161
Сауалнамаға қатысқан 2 сынып мұғалімдері көркем еңбек оқулығының
оқу материалдарының әдістемелік жүйесі мен құрылымын, материалдардың
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 77,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 94,7%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 56,9%
Көркем еңбек пәнінен «Атамұра» баспасының оқулығы құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі жағынан, сонымен қатар әдістемелік жағынан алғанда
да 2 сынып мұғалімдерінің басым қолдауына ие болды. Яғни, сауалнама
қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде жоғары бағаланды.
Сонымен қатар оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 87,0%;
•
«Атамұра» баспасы – 98,1%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 90,5 %
Материалдардың иллюстрациялық деңгейі бойынша да «Атамұра»
баспасының көркем еңбек оқулығы талаптарға сәйкес жасалғаны анықталды.
«Алматыкiтап» баспасы мен «НЗМ» оқулықтары бойынша да «оқулықтағы
материалдардың иллюстрациялық деңгейі сәйкес» деп санайтын мұғалімдердің
пікірі басым, дегенмен «Алматыкiтап» баспасының оқулығы бойынша– 13,0%,
«НЗМ» оқулығы бойынша – 9,5 % сауалнамаға қатысушылар «өңдеуді,
толықтыруды қажет етеді» деп көрсеткен.
162
Көркем еңбек пәні оқулығындағы оқу материалдарының баяндалу тілі
мен стилі бойынша анықтылығы, нақтылығы, мәнерлілігі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 66,7%;
•
«Атамұра» баспасы – 100,0%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 85,7%.
Оқулықтарда орын алған фактологиялық, грамматикалық, стилистикалық
қателері бойынша:
163
•
«Алматыкiтап» баспасы – 48,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 46,3%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 57,1%.
Талдау нәтижесі көрсеткендей оқулықта орын алған фактологиялық,
грамматикалық, стилистикалық қателері бойынша барлық баспалардың
оқулықтары өңдеуді және толықтыруды қажет етеді.
«Атамұра» баспасының көркем еңбек пәнінің оқулығы материалдарының
анықтылығы, нақтылығы, мәнерлілігі бойынша 100,0% 2 сынып мұғалімдерінің
колдауына ие болған.
Пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
бойынша көркем еңбек пәні оқулығының салмағы мен көлемінің сәйкестігі
туралы пікірлері төмендегідей:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 54,5%;
•
«Атамұра» баспасы – 90,4%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 44,7%
164
Оқулықтары сынаққа енген баспалардың ішінде көркем еңбек пәні
бойынша салмағы мен көлемі ең қолайлы деп табылғаны «Атамұра»
баспасының көркем еңбек оқулығы. «Алматыкiтап» баспасы бойынша – 45,5%,
«НЗМ» оқулығы бойынша – 55,3% сауалнамаға қатысушылар көркем еңбек
пәні оқулығының салмағы мен көлемі үлкен, ауыр, жұмыс дәптерімен бірге
партаның үстінде ашып пайдалануға ыңғайсыз деп санайды. Фокус-топтарда 2
сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілген сұхбат қорытындысы да
мұғалімдердің жауаптарымен сәйкес келеді.
Мұғалімдердің жауаптарының нәтижесі диаграммада берілген.
«Көркем еңбек пәнінен оқулықпен бірге оқу-әдістемелік кешен алдыңыз
ба?» деген сұраққа төмендегідей жауап берілген:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 100,0%;
•
«Атамұра» баспасы – 89,6%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 100,0%
165
Сынақ барысында 2-сынып білім алушылары мен мұғалімдері
«Алматыкiтап», «НЗМ» оқулығы бойынша көркем еңбек пәні оқулығының оқу-
әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз етілген. «Атамұра» баспасы көркем
еңбек пәні оқулығының оқу-әдістемелік кешенімен 89,6%-ға қамтыған.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ (Т3)
Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің
бағалауы бойынша ағылшын тілі пәнінен оқулықтың құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі:
•
«Алматыкiтап» баспасының оқулығында – 66,5%,
•
«Мектеп» баспасының оқулығында – 63,3%;
• «Express Publishing (Edu Stream)»
баспасының оқулығында – 60,0%;
•
«Macmillan Education» баспасының оқулығында – 32,9%;
•
«Pearson Education Ltd» баспасының оқулығында – 35,7%;
• «Knowledge Partners (Britannica)»
баспасының оқулығында –83,3%;
• «Cambridge University Press»
баспасының оқулығында – 40,0%.
Бұл көрсеткіштер барлық баспалардың оқулықтарында мазмұны өңдеуге
және толықтыруға жататын материалдардың көлемі өте үлкен екенін көрсетеді.
Келесі диаграммада аталған баспалардың ағылшын тілі пәні оқулықтарын осы
параметрлер бойынша 2-сынып мұғалімдерінің бағалауы көрсетілген. 2-сынып
мұғалімдерінің көпшілігінің тарапынан қолдауға ие болған ағылшын тілі
пәнінің оқулығы «Knowledge Partners (Britannica)» баспасының кітабы.
166
Сауалнамаға қатысқан 2-сынып мұғалімдері ағылшын тілі оқулығының
оқу материалдарының әдістемелік жағынан сәйкестігін бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 68,6%;
•
«Мектеп» баспасы – 78,7%;
•
«Express Publishing (Edu Stream)» баспасының оқулығында – 63,0%;
•
«Macmillan Education» баспасының оқулығында – 26,2%;
•
«Pearson Education Ltd» баспасының оқулығында – 36,9%;
• «Knowledge Partners (Britannica)»
баспасының оқулығында –28,6%;
• «Cambridge University Press»
баспасының оқулығында – 40,0%.
Сауалнама нәтижесі ағылшын тілі пәнінен оқулықтардың әдістемелік
жағынан жетілдірілуі қажет екенін көрсетті.
Сонымен қатар оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 71,1%;
•
«Мектеп» баспасы – 75,9%;
•
«Express Publishing (Edu Stream)» баспасының оқулығында – 82,4%;
•
«Macmillan Education» баспасының оқулығында – 68,8%;
•
«Pearson Education Ltd» баспасының оқулығында – 65,8%;
• «Knowledge Partners (Britannica)»
баспасының оқулығында –69,9%;
• «Cambridge University Press»
баспасының оқулығында – 80,0%.
Ағылшын тілі пәні оқулықтарындағы иллюстрациялық материалдардың
сапасы мен көркемделуі жағынан өңдеп және толықтыруды қажет етеді деген
пікірлер барлық баспалардың оқулықтарына қатысты көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |