- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
- К.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
- СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА КАФЕДРАСЫ
- “Техникалық физика” 5В072300 мамандығы
- 3 кредит: дәріс 2, тәжірибелік сабақ 1, СОӨЖ, СӨЖ
- Дәріскер: аға оқытушы
- Габжалилова Сара Мағауияқызы
- Педстаж : ҚазҰТУ-де 20 жылдан асты
- Безендіруші: Габжалилова Сара Мағауияқызы,
- СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
- Сызба геометрияда кез келген объекттердің ақиқи және абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Компьютерлік графикамен бірге сызба геометрия техникалық физикада қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.
- Техникалық физика 5В072300 мамандығының студенттеріне СГ және КГ-ның қажеттілігі төмендегідей:
- олардың жалпы техникалық және графикалық мәдениеттерін дамыту үшін;
- келесіде техникалық графика, мамандықтың оқу жоспары бойынша оқытылатын басқа пәндерді оқып, меңгеру.
- Компьютерлік графика пәні студенттер үшін графикалық құжаттарды қазіргі озық әдістермен қолданып, орындау үшін қажет.
- Пәннің мақсаты – мамандық пәндерді меңгеру үшін теориялық және техникалық негізін құру.
- Сондықтан:
- студенттердің кеңістіктік пішіндерді жазықтықта бейнелеудің негізгі әдістерін меңгеруі;
- кеңістіктік ойлауды, кеңістіктік пішіндердің графикалық модельдері негізінде контруктивті-геометриялық ойлауды дамыту;
- сызбаларды оқу және орындауға, эскиздерді және жұмыс сызбаларын орындауға қажетті білім алып, дағдылану;
- конструкторлық құжаттардың графикалық бөліктерін AutoCAD ортасында автоматты түрде дайындаудың негізін оқу.
- проекциялау әдістерінің теориялық негіздерін;
- көріністерді тұрғызудың теориялық негіздерін;
- сызбаларды орындаудың, безендірудің және мәтіндік құжаттарды орындаудың МЕСТ және КҚБЖ-мен орнатылған ережелерін;
- сызбада бұйым көріністерін орындау;
- AutoCAD ортасында конструкторлық құжаттардың графикалық бөлігін автоматты түрде дайындау алгоритмдерін.
- СГ және КГ пәнін оқытудағы жаңалықтар техниканы кең пайдаланып, кеңістіктік қабылетті дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделгені дұрыс. Берілген 3 кредит қалыптасқан білім көлемін меңгеруге жеткіліксіз. Осындай жағдайда пән жаңалығы есептерді шешу жаңа әдістерге, мамандыққа қатысты есептерді еңгізу, оқыту барысын қарқындатуға байланысты болу керек.
- СГ және КГ пәнінің бағдарламасы 5В072300 мамандығына сәйкес етіліп құрастырылған, сондықтан СГ –да 5 апта аксонометрия және Монж эпюрі, қалған 10 аптада көпжақтар, көріністер, тіліктер, қималар, бұранда арқылы біріктірулер, эскиз тақырыптары қарастырылады. Барлық графикалық тапсырмалар техникалық физика саласына жақындатылған және КГ-да орындалады.
- Бағдарлама бойынша оқыту түрлері: дәріс, зертханалық сабақтар СГ және КГ-дан, СОӨЖ – студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы және СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы офисте болып табылады. Дәрістерде пәннің теориялық негіздері қарастырылады, зертханалық сабақтарда сызбаларды салу және есептерді шешу әдістері үйретіледі. Компьютерлік графика сабақтарында СГ есептерінің сызбалары салынады автоматты түрде, міндетті графикалық жұмыстар орындалады (МГЖ). СОӨЖ сабақтарында дәріс тақырыптары пысықталып, сұрақтарға жауаптар беріледі, графикалық жұмыстар түсіндіріледі, бақылау, өздік жұмыстары орындалады. СӨЖ – офисте графикалық жұмыстар тексеріледі, қабылданады, кеңестер беріледі.
- Құрметті студенттер! Графикалық жұмыстарды өз уақытында тапсыруға әрекет істеңдер!
- Студенттердің СГ және КГ-ны оқып меңгеру нәтижелері төмендегідей болу керек:
- аксонометрия, Монж эпюрінде, күрделі емес бұйымдардың сызбаларын салуда, оқуда білікті болу;
- графикалық AutoCAD жүйесін қолданып жоғарыдағы сызбаларды орындауда білікті болу.
- ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
- Озық технологиялар мен мультимедияллық жабдықтарды қолдануды студенттердің кеңістікте ойлау қабылетін дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделу керек, яғни үйретуші клиптерді жасап, шығару керек. Енді интерактивтік тақтаны КГ-мен бірге қолдану керек.
- БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
- СГ және КГ-да берілетін міндетті графикалық жұмыстарды студенттер өз қолдарымен орындаулары қажет, олай жасамаған жағдайда өздік емес жұмыстың нәтижесі сауатсыздыққа апарады. Қазір кафедрада графикалық жұмыстарды қабылдауда төмендегідей жүйе қалыптасқан:
- өзіндік орындау;
- графикалық безендіру сапасы;
- жұмысты қорғау.
-
- Мен Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын 1978 жылы бітіріп, ҚазҰТУ-ғы педстаж 20 жылға толды. Осы уақытта 7 ғылыми жұмыс жасап, 15 оқу-әдістемелік жұмыстарым шықты.
- Студенттердің білімін бағалау үшін рейтингтік бақылау қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына кірген әр пәннің рейтингі қорытынды бақылауға байланыссыз, 100 балдық шкаламен бағаланады.
- СГ және КГ бойынша ұпай қою туралы мәлімет
- СГ және КГ-ны студенттер жүйелі түрде дәйектілікпен оқып, меңгеру керек. Сабаққа сызу аспаптарымен, дайындалып келу керек. Бұл пәнді меңгеру оңай емес, бірақ мүмкін. Компьютер барда қолмен сызудың еш қажеті жоқ демеңдер.
- Компьютер өте керемет машина, бірақ бар болғаны ол сызу аспабы. Оның орындаған сызбаларын түсініп, оқи білу керек, сызбада әр түрлі есептерді шығара білу керек. Ол үшін СГ-ның көмегімен техникалық сауатты алдымен ашып алу керек. Өз қолдарыңмен сызбаны орындауды үйреніп жаттығыңдар. Сызбаны орындап,оны түсініп аласыңдар.
- Графикалық жұмыстарды уақытында тапсыруды әдет етіп алыңдар, сонда оқу жемісі тәтті болады. Тапсырмада не берілді, нені анықтау керек, қалай орындау керек екенін біліп, сызбаларыңды жақсы қорғаңдар. Білім жолын, жоғары ұпай жолын таңдаңыздар! Оқуларың табысты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |