Қолданылған әдебиеттер тізімі .....................................................................92
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991-жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.
Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].
Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистiк» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай қару болмай, өзiндiк қиындықтарға кез болады, экономика саласында күйзелiстерге ұшырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуi нәтижесiнде Республикамыз бiрқатар ереуiлдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртiп деңгейi төмендейдi.
Қазақстан халқына ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды. Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi[2].
Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.
Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи – саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.
Соңғы жылдары республикамыздағы қылмыстардың жалпы саны төмендегiдей көрiнедi.
2000 ж. – 150790, 2001 ж. – 152168, 2002 – 135151, 2003 ж. - 118485, 2004 ж. – 143550, 2005-146347, 2006ж.-141082, 2007ж.-185252, 2008ж.-18566, 2009ж.-19544.
Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады: 2000ж.-15609, 2001ж.-14741, 2002ж.- 15099, 2003ж.- 12687, 2004ж.-10032, 2005ж.- 8832, 2006ж. – 8178, 2007ж.- 8199, 2008ж.- 9155, 2009ж.-9211.
Берілген көрсеткіштерден экономикалық қылмыстардың соңғы жылдары азайғандығы байқалады. Алайда, экономикалық қылмыстылыққа латтентілік тән құбылыс.
Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық, әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы экономикалық қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.
Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (2007 – 2009) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 2007 жылы 3 млрд. теңгеден 2009 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен. Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк – псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 2005 – 2009 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100- ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.
Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк – бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.
Бүгiнгi таңда экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу тұтас зерттелiп болмағанын айтпай кете алмаймыз. Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, экономикалық қылмыстық істерді ашуда, тиімдеу арқылы экономика саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, қаржы-несие қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi[3]:
«Мыналарды жасау қажет:
- шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi;
- мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;
- экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».
Бұл жағдайлар зерттеу тақырыбының өзектiлігін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |