|
3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған
|
бет | 91/100 | Дата | 26.01.2022 | өлшемі | 308,67 Kb. | | #35140 | түрі | Лекция |
| Аш селекциясымен тұқым ш лекцияЖиырмашынсы дәріс
МЕМЛЕКЕТТІК СОРТ СЫНАУ ЖӘНЕ СОРТТАР МЕН БУДАНДАРДЫ АУДАНДАСТЫРУ
20.1 Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру
20.2 Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды өндірістік сынаудан өткізу
Ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылатын селекциялық сорттардың жетістіктерін жақсы пайдалану үшін, оларды жан-жақты сынап, бағалап, келешекте егіп-өсірілетін аудандарын тиянақты анықтау қажет. Бұл міндет мемлекеттік сорт сынау мекемелері арқылы шешіледі. Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті мынада: ауыл шаруашылығы дақылдардың барлық сыналатын сорттары мен будаңдарды аудандастыру мен өндіріске енгізу неғүрлым өнімді, өнім сапасы және басқа белгілері бойынша оларды ең құндыларын іріктеумен атқарылады.
Дақылдар мен сорттарды жергілікті жағдайларда пайдаланудың қолайлылығын анықтау үшін, салыстырып сынау әрекеті Ресейде өткен XIX ғасырда қолданылды 1848 жылы К. И. Арсеньев ауыл шаруашылығы дақылдары мен сорттарын әр түрлі топырақ-климат жағдайларында сынау жөніндегі алғашқы ғылыми еңбегін жариялады және аудандастырудың жалпы принциптерін атап көрсетті. Бірақ ұйымдастырылған, жоспарлы сорт сынау Кеңес өкіметі тұсында ғана іске асырылды. 1923 жылы Бүкіл украиналық тұқым өсіру қоғамы құрған сорт сынау учаскелерднің жүйесі жұмыс істей бастады (Укрсортсынау жүйесі). 1924 жылы РСФСР территориясында Мемлекеттік тәжірибелік агрономия институты жанынан мемлекеттік сорт сынау жүйесі (Мемсортсынау жүйесі) құрылды (қазір Н. И. Вавилов атындағы өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты деп аталады). 1929 жылы КСРО-да дәнді дақылдардың алғашқы сорттық барлық жұмыстары Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бірыңғай Мемлекеттік сорт сынау жүйесі бөліміне біріктірілді. Ол уақытта Мемлекеттік сорт сынау жүйесі негізінде селекциялық және тәжірибе станциялары базасында жұмыс істейтін 450 сорт сынау учаскелері бар еді. КСРО Үкіметінің 1957 жылғы 29 маусымдағы «Дәнді дақылдар тұқымын жақсарту шаралары туралы» қаулысына сәйкес бұрынғы КСРО халық егін шаруашылығы комитетінің жанынан ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынайтын Мемлекеттік комиссия құрылды. Қазір әрбір жақтарға орналасқан мемлекеттік сорт сынау учаскелері 12—3 әкімшілік аудандарына біреуден келетін әр түрлі аймақтарға орналасқан мемлекеттік сорт сынау учаскелері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|