Оналтыншы дәріс
Дәннің «Жаппай сұрыптау»
Сұрақтар:
16.1.Жаппай сұрыптау
16.2 Жекелей сұрыптау
16.3 Педигри әдістемесі
16.4 Мүшелік сұрыптау (Клоновой отбор).
16.1 Жаппай сұрыптау
Жаппай сұрыптауда алғашқы оз ерекшеліктері бар ұрпақтар тобы бір мезгілде коптеген жүзден, бірнеше мыңға дейін жетеді. Сұрыптауды көп жағдайда кәдімгі егістікте жүргізеді, ол егістіктен болашактағы сортқа ұқсас белгілер тобы бар жақсы өсімдіктерді таңдайды.
Барльгқ тандалып алынган өсімдіктердің сүрыптау мақсатына сай келетіңдігі, дәнінің толыктығы, аурулармен зақымданбағандьгғы және т.б. лабораториялық жағдайда қаралады. Кейбір жарамсыз белгілері бар өсімдіктерді боліп тастайды. Тандау жүргізілгеннен кейін алынган барлық өсімдік тұқымдары біріктіріліп араластырылады да, келесі жылы бірге, себіледі. Сонда, жаңа сорт сұрыпталып алынган жақсы өсімдіктердің ұрпақтары больш саналады.
Кейбір жағдайда алғашқы ұрпақтың қажеті қасиеттері бір рет сұрыптаудың нәтижесінде алынса - оңдай сұрыптау бірреттік деп аталады. Ондай сұрыптау тек өздігінен тозанданатын осімдіктерде болуы мүмкін. Айкас тозанданатын өсімдіктерде, әдетте алға қойылған мақсатка жету үшін сұрыптау бірнеше рет қайталанады.(18-сұрет)
Алғашқы жылы бастапқы ұрпақтан (жергілікті сорттан) элиталық ең жақсы өсімдіктер бөлініп алынады. Олардың дән өнімдерін қайта қосылып, тағы себеді де, өсімдіктер ішінен жақсыларын сұрыптап алады. Алғашқы алынған ден өнімін екіге бөліп, бір жартысын сорт сынау учаскелеріне себеді. Бұл жерде бірінші сұрыптаудың өсімдіктері бастапқы ұрпақтағы және ең жақсы аудандастырылған сортпенен салыстырылады.
Екінші сұрыпталған өсімдіктердің өнімі үшінші сүрыптау жүргізілетін егістікке және келесі сортсынау учаскелеріне себіледі. Егер сорт сынауда жақсы нәтижелер алынса, онда жаңа сортты күні бұрын көбейтеді де, мемлекеттік сорт сынау учаскелеріне себеді. Келесі жылдары да осы үлгідегі жұмыстарды жалғастырып, қойылған мақсатка кажетті нәтижелерді алғанша жүргізе береді.
Кейбір дақылдардың сорттарының ішінде сүрыптау жүмысы тоқталғанда, көрсеткіштерінің төмендейтіндігі байқалады, мысалы, қант қызылшасының қанттылығы төмендейді. Сондықган, жаппай сұрыптау осы сорттың ондірісте пайдаланылған мерзімдерінде үзілместен жүргізіліп отырылады - оны жаппай үзбей сұрыптау деп атайды.
Жаппай сұрыптау әдісінің басты артықшылығы - оңайлығы, тездігі және кез келген жағдайда жүргізуге болатындығы. Осы артыкшылығын пайдаланып, бұл сұрыптауды ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғана емес, ондіріс жагдайында да пайдалануға болады.
Жаппай сұрыптаудың өзгерген бір түрі - қарама-қарсы (негативный) сүрыптау кезінде жақсы өсімдіктерді тандамай, егістіктен ең нашар ұрпақтарды жұлып тастайды. Қарсы сұрыптау тұқым шаруашьшығы жұмысьгнда да жиі қолданылады. Жаппай сұрыптау өздігінен тозанданатын өсімдіктерге қарагғанда, айқас тозанданатын өсімдіктерде айрықша жүреді.
Жаппай сұрыптау дісімен көпжылдық шөптердің барлық және қарабидайдың көптеген сорттары алынды. Бұл әдістің ең байқаларлықгай кемшілігі - тандалып алынган өсімдіктердің әр ұрпақтарын тексеру мүмкіншінің жоктығы. Жаппай сүрьштауды топырақ құнарлылығы және жер тегістігі бір қалыпты келген учаскелерде жұргізуге тырысады. Осыған қарамастан, жаппай алынған өнімнің ішінде, аса бағалы тұқым қуалау қасиеттері бар өсімдіктер ұрпақтарымен қатар, топырақтың ылғалды болып, жер бетінің ойпандығының, қыраттарының және баска да кездейсоқ қолайлы жағдайлардың әсерінен жағымды өзгерістерге ұшыраған өсімдіктер де кездеседі. Жаппай сұрыптау жалпы ұрпақтар арасынан, селекцияға аса бағалы өсімдіктердің өнім берудегі артықшылығын анықтап, толық корсете алмайды.
Жаппай сұрыптау әдісіне тән кемшіліктер, жекелей сұрыптау өдісін пайдалану арқылы жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |