ІІ. тарау.Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі.
2. 1. Бастауыш мектептерде ана тілі пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану.
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізіледі. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.
ХVІІ ғ. Я.А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің “Великая дидактика” кітабында сынып – сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді, оқу материалдарын баяндау, жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау, оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сынып оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізіледі.Бұл жүйе оқытудың сынып – сабақ формасы деп аталады.
Я.А. Коменский сынып –сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөлінеді, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы жүргізеді.
Сонымен, сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолдануы, біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуіне, екіншіден, оқушылардың ғылыми негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті. Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтернің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрақ, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі, екіншіден, білімділігі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады, үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік - оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т.б.) есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес – типологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын – ала жабдықтарды және оларды рет-ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Сабақта талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер М.Н. Скаткин, М.И. Махмутов, В.Ф. Шаталов, Е.Н. Ильин т.б. белгілі жағдайлар керек дейді.
Біріншіден, әлеуметтік - педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы.
Екіншіден, дидактикалық жағдай – бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеу, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.
1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз – жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттері қалыптастыру. Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні – тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен оқушылардың іздену іс-әрекеттің нәтижесіне байланысты.
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
1. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе, ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
1. Оқушылардың білімді тереңдеуін, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.
2. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру – оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі.
Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. Сабақ-бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады.
А) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
Ә) даму – оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Б) тәрбие – ғылыми дүние танымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сонымен сабақ оқушыларды, білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерінде атқарады.
Сабақты ғылыми - әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы.
Жасалған сабақ жоспары бойынша мұғалім:
А) сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тексереді;
Ә) алдын-ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.
Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты компоненттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуын негізгі шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауды қандай мәселелерді еске алған жөн:
тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми - әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері. Педагогтың шеберлікті қалыптастырудың бірінші жолдарын атауға болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып үйренуге тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстамдылығына байланысты.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелердің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтары құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сабақтың типологиясы әрі қиын әрі күрделі мәселе. Бұл жөнінде көптеген авторлардың еңбектері жарық көрді. Олардың қатарына С.В. Ивановтың “Типы” структура урока”, 1952, Н.В. Казанцовтың “Урок в Советской школе”, 1956, М.А. Данилов пен Б.П. Есиповтың “Дидактика”, 1957. Педагогика курс ликций жатады.
Сабақтың типологиясы мен құрылымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Бірақ, бірыңғай жалпы танылған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ.
Дидактикалық тұрғыдан қарастырсақ, оның себептері: а) оқыту процестері өте күрделі диалектикалық процесс, онда сабақтың ұйымдастыру формасы, оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңа түрлері пайда болды; ә) мектептің әр түрлі даму кезеңдерінде оқытудың мақсаты мен мазмұны өзгереді; б) сабақты жіктеу принциптерін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әр түрлі болады.
И.Н. Казанцев сабақтары жіктеу үшін принципті басшылыққа алады.
а) Мазмұны бойынша – математика сабақтары алгебра, геометрия т.б. сабақтарға бөлінеді. ә) дидактикалық мақсат бойынша - әрбір сабақта шешілетін нақты міндеттерге түсіну; б) сабақты өткізу тәсілі бойынша – бұл лекция, әңгіме, кино және практикалық сабақтар.
Көптеген дидактар сабақтарды жіктеудің негізгі принциптерінің түсіндіруде дидактикалық міндеттерге сүйенеді. Осы тұрғыдан И.Н. Болдыров, Г.И. Щукина, В.А. Онищук т.б. жасаған сабақтар жіктеуі мектептерде жиі қолданылады. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
Аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Сабақ құрылымы – сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның
элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрылымы оның мақсатына, оқылатын матералдың мазмұнына тәуелді болады.
Әр түрлі сабақтар құрылымының ұқсас болуы мүмкін емес. Сондықтан сабақты әрдайым белгіленген үлгімен жоспарлауға болмайды. Мұны төмендегі сабақ типтерінен байқауға болады. Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды.
а) ұйымдастыру кезеңі; ә) үйге берілген тапсырманы сұрау; б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы; в) жаңа материалды бекіту; г) үйге тапсырма беру.
Сабақтың бұл типін ғалымдар және мұғалімдер кезінде сынаған болатын. Қазіргі кезде аралас сабақ мектептерде әр түрлі вариантта шығармашылықпен пайдаланылады.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы; жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуде болады.
мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.
мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынадай элементтерге де бөлінеді:
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);
ә) мотивизация (нені оқу және білу керек);
б) тәсілдерді және құралдарды қолдану.
Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблеманың ситуация мен таныстырады, жауап іздеуге кірістіреді.
Сабақтың құрылымы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы жағы ғана емес, оның ішкі процесінің мәнін де бейнелейді.
Қазіргі кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай жүйеге келтірілмейді.
Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізінде сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы, әңгіме сабағы, өз бетінше жұмыс істеу сабағы.
Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:
1. жаңа сабақ беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы)
2. білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (семинар, өз бетінше жұмыс сабағы т.б.)
3. жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.)
4. аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекеттің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5. бақылау сабағы (барлық бақылау, сұрау-қайталау, сынау).
Соңғы жылдары, әсіресе, 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, лабароториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми - әдістемелік негізінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалықтарын іс-тәжірибесін байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе, “Бастауыш мектеп” журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады.
2. 2. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жолдары.
Бала балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жаныны небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. Ана тілі бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие.
Бастауыш сыныпта оқылатын ана тілі сабағы аса маңызды дидактикалық міндеттерді де шешуге тиіс.
Ана тілі байлығы мен осы тілде жасалған әдеби шығармалар арқылы оқушының рухани деңгейі артады. Ана тілін оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі түрде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, интегративті ұштастыра меңгеріледі.
Ана тілі пәнінің негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диологтық және монологтық сөйлеуін дамытады.
Ана тілі пәні бойынша балаларға берер тәрбиеміз ерекше. Бұл пәнді оқыту барысында дидактикалық міндеттерге тоқталсақ мынадый:
- жалпы оқу дағдысымен машығын қалыптастыру;
- оқушылардың айналадағы дүние (адам, табиғат, қоғам) туралы түсініктерін байыту;
- оқушылардың идеялық, мінез-құлықтық тәрбие беру;
- оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналасындағы дүниемен жекебас – тұлғалық қатынасын этикалық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени – рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асуға болады. Осымен байланысты бағдарламада халқымызға тән әдептілік, имандылық, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер, тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты пікірлер қалыптасқан
1 – 4 сыныптардағы ана тілі бағдарламаларында оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізінен халқымыздың мәдени, рухани дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін ертегілер, аңыз-әңгімелер сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, ең алдымен, халқымыздың осы санадағы озық әдет-ғұрыптарына, дәстүріне, бай мұрасына негізделіп жүргізілетіні нақтылы көрсетілген. Білім мазмұнын мектепке тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік құралдық шамамен алғандағы тізімін алдын-ала білу. Тізім ең алдымен, қандай оқу -әдістемелік құралдардың қажет екенін біліп, білім мазмұнының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық т.б. мақсат, міндеттерін, толық, жан-жақты жүзеге асырып, әдістемелік жүйе түрінде құруды бағдарламаға мүмкіндік береді.
Ана тілі пәні бойынша мектеп оқушыларын ертегілерді оның ішінде қазақ халық ертегілерін оқыта отырып, ар-намысқа, адамгершілікке тәрбиелейміз.
Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В.Радиов, Г. Потанин, И. Березин; Ш. Уалиханов сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінде де мол орын алғаны бар. Қазақ тілінде мектеп оқу құралдарының барлығын да көп жылдардан бері халық ертегілерінің әр алуан үлгілері жарияланып, зерттеліп, оқылып келеді.
Халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден –ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, ертегі-аңызға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді.
Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда ана тілі пәні сабағының өзіндік ерекшелік мәні зор. Ана тілі сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш звонаға бөліп, І – звеноға сол ертегі бойынша диалог – монологтың түрде тексті дұрыс оқу, ІІ- звеноға сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, ІІІ- звеноға сахналық қойылым ұйымдастыру. Сонда өзі берілген 1 немесе 2 сабақты уақыт өлшеміне қарай пайдалану.
Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т.б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып береді.
Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы; деректі ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек; сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі; мысалы, “Ғажайып бақ” ертегісінен келтірілген оқушыға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру тәсілдерін талдап көрейік:
ұлтарақтай жер – азғантай,
болмашы жер – тәсіл (б)
ай десе аузы, күн десе көзі – асқан сұлу, өте көрікті – тәсіл,
жұбаныш – көңілге сүйенім, алданыш, мадет – тәсіл (б)
үміті – тілегі, міндеті – тәсіл (ә)
қолданып - әзірленіп, дайындалып – тәсіл (з)
жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өнімі, індеті – тәсілі.(ә)
жүгіну – бұл жерде арадағы дау – жанжалды
айтыс - тартысты дұрыс шешу үшін әділдік тілеп, төрешіге жүгіну, өтіну
Бас ию, табыну, үкім шығару тәсіл (а)
жаны ұдай ашыды – қатты алды, қайғырды – тәсіл (ә)
таңым – ізет, құрмет - қошамет – тәсіл (ә)
шегендеу, қалау, жинау – тәсіл (ә)
кіріптарлық, жоқшылық, қиыншылық, тәуелділік – тәсіл (б)
ширігіне келмиді – теңесе алмады – тәсіл (ә)
Жалпы бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт түрлі бағытта жүргізіледі:
Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынан білмейтін, жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
Сөздіктерін анықтау, яғни бұрынна білетін сөздерінің мағынасының түсініктерінің тереңдете түсу;
Сөздіктерін қолдануға мүмкіндіктер жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру;
Әрбір тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау. Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Оқулыққа шыншыл ертегілердің “Ғажайып бақ”, “Өнеге”. ”Хайуанат” жайындағы ертегіден “Түс көрген патша” енеді. “Ғажайып бақ” ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен - қарапайым еңбек адамдары. Ертегінің негізгі идеялы – қарапайым адамның ісі мен ақылы ардақтау. Көңілі ақ, жүрегі таза Қасен бір кездері басына қиыншылық түскен кезде Асанның бөліп берген жерінен ішіне толтырып алтын салған бір қара қазанды тауып алып қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді, ал Қасен алтынды алудан бас тартып “бұл сол жерін маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі” деп Асанның өзіне қайтаруы – адалдықтың пәктіктің үлгісі.
“Дайын алтынды балалар неге алмады” деген сұраққа жауап Асан мен Қасеннің балалары да өздеріне тартқан адал, шыншыл екендігін көрсетті. “енді алтынды кім алуы керек.” Деген сұрақ ертегідегі оқиға желісінің өрбуіне әкелді. Ақыры алтынды “осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жинаған саялы бақ өсірер едім” деп шешім айтқан қарияның үшінші шәкірті алады да арманына, тілегіне жетеді.
Әрине, ертегіде жас жігіт арманына жету жолында басқа да шытырманды оқиғаны басынан кешіреді, оның рахымдылығы мұратына жетуге себепші болады.
Бұл ертегілердегі оқиғаның шарықтау шегі. Оқушыны ертегінің ретімен, жүйелі айтуын оны бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою көмектеседі:
І бөлім: Қасеннің жұтқа ұшырауы.
ІІ бөлім: Асанның достық көмегі.
ІІІ бөлім: Алтын салынған қара қазан.
ІV бөлім: Кедейлердің қарияға жүгінуі.
V бөлім: Қарияның шешімі.
VІ бөлем: Жас жігіттің рақымдылығы.
VІІ бөлім: Халықтық рахатқа кенелуі.
Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор достыққа берік деп, қарияға әділ билік айта алатын, шыншыл деп, қарияның үшінші шәкірті қайырымды, рақымды, елін сүйген ер деп мінездеме беру басрысында оқушылардың өз сөздерін ертегі оқиғасынан мысал келтіріп дәлелдеуі тапсырылған жөн.
Ертегіде суреттелетін, ғажайып бақтың көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жұпар иіс, қып-қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған көл, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдыр қағады т.б. сөз тіркесін қолдану арқылы бейнелеп айтуы керек. Осыдан бақтың көрінісін көз алдарына елестетіп, қиялдарына туғызады, оны қылқаламның көмегімен қағаз бетіне түсіруге тырысады.
Ал ертегі бойынша біз қандай сөздермен жұмыс жасауға болатынын жоғарыда атап өттік.”Сен өзің осы алтынды қайда жұмсар едің” деген сұрақ сабақта пікірталас туғызды. Негізгі идеясы ”Не істесең де ойлап істе”, ойламай іс қылсаң, қор боласың деп келген.
Қай ертегінің болмасын түп нұсқасы халықтың сан мыңдаған жылдар бұрын туындағын, арманынан, қиялынан шыққандығы анық. Дегенмен де әр ертегіде бір шындық. Оны мысалға ұлы жазушы М. Әуезовтың мына сөздерінен байқауға болады. Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты кісі болса, соның өмірінде шын әрекетімен болған мінез - құлқынан туғызып, қиялдың тың ісі, оқиғалар тізіледі. Осындай әңгімелерді аңыз немесе ертегі дейді. (М. Әуезов Ертегілер І том. жазушы) 1988, 40 бет). Ертегіде айтылып отырған оқиға сол адам басында айтылған күйінде болмауы да мүмкін. Тек сол адамдарды халықтық ескіліктің көркем әңгімесі ескі күндерден ұмытпай сақтайды да, өмір еңбектерін сүюден, қызық көруден, көпшіліктен көрі ерекше жандар деп санаудан барып, тарихта шын болған адамдардың басына тірлік әрекетіне, елдің өз әңгіме, қиялы қосқан із, мінез, сөздерді жамайды. (М. Әуезов 40 бет). Оқулықта Фараби, Асан қайғы, Алдар көсе басына құрылған аңыздар берілген.
”Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай” аңызында алдардың Шығайбайды алдап, мазақ еткені көрсетіледі, мұндағы бай ешкімді қондырмайтын, қондырса дәл бермейтін екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:
- Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны ”Шығайбай” атап кеткен. Міне, осындай өзі тойса да көзі тоймайтын, қатты сараң адамды алдар бірнеше рет алдап, әбден мазақ етеді. ”Шықбермес Шығайбай мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын” деп өзіне ант беріп келген Алдар жабықтан сығаласа, Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. Алдар үйге кіріп келгенде бұлар қолдарындағын жасыра қояды. Сонда Алдар өзінің жолда келе жатқан үлкен сары жылан көргенін
Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай,
Артың – кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай,
Таспен ұрдым жіберіп,
Күң астындағы басындай,
Былш етті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай,
Өтірік болса сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай –
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды алып ұрламай,- дейді.
Алдардың бұл қылығы оқушыларда күлкі туғызып, шығарманы жылы қабылдауына септігін тигізеді. Мұғалім ертекті Алдардың сараң байда тағы да бірінші рет алдағаны сөз болатыны, оны үйде оқып келулеріне тапсыруға болады.
Шығарманы оқудың екінші сағатында оқушылар Алдардың қылықтарын қызыға әңгімелейді. Алдар мен Шығайбайдың іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіреді. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі санасының бірі – осы ертегі болмақ. Қазақ халық ертегілерін тарихтың үш үлкен дәуірге бөліп талдаймыз.
Мұның бірінші дәуірі – есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың 60- шы жылдарына дейін созылған. Қазақстандағы феодализм дәуірімен байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілері – 60 жылдардағы Россияда және сол россияның бөлімі – Қазақстанда болған реформалардың соңғы тарихи дәуірдің шаруашылық – қоғамдық, тарихтың ерекшеліктерімен байланысты болған ертегілер тобы.
Үшінші топ социализм дәуірінің ертегілері есебіне топталып тексерілетін болады. Қазіргі ең алдымен зерттелетін талданатын бірінші дәуір феодализм дәуірінің ертегілерін жалпы советтік фольклористика ғылымы қолданған методология бойынша, шартты түрде, үш салаға бөліп зерттеу жүргіземіз.
Дәуір ертегілерін қай жағынан зерттесеңіз де балалар үшін ең алдымен адамгершілік қызметінің зор екенін көреміз. Әр сыныпта әр сабақта ертегі тақырыбы сөз болған өткенге талдау жасап, ондағы жақсы жақтарын бойларына сіңіруге көмектесуіміз тиіс.
Ертегі – бастауыш мектеп жасындағы оқушының қиялына қозғау саналады.
Шәкірттердің саналы тәртібі, мінезі туралы түсінігі қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғанып, біздің заманымызға жетіп отыр.
Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.
Қазақ халқының адамгершілік іс-әрекеті негізінен ол көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым-қатынастарда қалыптасады.
Біздің халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті құрметтейді. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқыта отырып өскелең ұрпақты тарихи шежіре, яғни ертегі-аңыз, жаңылтпаш, жұмбақтарды жете түсінуге үйретеміз.
Ертегінің тілінде жеңіл сөз, желдіршелі фразалар жоқ. Оқиға басынан –ақсылбыр, баяндалады. Оның мақсаты – асықпа, оқиға жеңіл емес, ауыр әңгіме ұзаққа созылады дегенді білдіру болса керек.
Ертегінің лексикасы мен синтаксисі халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімізге бұзылмай, шұбарланбай жеткен.
Бұл бұрынғы көне заманғы ертегілерге жатса, қазіргі заманғы ертегілердің ерекшелігі мен алатын орны қандай болмақ. Қазіргі қазақ ертегілерінің барлық түрлеріне де сол тұрмыс болмысқа кірген жаңалықтардың неше алуан ықпалы, әсері араласады.
Бұл әсерді жаңағы аталған дәуірде айтылатын, ескі заманнан келе жатқан қиял – ғажайып ертегілерінің өздеріне қосылған үстеме жаңалық, жаңғырудан да байқауға болады. Қазақ ауылында бұл кезеңдерде салттың өзгеруімен қатар, қоғамдық өзгерістерде көрініс береді. Үстем таптың өзінің арасында да қалың көпшілікке ықпалын жүргізу үшін тайталас – бәсеке басымдайды. Бұрын қазақ ортасына дегенін жүргізіп келген мұсылман дін басыларының ықпалы да, кей жағынан, Россия мәдениетінің тарай түсуі нәтижесінен азая түседі. Қазақ даласында реформадан соңғы дәуірде біріне-бірі қайшы, қарсы ағымдар, салт-саналар пайда болады. Реакциямен консенвативтік үгіт таратушы қазақ шонжарлары татар, бұхар хазіреті, ишандары осы реформадан соңғы дәуірді қазақ ертегі - әңгімелеріне де өздерінің діншіл- реакцияның ықпалын таратуға тырысады.
Осы аталған дәуірлерде қазақтың ұлы демократ – ағартушылары
Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев майданға шығады.
Қазақ еңбекші жұртшылығының еңбегі “мүддесі мен арманын” аңғартатын ауыз әдебиеті үлгілеріне Шоқанның түсініктері, онан соң, әсіресе, Ыбырай мен Абай шығармаларының арманы, санасы, тарихтың мәдениетін озғын талаптары да әскер етпей қалған жоқ.
Ы. Алтынсарин (1841-1889) тарихтары зиялылар арасында өзінің терең ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленеді. Ыбырайдың “Қазақ хрестоматиясы” деген алғашқы еңбектерінде қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор болып бағаланады және болашақ ұрпақтың ақыл-ойының, адамгершілік қасиетінің тәрбиеленуінің негізі болып есептеледі.
Дала ұрпақтарын оқу өнерге, мәдениетіне, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы. Алтынсарин аса бағалы қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Ол халық творчествасының өз кітабы үшін ертегілерді тәрбиелік мақсатқа сай келетінін ғана таңдап алып шебер қолданды.
Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда олардың әр қайсысында белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет – саналар жан-жақты қамтығаны айрықша көзге түсті. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігінен көреміз.
Абай Құнанбаев (1845-1904 ж) мұрасы – қазақ елінің энциклопедиясы деп танып әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін өзінің шығармаларына арқау еткен.
Ғасыр бойы әдеп, таным, академиясына айналған Абай тәлімі кісілікті, адамгершіліктің киелі кітабындай бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінде ортамызға қайта оралған А. Байтұрсынов (1873-1937), М. Жұмабаев (1893-1938), Ж. Аймауытов (1889-1931), М. Дулатов (1885-1935), Ш. Құдайбердиев (1858-1931)-тің мәдени рухани мұралары жасұрпаққа тәрбие, білім беруді кеңінен пайдалануға жол ашылды.
Олар қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, өздерінің шығармаларында және арнайы жазған оқулықтарында гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздап, халықтың реалистік дәстүрін жалғастырған.
А. Байтұрсынов қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.
Ертегінің алатын орнының ерекшелігі де соған саяды. Келемеждеу, күлкіге ұшырату, мазақтау арқылы бай-шонжарларды дәріптесе, керісінше, асқан зиялы мәртебесін арман- мақсатпен ұштастыра отырып жағымды образ жасайды. Онда әрине, мейірімді де ақылы көп, адамгершілігі бар адам. Оның әрбір басқан қадамы үлкен сақтықты қажет етеді. Дегенмен де соңында бақытқа жетіп баян болады.
Сондай-ақ жағымды образдардың бірі – Қожанасыр. Қожанасыр әңгімесін айтушы елдер ол жайындағы естіген сөздерін ғана айтумен қанағат қылмай, әр кезде Алдар көсе, Жиренше сияқты өз тұстарынан қосымша, үстеме әңгімелерді де жамап, молайтып айта берген. Сонымен Қожанасыр жайындағы әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ. Күлкіні заң етіп алып Насыр әңгімесіне талайды мазақ етеді. Ертегі арқылы үлкен жүректі, адамгершілігі мол, зор еңбекті жемісті образ көзге елестейді. Оқушыларға ертегінің тартымды болуы да содан. Ертегі арқылы жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айыра алатын болады.
2.3. Жеке өз іс-тәжірибемнен сабақ жоспарларының үлгілері.
Сабақтың тақырыбы : Қарлығаш.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгере
отырып, табиғат пен адам бай-
ланысының арасындағы байла-
нысты меңгеру.
2.Дамытушылық:
Ойлау дағдыларын қалыптастыра
отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз
сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге
машықтандыру.
3. Тәрбиелік:
Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға
қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру,
қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, пирамида, ассоцация, бес
жолды өлең, тірек сөздер, дөңгелек стол.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
б) Оқушының зейінін сабаққа аударамын.
2 Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесін түсініп , оқып келу.
а) Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған ?
ә) Сен Темірдің орнында болсаң ше? Орманға жалғыз кетер ме едің, әлде бармай-ақ үйіңе қайтып келер ме едің?
б) Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр . Бақыт пен Темірге мінездеме бер.( Венн диаграммасы бойынша мінездеме беріңіз.)
Өз ісіне тиянақты
Сыпайы Еріншек
Еңбекқор огшБақыт Өзімшіл
Еңбексүйгіш Жалқау
Оқушы, құрдас,
оқуға, бейім,
сауатты.
3.Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.
-Балалар , біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» деп аталатын өлеңімен оқып танысамыз. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.
-Балалар «Қарлығаш» өлеңін оқып таныспас бұрын «Қарлығаш» деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?
Ой қозғау: Ассоциациялық аймақ құру.
Пайдасы мол Адамды қорғайды
Киелі құс
Балапандайды
Көктем жаршысы
Балалар өз ойларын айтады, мұғалім жазып тұрады. Оқушыларды үш топқа бөлемін.
Топтарға тапсырма:
1- топқа тапсырма : Әңгіме мазмұны бойынша жеке-жеке
суреттерге әңгіме құрау.
2-топқа тапсырма: «Бес жолды өлең» әдісі
(Жылан, дәуіт, қарлығаш).
3- топқа тапсырма: «Пирамида» әдісі.
Қарлығаш Жылан Дәуіт
Сергіту сәті: ( Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау)
Аппақ болып таң атты
Түтін тік боп шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
4. 1- топқа тапсырма: Венн диаграммасы.
Қарлығаш Жылан
2- топқа тапсырма:Тірек сөздермен әңгіме құрау.
Қарлығаш
Сұм жылан
Дәуіт,
Бірлік етті.
3- топқа тапсырма: Дөңгелек стол.
Қарлығаш туралы өз білімдерін қағаз бетіне
түсіру.
5. Сабақты бекіту, қорыту.
Өздерің көріп отырсыңдар қарлығаштың өте әдемі, адал құс екенін. Ата-бабамыз құстардың атынан қыздардың есімдерін қойған деп түсіндіре келе сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытамын.
1.Қарлығаш ұясын қалай салады, көргендерің бар ма?
2.Қарлығаш ұясын неліктен адам жүретін жерге салады?
3.Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?
4.Қарлығаштар туралы қандай мультфильмдер көрдің?
5.Қандай ертегілер білесіздер?
6. Үйге тапсырма беру:
«Құстар – біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастырып, альбом жинақтау.
7. Бағалау.
Әр топтағы топ басшыларына бағалау парақшасын беру арқылы бағалап отырамын.
Пәні: Көркем әдебиет.
Сабақтың тақырыбы:“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгере отырып,оның мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істей
білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.
2.Дамытушылық:Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Тәрбиелік :Жауыздықтан жирендіру , әлсіздерге , жәбір көрушілерге арашашы болуға,жақсылық пен жамандықты айыра білуге, әрқашанда әділ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.Түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік,топпен
жұмыс, кубизм әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреті, Қожанасыр суреті,
орталықтар жазылған тіреуіштер, фишкалар, аппликация, ермексаз, қоржын, асық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Балаларды түгелдеу.
ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Таңертеңгілік жиын:
-Балалар шеңбер жасап тұрады.Оқушылар дөңгеленіп тұрып сәлемдеседі, барлығымыз дөңгелене отырып, бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, жақсы тілек айтып шығайық.
-Әрине, біз бір-бірімізге жақсы тілектер айтуға дайынбыз.
-Ендеше бір-бірімізге күлімдеп қарап, жүрек жарды лебізімзді жеткізейік.
Осылайша барлығы бір-біріне өз тілектерін айтып шығады.
Балаларды орындарына отырғызамыз.
ІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Кіріспе сөз:
-Балалар,жаңа сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. Балаларға жұмбақ жасырамын.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа.
Үй салады жабыққа.
Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қарлығаш деп жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар балалар
Достарыңызбен бөлісу: |