3. Түсіндірмелі жазбахат



жүктеу 190,12 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі190,12 Kb.
#15157


3. Түсіндірмелі жазбахат
2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрақты экономикалық өсімінің қарқыны сақталды.

Өнеркәсіптік. Өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 1 437,3 млрд. теңгені немесе 140,7%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 105% .

Облыстағы өндірістің жалпы көлемінен тау-кен өндіру өнеркәсібі мен және карьерлерді игеру 8,2%-ды құрады, есепті кезеңде өнім өндіру 118,2 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 84,5% , өнімді шығару – 1 214,2 млрд. теңге.

Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі 6,5%-ды құрады (92,9 млрд. теңгеге).

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің көлемі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау көлемі, сәйкесінше – 0,8%-ды (12,1 млрд. теңгені) құрады.

2016 жылға ҮИИДМБ және индустрияландыру картасы шеңберінде 5,0 млрд. теңге сомасында 6 жоба іске асырылды, 388 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:


  1. «№ 1 Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС – шерелер, ламинатты шерелер, OSB плиталарын өндіруді ұйымдастыру. Құны 2061 млн.теңге. Қуаттылығы –шере - 1700 куб.м. және ламинатты шере - 900 куб.м. Жоба 2016 жылғы ақпан айында пайдалануға енгізілген. Енгізілген сәттен бастап кәсіпорын 451,1 куб.м. шере шығарды.

  2. «Азия фирмасы» ЖШС - электр беру желілерінің (ЭБЖ) бағандарын өндіруді ұйымдастыру. Құны – 38 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 2268 куб.м. ЭБЖ бағандары. 11 жұмыс орны құрылды. Жоба 2016 жылғы шілде айында пайдалануға енгізілді. Өндіріс жергілікті шикізатпен жұмыс істейді. Пайдалануға енгізілген сәттен бастап кәсіпорын 611,2 куб.м. электр беру желілерінің тірегін шығарды.

  3. «OstFish» ЖШС – уылдырық және бекіре тұқымдас балық етін өндіру. Құны – 1700 млн.теңге. Қуаттылығы – 45 тонна бекіре еті, жылына 4 тонна бекіре уылдырығы. Жұмыс орны – 23. Жоба пайдалануға енгізілген.

  4. «KazWoodGroup» ЖШС – ағашты терең өңдеу арқылы экологиялық таза, жоғары технологиялық композитті материалдар өндіру бойынша көп бейінді зауыт (ағаш-полимерлі композит, қаптама материалдар). Құны – 548 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 400 тонна материал. Жұмыс орны – 39. Жоба пайдалануға енгізілген.

  5. «Вертекс Восток» ЖШС – ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорынды өндірістік және технолгоиялық жаңғырту. Құны - 500 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 6000 тонна ауыл шаруашылығының өнімі. Жұмыс орны – 29. Жоба пайдалануға енгізілген.

  6. «Восток-Автопром» ЖШС – автомобиль тіркемелерін шығаруды ұйымдастыру. Құны – 180 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 600 бірлік. Жұмыс орны – 10. Жоба пайдалануға енгізілген.

«ТАГ-ТИН» ЖШС жобасын аяқтау – құны 526 млн.теңге майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс) өңдеу бойынша жаңа жабдықтарды енгізе отырып, зауыт салу 2017 жылы жоспарланды.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының валдық өнім көлемі 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 408,9 млрд. теңгені немесе 111,4%-ды құрады. Нақты көлем индексі - 105,1%.

Мал шаруашылығында ет өндіру 105,8%-ға, сүт – 105,9%-ға, жұмыртқа – 101,9%-ға ұлғайды. Ірі қара мал санының 101,9%-ға, жылқы – 104,4%, құс –100,9% өсуі байқалды.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 99,0 мың бірлікті құрады, бұл 2015 жылдың тиісті деңгейінен 100,4%-ға төмен.

Негізгі капиталға инвестициясы 2015 жылға қарағанда 436,5 млрд. теңгені немесе 106%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 100,5%.

Өсім өңдеу өнеркәсібіндегі 120,9%, кен өндіру өнеркәсібі 115,4%, Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 128,2%, құрылыс 107,9%,, ауыл, орман және балық шаруашылығы 113% инвестициялар көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылға қарағанда 227,7 млрд. теңгені немесе 143,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 136,3%.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің көбеюі есебінен өсім 148,3%-ға, ағымдағы жөндеу 105,1%-ға қамтамасыз етілді.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы сыртқы сауда айналымы 2015 жылға қарағанда 2512,8 млн. АҚШ долларын немесе 95,9%-ды құрады, оның ішінде тауарлар экспорты – 1914,6 млн. АҚШ доллары (102,9%), импорт – 598,2 млн. АҚШ доллары (78,8%). Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы – 1316,4 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты.

2015 жылдың желтоқсан айына қарағанда 2016 жылдың желтоқсан айында тұтынушы бағасының индексі 108,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 110,1%, азық-түлік емес – 110,5%, ақылы қызметтер – 104,1%.

Азық-түлік тауарлары бойынша: нан өнімдері мен жармалық заттар – 114,1%-ға, ет – 107,0%-ға, балық және теңіз өнімдері – 106,1%-ға, сүт өнімдері – 108,7%-ға, жұмыртқа - 128,5%, майлар – 111,4%-ға, жемістер – 106,6%-ға, қант – 122,7%-ға, кондитерлік бұйымдар – 117,8%-ға және шай – 148,5%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша: дизелді отын – 138,9%, қатты отын – 105,9%, киім және аяқ киім – 108,6%, үй дағдысының заттары – 111,3%, фармацевтік препараттар – 118,5%.

Ақылы қызметтер тобы бойынша: денсаулық сақтау қызметтері – 113,4%, білім беру – 106,3%, көлік – 105,2%, ыстық су және жылумен жабдықтау– 105,7%.

Салықтар мен бюджет. 2016 жылы мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 273,9 млрд. теңге немесе 109,4% болжаммен түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 181,6 млрд. теңге (114,9%), жергілікті бюджетке – 92,3 млрд. теңге (100,0%) түсті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нақты жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 4 тоқсанына - 4,8%.

Жұмыспен қамту органдарына жылдың басынан бастап барлығы жұмыс іздеумен 40298 адам келді, оның ішінде 31433 адамды жұмысқа орналастырылды (келгендердің санынан 78%). Қоғамдық жұмыстарға 9168 адам қатысты.

Нақты секторда жаңа өндірістерді ашуға байланысты шағын бизнесті дамыту мен жаңа әлеуметтік обьектілерді енгізуде 16860 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан азаматтардың саны 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1990 адамға азайды (32,4%) және 4156 адам санын құрады.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орта айлық еңбекақы 118609 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың осы кезеңінен 14,8%-ға жоғары.

2016 жылғы облыстық бюджетке 251956,0 млн.теңге болжаммен 250889,8 млн.теңге кірістер, оның ішінде 198087,2 млн.теңге – республикалық бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер түсті.

Меншік кірістер 98,0%-ға орындалды, 39755,9 млн. теңге болжаммен 38975,1 млн. теңге түсті, болжам 780,8 млн.теңге орындалмады, оның ішінде 736,6 млн.теңге ішкі істер департаменті салатын әкімшілік айыппұл, өсімақы, санкциялар, өндірулер бойынша, жеті күн ішінде 50% мөлшерінде айыппұл сомасын төлеу мүмкіндігіне байланысты.

Өткен жылмен салыстырғанда облыстық бюджет түсімдері 3781,3 млн. теңгеге, соның ішінде жеке табыс салығы (1558,3 млн. теңге), әлеуметтік салық (860,5 млн. теңге), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (1498,8 млн. теңге) бойынша ұлғайған.

Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 235 523,7 млн. теңге жұмсалды.

Қорғаныс бойынша 238,6 млн.теңге (99,7%), қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік 10093,7 млн. теңге (100%), білім беру – 30203,9 млн. теңге (99,8%), денсаулық сақтау – 53059,1 млн. теңге (99,8%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 8464,7 млн. теңге (99,2%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 23458,8 млн. теңге (99,9%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 10063,2 млн.теңге (99,4%), отын-энергетикалық кешен – 1782,2 млн. теңге (99,8%), ауыл шаруашылығы -19139,7 млн.теңге (93,9%), өнеркәсіп, сәулет және құрылыс қызметі – 746,9 млн.теңге (99,4%), көлік және коммуникация - 8080,1 млн. теңге (99,9%) игерілді.

Бюджет саласының қызметкерлеріне кепілді еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемақы, стипендиялар, коммуналдық қызметтер, бюджет ұйымдарының қолданыстағы желілерінің қызметі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етуге бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 2016 жылы облыстық бюджеттен 208377,2 млн. теңге жұмсалды.

Мемлекеттік органдарды ұстауға 2016 жылы 4151,5 млн. теңге, сондай-ақ, күрделі шығыстарға – 181,1 млн. теңге жұмсалды. Ұйымдастыру техникалары мен өндірістік-шаруашылық құралдар сатып алынды.

Өткен жылы қорғанысқа арналған шығындары 238,6 млн.теңгені немесе 99,7-ды құрады, есеп беру кезіңінде жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шараларына – 74,8 млн.теңге, әскери қызметке дайындық кезінде әскерге дейінгі және әскер жасындағы жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген және жедел әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәлік беру және медициналық зерттеуді жүргізуді дер кезінде және сапалы өткізуге жұмсалды.

Облыстық аумақтық қорғаныс іс-шараларын әзірлеу, жүргізуге және орындауға, облыстың тұрғындарын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларында іздестіру-құтқару және адамдарды басқа жерге көшіруді жүзеге асыруға, азаматтық қорғаныс, дабыл және байланыс жүйесін үнемі әзірлікте ұстауға, тұрғындарды азаматтық қорғанысына арналған құралдарының сақталуы мен қорғауды қамтамасыз етуге, Дағдарыс орталығын, арнайы мақсаттағы қоймаларды ұстауға 119,9 млн. теңге жұмсалды.

Есепті кезеңде қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 10093,7 млн.теңге (100%) жұмсалды.

8525,1 млн.теңге облыстың ішкі істер органдарының 4327 штат бірлігін ұстауға, уақытша ұстау оқшаулағыштарын ұстауға, УҰО тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмек сатып алуға, қызметтік автокөлікті ұстау, ғимараттарға, жабдықтар мен басқа негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жүргізуге, заңсыз көшіп-қонушыларды елден шығарып жіберу жөніндегі іс-шаралары жүргізуге, учаскелік полиция пункттерінің және ғимараттарына ағымдағы жөндеуге, нысанды киім-кешектер сатып алуға жұмсалды.

Ішкі істер органдарын күрделі шығындарына1256,3 млн. теңге, оның ішінде 121 бірлік автокөлік сатып алуға – 505,5 млн.теңге, арнаулы техникалар мен құрал жабдықтар сатып алуға – 750,8 млн.теңге.

Дарынды балаларды және дене бітімі, ақыл-ойының дамуы қалыс қалған балаларға жалпы білім беру, оқу құралдарын сатып алу және жеткізу, мектептік олимпиадалар, облыстық масштабта конкурстар мен мектептен тыс іс-шаралар өткізу, балалардың психикасын зерттеу және кеңестік көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, колледждерде мамандар дайындауға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қамтамасыз етілді, оған 25751,1 млн. теңге, оның ішінде ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 1299,6 млн. теңге жұмсалды.

Азаматтық қызметшілерге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуді ескере отырып берілетін, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпей қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған кәмелеттік жасқа толмағандар үшін арнайы білім ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген 3724,2 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферттер игеру қамтамасыз етілді.

«Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысына сәйкес 72 білім беру мекемелерінде (28 КММ, 16 КМҚК, 28 мемлекеттік емес мекемелер) мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 17681 оқушы білім алуда, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс 2 колледжге берілген, оларорта деңгейлі медицина мамандарын дайындайды. Бұл мақсатқа 9450,7 млн. теңге жұмсалған, немесе 99,9%, оның ішінде техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдар оқушыларының степендиясының көлемін ұлғайтуға 896,9 млн. теңге жұмсалды, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдарында мамандар дайындау арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға – 305,5 млн.теңге, соның нәтижесінде оқушылардың еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарды алу үшін 610 адам оқумен қамтылды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендер пунктерін дамытуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 1823,6 млн.теңге сомасына облыстың барлық ауданындағы және облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарының 147 объектіге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, 9185,1 млн. теңге көлемінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер қалалар мен аудандарға аударылды.

2016 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 54595,3 млн. теңгені құрады, 54495,3 млн. теңге немесе 99,8% нақты игерілді, оның ішінде жергілікті бюджет шығындары 17687,1 млн. теңгеге, республикалық бюджет 36808,2 млн. теңгеге орындалды.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 38463,2 млн. теңге жұмсалды, сонымен қатар жеңілдік арқылы алынатын дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 10628,0 млн.теңге жұмсалды, оның нәтижесінде қант диабетімен ауыратын ауруларды, қатерлі ісік ауруларды, гемофилиямен ауыратын науқастарды, АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғаларды, гематологиялық ауруларды, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттар сатып алынды.

Гемофилиямен ауыратын 31 ересек науқас және 30 бала қанның ұюы факторларымен, онкогематологиялық 201 ересек науқас және 13 бала химия препараттармен, амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттармен және орфандық заттармен 348 адам, тұрғындарға арналған иммунды алдын алу жүргізу кезінде вакциналар мен басқада иммунобиологиялық заттармен республикалық бюджеттен 357 704 адам жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 36 860 адам қамтамасыз етілді, жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен – 255 адам, халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерімен – 93 445 адам, азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен 167 900 адам қамтамасыз етілді. Республикалық бюджет қаражатынан қамтамасыз етілген қант диабеті науқастары және туберкулез науқастар саны 8358 адамды құрады, туберкулез ауруларына қарсы препараттарымен 1 645 адам қамамсыз етілді.

Скринингтік тексеру барысында 15 000 әйел адамда жатыр мойыны және 18 006 ер адамда простатаның бастапқы обырлары анықталған. 45052 адамды скринингтік тексеру барысында өңеш пен асқазан обыры, 100 адамда бауырдың бастапқы обыры анықталған. Колоректальдық обыр скринингінің 1-кезеңінде 79140 адам, 2 – кезеңінен 1187 адам зерттеуден, 2 – кезеңінен сүт бездерінің ісігіне скринингтік зерттеуден 850 адам өтті. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 392,9 млн. теңге жолданды.

2016 жылы дайын консервацияланған қан 19400 мың литрді құрады, дайын карантинді плазма 2548 литр көлемінде дайындалды.

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 2329,7 млн. теңге жұмсалды.

«2020 жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 873,9 млн.теңге сомасында 86 жоба бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу, оның ішінде республикалық бюджет және ҚР Ұлттық қор трансферттері есебінен 861,1 млн.теңгеге жүргізілді.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігінің деңгейін жоғарылату бойынша бағдарламаларды іске асыруға 7011,2 млн. теңге жұмсалды.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын ұстауға 4203,1 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде күрделі шығыстар 212,4 млн.теңге. Орталықтарда 2525 төсекті қарттар мен мүгедектер үшін, сондай-ақ, 415 мүгедек балалар арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған болатын. Сонымен қатар, оңалту орталықтарында денсаулықтары, жас ерекшеліктері, дем алушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, шипажай-гигиеналық іс-шаралар, мәдени-жаппай жұмыс ұйымдастырылды, есеп беру кезеңінде 5750 алушыға қызметтер көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында 3546 арнайы техникалық құрал сатып алынды, 449 адам шипажай-курорттық емдеуге жолдама алды, 380 пациенткеесту протездік көмек көрсетілді, 2318 пациентке пртездеу бойынша қызметтер көрсетілді және 4304 протездік-ортопедиялық құралдар берілді, 467,1 млн.теңге жоспарланып, 463,5 млн.теңге игерілді. Сонымен қатар, жүруде мүмкіндігі шектеулі «Инватакси» қызметімен көлік көрсетуге 13,7 млн. теңге, гигиеналық заттар сатып алуға 241,0 млн. теңге жұмсалды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес секторда 1089 адам әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді, оның ішінде 849 адам үйде, 240 адам жартылай стационар жағдайында қызметтер алды, республикалық қаражат есебінен шығындалған қаражаттың жалпы көлемі 203,7 млн.теңгені құрады.

Жұмыспен қамтудың 2020 Жол картасы бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында1244,3 млн.теңге игерілду, оның ішінде 918,0 млн.теңге республикалық бюджет есебінен. Іске асыру барысында 827 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, оқу мекемелерін бітірген 568 жас маман іс-тәжірибесінен өтті, 429 кадр және жартылай жұмыспен қамтылған 119 біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтті, сондай-ақ, кәсіпкерлікке оқыту бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді, оқу курстарынан 652 адам өтті. Ақпараттық материалдар сатып алынды, әзірленді және шығарылды, оның ішінде 500 әдімтемелік оқу құралы, 977 буклет, 35 баннер.

Облыста «Өрлеу» жобасы бойынша келісімді ақшалай көмек енгізілген, жоба бойынша 5654 адам ақшалай көмек алды, бағдарлама бойынша 297,0 млн.теңге игерілді.

Азаматтардың жекелеген санаттарына (төрт және одан да көп бала тапқан аналар, студенттер, ҰОС қатысушылар мен мүгедектер) әлеуметтік көмекке 1679,0 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық мәдениет ұйымдарын ұстауға және облыстық, өңірлік іс-шаралар өткізуге 3600,4 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 2269,3 млн.теңге театрлар, мұражайларды ұстауды қамтамасыз етуге жұмсалды. 2016 жылы 689 спектакль ойналды, 572 мәдени-қойылмдық іс-шаралар жүргізілді, келушілер саны 163,2 мың адамды құрады.

Кітапханалар мен кітапханалық жүйені ұстауға облыстық бюджеттен 393,1 млн. теңге жұмсалды. Облыстық кітапханалардың кітап қоры есееп беру кезеңінде 957,6 мың дананы құрады.

Облыста 13 мұрағат мекемесі жұмыс істейді, оларды ұстауға бюджеттен 444,1 млн. теңге бөлінген болатын, 99,9%-ға игерілді. Есеп беру кезеңінде облыстық мұрағат мекемелері құжаттарды сақтауды жақсарту мақсатында 4316 істегі 39376 құжат парағын қағаз негізде қалпына келтірілді, 107785 бірлік сақтауға тігілді, 6579 іс тізімдерімен тігілді, 3319 тізім істерінің қаптамалары ресімделді, 31046 бірлік сақтау бірлігі картондалды, 3885 қорап қолмен әзірленді, мемлекеттік сақтауғ құжаттарды қабылдау кезінде 14957 сақтау бірлігі қайта шифрланды, 3385 ескі ярлык ауыстырылды, 5751 жаңа ярлыктар әзірленді, 13917 біріктірілді, 112728 парақ нөмірленді.

Жұмыспен қамтудың 2020 Жол картасы бағдарламасы бойынша 117,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 112,0 млн.теңге, атқарылу 100%. Іске асыру барысында облыстың аудандарындағы 4 мәдениет объектісіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен 7627,1 млн. теңге, оның ішінде облыстық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге 152,9 млн. теңге, сондай-ақ, спорттың барлық түрі бойынша құрамаларды дайындау және спорттық жарыстарға қатысу үшін 3899,7 млн. теңге жұмсалды. 2016 жылы 5 халықаралық, 15 республикалық және 215 облыстық спорт іс-шаралары өткізілді. Спорттың әртүрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама құрамына облыстың 534 спортсмені кірді. Облыстың спорсмендері халықаралық және республикалық жарыстарда 655, оның ішінде: 232 алтын, 214 күміс, 209 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, облыстың 38 жетекші спортсмені облыс әкімінің стипендиясымен қамтамасыз етіледі.

Облыстағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне, оның ішінде олимпиадалық резервтерін дайындаушы спорттық мектептер, спорттағы дарынды балаларға арналған мектептерді ұстауға, олимпияда резервін дайындау орталығына 3392,6 млн.теңге жұмсалды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша спорттың әртүрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама құрамына кірген спортшылар саны көбейді, Шығыс Қазақстаннан 654 астам спортшылар құрады. Халықаралық дәрежелі спорт шеберлері саны 14 адамды құрады, спорт шеберлері – 135, спорт шеберіне үміткерлер – 606 және бірінші разрядта 274 адам дайындалған.

Сонымен қатар, 2020 Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде спорт объектілерін жөндеу бойынша 69,9 млн.теңге игерілді, нәтижесінде Риддер қаласының шаңғы базасын мен спорт стадионына жөндеу жұмыстары, Өскемен қаласының екі спорт залына, Зырян қаласының спорт стадионына жөндеу жүргізілді.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары 47 152,7 млн. теңгеге орындалды.

Білім объектілерін салуға және қайта жаңартуға 4 284,6 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен трансферттер 100,0 млн.теңге, ҚР Ұлттық қорының қаражаты – 3 332,9 млн.теңге. Есеп беру жылында аталған қаражат есебінен Шемонаиха, Аягөз аудандарындағы және Семей қаласындағы мектептер құрылысы жалғастырылды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 851,7 млн.теңге сомасына білім берудің 7 объектісінің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 6- ауылдық мектептер.

2016 жылы облыс бойынша 6 мектеп пайдалануға енгізілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 135,6 млн.теңге сомасына Семей қаласындағы Знаменка ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Үржар ауданы Үржар ауылындағы қазандық және кір жуу орны, Өскемен қаласындағы 200 төсекті балалар ауруханасы құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді және енгізілетін дәрігерлік амбулаториялар бойынша техникалық төлқұжаттар әзірленді.

2016 жылы Знаменка ауылындағы 1 ОДА енгізілді.

Есеп беру жылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар 30 043,4 млн.теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер есебінен 2 504,4 млн.тенге сомасында Өскемен, қаласында коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жобалар іске асырылды.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Ұлан ауданында 8 856,3 млн.теңге сомасында салынып жатқан үйлерге инженерлік коммуникациялар салынды және қайта жаңартылды.

Жұмыспен қамтудың 2020 Жол картасы бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, оның шеңберінде трансферттер есебінен қызметтік тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрлымды салу және дамыту , жастарға арналған жатақхананы аяқтауға республикалық бюджеттен - 9 млн.теңге, 497,9 млн.теңге – ҚР Ұлттық қорынан қарастырылған, олар толығымен игерілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 868,7 млн.теңге, соның есебінен Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Бородулиха, Глубокое, Ұлан аудандарында тұрғын үйлер, тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялар салынды.

Облыстың елді мекендерін сумен қамтамасыз ету шығыстары 1 911,3 млн.теңгені құрады, олардың есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы республикалық бюджет берілетін 5 894,0 млн.теңге сомасында кредиттер есебінен Өскемен және Семей, Риддер қалаларындағы және Ұлан, Тарбағатай, Зайсан, Аягөз, Шемонаиха аудандарындағы жылу, сумен жабдықтау және су жеткізу жүйелерін қайта жаңарту және салу жүргізілді.

Автомобиль жолдарының салу, күрделі және орта жөндеу, ұстау бойынша шығыстар 5 969,3 млн.теңгені құрады.

«Күршім және Көкпекті аудандарында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткеліне кіреберіс жолын салу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірленді.

Қала маңындағы темір жол бағыттарында тұрғындардың жол жүруінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, тасымалдаушыларға облыстық бюджеттен 323,6 млн.теңге көлемінде субсидия, жүйелі ішкі әуетасымалдарды субсидиялауға 182,2 млн.теңге төленді.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді қолдауға 16 412,9 млн.теңге жұмсалып, 2528 тонна іріктелген тұқым (бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, картоп, күнбағыс), 12 297 бас асыл тұқымды ірі қара төлін, 25 825 бас асыл тұқымды қой төлін, 233420 бас асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға, 4382 бас жылқы, 45 бас марал, 183031 бас - асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған аналықпен селекциялық жне асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, 3834,8 тонна сиыр етін, 38 329,2 тонна құс етін, 1 385,0 тонна шошқа етін, 82793,7 тонна сүт, 2545,3 тонна қымыз, 19,6 тонна жүн, 1870,0 бас бұқашықты бордақылау алаңдарына өткізуге, сондай-ақ, 17,4 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға субсидия төленді, сонымен қатар, облыстың ауылшаруашылық тауар өңдірушілеріне 34,0 млн куб метр көлемінде су жеткізу бойынша қызмет құның арзандатуға, 317 150 л/кг – гербицидтерді субсидилауға, сондай-ақ, ветеринарлық алдын алу шаралары өткізілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен Өскемен, Риддер қаларындғы және Глубокое, Үржар, Ұлан, Көкпекті және Зырян аудандарындағы 10 жобаны іске асыруға 3 956,3 млн.теңге сомасында бөлінді.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен 1721,7 млн.теңге сомасында кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, 246,5 млн.теңге сомасында шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру, 47,0 млн.теңге сомасында бизнесті жүргізуді сервистік қолдау жүзеге асырылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлікке оқытуға және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге бюджеттік кредиттер беруге 1000,0 млн.теңге, ҚР Ұлттық қордан – 950,0 млн.теңге бағытталды. Бағдарламаны іске асыру барысында бюджеттік кредиттер ретіндегі ақша қаражаты Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынылды.

Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін есепті жылы әлеуметтік сала мамандарына 495,3 млн.теңге сомасына бюджеттік кредиттер беріліп, ауылдық жерде тұру үшін тұрғын үй сатып алынды.
Ескертпе

Аббревиатуралардың толық жазылуы:



АҚ – акционерлік қоғамы

АӨК – агро-өнеркәсіптік кешен

АИТВ - АИТВ – адамның иммунитет тапшылығының вирусы

ШҚ АШҒЗИ – Шығыс Қазақстанауыл шаруашылықтың ғылыми-зерттеу институты

ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы

ҰОС – Ұлы Отан соғысы

МС – мемлекеттік сатып алу

АҚ – азаматтық қорғаныс

МК – мемлекеттік корпорация

ҮИИДМБ - үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны

ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары

ІІД – Ішкі істер департаменті

БЦП - балалардың церебральді сал ауруы

ДБАЖ - денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі

ЭҚБЖ – электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі

СӨС- салауатты өмір салты

УҰИ – уақытша ұстау изолятор

МОИП – мемлекеттік органдардың интернет-порталы

НКИ – нақты көлем индексі

КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

ІҚМ- ірі қара мал

АБШ – ақшалай бақылау шоты

ШҚ - шаруа қожалығы

ЛЕЖ – локалді-есептеу желісі

ЖАО – жергілікті атқарушы орган

ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

МТС – материалдық-техникалық сараптама

МТБ – материалдық-техникалық база

КФҚ – көп функционалды қондырғы

СТФ – сүт-тауарлық ферма

ҰК – Ұлттық компания

ЖЕТҚ – жаңа еңбекақы төлеу жүйесі

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

ОНД – онкологиялық наркологиялық диспансер

БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмек

ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама

РКШОЖ - республикалық командалық штабтық оқу жаттығулар

ОДА – отбасылық-дәрігерлік амбулатория

ЖИТС - жүре пайда болған иммундық тапшылығының синдромы

ӘКК – әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы

АҚШ – Америка Құрама Штаты

АШТӨ - ауылшаруашылық тауар өндіруші

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме

ШҚО ТРжТПРБ - Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ЕТҚ – еңбекақы төлеу қоры

ҚЭН – қаржылық- экономикалық негіздеме



ТЖ – төтенше жағдай

ШҚО Қаржы

басқармасының басшысы Л. Кенжетаева
жүктеу 190,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау