11.1 Полиплоидия және оның түрлері
Ағза жасушаларында хромосомалар санының еселеніп көбейю құбылысы полиплоидиядеп , ал ағзалардың өзі – полиплоидтар деп аталады.
Полиплоидия құбылысы эволюциалық өзгергіштіктің ең маңызды көздерінің бірі болып таблады және ол табиғатта кең таралған. Эволюция процесі көбінесе полиплоидизация негізінде хромосома жиынтықтарының еселі көбеюімен байланысты екенін көп өсімдіктерде анықталған. Оны туыс, жақын топтар немесе түр ауқымында жақын(расалар) түршелер топтары( хромосомалары негізі санға еселі) болып табылатын полиплоидты қатарлардың табиғатта болуы дәлелдейді.
Полиплоидияны қолдан индукциялау үшін әр алуан факторлар пайдаланылады:Физикалық ,( температура, иондаушы сәулелер);механиқалық зақымдаулар(ценрофугалар) және химиалық заттар (колхицин, аценафтен, ауренция, фенилуретан , хлорлы сангуйнарин, гамексан, вератин, линдан, хлоралгидрат, азот тотығы ,хлороформ). «Полиплоидия» терминін 1910 жылы Е. Страсбургер енгізді.
Полиплоидты мутантардың жалпы көлемі, гүлдері,тұқымдары, жемістері үлкейеді. Биохимиялық ерекшеліктері де өзгереді, мысалы , полиплоидты томаттардың жемісінде С витамині көп болады.Бидай, картоп, мақта, темекі көптеген жеміс ағаштары, т.б. ауылшаруашылық және техникалық дақылдар полиплоидтарға жатады.
Полиплоид алудың түрлі әдістері бар. Ең тиімдісі – колхицин. Колхицин- С22Н26О6 жасуша орталығының( цетросома) қызметін тежейтін әсері бар алкалоид, соның салдарынан жас хромосомалардың плюстерге ажырауы тоқталып, олар жасушада қалады, яғни хромосомаларда саны екі еселенген жасуша түзіледі. Ол үшін мына шарттарды сақтау керек:
1.Хромосомалардың санын екі еселеу үшін , бөлінетін жасушалары көп мерисТақырып ұлпаларына колхицинмен әсер ету керек.
2.Турлі өсімдіктердің колхицинге сезім талдығы әркелкі екенін есепке алу керек.
3.Тәжірибе жасалған өсімдітердің өніп - өсуіне өндеу кезінде де ,сондай-ақ одан кейін де қолайлы жағдай жасау керек.Осы айтылғандарды есепке ала отырып колхицинді пайдаланудың бірқатар әдістері жасалады.
Тұқымды өңдеу. Құрғақ тұқымды колхицин 0,1-0,2 процент ерітісінде 3 -10 күн бойы ылғандандырып, себеді. Мұрты шығып , өне бастаған тұқымды 0,01 – 0,2 проценті коценитрацияда 6 -24 сағат өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |