазмұны

Әдебиетгің түрлі кезендеріндегі тарихынан білімі бар, ұғымы калыптаскан университетті бітіруші курска арналғандыктан, ол студенттердің білімдерін жаңа теориялық ұгымдармен толықтыратын, сөйтіп, өнердің, әдебиеттің езекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымының озық жетістері негізінде жан-жакты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп түсіну үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесі қамтылады. Қазақ шешендік өнеріне қатысты алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.Маметова, Б.Адамбаевтардың қазақ шешендік өнерін әлемдік ретиорика ілімімен салыстырып ғылыми негіздеулерін негізге ала отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде гуманитарлық бағыттағы педагогтарға, заңгерлерге, психологтарға, философтарға қазақ шешендік өнерінің өзіндік тарихын, қалыптастыру заңдылықтарынсаралау болып табылады. Екіншіден, қазақтың әйгілі шешендері мен билерінің өмірі, олардың даналық пікірлері, әділділігі мен парасат пайымдары сөз өнерін тануға және өнерді бағалап, пайымдауға қызмет етеді. Модуль рухани мұрамыздың құрамдас бөлімі ретінде «халық педагогикасы», «халық филофофиясы», «халық психологиясы», тарихы мен сөз өнері хақында жан-жақты мағлұматтар береді. Әдебиеттанудың ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығы қарастырылады. Көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйретеді. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін ашып, көркем шығармашылықтың мазмұны мен пішінінің өзгеше сипатын танытады. Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қалыптасу жолдары оқытылады. Ұлттық ғылыми ой-пікірдің тарих алдындағы кезеңі, туу дәуірі, қалыптасу кезеңі секілді жолдарындағы ғылыми табыстары мен кемшіліктері саралапады. Маркстік-лениндік әдіснаманың қате теорияларының зардаптары жаңаша бағаланады. Ұлттық әдебиеттанудағы ғылыми мектептер тарихы жаңаша талқыланады. Ұлттық сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің туу, қалыптасу және даму кезеңдері оқытылады. Ол жолда сыншылдық көзқарастың алғашқы пайда болуынан бастап, жеке жанр ретінде қалыптасуы, баспасөз және сын, сын жанрларының тууы секілді мәселелер сараланады. Қазақ әдебиеті сынының ұлттық әдебиеттанудың жеке бір саласы ретіндегі пәндік сипаты анықталады: Кеңес дәуіріндегі соцреализм ықпалындағы сын-зерттеулерге бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша бағалау жасалып, сыншы-әдебиетшілер шығармашылығы ғылыми тұрғыда сараланады. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары, қазақ тілінің стилистикалық құралдары және әдеби тілдің функционалдық стильдік тармақтары. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі, тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланыстылығы.Тіл туралы жалпы тіл білімі ғылымының алғашқы баспалдағы, кіріспе курсы. Тіл біліміне қатысты негізгі ұғымдар жүйесі және тілдік терминдер, тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы, тілдің шығуы, тілдің қоғамдық қызметі, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні, дүниежүзі тілдерінің классификациясы мен саны, тіл білімінің салалары, жазу.

12.Білім беру нәтижесі

-қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану ғылымы бойынша білім алушылардың теориялық білімін қалыптастырады;

-функционалдық және кешенді лигвистикалық сауаттылығын арттырады;

-көркем шығарманы әдеби-теориялық тұрғыда талдау жасауды меңгереді;

-білім беру талаптарына сай оқыту білім алушылардың базалық дайындығының деңгейін жетілдіреді;

-студенттің қабілеті мен бейімділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді;

-оқу мазмұнын меңгеруін, өзіндік деңгейін, талдау әдісі мен тәсілін қолданудағы біліктілігін қалыптастырады.



13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Аралық бақылау жүргізу, реферат, бақылау жұмыстарын алу, үй жұмысы, өздік жұмыс, эссе, диктант жазғызу, колоквиум қабылдау, слайд, презентациялар жасау, сын және ғылыми мақалалар жазуға тапсырмалар беру, тестілер, экспресс-сұрақтар, есеп, баяндама т.б.

15. Модуль ұзақтығы

Бір семестр

16. Әдебиеттер

1. Ысқақов Д. Қазақ әдебиеті сыны тарихы. А., 2012

2. Смағұлов Ж.Ж. Қалыбекова Қ.С., Такиров С.У. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы сын және әдебиеттану. Қарағанды, 2015.

3. Смағұлов Ж.Қ. Әдебиеттану әдіснамасы.Монография. Қарағанды, Арко,2014.

4. Рахимов Б.С., Базыл Ж. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. (оқулық) Қарағанды, 2016

5. Мырзахметов М. Абай ұлғаты. Алматы, 2014

6. Есімов Ғ. Абай философиясы. Алматы, 2015

7. Кемеңгерұлы Қ. Зерттеулері, көркем шығармалары, мақалалары. Алматы, 2013

8. Қанабекова М.Қ. Қазақ тілі стилистикасының негіздері: оқу құралы/– Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. – 258 бет.

9. Әділова А.С. Қабылдау стилистикасы / - Алматы: Эверо, 2016. – 128 б.

10. Жарылғапов Ж.Ж. Жанр және көркемдік әдіс. -Алматы: Эверо, 2014.

11. Ыбырайым Ә.О. Стилистика және редакциялау. - Алматы: Дәуір, 2014.

12. Қапасова, Б. Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер. - Алматы: Дәуір, 2014.



13. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2014.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж.



9 модуль. Іс қағаздарын жүргізу және бизнес экономикасы


1. Модуль атауы және шифры

Іс қағаздарын жүргізу және бизнес экономикасы, ҚМ-9

2.Модульге жауапты

Айтбаева Б.М., Хусаинова Ж.С

3. Модуль түрі

Қосымша

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

4 семестр-2 сағат, 6 семестр-2 сағат

6. Кредиттер саны

4

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

4, 6

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Кәсіби-тілдік модуль, Экономика негіздері, Құқық негіздері

11. Модуль мазмұны

Студенттерді өз мамандығы бойынша құжаттарды және мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эсселер жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазуға машықтандыру, әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығы бойынша құжаттардан негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы іс қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету. Экономика саласындағы заңды және құқықтық актілерді, адам құқықтары мен тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы негізгі теориялар мен тұжырымдамаларыды, адам мен азамат құқықтары туралы нормативті-құқықтық актілерінің ережелерін меңгеру заманауи қоғам мен мемелкеттің шындығын ескере отырып, құқытық нормалардың даму мен қызмет ету принциптері мен заңдылықтарын көрсететін білім жүйесін, мемелекет пен құқық туралы негізгі ұғымдарды меңгеру. Адам құқығының дамуы мен нормативті-құқықтық бекітілу кезіндегі мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының тарихи заңдылықтары, ұғымдары, белгілері мен жіктелуі.

12.Білім беру нәтижесі

Мамандығына байланысты ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуді, әртүрлі тақырыптарда берілген ақпараттарды, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуді, монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білуді, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуді үйренеді. Студент мемлекеттік тілде іс-қағаздарын сауатты жаза білуіді, мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуды, өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіру, өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуді меңгереді.

13. Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

14. Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Бір семестр

16. Әдебиеттер

1.Н. Егіншебаева. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу.Алматы, 2012

2.М.Қасымбеков. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, Көкшетау,2012

3. Б. Айтбаева.Қазақ тілі (В2 деңгейі).Қарағанды, 2014

4. Андыбаева Г.Т. Экономикалық талдау: оқу құралы- Алматы, 2014

1. Бектасова, Ж. Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 124 б.

2. Әбутәліп, О. М. Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. - Астана : Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2013. - 272 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.



10 модуль. Дене шынықтыру


1. Модуль атауы және шифры

Дене шынықтыру, ҚОТ-10

2.Модульге жауапты

Бодеев М.Т.

3. Модуль түрі

Қосымша оқу түрлері

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

1 семестр-2 сағат, 2 семестр-2 сағат, 3 семестр-2 сағат, 4 семестр-2 сағат

6. Кредиттер саны

8

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

1,2,3,4

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Мектеп пәндері: Дене шынықтыру

11. Модуль мазмұны

Дене шынықтыру қызметі, студенттердің дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі қамтылады. Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы студенттердің дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды. Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілген.

12.Білім беру нәтижесі

- студенттерге өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігіне үйретеді;

- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы студенттердің дене мәдениетін қалыптастырады;

- адамның танымдық белсенділігін дамытады;

- дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын ұстануды үйренеді;

-пәнді оқыту арқылы тұлғаны қалыптастырады.


13. Қорытынды бақылау формасы

Сынақ

14. Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Төрт семестр

16. Әдебиеттер

1. Худайберганов Д. С. Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру [Текст] / Д. С. Худайберганов // Орта мектеп жаршысы. - 2014. - №1. - б. 48-49.

2. Байзақова Н. О. III. Жалпы білім беретін мектептердегі, орта және жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі. [Текст] / Н. О. Байзақова, Т.М. Фролова, И.М. Синицына // Дене тәрбиесінің жаршысы-Вестник физической культуры. - 2014. - №1. - б. 73-75.

3. Есіркепов Ж. М. Заманауи ақпараттық технологияларды дене тәрбиесі сабағында қолдану ерекшеліктері [Текст] / Ж. М. Есіркепов // Дене тәрбиесінің жаршысы-Вестник физической культуры. - 2014. - №1. - б. 78-80.

4. Романова, О. В. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде дене тәрбиесі бойынша сабақ өткізу технологиясы [Текст] / О. В. Романова // Дене тәрбиесінің жаршысы-Вестник физической культуры. - 2014. - №1. - С. 111-113.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.


11 модуль. Мемлекеттік аттестация


1. Модуль атауы және шифры

Мемлекеттік аттестация, МКА-11

2.Модульге жауапты

Жарылғапов Ж.Ж., Мажитаева Ш.М., Абдуов М.И.

3. Модуль түрі

Қосымша оқу түрлері

4. Модуль деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

2-4 апта

6. Кредиттер саны

3

7. Оқыту формасы

Күндізгі

8. Семестр

8

9. Білім алушылар саны

73

10. Модуль пререквизиттері

Базалық және кәсіптік пәндер

11. Модуль мазмұны

Мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігін қалыптастырады

12.Білім беру нәтижесі

-қазақ тілі, Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерінің жиынтығын, нәтижесін көрсете білуі және бойында қалыптасқан білім, іскерлік, дағдыны жүйелеп, қорытындылай білуді үйренеді;

-мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуге дағдыланады;

-алған білімдерін емтихан тапсыру барысында, келешекте жұмыс орнында немесе ЖОО кейінгі білім алу барысында қолдана алады;

- студент өзінің біліктілік талабына сай білім сапасын анықтай алады.



13. Қорытынды бақылау формасы

Мамандық бойынша емтихан, диплом жұмысын қорғау

14. Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрін орындау

15. Модуль ұзақтығы

1 семестр

16. Әдебиеттер

1. ҚР МЖМБС 6.08.073.-2010, Астана

2. ҚР МЖМБС 5.03.006.-2006, Астана



Жаңартылған күні

31.08.17 ж.






жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау