№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
34
- Күнтізбелік тақырыптық
жоспар жасау;
- Әр сабақты жоспарлау;
- Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын
жасау;
- Оқу модулын құрастыру;
- Оқу жобасының мазмұнын анықтау;
- Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?
- Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер
мен тәсілдер;
- Әр түрлі типтегі сабақтарды ӛткізу;
- Ӛткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын
себептерін анықтау;
- Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға
үйрету.
Жаңа технологияны тӛмендегідей топтастыруға болады:
І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық
технология:
- Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы;
- Ы. Алтынсариннің педагогикалық технологиясы;
- Амоношвилидің ізгілік технологиясы;
- Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі
педагогикалық технология:
- Ойын технологиясы;
- Проблемалық
оқыту технологиясы;
- Жан-жақты коммуникативті оқыту технологиясы;
- Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу
арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шаталов).
ІІІ. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық
технология:
- Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы;
- Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова);
- Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев);
- Деңгейлеп диференциялау технологиясы;
- Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі – диференциялап оқыту технологиясы
(Фарсов);
- Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы
(Закатова);
- Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг және Шадриков);
- Бағдарламалық оқыту технологиясы;
- Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин);
- Топтық оқыту технологиясы;
- Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV. Дидактикалық білім кӛтеру және материалды педагогикалық
технологиялар:
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев);
- Ақыл-ой іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы
(Валович).
V. Жеке пәндік педагогикалық технологиялар:
- Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологиясы (Зайцев);
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
35
- Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова);
- Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы (Зайцев);
- Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы;
- Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология
(Касаткин);
- Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология (Окунив);
- Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясы;
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
VІ. Баламалы педагогикалық технология:
- Вольдорф педагогикасы (Штэйнер);
- Еркін еңбек технологиясы (Ферт);
- Ықтималдық білім технологиясы (Лобок).
VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар:
- Табиғи байқағыштық арқылы
сауаттылыққа тәрбиелеу;
- Ӛзіндік дамыту технологиясы (Монтессори).
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары:
- Дамыта оқыту жүйесі;
- Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі (Якиманская);
- Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин);
- Ӛзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко).
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары:
- «Жүректен – жүрекке».
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша
сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді
ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,
танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау
мақсатын кӛздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды
оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек
сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана
отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының
мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап
етіледі.
М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың
мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып
жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және
М.М. Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданылады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту
педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыру.
Балалардың таным қабілеттеріне сай тӛрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда
жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға
болатындығы ескеріледі.
Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын
оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін
болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын
арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.
Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған
«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты [3, 26].