№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
115
Бірақ сусын тым тәтті болып кетті, оған су қосуға тура келді. Ал оның сыртындағы
жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.
1886 жылы «Кока-Кола» газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі
бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң, ғалым шәрбат формуласын Аза
Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жіберді.
Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана
болған ол идеяны жандандырып, «Coca-Cola Company» компаниясының негізін
қалайды.
Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған «Кока-
коланы» әлем бойынша бір минуттың ішінде 8000 адам тұтынады делінген. Оның
әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы.
Денсаулыққа әсері. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар
аударайық. Оның құрамында қанттың кӛп болуынан қант диабетіне шалдығушылар
саны да соңғы жылдары қылаң беріп келеді. Сондай-ақ, «Кока-коланы» ішектің
созылмалы ауруымен, асқазан, ӛт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға
тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін
тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.
Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден-бір
қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан
қысымын кӛтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін
отырғызып тастайтын да қасиеті бар кӛрінеді.
Осыдан 5 жыл бұрын Орал қаласының ғалымдары «Кока-коланы» мынадай
сынақтан ӛткізген болатын. Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік
бойына қалдырып кеткен профессорлар тіс орнына ақ ұнтақты ғана кӛреді.
Дәрігерлердің пайымдауы бойынша «Кока-кола» әсіресе балалардың бас сүйегіне,
ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.
Жалпы газдалған сусынды мӛлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций,
темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып, есесіне құрамындағы есірткі зат
ӛміріңізді екі есеге қысқартады.
«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын
карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады екен.
Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына әкелетін
жасанды бояғыштары бар.
Сусындар жайындағы пікірлер. Тӛрегелді Шарманов, академик:
«Энергетикалық сусынға деген кӛзқарасым аса күдікті. Оның ағзаға пайдасы бар
деген пікірмен келіспеймін. Себебі, адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп,
жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин,
таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мӛлшерден кӛп қолданса, адамның
энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады.
Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт ӛте келе
тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Ӛнім адамға қосымша
қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетикалық» болғанымен, заты оған сай емес.
Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады.
Былайша айтқанда, адамның энергиясын ӛзінен «қарызға» алады».
Лаура
Байқонысова,
Ҧлттық
салауатты
тағамтану
орталығы
департаментінің ғылыми қызметкері: «Газдалған сусындар адам денсаулығы
үшін ӛте зиян. Қазір барлық балалар мен жасӛспірімдер бұл сусындардың
тәттілігіне, дәміне сүйсініп ішеді. Бірақ бұл сусындардың қауіпті екенін біле
бермейді. Ол – асқазан-ішек жолдарының ауруларын (гастрит, панкриатит, ойық
жара), қатерлі ісікті тудырады. Сондай-ақ мидың қабылдағыш қасиетін тӛмендетеді.