Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды.1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті.КОКП ОК 1965жылы кыркуйек Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.РРеформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды.

Достарыңызбен бөлісу: |