6-тарау. Талдамалы жазбахат



жүктеу 214,56 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі214,56 Kb.
#5045
түріБағдарламасы

6-тарау. Талдамалы жазбахат
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы 2013 жылдың 15 ақпанындағы Алматы қаласы мәслихатының V-ші жиналысындағы № 93 (ары қарай - бағдарлама) ХІІІ-ші сессиясының шешімімен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 2012 жылдың 27 тамызында № 371 бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2011-2015 жылға іс-шаралар жоспары жасалды (2011 жылдың 31 наурызында №1/189 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді), (ары қарай – іс-шарлар жоспары). «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 1/189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №4/1120 қаулысы әкімдігі қаулысымен қайта бекітілді.

Алматы қаласын дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жеке қаржықорлары біріктірілді. 2012 жылға жоспарланып отырған шығыс көлемі 196,6 млрд.теңге.



Нысаналы көрсеткіштер мен нәтижелі көрсеткіштер:

Бағдарлама бойынша 43 нысаналы көрсеткіш қол жеткізу қарастырылған, соның ішінде:

5 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі сәйкес келмеді;

4 нысаналы индикатор статистика органдарымен қадағаланбайды.

Сонымен қатар бағдарлама бойынша 107 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған, соның ішінде:

13 көрсеткіш бойынша жариялау мерзімі сәйкес келмеді;

5 көрсеткіш статистика органдарымен қадағаланбайды.

Осыған орай 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін 34 нәтижелі көрсеткіштерге және 89 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу қарастырылған.



28 (78,4%) нысаналы индикаторларға, 68 (76,4%) нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2012 жылға бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 214 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған, соның ішінде:

1 - бағыт бойынша. Жалпы көлемі 30 403,0 млн. теңгені құрайтын 43 іс-шараны жүзеге асыратын «Экономиканы дамыту» қарастырылған;

2 - бағыт бойынша. Жалпы көлемі 65 986,9 млн. теңгені құрайтын 123 іс-шараны жүзеге асыратын «Әлеуметтік сала» қарастырылған;

3 - бағыт бойынша. Жалпы көлемі 99 808,61 млн. теңгені құрайтын 43 іс-шараны жүзеге асыратын «Ішкі құрылым» қарастырылған;

4 - бағыт бойынша. 70,0 млн. теңгені құрайтын 1 іс-шараны жүзеге асыратын «Аумақтық даму» қарастырылған;

5 - бағыт бойынша. 344,5 млн.теңгені құрайтын 4 іс-шараны жүзеге асыратын «Мемлекеттік қызмет көрсету» қарастырылған.
I-бағыт. «Экономиканы дамыту» бағдарламасында 9 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 6 (66,6%) нысаналы индикаторларға қол жеткізілген.



3 нысаналы индикаторлар орындалмаған.

Сонымен қатар бағдарламада 16 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, соның ішінде 8 нәтижелі көрсеткіш орындалмаған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 8 (50%) нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Импорт, инфляция сыртқы сауда айналымы.

2012 жылғы импорт көлемі 18 323,0 млн.АҚШ долларын құрады (жоспарланған – 16 336,6 млн.АҚШдолл.).

Алматы қаласы бойынша қаңтар-маусым айларында инфляция деңгейі 6,1% құрады (жоспарланған – 8%).

Өткен жылғы сыртқы сауда айналымының өсу қарқынын пайызбен алғанда- 106,7% , жоспарланған - 101,5%.


Өнеркәсіп саласының дамуы.

2012 жылға электр қуатын өндіру 643 млн. квт. құрады (жоспарланған – 450 млн. квт.).

2012 жылға өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек өнімділігі 121,7%-ды құрады (жоспарланған – 107,5%).
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы.

2012 жылға өндірілген өнімнің нақтылы көлемінің индексі- 96,5%-дықұрады, жоспарланған - 90%.


Шағын және орта бизнес, сауда-саттық.

2012 жылға шағын және орта кәсіпкерлігі субъектісі шығарылған өнімнің нақтылы көлемінің индексі - 100,7%-ды құрайды, жоспарланған - 100,7%.

2012 жылға шағын кәсіпкерлікте қазіргі кәсіпорынның санының өсуі - 83,4%-дықұрайды, жоспарланған - 83,4%.

2012 жылғабөлшек сауданың нақтылы көлемінің индексі - 106,7% (жоспарланған – 102,1%).

2012 жылға 1000 тұрғынға шаққанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъктісі өсімі - 89,3%-ды құрайды,жоспарланған - 89,3%.
Жаңартпа және күрделі қаржы.

2012 жылға негізгі капитал пайызбен есептегенде қаржы салудың нақтылы көлемінің индексі - 106,1%-ды құрайды, жоспарланған– 101,0%.

Негізгі капитал халық жанына қаржы салу - 310,7 мың теңгені құрады,жоспарланғаны – 290,0 мың теңге.

2012 жылға ИТ қызметін жергілікті сатып алу мөлшерінің өсімі - 100%, жоспарланғаны - 100%.


Осы бағыт бойынша 3 нысаналы индикаторлар орындалған жоқ:

1. 2012 жылға өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 103,3 жоспар бойынша - 104,0%;

2. 2012 жылға өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі - 103,4%, жоспар бойынша - 104,0%; Жоғарыда аталған көрсеткіштердің орындалмау себебі ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының қатарының көшуі:

1.ЖШС Бірінші сыра зауыты

2.ЖШС Магнетик

3.ЖШС АЖЗ

4.ЖШС Тубус

5.ЖШС Текстилайн



3. Тауар сатып алу бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардың АҚ «Надлог»-қа есеп берілмегендіктен 2012 жылға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жалпы көлемінің жергілікті мазмұн үлесін көбейту 42,0%-ды құрады, жоспар бойынша - 53,3%.
8 нәтижелі көрсеткіштер орындалған жоқ.

1. Өсімдік өнімдерін жалпы шығару(қызмет көрсету) көлемінің нақты индексі - 96,4%-ды құрайды, жоспар бойынша - 98%. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына Алматы қаласының Санақ департаментініңресми мәліметі;

2. Жануар өнімдерін жалпы шығару(қызмет көрсету) көлемінің нақты индексі - 78,7%-ды құрайды, жоспар бойынша - 101,0%. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына Алматы қаласының Санақ департаментініңресми мәліметі;

3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсуі - 52,7% (жоспар - 100%). ҚР Санақ агенттігінің жедел мәліметі (анық. ИИДЖМБ бюллетені);

4. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына санақ органдарының ресми мәлімтіне сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына қаржы салудың нақтылы көлемінің индексі – 92,9%-ды құрайды, (жоспар – 103%;

5. Сатып алынған тауардың жалпы көлемі 30,7%-ды құрайтын Алматы қаласы бойынша отандық тауар өндірушілерден 3 млрд. 789,2 млн. теңгегетауарсатыпалынғаныжөніндемемлекеттік сатып алу веб-порталында берілген мәліметтерге сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауар сатып алу жергілікті үлесінің өсуі - 30,7%-ды құрайды (жоспар -43%). Сондықтан да Қазақстан нарығының ұсынылған ең аз баға конкурсынан жеткізушілердің жеңуіне жол беретін импорттық өнімдерге техникалық сипаты жағынан ұқсас және арзан тауарларға толы болуына байланысты көрсеткіш орындалған жоқ;

6. 2012 жылға Алматы қаласының жүйе құрушы кәсіпорындарының АҚ «НАДЛОГ»-қа тауар сатып алу жөнінде есеп берілмегендігіне байланысты жүйе құрайтын кәсіпорындардың –тауарларды сатып алудың жергілікті мазмұн үлесін көбейту - 0% (жоспар – 15%);

7. Жұмыстар, қызметтер сатып алуда мемлекеттік мекемелер және ұйымдар саттып алудағы жергілікті мазмұн үлесін көбейту – 70,6% (жоспар – 86,9%). Мемлекеттік сатып алу веб-порталынан берілген мәліметтерге сәйкес Алматы қаласы бойынша сатып алынған тауарлардың жалпы көлемі 30,7%-ды құрайтын 3 млрд. 789,2 млн. теңге көлемінде отандық тауар өндірушілердер тауар сатып алынған. Көрсеткіштің орындалмау себебі жұмысты орындау барысында жеткізушілер импорттық өндірістегі арзан материалдарды немесе ҚР территориясында шығарылмайтын материалдарды қолданады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 102-1 ж. ережесіне сәйкес осындай жеткізушілерге тапсырыс беруші жергілікті үлес есебінің пайыздық мөлшерін қолданбайды;

8. Жүйе құрайтын кәсіпорындардың – жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жергілікті мазмұн үлесін көбейту – 67%, (жоспар – 68,2%) .Алматы қаласы жүйе құрушы кәсіпорындары бойынша АҚ «НАДЛОГ»-қа жұмыс бойынша 100% есеп берілді, қызмет бойынша 35%-ы қамтылған. Көрсеткіш бойыншаорта есеппен жалпы көлемі шығады, қорытындылай келгенде 67,5%.
II-бағыт «Әлеуметтік даму» бағдарламасында 14 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

2 нысаналы индикаторлар орындалған жоқ.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 12 (85,7%) нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

Сонымен қатар 54 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, оның ішінде 8 орындалған жоқ.



45 (83,3%) нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілді.
Білім саласы

Білім саласы бойынша көрсеткіштің көпшілігі орындалған.

Жалпы педагогтар санын есепке алғанда жоғары және бірінші санатты жоғары біліктілігі бар педагогикалық қызметкерлердің үлесі – 54,6% (жоспарланғаны – 54,3%). Алматы қаласы білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес қаладағы педагогтар саны – 18478 адам,соның ішінде жоғары санаттағы педагогтар – 5 111 адам, бірінші санаттағы - 5 849 адам.

ТжКБ ұйымының жаңа технологияны игеру үшін өндірістік кәсіпорындар базасынан машықтанудан өткен инженер-педагогикалық кадларының жалпы сандық үлесі – 35,2% (жоспарланғаны – 12%).

Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім бағдарламаларын ойдағыдай (жақсы, өте жақсы) игерген оқушылардың үлесі - 58,5%-ді құрайды,жоспарланғаны– 56%, 2,5%-ға жоспар асыра орындалды. 2011-2012 оқу жылы аяғының жағдайына қарайоқушылар саны – 163 478 адам, білім бағдарламаларын «өте жақсы», «жақсы және өте жақсы» және «жақсы»-ға игергендер саны - 95695 адам.

Білім беру орындарының жалпы көлемінен инклюзивті білім беру жағдайын жасап отырған оқу орындарының үлесі – 34%-ды құрайды (жоспарланғаны – 19%).31 мектепте дамытпалы оқытуға баулитын сыныптар үздіксіз жұмыс істейді; 63 мектепте түрлі ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсететін логоорындары жұмыс істейді. Сонымен қатар №49,116 орта мектептеріәр сыныпта 3 оқушыдан өзінің дені сау қатарластарымен тең дәрежеде білім алып жатқан кохлеар-имплант балалармен жұмыс істейтін 2 сынып бар. Сонымен жалпы мектеп санын алғанда орта мектептерде инклюзивті білім берумен қамту 34 пайызды құрайды.

Жалпы санынан алғанда мүгедек балалар үшін кедергісіз білім алуға қарастырылғанбілім беру орындарының үлесі – 10,4%-ды құрайды,жоспарланғаны – 9%. Қаладағы 182 білім беру орындарының ішінде 19 мекеме мүгедек балалар үшін «кедергісіз орын» ұйымдастырылған (№№ 175, 176, 173, 152, 148, 169, 177, 149, 172).

Аз қамсыздандырылған отбасынан жалпы оқушыларының санынан сапалы және үйлестірілген ыстық тағаммен қамтамасыз етілген аз қамсыздандырылған отбасы балаларының үлесі – 96,7%-ды құрайды,жоспарланғаны– 95% 1,7%-ы жоспардан асыра орындалған. Жатын орынынсыз білім беру орындарында оқитын оқушылардың жалпы саны - 163478 адам, олардың ішінде 158 039-ы сапалы және үйлестірілген тамақпен қамтамасыз етілген.

Жалпы санынан алғанда мектепалды білім беру енгізілген орындар – 14%-ды құрайды, (жоспарланғаны -14%).Балабақшалардың нақты саны - 221, 2012 жылы - 9 балабақша қосылған, оның ішінде - 3 мекеме салынған, 22– мемлекеттік емес балабақша ашылған.

Еңбекпен қамтылған бітірушілердің саны – 16329 адам. жоспарланғаны – 16 329 адам.


Бұл бағыт бойынша 2 нысаналы индикаторлар орындалған жоқ:

Мектепалды тәрбиелеу және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға білім берумен қамтамасыз ету - 53,1%-ды құрайды,жоспарланғаны - 55%. Білім беру басқармасының берген мәліметтеріне сәйкес 3-6 жас аралығындағы балалар саны- 73 360 адам. Берілген есеп бойынша балабақшаға баратын балалар саны - 38 974 адам. Көрсеткіштің орындалмауының себебі мектепалды мекемелердің аз болуына байланысты орынның жетіспеушілігінен. 0 мен 6 жастағы балабақшаға кезекте тұрған балалардың саны - 48083 бала, ал 3 пен 6 жастағы балалардың саны - 23 419 адам.

Техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз етілген жастардың (14-24 жас) саны - 21,8%, жоспарланғаны – 22,1%. Білім беру мекемелерінің ресми мәліметтеріне сәйкес Алматы қаласы бойынша жастардың саны - 306 163 адам, олардың ішінде ТжКБ орындарында оқитын 14-24жастағылардың саны - 66 861.

Бұл бағыт бойынша 1 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ:

Алматы қаласындағы көші-қон процесінің жоғары және бала туудың көбеюінен мектепалды ұйымдарында кезек көбеюіне байланысты5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету - 74,6%-ды құрайды,жоспарланғаны – 100%. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты балаларды 100% мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету орындалған жоқ.Қазіргі уақытта 5 пен 6 жастағы балалар саны - 38 836 адамды құрайды. мектепалды тәрбиелеуге даярлықпен қамтамасыз етілген5-6 жастағы балалардың саны -28 972 бала және кіші орталықтарда қамтамасыз етілген балаларды қоса 74,6%-ды құрайды.


Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің көбісіне қол жеткізілді.

2012 жылы медициналық қызмет сапасымен халлықтың қанағаттану деңгейі – 87,4%-ды құрайды (жоспарланғаны – 83,3%).

2012 жылы 1000 адамға халықтың жалпы өлімінің кемуі – 7,64%-ды құрайды, (жоспарланғаны - 8%). Шамалап алғанда, қала тұрғындарының өлімінің негізгі себебі болып отырған қан айналымы ауруынан болатын өлім-жітім - 17,2%-ға, жазатайым оқиға, жарақат және уланудан - 14,3%-ға, туберкулезден – 15,4%-ға азайды.

2012 жылы тұрғылықты жері бойынша әйелдер өлімін төмендету ( тірі туылған 1000 бала жағдайында) – 10,3%-ды құрады, (жоспарланғаны – 16%). Сәбилер арасындағы өлім 2011 жылмен салыстырғанда 22% төмендеді. Күн сайын қауіпті жағдайдағы балалар мониторингі жүргізіледі, жедел жәрдем арқылы ауыр халде түскен балалар үшін салалық мамандардың қатысуымен консилиумдар өтікзіледі. Бала дәрігерлері, учаскелік медбикелер үшін 5 жасқа дейігі балаларға жалпы белгілерімен қауіпті бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша семинар өткізетін орталықтың құрылуымен және жаңартпашылық медициналық технологиясымен білім беру орталығын құрумен бала дәрігерінің біліктілігі көтеріледі.
Бұл бағыт бойынша келесі 2 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ:

1. Тұрғылықты жері бойынша әйелдер өлімін төмендету (100 мың бала жағдайында) (жоспар – 11%, дерек – 18,2%). 2012 жылы 100000 тірі туылған нәрестеге шаққанда аналық өлім-жітімнің көрсеткіші -11,0%-дан 18,2%-ға өскен (7 оқиға). Бұдан басқа аналық өлім-жітімдік 2 жағдай республикалық мекемеде болған: кардиология институтында және ҒАГжПО-да (Ғылыми акушер-гинекологиялық және перинатологиялық орталық). Көрсеткішті төмендету үшін аналық, сәбилік өлім-жітімді азайту бойынша мәжілісі өткізілді, ауыр жағдайда жатқан босанған, босанатын, екіқабат әйелдерді күнделікті бақылаудан өткізу ұйымдастырылған, бейімді мамандардың, ғылыми акушерлік, гинекологиялық және перинатологиялық орталықтың және басқа республикалық мекемелердің кеңесшілерімен консилиум өткізіледі. Жаңартпашыл медициналық технологиямен білім беру орталығы құрылды. Дәлелді медицина негізінде акушерлік, перинаталдық көмек стандарттары және хаттамалары жасалынды.

2. 100 мың адамға онкологиялық ауруларынан өлімнің азаюы (жоспар - 121%, дәлел – 126,2%). Шамамен алғанда 2012 жылғы жаңа пайда болған қатерлі аурудан обырдың алғашқы сатысын жеткілікті деңгейде анықтамағандықтан (2011ж. - 56,4%, 2012г. - 56,7%) өлім-жітім- 2,5%-ды құрады (100 мың халыққа шаққанда 121,91%-дан 126,2%-ға). Сонымен бірге берілген көрсеткіштерді төмендету үшін шаралар жиынтығы жүзеге асырылады:

- Алматы қаласы тұрғындарының арасында онкологиялық ауруды емдей және онкоогиялық көмекті жетілдіру;

- обырдың асқынған түрін талдау бойынша штаб ұйымдастырылған және жұмыс істеуде;

- денсаулық сақтау мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету (АМСК үшін маммограф, онкодиспансер үшін сұйықты цитологиялы заманауи құрал);

- кәсіби тексеру кезінде жоғары деңгейде ауруды анықтау қамтамасыз етілген;

- онкологиялық аурудың алдын алу бойынша скринингдік тексеруден тегін өтетін «ашық есік күні» онкүндігі өткізілді.


Әлеуметтік қорғау саласы.

Әлеуметтік қорғау саласы бойынша біршама көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Алматы қаласы Санақ департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес жұмыссыздық деңгейі (жоспарланғаны – 5,6%, дерек – 5,6%).

Арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етілген тұлғалардың меншікті салмағы (оны алуға мұқтаж жалпы аламдар саны) (жоспарланғаны - 82%, дерек – 97,2%). Жоспардан артық орындалудың себебі арнайы әлеуметтік қызметті алушылардың санының өсуіне байланысты (5458 адам).Мүгедектер мен психоохранниктердің Алматылық үй-интернатына кезекте 157 адам тұр.


Бұл бағыт бойынша келесі 2 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ.

1. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі – 50%-ды құрайды (жоспар – 66,7%) жұмыс сұраушылар саны - 5034 адам, жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны – 2519 адам.

2. Табыстары ең төменгі күн көрістен аз, мекен-жайлық әлеуметтік көмек алушы халықтың үлесі - 5%, дәлел - 32%. 2012ж. 1 желтоқсанына жалпы халықтың саны – 1 472,9 мың адам. Күн көріс минимумынан төмен табыс табушы халық үлесі - 0,4%, халық саны - 5891 адам. АӘК алушылар саны -1887 адам.
Тілді дамыту және мәдениет саласы.

Бұл саладағы барлық көрсеткіштер орындалған.

Мәдениет саласында халықты сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейі (жоспарланғаны – 45%, дәлел – 72%).Мәдениет жылы жаңа шығармашылық ұжымдармен бірлесу және бюджеттен қосымша қаржыландыру есебінен өткізілген іс-шаралардың сапасы айтарлықтай көтерілді.

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі (жоспарланғаны – 61,5%, дерек - 65%). Қалада «консул» бағдарламасы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді.1000 сұхбаткерден сауап алынғанда, оның ішінде мемлекеттік тілді еркін меңгергендер үлесі – 65%.


Дене шынықтыру, спорт және туризм саласы.

Бұл сала бойынша барлық көрсеткіштер орындалған.

Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы халықты қамтудың өсуі (жоспарланғаны– 24,4%, дерек – 24,7%-ды құрады).

2015 жылға ҚР бойынша халықаралық деңгейде спорт шебері саны – 45 адам (жоспарланғаны – 44%, дерек – 57%-ды құрайды). 2012 жылы 57 спортсменге халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағы берілген.


Ішкі саясат саласы.

Бұл сала бойынша барлық көрсеткіштер орындалған.

Әлеуметтік зерттеу мәліметі бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қарым қатынасын оң бағалайтын халық үлесінің осы деңгейі (жоспар – 58 %, дерек – 59,2%).

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14 пен 29 жастағы халықтың қанағаттанарлық деңгейі (жоспар – 78%, дерек – 78%).


Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласы.

Жоспар бойынша халықтың ішкі істер ұйымдарына болжамды сенім деңгейі – 52%-ды, дерек – 56,1%-ды құрады. Халыққа әлеуметтік сауалнама алматы қаласының ақпарат және талдау орталығы арқылы жүргізілді.

Тәркіленген наша, соның ішінде героин мөлшері (жоспар - 180/14 кг, дерек - 578/15кг).

Су тасқыны, сел, көшкін, жер сілкінісі, өртке қарсы әрекет ету ішкі құрырылымымен қамтамасыз ету деңгейі (жоспар - 20%, дерек - 25,2%). Жоспарды асыра орындау су тасқыны, көшкінге қарсы әрекет ету бойынша 7 жоспардан тыс жобаның жұмыс істеуіне байланысты. Көрсеткіш ҚР ТЖМ ұсынылған әдісі бойынша есептелген.


Бұл бағыт бойынша келесі 3 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ:

1. Жалпы қылмыс санын алғанда қоғамдық жерде орын алған қылмыстың меншікті салмағы (жоспар - 42,3%, дерек -55,8%).Қылмыс туралы барлық хабарлама және арыздарды электрондық жүйеге тіркеуге енгізу көрсеткіштің өсуіне себеп болды.2012 жылы барлық жолдар бойынша 50288қылмыс тіркелді (2011 ж. - 28561), оның ішінде қоғамдық орындарда 28067 (2011 ж. - 11911).

2. Жол-көлік оқиғаларының санының (деңгейінің) төмендеуі (10 мың автокөлікке шаққанда) (жоспар –40%,дерек -48%).Есеп беру кезеңінде 2490 ЖКО болған (көлік саны 518 695 бірл.).

3. зерттеліп жатқан қылмыстық істер бойынша осы категориядағы қылмыс санына ашылған өте ауыр қылмыс пен ауыр қылмыс үлесінің деңгейі (жоспар - 32%, дерек -24,7%).Ресми тіркелгені – 7071 іс, оның ішінде ашылғаны - 1750 қылмыстық іс.
III-бағыт «Ішкіқұрылым»бойынша 10 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қарастырылған.

1 нысаналы индикаторлар орындалған жоқ.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 9(90%) нысаналы индикаторлар орындалған.

Сонымен қатар17 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған.

5 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 12 (70,5%) нәтижелі көрсеткіш орындалған.


Байланыс және қарым-қатынас саласы.

Жоспардағы 2015 жылға дейін жергілікті телефон байланыстарын сандандыру 100 пайызға жетеді, қазір – 93%, дерек – 95,29%-ды құрайды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша сандық сыйымдылықтың өсімі – 59 754 нөмір.


Құрылыс саласы.

Құрылыс жұмысының нақтылы көлемінің индексі (жоспар – 100,5%, дерек – 107,1%).

Құрылыс жұмысының көлемі, млрд. теңге (жоспар – 210, дерек – 231,9).
Бұл бағыт бойынша 1 мақсатты көрсеткіш орындалған жоқ:

Тұрғын үйлерді іске қосу, жалпы аумағы кв. (жоспар – 1010, дерек – 786,3). 2012 жылғы қаңтар – желтоқсан айларына Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша.


Көлік және жол саласы.

Жоспарда жергілікті мағынада жақсы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда көлік жолдарының үлесі - 34%, дерек - 34%. Алматы қаласы жолының жалпы километражы -2600 км-ді құрайды. Жоспарда жергілікті мағынада жақсы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда көлік жолдарының үлесі -884 кмнемесе34%-ды құрайды.

Жалпы жүк айналымы, млн.т.км. (жоспар - 17504,4, дерек -17953,7).

Жалпы жолаушыайналымы, млн.ж.км. (жоспар - 28449,6, дерек – 28725,0).


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейінің өсуі (жоспар – 95,5%, дерек – 95,5%).

Жылумен қамтамасыз ету деңгейінің өсуі (жоспар -98,4%, дерек -98,4%).

Халықты су бұрғыш қызметімен қамтамасыз ету деңгейінің өсуі (жоспар -64%, дерек -64%).


Бұл бағыт бойынша келесі 4 нәтижелі көрсеткіш орындалған жоқ:

1. Күрделі жөндеуді қажет ететін бірлесе басқару нысанының үлесі, %-бен (жоспар - 29%, дерек -57,2%). Көрсеткіштің орындалмауының себебі күрделі жөндеуді қажет ететін, пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын үйлердің көбеюі.2012 жылы Алматы қаласы әкімшілігіне бөлінген 500 млн.теңге бюджет кодексіне сәйкес 6,43 мөлшерлемесі бойынша арнайы уәкілетті ұйымдарды несиелендіру қажеттілігіне байланысты игерілмей қалған, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі мен қаржыны қайтару қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген пайыздық мөлшерлемені көрсетпеген ғимарат иелерімен жүзеге асады. Осыған байланысты нисиелендіру мүмкін болмағандықтан жоғарыда аталған қаржы республикалық бюджетке қайтарылды.

2. Ауыстырылған жылу құбырының ұзақтығы, км (жоспар -39,31%, дерек -23,1%). ЖШС "Алматы жылу жүйесі"-нің мәліметі бойынша берілген.

3. Бу және жылу құбырларындағы апат саны, бірлікпен (жоспар - 1993, дерек - 2188). 2012 жылғы болған апаттың ресми саны көрсетілген. Жылу құбырларында болған барлық апаттарЖШС "АлЖЖ" қызметі арқылы жойылды.

4. Кәріз дәлізіндегі апаттар саны, бірлікпен (жоспар - 0, дерек – 2)2012 жылғы болған апаттың ресми саны көрсетілген. АпатҚКП "Тоспа Су" қызметі арқылы жойылды.
Қаланың экологиялық жағдайы

Бұл саланың көрсеткіштері орындалған.

Барлық зиянды заттарды тастау азайды, % (жоспар -1,25%, дерек- 3,67%).Белгәленген жоспар бойынша барлық зиянды заттарды тастау 2012 жылға 24,19 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 0,92 мың тоннанемесе 3,67%-ға төмен.

АЛИ5 ластану индексін кезең-кезеңмен қысқарту (мг/м3) (жоспар - 11%, дерек -10,5%).


IV-бағыт «Аймақтық даму»бойынша 1 нысаналы индикатор және 1 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша1(100%)мақсатты көрсеткіш және1(100%) нәтижелі көрсеткіш орындалған.

Алматы қаласының және қала маңындағы аймақтарға қосылған аумақтарды ескере отырып бекітілген Бас жоспарды іске асыру, % (жоспар -100, дерек -100). 2012 жылы барлық жоспар орындалды:

- саны 61235 нысанды кезектегі атаулы жоспар жүргізілді;

- 144 га аумаққа қала тұрғызу тораптары жасалды;

- Әл-Фараби даңғылынан үлкен Алматы өзеніне дейінгі жобаның нақты жоспарының (өлшенген аумақ) жүзеге асуы 2013 жылы аяқталады.

Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрының ақпараттық ресурстарының жасалуы, берілген тапсырыстар санына байланысты (жоспар -100%, дерек – 100%). Түскен 9518 тапсырыстан мемлекеттік қалақұрылыс кадасрында қалақұрылыс уақыты анықталған 9518 ақпараттық ресурс тіркелген.
V-бағыт «Мемлекеттік қызмет»бойынша 1 нысаналы индикатор және 1 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 1(100%) нәтижелі көрсеткіш орындалған.

Электронды жүйеге ауыстырылған әлеуметтік мәнді қызмет санының өсуі, % (жоспар – 58, дерек -58). 2012 жылы 12 әлеуметтік мәнді қызметті электронды жүйеге ауыстыру жоспарланған, көрсетілген кезеңде ресми түрде 7 қызмет ауыстырылған. Қалған 5 қызмет 2013 жылы ауыстырылады.
Іс-шаралар жоспарының орындалуы:

2012 жылдың қорытындысы бойынша орындалған іс-шаралардың саны – 214 іс-шара, 209 іс-шара ауыспалы сипатта.

Атқарылмаған іс-шара жоқ.

1 - бағыт бойынша. «Экономиканы дамыту»31 310,53 млн. теңге сомаға 43 іс-шара өткізілді.

2 - бағыт бойынша. «Әлеуметтік даму» 62 907,9 млн.теңге сомаға 123 іс-шара өткізілді.

3 - бағыт бойынша. «Ішкіқұрылым» 95 077,8 млн.теңгесомаға 43 іс-шара өткізілді.

4 - бағыт бойынша. «Алматы қаласының аумақтық көлемін кеңейту» бағыты бойынша 70,0 млн.теңге сомасына 1 іс-шара өткізілді.

5 - бағыт бойынша. «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» бағыты бойынша 339,17 млн.теңгесомасына 4 іс-шара өткізілді.


Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жүзеге асуына әсер ететін факторлар талдауы.

Осы бағдарламалық құжатты тексеру барысында мақсатты және нәтижелі көрсеткіштер бойынша статистикалық және идаралық есеп-қисаптардың жоқ болғандығынан, жоспарланған мақсаттар мен тапсырмалардың нақты нәтижесін шығаруға мүмкіндік жоқ.



Қаржыландыру көздерінен түскен қаржы қаражатын игеру:

Бағдарламаны жүзеге асыруда барлық қаржы көздерін есептегенде 2012 жылға іс-шаралар жоспарына 196,6 млрд. теңге, жылдың аяғына ресми түрде жұмсалғаны 189,7 млрд.теңгенемесеболжанған жоспар бойынша мөлшерленген қаржыландыру көлемі 96,4%. Соның ішінде:

● республикалық бюджет есебінен алдын ала жоспарланған іс-шараларға – 121,2 млрд.теңге, игерілгені - 117,4 млрд.теңгенемесежоспардан - 96,8%, бөлінген қаражат ресми түрде 100% игерілген;

● жергілікті бюджет есебінен алдын ала жоспарланған іс-шараларға– 66,6 млрд.теңге, игерілгені - 63,5 млрд.теңгенемесе 95,3 % айырмашылығы 4,7% бюджеттің түзетілуіне байланысты;

● басқа қаржы көздері есебінен алдын ала жоспарланған іс-шараларға(меншікті қаражатжәне қарыз қаражат) – 8,7 млрд.теңге, игерілгені 8,7 млрд.теңгенемесе 100% игерілген.

Сонымен қатар, алдын ала жоспарланған іс-шараларды қаржыландыру көлемі «болжалды шығын» болып белгіленгендіктен, осы себепке байланысты жоспарланған шығынға ресми түрде толықтай сәйкес келмейтіндігін ескеру қажет.


Алматы қаласы Экономика және

бюджеттік жоспарлау

басқармасының бастығы С. Қабдулов
жүктеу 214,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау