Мөлдектердегі нашарлаған жерлерді бөлу. Жұмыстарды жоғары сапалы етіп орындау және селекциялық егістерді қорғау жөніндегі барлық шараларға қарамастан, осы немесе өзге қайталудың мөлдектерінің аздаған жеке бөліктерінде кездейсоқ себептердің салдарынан, кейде өнім күрт төмендеп кетеді (тұқым сепкенде түспей қалу, құстардың шоқып тастауы, зиянкестердің Бұлдіруі т. б.). Мұндай жағдайларда мөлдектің есептеу алаңынан ажырату алаңдарын бөледі, әдетте нағыз өнім жинау алдында бөледі. Олардың формасы квадрат немесе дұрыс тікбұрыш тәріздес болады.
Достарыңызбен бөлісу: |