3 1-бөлім. Жшс «Игілік – Фининвест» тің экномикалық ұйымдастыру сипаттамасы



жүктеу 1,16 Mb.
бет3/8
Дата28.11.2017
өлшемі1,16 Mb.
#2134
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3. Жиынтық табыс /зиян/ есебі

Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп баптарын жіктеу мен есепке алудың тәртібін заңды тұлғалардың ретімен әзірлеп, есеп беру мақсатына айқындау үшін бухгалтерлік есепке алудың 3 – стандарты «Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» негізделген.

Стандарт сондай – ақ әдеттегі қызметтен алынған табыс пен шығындардың, төтенше жағдайлардан, тоқтатылған операциялардан болған табыс пен залалдың әртүрлі баптарын, есептік бағалаулардағы, есеп жүргізу саясатындағы өзгерістерді есепке алу және қаржы есептеріндегі елеулі қателіктерді түзету кезінде ашып көрсету тәртібін айқындайды.

Айқындамалар:

Төтенше жағдайлар – заңды тұлғаның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалар мен операциялар жиі немесе жүйелі түрде қайталанбайды деп болжам жасалады.

Елеулі қателіктер – есепті кезеңде дайқалған, өткен кезеңдердің қателіктері, ал олардың маңыздылығы соншалық, өткен кезеңдердің қаржы есептері олар жасалған уақытқа қатысты дұрыс деп есептелмейді.

Тоқтатылған операция – заңды тұлғалардың қызметінің жеке бір бағыты болып табылатын филиалды сату немесе тарату.

Бұрыңғы кезеңдердің қаржы есептерін жасау кезінде жіберілген қателіктерді түзету сомасы есепті кезеңнің табысына немесе залалына еңгізіледі. Осыдан бұрыңғы кезеңдерге қатысты елеулі қателіктерді түзету сомасы:

а/ бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы есепте көрсетіледі;

б/ есепті кезеңнің таза табысын немесе залалын айқындау кезінде қосылады.

Бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгеру арқылы елеулі қателіктерді түзету кезінде мыналарды:

а/ елеулі қателіктің сипатын;

б/ есепті кезеңдегі және осыдан бұрыңғы есеп берілген әрбір кезең үшін түзету сомасы;

в/ салыстырмалы мәліметтерге енгізілген кезеңдерден бұрыңғы кезеңдерге қатысты түзету сомасы;

г/ қайта саналған салыстырмалы мәліметтерді немесе оларды қайта санаудың мүмкін болмау себептерін ашып көрсету керек.

Осыдан бұрыңғы кезеңдердің елеулі қателіктерін есепті кезеңнің нәтижелеріне қосу арқылы түзету кезінде салыстырмалы мәлімет осыдан бұрыңғы кезеңеің қаржы есептерінде ол қалай көрсетілсе, сол күйінде ерілді. Алайда елеулі қателік ол жол берілген кезеңде қалай түзетілуі мүмкін болса, дәл солай түзетіліп, есепті кезеңнің және кез – келген осыдан бұрыңғы кезеңнің таза табысын немесе залалын көрсету үшін қосымша ақпарат жекелеген кестелер түрінде берілуі мүмкін.

Бұл кезде ұйым:

а/ елеулі қателіктің сипатын;

б/ есепті кезеңнің таза табысынанемесе залалына қосылған түзету сомасын;

в/ қосымша мәліметтер тапсырылған әрбір кезеңге еңгізілген түзеті сомасы мен қосымша мәліметтерге енгізіліп кезеңдердің алдындағы кезендерге қатысты түзету сомасын ашып көрсету керек. Қосымша мәліметтердің ашылымы мүмкін болмайтын жағдайда, бұл оқиға ашып көрсетілуі тиіс.

Есеп жүргізу саясатындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болатын түзетулер сомасы: есепте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі немесе есепті кезеңеің таза табысын /залалын/ айқындау кезінде есепке алынады.

Есеп жүргізу саясатындағы өзгеріс есепті кезеңге және қаржы есептемелерін тапсырудың бұрыңғы кезеңіне елеулі түрде ықпал ететін және келесі есепті кезеңдерге әсер етуі мүмкін жағдайларда заңды тұлға түсініктеме жазбахатта мынадай ақпаратты: өзгеріс себептерін, есепті кезеңдегі және есептеме тапсырылған әрбір алдыңғы кезеңдеріне енгізілген түзету сомасын, салыстырмалы мәліметтерге еңгізілген есепті кезеңдердің алдындағы мәліметтер берілген. әрбір есепті кезеңгееңгізілген түзету сомасы және қаржы есептемесіне еңгізілген кезеңдердің алдындағы кезеңдермен байланысты түзету сомасын ашып көрсету керек, қайта есептелген салыстырмалы мәліметтерді немесе олрды қайта есептеудің қажет еместігінің себептерін ашып көрсету керек.

Жиынтық табыс /зиян/ есебін жүргізу үшін 571 жиынтық табыс /зиян/ шоты қолданылады.

Жыл бойындағы әр түрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 70 «негізгі қызметтен түскен табыс», 72 « негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшелерінде жиналады.



  1. «Сатып өткізілген /жұмыс, қызмет/ тауарлардың өзіндік құны»

  2. « Тауарларды /жұмыс, қызмет/ сатып - өткізу шығыстары»

  3. «Жалпыжәне әкімшілік шығыстар»

  4. «Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар» бөлімше шоттарында жыл бойы табыс табуға кеткен шығындар жинақталады.

Жыл соңында алынған табыстарға келесі корреспонденция құралады:

70 «Негізгі қызметтерден түскен табыс» және 72 «негізгі емес қызмет табыстары» дебиттеліп, 571 «жиынтық табыс /зиян/ шоты кредиттеледі.

Жыл аяғында 80, 81, 82, 84 бөлімшедегі шығындар кредиттеліп, 871 «жиынтық табыс /зиян/ шоты дебиттеледі.

«Жиынтық табыс /зиян/ 571 шот салыстырушы шот болып табылады. Мұнда /кредит571/ табыстар және /дебит571/ шығындар салыстырылады, яғни, ол таза табыстың немесе зиянның соммаларын анықтайды.

Егер шыққан нәтиже табысты болса, 571 шот дебиті және 561 бөлінбеген табыс /жабылмаған зиян/ шотының кредиті бойынша көрсетіледі.есепті жылда қолданылмаған бөліндеген табыс /зиян/ соммалары 562 «Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс /зиян/ шотына жатқызылады.

Төменде кәсіпроынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелер отчетын қарастырамыз.



Қаржы – шаруашылық нәтижелері туралы есеп беруді ұйымдастырудың тәртібі





Көрсеткіштер

құрамы

БЕС

Есеп беру кезіндегі шығарылу

Тәртібі


1

2

3

4

5

1.

Өнімді/жұмыс,

қызмет/ өткізуден түскен табыс




Товарлы – материалдық құндылықтарды сатудан түсімдер жасалған жұмыстар көрсетілген қызметтер, сыйақы, пойыздар, дивиденттер, есеп айырысу табыстары /жанама салықсыз/; қайтарылған тауарлардың құны, сату және баға жеңілдіктері

БЕС 5

«Табыс»


Кәсіпорынның қызмет түріне байланысты бас шоттар жоспарының 7 бөлімінен алынып, есептелінеді.

2.

Сатып - өткізілген дайын өнімнің /жұмыс, қызмет/ өзіндік құны

өнімнің өзіндік құнына кіретін нақты шығындар

БЕС 7

«Тауарлы материалды қорлар есебі»



Есептік саясатқа сәйкес топтастырылған шығындар және Бас шоттар жоспарының 8,9 – шы бөлімкөрсеткіштері негізінде қалыптасады

3.

Жиынтық табыс







Нег.ізгі қызмет нәтижелері бойынша өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түскен табыспен өткізілген өнімнің өзіндік құны айырмашылығы

4.

Кезең шығындары

Кәсіпорынның жалпы басшылығымен байланысты жалпы және әкімшілік шығындар

7-ші БЕС – нің әдістемелік ұсынымдары







Оның ішінде:

- жалпы және әкімшілік шығындар



Кәсіпорынның жалпы басшылығымен байланысты жалпы және әкімшілік шығындар

7-ші БЕС – нің әдістемелік ұсынымдары

Бас шоттар жоспарының 82 бөлімше көрсеткіштері




- сату бойынша шығындар

Тауарлы – материалды қорларды сатудағы шығындар

7-ші БЕС – нің әдістемелік ұсынымдары

Бас шоттар жоспарының 82 бөлімше көрсеткіштері




-пайыз түріндегі шығыстар

Алынғаннесиеге пайыз түріндегі шығыстар, мүлікті жалға алғаны үшін және басқа да пайыздық шығыстар

7-ші БЕС – нің әдістемелік ұсынымдары

Бас шоттар жоспарының 82 бөлімше көрсеткіштері

5.

Негізгі қызметтен түскен табыс /зиян/







Жиынтық табыспен кезендік шығыс айырмашылықтары

6.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс /зиян/

кәсіпорынға тиісті активтерді қолдануға бергендігі пайыз түрінде, роялты, дивидент, бағалы қағаздарды қайта бағалау және т.б. негізінде түскен табыстар




Негізгі емес қызмет бойынша табыс немесе зиянның қалдық нәтижесі. Бас шоттар жоспарының 7 және 8 бөлімдер көрсеткіштері

7.

Салық салынғанға дейіңгі әдеттегі қызмет табыстары

Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс /зиян/ соммасы




Табыс немесе зиянның қалдық нәтижесі

8.

Табыс салығы бойынша шығындар

Салық заңдылықтарына сәйкес және бухгалтерлік есепке көрсету тәртібі мен заңды тұлғаларға есептелетін табыс салығы




Бас шоттар жоспарының 85 бөлімшесі көрсеткіштері

9.

Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызмет табыстары /зиян/







Салық салынғанға дейінгі табыс және табыс салығы бойынша шығындардың айырмашылығы

10.

Төтенше жағдайлар табысы /зиян/

Төтенше жағдайлар бойынша сақтандыруменқмтамассыз етілмеген табыс /зиян нәтижелері, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б./




Бас шоттар жоспарының 86 бөлімшесі шоттары

11.

Таза табыс /зиян/

Салық салынғаннан кейінгі және төтенше жағдай табыстарын қоса есептегендегі таза табыс




Салық салынғаннан кейінгі жай қызмет табысы /зиян/ және төтенше жағдай шығындарының сомасы немесе айырымы

Есепті кезеңдегі таза табыс немесе залал әрқайсысы қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте ашып көрсетілуге тиіс мынадай бөлімдерге сүйене отырып айқындалады:

а) әдеттегі қызметтен алынған табыс немесе келген залал;

ә) төтенше жағдайлардан алынған табыс немесе келген залал.

Әрбір тоқтатылған операция бойынша:

а) тоқтатылған операция мәнісі;

ә) қаржы есептемесін әзірлеу мақсатында құрамына операция енгізілген салалық құрылымдар мен жағрапиялық аудандар;

б) есепке алу мақстында операцияның нақты тоқтатылу уақыты;

в) тоқтатылған операциядан алынған табыс немесе келген залалды өлшеу үшін қолданылатын есеп жүргізу саясаты;

г) өткізілген өнімнен /жұмыстардан, қызметтерден/ алынған табыс, есепті кезеңде құрылымдық бөлімшенің әдеттегі қызметінен алынған табыс немесе залал, осының алдыңдағы әрбір есепті кезеңдегі тиісті сомалармен бірге ашып көрсетілуі қажет.

Есептік бақылаулардағы өзгеріс нәтижесі:

- егер өзгеріс тек осы кезеңге әсер етсе, есепті кезеңде;

- өзгеріс болған есепті кезеңде және егер өзгеріс оларға да әсер ететін болса келесі есепті кезендерде алынған таза табысты немесе келген залалды айқындау кезінде есепке қосылады.

Бұрыңғы кезеңдердің қаржы есептерін жасау кезінде жіберілген қателіктерді түзету сомасы есепті кезеңнің табысына немесе залалына еңгізіледі.

Бұрыңғы кезеңдерге қатысты қателіктерді түзету сомасы: бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы есепте көрсетіледі. Есептің кезеңнің табысын немесе залалын айқындау кезінде қосылады.

Бөлінбеген табыстың юастапқы сальдосын өзгерту арқылы қателіктерді түзету кезінде мыналарды ашып көрсету қажет:

а) елеулі қателіктің сипатын;

б) есепті кезеңдегі және осыдан бұрыңғы есеп берілген әрбір кезең үшін түзету сомасын;

в) салыстырмалы мәліметтерге енгізілген кезеңдерден бұрыңғы кезеңдерге қатысты түзету сомасын;

г) қайта саналған салыстырмалы мәліметтерді немесе оларды қайта санаудың мүмкін болмау себептерін ашып көрсету.

Осыдан бұрыңғы кезеңдердің елеулі қателіктерін есепті кезеңнің нәтижелеріне қосу арқылы түзету кезінде салыстырмалы мәлімет осыдан бұрыңғы кезеңнің қаржы есептерінде ол қалай көрсетілсе, сол күйінде көрсетіледі. Алайда, елеулі қателік ол жол берілген кезеңде қалай түзетілуі керек болса, дәл солай түзетіліп, есепті кезеңнің және кез – келген осыдан бұрыңғы кезеңнің таза табысын немесе залалық көрсету үшін қосымша ақпарат жекелеген кестелер түрін де берілуі мүмкін. Бұл кезде ұйым:

а/ елеулі қателіктің сипаты;

б/ есепті кезеңнің таза табысына немесе залалына қосылған түзету сомасын;

в/ қосымша мәліметтер тапсырылған әрбір кезеңдерге енгізілген түзету сомасы мен қосымша мәліметтерге енгізілген кезеңдердің алдынға кезеңдерге қатысты түзету сомасын ашып көрсету керек. Қосымша мәліметтердің ашылымы мүмкін болмайтын жағдайда, бұл оқиға ашып көрсетілуге тиіс.

Есеп жүргізу саясатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу жөніндегі ұлттық комиссиясының талап етуі бойынша немес мұндай өзгеріс қаржы есептерінде барынша сенімді ақпараттар беруге жағдай жасайтын болса, өзгертуге болады.

Есеп жүргізу саясатындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болатын түзетулер сомасы; есепте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі немесе есепті кезеңнің таза табысын немесе залалын айқындау кезінде есепке алынады.

Заңды тұлға өзгерістер еңгізсе, тьүсініктеме жазбахатта мынадай ақпаратты:


  • өзгеріс себептерін;

  • есепті кезеңдегі және есептеме тапсырылған әрбір алдыңғы кезеңдеріне енгізілген түзету сомасы;

  • есепті кезеңнің таза табысын немесе залалын анықтау кезінде есепке алынған түзету сомасы;

  • салыстырмалы мәліметтерге енгізілген есепті кезеңдердің алдындағы кезеңдердегі түзету сомасына;

  • қосымша мәліметтер берілген әрбір есепті кезеңге енгізілген түзету сомасын және қаржы есептемеміне енгізілген кезеңдердің алдындағы кезеңдермен байланысты түзету сомасын ашып көрсету қажет;

  • қайта есептелген салыстырмалы мәліметтерді немесе оларды қайта есептуудің қадет еместігінің себептерін ашып көрсетк керек.

Салық салынатын табысты анықтау жүйесі және бухгалтерлік табысты анықтаудың ерекшеліктері бар.

Салық салынатын табыс

Бухгалтерлік табыс

Табысты анықтау әдістерін шығаратын, салық заңдылықтарына сәйкес табысты қалыптастыру. Мемлекеттің салық саясатымен реттеледі.

Табысты анықтау әдістерін қарастыратын есеп саясаты қағидаттарымен және бухгелтерлік стандарттарға сәйкес табысты қалыптастыру орындаады.

Есептеу бухгултерлік құжаттар негізінде арнайы регистрлердіқолданбай оындалады.

Есептеу арнайы есептеу регистрлерінде бас кітап, баланс және қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері қорытындыларында жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізгі болып алынады, сондықтан, салықты дұрыс шығару үшін табыстар мен шығындардың тізімін анықтау маңызды орын алады.


2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме
Бұл тұжырымдамалық негіздеме мен пайдаланушылар үшін қаржы есептемелерін әзірлеу мен тапсырудың негізінде жатқан ұғым дарды айқындайды. Осы негіздеменің мақсаты:

  1. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын /БЕС/ дамытып, оларды қайта қарауда бухгалтерлік есепке алу мен қаржы есептемелері жүйесін реттеуші Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясына;

  2. БЕС – ті пайдалануда қаржы есептемелерін әзірлейтін адамдарға;

  3. Аудиториялардың қаржы есептемесінің БЕС – ке сәйкестігі жайында пікір түйіндеуіне;

  4. Қаржы есептемесіндегі ақпараттарды талдауда қаржы есептемесін пайдаланушыларға жәрдемдесу юолып табылады.

Бұл тұжырымдамалық негіздеме БЕС болып табылмайды.

Ұлттық комиссия шектеулі жағдайларда тұжырымдамалық пайда болуы мүмкін екенін мойындайды. Мұндай жағдайда БЕС – тің талаптары тұжырымдамалық негіздеменің талаптарынан басым болады. Ұлттық комиссия БЕС – ті әзірлеген кезде және оларды қайта қарағанда осы тұжырымдамалық негіздемені басшылыққа алып отыратындықтан тұжырымдамалық негіздеме мен БЕС арасындағы қайшылықтар біртіндеп азая береді.

Тұжырымдамалық негіздеме Ұлттық комиссияның қызмет тәжірибесін есепке ала отырып, қайта қаралады:


  1. қаржы есептерінің мақсаттары;

  2. бухгалтерлік есепке алу мен қаржы есептемесінің негізгі қағидаттары;

  3. қаржы есептері элементтерінің айқындамасы, оларды танылуы мен өлшемі.

Бұл негіздеменің қаржы есептемесіне, соның ішінде біріктірілген қаржы есептемесіне қатысы бар.

Қаржы есептемесі мезгіл – мезгіл әзірленіп тапсырылады және оны пайдаланушылардың қалың тобының ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржы есептемесіне қаржыға байланысты ақпараттың негізгі қайнар көзі ретінде сенім артуы тиіс.

Қаржы есептері қаржы есептемесінің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы айқындалады. Қаржы есептемесі осы есептерде негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын түсініктеме жазбахатты, қосымша кестелермен ақпаратты қамтиды. Мұндай кестелер мен қосымша ақпарат өнеркәсіптік және географиялық аймақтардың қызмет түрлері туралы қаржы тұрғысындағы ақпаратты және баға өзгерісінің әсері туралы түсіндірілмелерді көрсетеді. Сонымен бірге, тұжырымдамалық негіздемені барлық субъектілер қаржы есептемесін әзірлеп таныстыру кезінде басылықа алып отырады.

Қаржы есептемесін пайдаланушылар: инвесторлар, кредиторлар, өнім берушілер, сатып алушылар, министрліктердің, ведомстволардың қызметкерлері және жұртшылық пайдаланушылар болып табылады.



Ақпаратқа қажеттіліктердің туындауы:

  • берілген инвестицияларға қатысты қауіпке байланысты инвесторларда оларға акцияларды сатып алу, оларды ұстау немесе сату қажет пе, жоқ па – осыны айқындауға көмектесетін ақпарат қажет. Субъектінің дивиденттер төлеу қабілетін өздерінің бағалауына мүмкіндік беретін ақпаратқа сондай – ақ акционерлер де мүдделі;

  • өздеріне тиесілі кредиттер мен проценттер уақытылы төленеме, жоқ па – осыны айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратқа кредиторларда мүдделі;

  • өздеріне тиесілі сома уақытылы төлене ме, жоқ па - осыны айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратқа мүдделі өнім берушілер мен басқа да суда – саттық кредиторлрында;

  • субъект қызметінің толассыздығы туралы ақпаратқа мүдделі сатып алушыларда, әсіресе оларда ұзақ мерзімді келісім барда немесе олар осы субъектіге тәуелді болып отырғанда;

  • субъект қызметінің тұрақтылығы мен рентабельділігі туралы ақпаратқа мүдделі қызметкелерде. Олар сондай – ақ субъек тінің өздерін жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін ақпарат алуға және бұдан былайғы жалданып жұмыс істеу мүмкіндігіне де мүдделі;

  • ресурстарды бөлу және субъектілердің қызметі туралы ақпаратқа мүдделі үкіметте. Оларға да субъектілердің қызметін реттеу, салық салу саясатын айқындау үшін және ұлттық табыс пен өзге де статистикалық дерек терді анқтаудың негізі ретінде ақпарат қажет;

  • жұртшылықта, өйткені субъектілер толып жатқан әдістер арқылы, соның ішінде халықты жұмыспен қамту және жергілікті экономикаға елеулі үлес қоса алады. Қаржы есептемесі субъектілерді дамыту бағыттары және олардың әл – ауқатын жақсартуадғы соңғы жетістіктер туралы жұртшылықты ақпаратпен қамтамассыз ете отырып, оларға көмектесе алады.

Қаржы есептемесінің мақсаты – субъектінің қаржы жағдайы, қызметі және оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат тапсыру болып табылады. Алайда қаржы есептемесі оны пайдаланушыларға экономикалық шшешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды, өйткені есептеме, негізінен өткен оқиғалардың қаржы нәтижелерін көрсетеді. Қаржы есептемесі сондай – ақ мыналар үшін:

  • инвестициялық шешімдер мен кредиттер беру жөніндегі шешімдер қабылдау;

  • субъектінің болашақ ақша тосқындарын бағалау;

  • субъектіге сеніп тапсырылған ресурстарға байланысты оның ресурстарын, міндеттемелерін бағалау;

  • басшы органдардың жұмысына баға беру үшін падалы ақпараттарды қамтиды.

Қаржы есептемесін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражатын жасау қабілетін бағалап, оларды жасау уақытын есептеп шығаруды және алынған нәтижеге сенімді болуды қажет етеді. Мысалы, өзінің қызметкерлері мен өнім берушілерге ақы төлеу, проценттер төлеу, кредиттерді өтеп, тьабысты болуы субъектінің қолынын келе ме, жоқ па – осыны айқындайды. Егер, пайдаланушылар субъектінің қаржы жағдайын, қызметін және оның қаржы жағдайындағыөзгерістерді ақпаратпен қамтамассыз ететін болса, олар ақша – қаражатын жасау қабілетін жақсылай бағалай алады.

Субъектінің өзі бақылап отырған экономикалық ресурстар, оның қаржы құрылымына, өтімділігі, төлем қабілеті және өзі жұмыс істейтін ортаның өзгерістерін сезіну қабілеті оның қаржы жағдайына әсер етеді. Қаржы құрылымы туралы ақпарат кредиттер жөніндегі болашақ қажеттіктерді айқындау үшін, сондай – ақ болашақ табыстар мен ақшаларын субъектігк мүдделі болып отырғандардың арасында бөлген кезде пайдалы. Сонымен бірге субъект өзінің қаржы жағдайын бұдан әрі қаншалықты жақсарта алатынын айқындаған кезде де пайдалы. Өтімділік және төлем қабілеті туралы ақпарат субъектінің қаржы міндеттемелерін өтегеннен кейін таяу болашақтағы қолда бар қаражатын білдіреді. Төлем қабілеті қаржы міндеттемелерін уақытылы өтеуге арналған қолдағы ақша қаражатын білдіреді.

Субъект қызметінің көрсеткіштрі, әсіресе оның рентабельділігі ықтимал өзгерістерге баға беру үшін қажет болады. Ол сондай – ақ субъектінің қосымша ресурстарының тиімді пайдаланылуы туралы шешімдер қабылданған кезде де пайдалы.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақша қаражатын алу қабілетін бағалау кезінде пайдалы және пайдаланушыларға түрлі субъектілердің ақша қаражатының болашақтағы қозғалысын бағалау мен салыстыруға арналған жаңа үлгілерді жасауға мүмкіндік береді.



Қаржы есептері өзара байланысты болады, өйткені олар шаруашылық өмірдің бір ғана актілерінің әтрүрлі қорларын көрсетеді. Мысалы, қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, егер ол бухгалтерлік баланспен және ақшақаражатының қозғалысы туралы есеппен ұштастырыла пайдаланылмаса, қызметтің толық көрінісін бейнелемейді. Қаржы есептемесінде сондай – ақ түсініктемелік жазбахат, қосымша кестелер және басқа да ақпараттар болады. Мысалы, онда пайдаланушылардың қаржы есептерінің баптары туралы қажеттіліктеріне сәйкес қосымша ақпараттар болады. Ол субъектіге ықпал ететін қауіп пен екіұштылық туралы, сондай – ақ бухгалтерлік баланста көрсетілмеген ресурстар мен міндеттемелер туралы түсініктемелерді қамуы мүмкін.

жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау