Аналык мойынын қысқарту. Бұл кезде көбіне киындыкпен дамитын басқа түрдің тозаң түтігінің аналық жұмыртқаға жетуін жеделдетедіде, ұрықтану іске асу үшін өтетін қашықтық азаяды. Аналық мойынының көп бөлігін алып тастау арқылы ұрықтану оңайлау іске асырылды.
Тозандану аддында аналық ауызын алып тастау және оны қант пен желатин қосылған агар түйіршігімен ауыстыру. Әлі түсіндіруге келмейтін бұл әдіс картоп түрлерін будандастыруға мүмкіндік берді. Әдетте бұндай будаңдастыруларда тозаң түтіктерінің өсуі тежеледі.
Алмүрттың диплоидты сорттарын тетраплоидты сорттарымен будандастыру түйіндерді нафтоксисірке қышқылымен өндегенде жеңіл іске асады.
Аутотетраплоидты арпаның (2п-28) сабақтарын гиббериллин қышқылымен өндеп, кара бидай тозаңцарымен тозандандыру тозаң түтіктерінің дамуын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |