[3] сұрақ. Мемлекет және құқықтық пайда болуының теологиялық және патриархалдық теориялары



жүктеу 84,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.06.2020
өлшемі84,06 Kb.
#30897
салта гос



[3] сұрақ. Мемлекет және құқықтық пайда болуының теологиялық және патриархалдық 

теориялары 

Кіріспе 


Мемлекет - қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси 

жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда 

болуы туралы мәселе даулы болып табылады. Себебі, этнография және тарих ғылымдары 

оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу 

себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылады: 

* Теологиялық (діни) теория 

* Патриархалдық теория 

* Күштеу теориясы 

* Органикалық теория 

* Қоғамдық келісім теориясы 

* Психологиялық теория 

Теологиялық (діни) теория 

Мемлекет пайда болуының теологиялық теориясы - көбінесе орта ғасырда дамыды. Оның 

негізін салушысы Фома Аквинский. Қазіргі кезде теологиялық теория ислам дінінің, католик 

шіркеуінің өкілдері дамытуда (Маритен, Мерсье және т.б.). 

Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, мемлекет - құдай еркінің өнімі. Осыған орай, 

мемлекеттік билік - мәңгілік және олар діни ұйымдар мен қызметкерлерге байланысты. Әрбір 

адам құдайға бағынған сияқты, мемлекетке де бағыну керек. Қоғамдағы әлеуметтік-

экономикалық және адамдардың құқықтық теңсіздігі құдайдың еркіне байланысты және 

онымен барлығы келісуі керек, жердегі құдайдың билігіне қарсы келмеуі керек. 

Мемлекеттік билікті тыңдамау, құдайды тыңдамау білдіреді. 

Бұл теорияның өкілдері мемлекетті және мемлекет басшысын қасиетті деп жариялау, 

қоғамдағы тәртіпті, келісімді, руханилықты бекітуге атсалысты және олардың беделін көтерді. 

Бұл жерде құдай мен мемлекеттік билік арасындағы делдалдарға басты назар аударылды. 

Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, 

нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын - абыздар билігін, 

шіркеудің рөлін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. 

Дегенменде, аталмыш теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болуына әлеуметтік-

экономикалық факторлардың әсерін, мемлекеттік нысанды, құрылымдарды жетілдіру жолын 

ұсынбайды. Теологиялық теория дәлелдеуге жатпайды, өйткені, ол сенімге негізделген. 

 

 

Патриархалдық теория 



Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясының ең беделді өкілдеріне Аристотель, 

Фильмер, Михаиловскийді жатқызуға болады. 

Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға 

ұмтылады, отбасын құруға тырысатын ұжымдық субъектілер. Адамдардың бірігуінен отбасы 

дамиды. Бұл отбасының көбеюі, дамуы соңында мемлекеттің пайда болуына әкеледі. 

Осыдан мемлекет басшысының билігі отбасындағы отағасының (әкесі) билігінің жалғасы және 

ол шексіз болды. Сондықтан да, барлығы отбасы иесіне бағынған сияқты, мемлекет 

басшысына да бағынуы керек. Оған ешкім қарсы келмеуі керек. Мемлекет басшысы барлық 

адамдар үшін, қажетті өмір сүру жағдайын жасайды. 

Отбасындағы отағасы сияқты, монарх сайланбайды, тағайындалмайды және 

ауыстырылмайды. 

Әрине, мемлекет пен отбасының ұқсастығы болуы мүмкін, өйткені, қазіргі кездегі мемлекеттің 

құрылымы бірден пайда болмай, қарапайым нысанда дамыды. Сонымен қатар, бұл теория 

мемлекеттік билікті құрметтеуді, бірмемлекетте барлық адамдар туысқан екендігін айтып 

өтеді. 



Дегенменде осы теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болу үрдісін қысқартады да, "отбасы" 

ұғымын "мемлекет" ұғымына ауыстырады, ал "әке", "отбасы мүшелері" санатын тиісінше 

"монарх", "бағынышты" санаттарымен негізсіз теңестіреді. Сонымен қатар, тарихшылардың 

айтуы бойынша алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін мемлекетпен бірге отбаса да 



(әлеуметтік институт ретінде) пайда болды. 

жүктеу 84,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау