Құрамының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім беру мазмұны»



жүктеу 15,66 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі15,66 Kb.
#32131
түріҚұрамы
Эссе


Досполова Гүлжанат Үркітбайқызы

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

Gulzhanat_1980@list.ru



Рухани жаңғыру ұрпақ тәрбиесінен бастау алады
Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша білім беру бағдарламасы еліміздің ертеңгі болашағы - балаларымыз қалай білім алады деген сұрақ төңірегінде ой қозғауға, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдермен танысып, оны оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тиімді қолдануға, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы оқытуға негізделген оқу ортасын құру, әрбір педагог тұлғасының өзіндік педагогикалық көзқарасын қалыптастыруға, болашақ маманның педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өз бетімен білім алу үшін негіз жасауға мүмкіндіктер береді.

Жаңартылған білім беру мазмұнында педагог кадрларға ұйытқы болатын республикалық орталық үш бағытта жұмыс жасайды: педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшемдер, оқу бағдарламалары. Бірінші педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы, екінші мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы, үшінші «тиімді оқыту бағдарламасы» бағыттарында қызмет көрсетеді. Қазақстан бойынша мұндай орталықтардың саны 15 филиалды құрайды екен. Курс арқасында педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталымен www.cpm.kz., жүйелі-әдістемелік кешен порталымен http://smk.edu.kz/ таныстым. Жаңартылған білім беру 3 тағанға негізделеді: тәсіл (тапсырма), саралау (оқу тапсырмасы, бақылау тапсырмасы) және бағалау.

Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері, нормативтік және әдістемелік құжаттарды міндетті және ұсынымдық сипаттарға жіктеу, «ынтымақтастық» және «бірлескен оқу», метатаным, топтық жұмыс жасауға арналған нұсқаулық, тиімді оқыту және оқу тәсілдері (8 тәсіл), оқушылардың бірін-бірі оқытуы, ойлау дағдыларының деңгейлері (Б.Блум таксономиясы бойынша: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау), саралап оқыту түрлері, критериалды бағалаудың құрылымы, бағалау критерийлері және дескрипторлар, рубрика (оқу жетістіктерінің деңгейлері), балл қою кестесі, тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы, пәндерді оқытудағы тілдік мақсаттар, қалыптастырушы бағалау тәсілдері, сындарлы кері байланыс, оның қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бағалау критерийін анықтау, тапсырмаға дескриптор құрастыру, кері байланысты қалай беріп, қалай алуға болатындығы, қалыптастырушы, бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық бағалауға арналған практикалық тапсырмаларды орындау барысында тренер «перфокартамен жұмыс», «пирамидалық талдау», «рангілеу», «ақиқат па жалған ба?», «кодтау», «ротация», «бұрыштар», «ойлан-жұптас-бөліс», «stop-кадр», «дыбыстау», «сұрақты қағып ал», «серпілген сауал», «джигсо», «қауырсын», «айналмалы бекет», «теңгерім дөңгелегі» әдістерін тиімді қолдана отырып қызықты ұйымдастырды. Сондай-ақ «Mind map» арқылы кесте түріндегі жүйелі презентация, «Easy Quizzy» бағдарламасында тест құрастыру жұмыстарын жасап үйрендік.

Курстан соң ата-ана және жоғары мектеп педагогы тұрғысындағы екі жақты көзқарасым ұштасып, бір арнаға тоғысты. Жаңартылған білім беру мазмұнында баланың жұмыс жасау қабілетін жылдамдату тәсілі ретінде мұғалім катализатор қызметін атқаруы тиіс екендігін ұқтым. Тағы бір жағымды тұсы әр күн сайын тақырып мазмұнына сәйкес тренер, курс тыңдаушылары тарапынан педагогикалық-психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтерді өткізудегі мақсат топта жағымды психологиялық ахуал орнату, физикалық жаттығу (дененің шаршағанын басу) және ең маңыздысы тақырыпқа байланысты тыңдаушылардың қызығушылығын арттыру.



Білім жетілдіру курсына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған әрқайсысы «бір төбе» әріптестеріме, терең білімді, білікті, өз ісінің шебері болған тренеріме алғыс білдіремін. Аудиторияда отырып орындаған жеке, жұптық, топтық тапсырмалар өзімізді оқушыдай сезіндіріп, шығармашылық қабілеттеріміз жан-жақты, әр қырынан шыңдалды.

Балаларымыздың болашағы жарқын, жүздері жарық, әлемдік білім беру кеңістігінде терең білімді, рухани бай, жан-жақты дамыған, сыни пікір, өз ойын ашық айта білетін ұрпақтың оқу-тәрбиесі үшін қолға алынған рухани бастамаға тек қана сәттілік тілеймін.
жүктеу 15,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау