Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар:
Арнайы тақырып бойынша эссе дайындау
Пәннің негізгі терминдарына байланысты кроссворд құрау.
Арнайы терминдерге анықтама беру.
Қазақстандық жастар мен Ресейлік жастар құндылықтық ұстанымдарына талдау жасау.
ҚР жастар саясатының басты бағдарларына талдау жасау.
Елбасы жолдауының студенттік жастар, білім беру, жұмысқа орналастыру мәселесіне қатысты бөлімдеріне талдау жасау.
Қазақстан жастарының басты құндылықтық ұстанымдары: жастар көзімен.
Жастардың отбасы құру мәселесі.
Берілген әдебиеттер тізімінен картатека құрау.
Берілген тақырып бойыеша реферат дайындау.
Арнайы берілген тақырыптар бойынша конспект жасап, контент талдау жасау.
Өтілген тақырыптар бойынша экспресс сұрақ дайындау.
Төменде берілген терминдерге анықтама беру:
1. Әлеуметтану
2. Психологиялық дефинициялар
3. Әлеуметтік құрылым
4. Әлеуметтік институт
5. Әлеуметтік рол
6. Әлеуметтік мәртебе
7. Әлеуметтік топтар
8. Кішкене әлеуметтік топтар
9. Үлкен әлеуметтік топтар
10. Әлеуметтендіру
11. Әлеуметтік бақылаушы
12. Әлеуметтік стратификация
13. Жеке адам
14. Әлеуметтік прогресс
15. Әлеуметтік реформа
16. Құжаттарды сұрыптау
17. Стандартталған бақылау
18. Контент-сұрыптау
19. Тікелей бақылау
20. Сұрау әдістері
21.Сауалнама
22. Супервайзер
23. Интервьюер
24. Респондент
25. Нукеаралық отбасы
26. Зайыптық отбасы
27. Кеңейген отбасы
28. Моногамія
29. Полигамия
30. Полигиния
31. Полиандрия
32. Инцеста
33. Майорат
34. Аталық жол
35. Отбасын жоспарлау орталықтары
36. Жеке адам
37. Әлеуметтік прогресс
38. Әлеуметтік реформа
39. Мәнер
40. Этикет
41. Құлық
42. Әлеуметтік құндылықтар
43. Әлеуметтік моделдеу
10. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны.
|
Ұсынылатын әдебиеттер.
|
Орындалу мерзімі.
|
Балл
|
Бақылау.
|
1
|
Картатека дайындау
|
Әдебиет санын толықтыру.
|
Семинар тақырыбына байланысты.
|
2 аптада.
|
3 балл (үй тапсырмасы ретінде.)
|
Жазбаша тексеру.
|
2
|
Реферат
|
Тақырыпты жан жақты ашу
|
Семинар тақырыбына байланысты.
|
4 аптада
|
3 балл ( үй тапсырмасы ретінде)
|
Ауызша қорғайды
|
3
|
Контент анализ жасау.
|
Берілген тақырыптың
мазмұнын ашу
|
Берілген әдебиет бойынша
|
6 аптада
|
3 балл
|
Жазбаша тексеру.
|
4
|
Баяндама
|
Тақырыпты талқылау
|
Семинар тақырыбы бойынша.
|
8 аптада
|
3 балл
|
Ауызша қорғайды.
|
5
|
Сөзжұмбақ құрастыру.
|
Студенттің ойлау қабілетін дамыту.
|
Берілген әдебиет бойынша
|
10 аптада
|
3 балл
|
Семинарда жауап беруі.
|
6.
|
Экспресс-сұрақтар дайындау.
|
Тез ойлау мен дер кезінде жауап беру қабілетін дамыту.
|
Берілген әдебиеттер бойынша
|
12 аптада.
|
3 балл(үй тапсырмасы ретінде)
|
Семинарда жауап беруі.
|
7.
|
ОқСӨЖ тапсырмалары.
|
Талдау мен танымдық қабілетін арттыру.
|
Берілген әдебиеттер бойынша
|
ОқСӨЖ кестесі бойынша.
|
Тақырып бойынша 1 баллдан қойылады.
|
Тапсырманың орындалуын, сұрақтарға жауап беруі.
|
8.
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Білімді тексеру
|
Берілген әдебиет бойынша
|
7 және 15 аптада
|
5 балл
|
Жұмысты тексеру.
|
9.
|
Каллоквиум
|
Ұйым, топ болып жұмыс істеуі.
|
Берілген әдебиеттер бойынша.
|
6 және 14 аптада
|
2.5 балл
|
Ұйымдық қабілетін дамыту
|
10
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру.
|
Берілген әдебиет бойынша.
|
Кесте бойынша
|
40 балл
|
Тест түрінде.
|
11. Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
11.1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
1. Жастар әлеуметтануы пәні мен түсінігі.
2. Жастар әлеуметтану пәнінің қалыптасу тарихы
3. Жастар тақырыбының қоғамдағы өзектілігі.
4. Жастар сипаттамасы
5. Жас стратификациясы.
6. Жастық шақ теориясы.
7.. Жастарды әлеуметтендіру процесі.
8. Жастарды әлеуметтендірудің кезеңдері мен даму механизмдері
9. «Адам», «тұлға», және «индивид» түсінігі.
10. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
11. Тұлғаның қалыптасу кезеңдері.
12. Білім беру социологиясы.
13. ҚР білім беру саясаты мен білім беру жүйесі.
14. Студенттік жастар - әлеуметтік топ ретінде.
15. Жастарды еңбекке баулу.
16. Жас мамандарды еңбекпен қамту
17. Жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек.
11.2 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Отбасы түсінігі, формалары мен түрлері.
2. Отбасының атқаратын қызметі.
3. Жас отбасын құру, ондағы қиындықтар.
4. Студенттік отбасы.
5. Ажырасу, оның алдын алу жолдары.
6. Девиантты мінез-құлық түсінігі.
7. Жастар бойындағы девиантты мінез құлық ерекшелігі.
8. Нашақорлық пен маскүнемдік –қоғам кеселі ретінде.
9. Жастар арасындағы қылмыс мәселесі.
10. Мәдениет түсінігі.
11. Мәдениет түрлері мен қызметі
12. Субмәдениет, жастар бойындағы субмәдениет ерекшелігі.
13. Жастарды тәрбиелеудегі мәдени құндылықтардың маңыздылығы.
14. Дін түсінігі мен қызметі, түрлері.
15. Діннің жастар.ға ықпалы.
16. ҚР діни секталар мен жастар арасындағы діни ұстаным.
17. Азаматтық қоғамдағы жастардың ролі.
18. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
19. Жастар және саясат.
20. ҚР жастар саясаты.
12. Емтиханға дайындық сұрақтары.
1. Жастар әлеуметтануы пәні мен қоғамдағы маңыздылығы.
2. Жастар әлеуметтауының тарихи қалыптасу жолдары.
3. Жастар әлеуметтануының КСРО кезіңдегі дамуы.
4. Жастар әлеуметтануының Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы.
5. Жас стратификациясы.
6. Жас сипаттамасы.
7. Жастық шақ теорияларының негізін салған ғалымдар.
8. Жастарды әлеуметтендіру процесі.
9. Әлеуметтендіру процесінің механизмдері мен институттары.
10. Әлеуметтендіру процесінің кезеңдері.
11. Білім беру әлеуметтануы.
12. Білім беру әлеуметтануының пәні мен анықтамасы.
13. ҚР білім беру жүйесі.
14. Жастарды еңбекпен қамту мәселесі.
15. Нарықтық экономика түсінігі.
16. Нарықтық экономикаға жастардың бейімделу процесі.
17. Тұлға түсінігі.
18. Индивид түсінігі.
19. Тұлға қызметі мен өзіне тән ерекшелігі.
20. Тұлғаны қалыптастыру кезеңдері.
21. Отбасы түсінігі.
22. Отбасы түрлері.
23. Отбасы формалары.
24. Отбасы қызметі.
25. Студенттік отбасын құру мәселесі.
26. Отбасындағы шиеленістер мен оны шешу жолдары.
27. Девиантты мінез-құлық түсінігі.
27. Девиантты мінез-құлық түрлері.
28. Деликвентті мінез-құлық түсінігі.
29. Нашақорлық
30. Маскүнемдік.
31. Қылмыс, қылмысқа итермелейтін факторлар.
32. Мәдениет түсінігі.
33. Мәдениет түрлері мен қызметі.
34. Субмәдениет түсінігі.
35. Дін түсінігі.
36. Дін түрлері.
37. ҚР діни секталар мен ұйымдар.
38. Діни ұйымдардың атқаратын қызметімен мақсаты.
39. Діннің жастарға деген ықпалы қандай?
40. Жастар арасындағы діни ұстаным.
41. Азаматтық қоғам түсінігі.
42. Азамат түсінігі.
43. Азаматтық сана түсінігі.
44. Азаматтылық түсінігі.
45. Мемлекеттік тіл.
46. Гендерлік теңсіздік ұғымы.
47. Феменизм ұғымы.
48. Эмансипация түсінігі.
49. Әйелдердің қоғамдағы ролі.
50. Жастар саясаты, мақсаты мен міндеті.
Тест түріндегі студенттердің білімін бағалау сұрақтары:
Жастар әлеуметтануы пәні дегеніміз?
А) Жас ұрпақтың әлеуметтенуін, жастардың өзіндік өмір сүру үлгісін, оның құндылықтық ұстанымдары мен мотивациялық іс-әрекеттерін, әлеуметтік мобилдігінің сипаты мен бағытын, әлеуметтік мәртебісі мен әлеуметтік ролдерді атқару, олардың өмірлік жоспарларын зерттейтін ғылыми сала.
Б) жастардың әлеуметтенуін, әлеуметтік белсенділігін зерттейтін ғылыми сала.
В) Саяси сананы, саяси іс-әрекетті, саяси процестегі жастардың ролі мен орнын зерттейтін ғылым
Г) Жастарды тек әлеуметтік топ ретінде зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы.
2. Жастар әлеуметтануының обьектісі?
А) Жастар
Б) Кәрілер
В) Мектеп жасындағы оқушылар
Г) Жасөспірімдер
Жастар әлеуметтануы ғылыми сала ретінде қашан мойындалды?
А) 1970
Б) 1968
В) 1971
Г) 1972
Жастар мәселесін зерттеумен айналасқан белгілі социолог ғалымдар?
А) Л. Розенмайер, К. Штарке, Э. Гидденс, Э. Дюркгейм
Б) В. Парето, Г. Моска
В) Р. Михельс, Зиммель
Г) М. Вебер, П. Сорокин.
Жастық шақ –
А) Адамның балалық пен үлкен өмір аралығындағы қалыптасу мен даму кезеңі
Б) Адамның үлкен өмірге аяқ басуы
В)Адамның қоғамда белгілі-бір орны бар, әлеуметтік мәртебесімен, соған сәйкес белгілі-бір әлеуметтік роль атқаратын, тұлға болып қалыптасқан кезеңі.
Г) Адамның балалық шақ пен жасөспірімдік кезеңін қамтитын кезең.
Жастық шақ қай кезеңді қамтиды?
А) 18-30
Б) 13-15
В) 19-39
Г) 40-45
Жастар мәселесін зерттеуші ресейлік ғалымдар?
А) В. Т. Лисовский, Н. М. Блинов, В. Н. Кузнецов
Б) Г. Е. Зборовский, А. В. Шаранов, И. С. Кон.
В) И. С. Кон, В. И. Кузнецов.
Г) В. Г. Немировский, Пугачев.
Жастар әлеуметтануында ең негізгі мәселе жастардың қоғамдағы тап ретінде лардың әлеуметтік құрылымындағы орны мен ролі жастардың тұлға ретінде қалыптасуы, мамандық таңдау, жастардың еңбекке, отбасын құруға деген қатынасы деп жазған ғалым?
А) И. С. Кон
Б) В. Т. Лисовский
В) В. И. Кузнецов
Г) А. В. Шаронов
А. В. Шароновтың « Жастар әлеуметтануы» деген кітабында жастар әлеуметтануы ғылым ретінде қанша өзара байланысты деңгейден тұрады?
А) 3
Б) 5
В) 6
Г) 2
«Жастар» түсінігіне ресейлік ғалымдардың ішінен кім алғаш болып анықтама берді?
А) В. Т. Лисовский
Б) И. С. Кон
В) В. И. Кузнецов
Г) А. В. Шаронов
В. Т. Лисовский «жастар» түсінігіне анықтаманы алғаш қай жылы берді?
А) 1969
Б) 1956
В) 1991
Г) 1978
В. Т. Лисовскийдің берген анықтамасы бойынша жастар дегеніміз?
А) Әлеуметтену кезеңінен өтіп жатқан, білім беру, кәсіби, мәдени және т.б. әлеуметтік факторларды игеріп жатқан немесе игеріп болған адамдардың жас ұрпағы
Б) Жастар дегеніміз бұл динамикалық түрде тез қарқынмен дамитын ресурс
В) Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда әлеуметтік, саяси, экономикалық , мәдени трансформация, құндылықтық ілгерістер мен өзгерістерде демографиялық және белсенді іс-әрекет жасайтын күш.
Г) Жас мөлшерлік сипаттар жиынтығы мен әлеуметтік жағдай ерекшелігінің басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттердің негізінде бөлініп шығатын әлеуметтік демографиялық топ.
Жастарға қандай функция тән?
А) Әлеуметтену, қайта өндіру, трансляциялық, инновациялық
Б) Әлеуметтену және білім алу
В) Білім алу, тәрбиелеу және қызмет ету
Г) Қызмет ету және қайта өндіру
И. С. Кон бойынша жастар дегеніміз?
А) Жас мөлшерлік сипаттар жиынтығы мен әлеуметтік жағдай ерекшелігінің басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттердің негізінде бөлініп шығатын әлеуметтік демографиялық топ.
Б) Әлеуметтену кезеңінен өтіп жатқан, білім беру, кәсіби, мәдени және т.б. әлеуметтік факторларды игеріп жатқан немесе игеріп болған адамдардың жас ұрпағы
В) Жастар дегеніміз бұл динамикалық түрде тез қарқынмен дамитын ресурс
Г) Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда әлеуметтік, саяси, экономикалық , мәдени трансформация, құндылықтық ілгерістер мен өзгерістерде демографиялық және белсенді іс-әрекет жасайтын күш.
15. Адам дегеніміз?
А) Адамзаттың барлық өкілдерін қамтитын, жердегі өмірдің дамуының жоғары деңгейін көрсететін тарихи және мәдени іс-әрекет субьектісі.
Б) Адамзат руының жеке өкілі, өзіндік психо-физиологиялық ерекшеліктерге ие.
В) Әлеуметтік қасиеттері мен ерекшеліктері басқа адамдармен қарым қатынаста қалыптасатын, дамитын және жүзеге асатын индивид.
Г) Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде игерілетін және дамитын әлеуметтік қасиеттердің тұрақты және тұтас жүйесі және қоғамдық дамудың өкілі.
16. Индивид дегеніміз?
А) Өзіндік психо-физиологиялық ерекшеліктерге ие, басқа адамдарға ұқсамайтын жеке дара қасиеттері бар адамзат руының жеке өкілі.
Б) Адамзаттың барлық өкілдерін қамтитын, жердегі өмірдің дамуының жоғары деңгейін көрсететін тарихи және мәдени іс-әрекет субьектісі.
В) Әлеуметтік қасиеттері мен ерекшеліктері басқа адамдармен қарым қатынаста қалыптасатын, дамитын және жүзеге асатын индивид.
Г) Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде игерілетін және дамитын әлеуметтік қасиеттердің тұрақты және тұтас жүйесі және қоғамдық дамудың өкілі.
17. Тұлға дегеніміз кім?
А) Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде игерілетін және дамитын әлеуметтік қасиеттердің тұрақты және тұтас жүйесі және қоғамдық дамудың өкілі.
Б) Өзіндік психо-физиологиялық ерекшеліктерге ие, басқа адамдарға ұқсамайтын жеке дара қасиеттері бар адамзат руының жеке өкілі.
В) Адамзаттың барлық өкілдерін қамтитын, жердегі өмірдің дамуының жоғары деңгейін көрсететін тарихи және мәдени іс-әрекет субьектісі.
Г) Әлеуметтік қасиеттері мен ерекшеліктері басқа адамдармен қарым қатынаста қалыптасатын, дамитын және жүзеге асатын индивид.
18. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық құрылымын жасаған кім?
А) З. Фрейд
Б) Жан Пиаже
В) Дж. Мид.
Г) Э. Эриксон
19. З. Фрейд бойынша тұлға қандай психологиялық құрылымнан тұрады?
А) Ид, эго, супер – эго
Б) Эго және супер – эго
В) Ид және супер-эго
Г) Эго және ид
20. Тұлғаның әлеуметтік қасиеттері?
А) нақты әлеуметтік тарихи жағдайларда басқа адамдармен өзара әлеуметтік қарым қатынас түрімен байланысты тұлғаның әлеуметтік психологиялық қасиеттері мен белгілер жиынтығы.
Б) Тұлғаның тумысынан берілетін биологиялық өзіне тән ерекшеліктері.
В) Тұлғаның мінез-құлқы, темпераменті
Г) Тұлғаның адамгершілік , интелектуалдық қасиеті.
21. Әлеуметтік сапаларға не жатады?
А) Өзіндік санасы, баға беруі, белсенділігі және мүддесі.
Б) білімі, көзқарасы, санасы
В) белсенділігі мен өмірлік мүддесі
Г) Сана –сезімі мен ар-намысы
22. Тұлғаны экстравертировандық және интровертировандық деп бөлген кім?
А) К. Юнг
Б) К. Хорни
В) Э. Фромм
Г) Д. Рисмэн
23. Э. Фромм тұлғаның қандай түрін бөліп көрсеткен?
А) Рецептивті, эксплуаторлық, жинақтық, нарықтық
Б) Консервативті, пассивті және эксплуаторлық
В) жинақтық және рецептивті
Г) Экстравертировандық және интровертировандық
24. Әлеуметтік типтеу бойынша тұлғаның қандай түрін бөліп көрсетеді?
А) идеалды, нормативті, реалды
Б) идеалды және реалды
В) реалды және нормативті
Г) нормативті және консервативті
25. Тұлғаны құрастырушы, қиялшыл, тұтынушы, басшы, конфармист деп бөлген ғалым?
А) В. П. Немировский
Б) А. В. Шаронов
В) В. Т. Лисовский
Г) В. И. Кузнецов
26. Тұлғаны және оның түрлерін қарастыруда кім әлеуметтік сипат түсінігін қолданды?
А) Э. Фромм
Б) Д. Рисмэн
В) К. Юнг
Г) К. Хорни
27. Тұлғаның идеалды түрі қандай сипатта қалыптасады?
А) ол саяси, өнегелік, діни сипатта қалыптасады және болашақ әлеуметтік құрылым үшін тұлғаның белгілі-бір қасиеттердің болуын талап етеді.
Б) ол нақты жағдайда қалыптасады және қоғамдық прогрестің қажетті алғышарты болып табылады.
В) ол қоғамдағы үстемдік ететін саяси нормалары мен іс-әрекет үлгілерінің жиынтығы негізінде қалыптасады
Г) ол идеологиялық сипатта қалыптасады
28. Тұлғаның нормативті түрі қандай сипатта қалыптасады?
А) ол нақты жағдайда қалыптасады және қоғамдық прогрестің қажетті алғышарты болып табылады.
Б) ол қоғамдағы үстемдік ететін саяси нормалары мен іс-әрекет үлгілерінің жиынтығы негізінде қалыптасады
В) ол идеологиялық сипатта қалыптасады
Г) ол саяси, өнегелік, діни сипатта қалыптасады және болашақ әлеуметтік құрылым үшін тұлғаның белгілі-бір қасиеттердің болуын талап етеді.
29. Тұлғаның реалды түрі қандай сипатта қалыптасады?
А) ол қоғамдағы үстемдік ететін саяси нормалары мен іс-әрекет үлгілерінің жиынтығы негізінде қалыптасады
Б) ол нақты жағдайда қалыптасады және қоғамдық прогрестің қажетті алғышарты болып табылады.
В) ол идеологиялық сипатта қалыптасады
Г) ол саяси, өнегелік, діни сипатта қалыптасады және болашақ әлеуметтік құрылым үшін тұлғаның белгілі-бір қасиеттердің болуын талап етеді.
30. Өнегелік даму теориясы бойынша Л. Колберг тұлғаның дамуын неше кезеңге бөлді?
А) 3
Б) 2
В) 4
Г) 5
31. Әлеуметтену дегеніміз?
А) Индивидтің сол қоғамда дұрыс қалыптасуы үшін қажетті жүріс-тұрыс үлгілерін, психологиялық механизмдерін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі
Б) адамның ер жетуі, тұлға болып қалыптасуы.
В) Индивидтің әлеуметтік тәжірибе, идеал, мәдениет нормалары мен құндылықтарды игеруі
Г) тұлғаның қайта өңдеу мен әлеуметтік тәжірибені өзгерту арқылы белсенді қайта өндіру процесі
32. Әлеуметтену агенттері дегеніміз кімдер?
А) индивидті мәдени нормаларға үйрететін және игертетін адамдар.
Б) мектеп, балабақша, институттар
В) әлеуметтену үрдісіне бағыт беретін, оған әсер ететін ұйымдар
Г) менеджерлер
33. Әлеуметтену процесінің мазмұны мен бағытын типтік және жеке даралық ағыммен түсіндірген кімдер?
А) Л. Г. Костюченко мен Ю. М. Резник
Б) В. И. Добреньков, А. И. Кравченко
В) Ю. Г. Волков, Ю. М. Резник
Г) В. Н. Кузнецов, В. Т. Лисовский
34. Әлеуметтенуді дәстүрлі түрде қандай кезеңге бөледі?
А) Алғашқы ( ерте) кезең және оның жалғасы немесе екінші кезең
Б) балалық кезең мен қарттық
В) сәбилік, балалық және жасөспірімдік
Г) сәбилік және есейген шақ
35. Әлеуметтенудің алғашқы кезеңінің агенттеріне кімдерді жатқызады?
А) ата-анасы, достары, туыстары, мұғалімдер
Б) БАҚ өкілдер
В) әкімшілік органдар өкілдері
Г) соттар, әскери адамдар
36. Әлеуметтенудің екінші кезеңінің агенттеріне кімдерді жатқызады?
А) білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің, өнеркәсіп, әскер, құқық органдарының,БАҚ өкілдері
Б) ата-анасы және туыстары
В) достары және сыныптастары
Г) тек әскер, құқық қорғау органдарының өкілдері
37. Әлеуметтену институттарына не жатады?
А) отбасы, мектеп, өндіріс, мемлекет
Б) ата-ана, достары
В) партиялар, қоғамдық қозғалыстар
Г) қоршаған ортасы
38. Дж. Мид бойынша алғашқы әлеуметтену қандай кезеңдерден тұрады?
А) имитация, ойын, ұжымдық ойын
Б) оральды, анальды, фаллдік, генитальды
В) сәбилік, балалық, жасөспірімдік кезең
Г) сенсоматорлық, операция алды, нақты операция, формалды операция кезеңі
39. Дж. Мидтің тұлғаның даму теориясы қалай аталады?
А) Әлеуметтік мен
Б) Әлеуметтік психологиялық құрылым
В) Когнитивті даму
Г) нәсілдік қанау теориясы
40. З. Фрейд тұлғаның жыныстық дамуында қандай кезеңге бөлді?
А) оральды, анальды, фаллдік, генитальды
Б) сенсоматорлық операция алды, нақты операция, формалды операция кезеңі
В) имитация, ойын, ұжымдық ойын
Г) сәбилік, балалық, жасөспірімдік кезең
41. Ж. Пиаженің тұлғаның даму теориясы қалай аталады?
А) Когнитивті даму
Б) Әлеуметтік мен
В) Әлеуметтік психологиялық құрылым
Г) нәсілдік қанау теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |