3 Autocad жүйесінде жұмыс істеу тәртібі және реті



жүктеу 172,33 Kb.
бет1/2
Дата21.02.2018
өлшемі172,33 Kb.
#10375
  1   2


3 AutoCAD ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ РЕТІ

Бұл дәрісте, сіздер AutoCAD жұмыс ортасын қалай күйге келтіруді, AutoCAD командаларының қалай шақырылатынын, координаталар жүйесін қолдануды және пернетақтадан жасалатын объектілердің қажетті координаталарын енгізуді үйренесіздер.




  • AutoCAD жұмыс ортасын күйге келтіру

  • Дайындау операциялары

  • Командаларды шақыру

  • Координаталардың әлемдік жүйесі

  • Абсолюттік және салыстырмалы координаталар


3. 1 AutoCAD жұмыс ортасын күйге келтіру
AutoCAD іске қосылған кезде аты жоқ жаңа сызба-файл ашылады (Сызба 1). Осы жерде объект жасауды бастауға болады немесе бұған дейін жасалған сызбаны ашуға болады, мұнда соңғы жұмыс істеген кезде орнатылған барлық жұмыс иснтрументтері сақталады.

Настройка-Күйге келтіру сұхбаттық терезесінде AutoCAD интерфейсінің және сурет салу ортасының түрлі параметрлерін басқару мүмкіншілігі бар:



  • Сигнал для пользователя-пайдаланушы үшін сигналбелгісіз командаларды енгізген кезде немесе рұқсат етілмеген әрекеттер орындалғанда дыбыс сигналының қосылуы.

  • Автосохранение рисунка-суреттің автоматты түрде сақталуы сызба-файлды алдын-ала белгіленген уақыт аралығында дискіге жазу.

  • Установка цветов окна AutoCAD- AutoCAD терезесі түстерін орнатутерезе элементтері түстерін реттеу: сызу облысының, мәтін терезесінің фонын, сызу облысындағы және мәтін терезесіндегі мәтіннің, курсор сызықтарын.

  • Выбор шрифтов-қаріптер таңдауграфикалық және мәтәіндік терезелерде қолданылатын қаріптерді таңдау мүмкіндігі. Сызба объектілері болып табылатын мәтіндерге, AutoCAD терезесі үшін қаріп таңдау әсер етпейді.

  • Задание единиц измерения-Өлшем бірліктерін беруағымдағы өлшем бірліктерді олрнату (дюйм немесе миллиметр).


3. 2 Дайындық операциялары
3.2.1 Өлшем бірліктер жүйесін беру
Сурет салуды бастамас бұрын, өлшем бірліктерін таңдап алу керек. Өлшем бірліктері миллиметр, сантиметр және т.б. болуы мүмкін. Сурет таңдап алынған өлшем бірліктерін ескере отырып салынады, ал басқа бірліктерге көшу үшін оны масштабтау қажет. Сонымен қатар, орнатылған өлшем бірліктерді енгізу үшін формат, және олардың дәлдігін беруіміз керек. Бұл операциялардың барлығы Drawing Units сұхбаттық терезесінде (сурет 3.1) орындалады.

Осы сұхбаттық терезеде үнсіздік бойынша ОХ осінің оң бағытынан сағат тіліне қарсы есептелетін, бұрыштық өлшем бірліктері де реттеледі.

Орнатылған параметрлер координаталар мәніне де, көрсетілуіне де, ұзындық пен арақашықтыққа да әсер етеді..

Кейбір жағдайда, алдын-ала параметрлерін бермей-ақ сызбаны ашқан жөн. Бұл алдын-ала орнатылған параметрлер саны аз болу керек дегенді білдіреді, өйткені, мүлдем параметрсіз сызба болмайды. Ол үшін жұмыстың басы сұхбаттық терезесінің Start from Scratch (Простейший шаблон-Қарапайым шаблон) пернесін қолдану керек (сурет 3.2).



Сурет 3.1 – Өлшем бірліктерді күйге келтіру сұхбаттық терезесі
3.2.2 Сурет (формат) шекараларын анықтау
К: '_limitsағымдағы суреттің шекарасын (лимиттер) мүмкіншілігін береді. Ол Format  Drawing Limits (Формат  Лимиты чертежа-Сызба лимиттері) құлайтын менюінен шақырылады.

Суретшекарасы – сызба орналасқан облыс, әлемдік координаталар жүйесіндеекіөлшемді екі нүкте арқылы беріледі: сол жақ төменгі және оң жақ жоғарғы бұрыштар координаталары. Осылайша, сызба лимиттері болып табылатын, жасанды көрінбейтін тік төртбұрыш жасалады. Z осі бойынша шекаралар орнатылмайды.

AutoCAD бағдарламасы лимит шегінен шығып та сызуға рұқсат береді. Бірақ қосымша тр лимитте көрсетілген аймақта ғана орналасады. Бұл пайдаланушыға шеткі сызық салынбаған жағдайда сызба кеңістігі шекараларын бағдарлауға мүмкіндік береді.

Лимиттер толықмасштабты модельді қамтып қана қоймай, оның өлшемдерінен сәл үлкен болуы керек.
3.2.3 Тор параметрлерін анықтау
Тор (Grid) - дегеніміз лимиттер шегінде сурет облысын жауып тұратын нүктелердің белгілі бір тәртіппен орналасуы. Торды қолдану объектілерді түзеуге және олардың арасындағы қашықтықты бағалауға мүмкіндік береді. Торды басқа командалар орындалғанда қосып, өшіріп отыруға болады. Басып шығарғанда ол көрінбейді.

Торды қосу және оның жиілігін анықтау Tools  Drafting Settings(Сервис  Режимы рисования-Сурет салу режимдері) менюінен алынатын Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) сұхбаттық терезесінің Snap and Grid (Шаг и сетка-Қадам және тор) (сурет 3.2) бетінде орындалады. Торды тінтуірмен жағдайлар жолындағы Grid (Сетка-Тор) пернесіне немесе F7 функционалды пернесіне шерту арқылы қосып, өшіруге болады.



Сурет 3.2 – Тор параметрлерін және байлауыштың қадамын анықтау сұхбаттық терезесі

3.2.4 Байлауыш қадамын анықтау


Қадамдық байлауыш (Snap) – курсорды орнатылған қадамға дискретті жылжыту. Курсор қадамдық байлауыш режимінде тор түйіндерінде секіріп, түйіндерге жабысқандай болып қозғалады. Қадамдық байлауыш әдетте тінтуір арқылы нүктелерді дәл көрсету үшін қолданылады.

Байлауыш қадамы тор жиілігімен бірдей болуы шарт емес. Қадамдық байлауышты қосу және оның параметрлерін күйге келтіру Tools  Drafting Settingsменюінен алынатын, Drafting Settings сұхбаттық терезесінің, Snap and Grid (сурет 2.2) бетінде орындалады. Қадамдық байлауышты жағдайлар жолындағы Snap (Шаг-Қадам) пернесіне тінтуірмен шерту арқылы немесе F9 функционалды пернесіне шерту арқылы қосып, өшіруге болады.


3. 3 Командаларды шақыру
AutoCAD командалары құлайтын меню көмегімен, инструменттер панелінен, контекстік менюден, экрандық меню және команда жолына тікелей енгізу арқылы шақырылады.

  1. Команданы менюден шақыру менюдің сәйкес атауына тінтуір пернесін басу арқылы орындалады. Құлайтын меню ашылады, сол жерден қажетті команда тікелей таңдалынады.

  2. Инструменттер панелінен команданы шақыру үшін панельдің қажетті пернесіне тінтуірмен шерту керек.

  3. Контекстік менюден команданы шақыру үшін, команданы беріп, тінтуірдің оң жақ пернесіне шерту керек (сурет 3.3).


Сурет 3.3 – Сызық үшін команда таңдаудың контекстік менюі


  1. Экрандық менюден команда таңдау менюдің сәйкес атауына тінтуір пернесімен шерту арқылы жүзеге асырылады. Бет ашылады, сол жерден тікелей қажетті команда таңдалынады.

  2. Командалық жолдан таңдау Command: (Команда:) сөзінен кейін команда атын теру арқылы жүзеге асырылады, содан кейін AutoCAD опциялар жиынын шығарады немесе сұхбаттық терезе ашады.

Командаларды қайталау – Enter пернесі.

Команданы жою, менюді немесе сұхбаттық терезені жабу – Esc пернесі.

Соңғы команда әрекетін жою – инструменттердің стандартты панелінің пернесі.

Жойылған командаларды қайталап орындау, инструменттердің стандартты панелінің пернесі.

Осы жаңа ғана өшірілген объекті қайтадан орнына келтіру үшін Oops (Ой) командасы қолданылады.


жүктеу 172,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау