Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
8 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Өткенге шолу. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. (W) Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау:
1. Шағылған және
өтетін жарықтардағы жұқа
пленкадағы интерферен-цияның максимум және
минимум шарттарын
жазыңдар.
2. Жарықтың интерферен-циясына мысал келтіріңдер.
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Дискриптор:
-Берілген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы балл -3
|
Оқулық 11 – сынып
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
1-тапсырма:
Жарықтың толқын ұзындығын өлшеу үшін дифракциялық тор қолданылады. Тордың саңылауларының арасындағы арақашықтығы 1,0×10-6 м. Бірінші ретті екі максимумдар арасындағы бұрыш 600.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
Дескриптор
-Дифракциялық суреттің центрі мен бірінші дифракциялық максимум арақашықтығының өзгерісін анықтады
Жалпы балл -2
|
Презентация
Оқулық 11 – сынып
|
Жеке жұмыс
16 мин
|
2-тапсырма
1.ДТ экранға параллель одан 0,7 м қашықтықта орналасқан. Осы ДТ-дың 1 мм үшін штрихтар анын анықтаңдар. Толқын ұзындығы 430 нм жарық шоғының қалыпты түсуі кезінде бірінші дифракциялық максимум центрлік жолақтан 3 см арақашықтықта орналасады. sinj ≈ tgj деп алыңдар.
2. Төртінші ретті максимумға сәйкес келетін толқын ұзындығы 440 нм жарық үшін бесінші ретті максимум сызығына сәйкес
келетін жарық торына қалыпты түсетін
толқын ұзындығын анықтаңдар.
|
Дескриптор:
- Екінші ретті спектрді көру үшін торға бақылауды қандай бұрышпен жүргізу керектігін табады.
Жалпы балл -5
|
ДК экраны
Презентация
ДМ
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
4мин
|
Оқушыларға нұсқаулық
Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:
A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?
B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?
C. Қай тақырыпты игеру оңай болды?
D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?
Үйге тапсырма: (Қазақстандағы электр энергиясын тарату туралы эссе жазу)
|
Нәтижені талдайды.
|
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.
|
ДК экраны
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|