3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған


Дәннің «Сұрыптауда биотехнология әдістерін қолдану»



жүктеу 308,67 Kb.
бет23/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

Дәннің «Сұрыптауда биотехнология әдістерін қолдану»

7.2.1 Биотехнология әдістері



7.2 .2 Сұрыптаудың дәстүрлі әдістерінің жаңа бағыгтары
7.2.1 Биотехнология әдістері
Мәдени өсімдіктерді бойына төзімділікті гендері мығым жабайы түрлермен будандастыру көбіне, сәтсіз аяқталып жүр, кейде сұрыптаушының куллі ғүмыры жетпейтіндей ұзақ жұмыс жүргізуді талап етеді.Сұрыптаудағы осындай осал тұстарды еңсеру, сұрыптаушылардың күш-жігерін, дәстүрлі әдістерді тиімді пайдалануға әрі жаңа әдістерді іздестіруге жүмылдыруды қажет етеді.

Мұндай жағдайда барынша ынта қойып, биотехнология әдістерін игерудің маңызы өте зор. Өсімдіктерді өзгерту, олардың трансгенді формаларын алу, теориялық тұрғыдан алғанда өзіміз күткендегідей нәтиже беруге тиіс. Моногенді белгілер бойынша қысқа мерзімде елеулі табыстарға жетуге болады, бұған әлемдік тәжірибе дәлел, Астық пен басқа өсімдіктердің топырақ тұздануына төзімді әрі гербицидтерге, антибиотиктерде, зиянкестер мен аурулардың жеке түрлерріне шыдамды формалары биотехнологиялық әдістермен қазірдің өзінде алынғаны белгілі. Өкінішке орай, өсімдік төзімділігінің көптеген маңызды белгілері өзінің табиғаты жағынан полигенді болып келеді, осыған байланысты гендердің теңестіру, клондау (клонирование) және көшіру бүгінгі күні едәуір қиынға түсіп отыр. Демек, келешекте генді және клеткалы инженерия көмегімен құрғақшылыққа төзімді сорттар мен будандар, сонымен бірге ортаның қолайсыз фактоларына жан-жақты төзімді сорттар шығаруға жету үшін, бұл саладағы теориялық және практикалық зерттеулерді барынша дамыта беру керек.

Биотехнология бойынша жүргізілетін жұмыстардың қазіргі кезеңі негізінен алғанда клеткалы және тканді инженерияны пайдалануға негізделген. Олардың негізінде қант қызылшасы, картоп, дәнді және басқа дақылдардың бағалы генотиптерін микроклональды көбейту бойынша технологиялық желілер жасалған.

Гаплоидия мен гаплопродюссер әдісімен арпаның, күздік және жаздық бидай, күріш, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың бағалы желілері алынды. Арпа мен күріштің тұрлі ауруларға (індетке) төзімді, өнімді әрі дәнінің сапасы ерекше жаңа сорттары тұңғыш рет, бар-жоғы бес жылдың ішінде шығарылып, аудандастырылды. Күріштің Биориза сорты топырақтың тұздануына, арпаның Одесская 115 сорты — кұргақшылыққа төзімді. Қазірдің өзінде бұл сорт Украина мен Ресейдің 13 облысында аудандастырылған. Картоптың фитофторозға, бактериялық дерттерге төзімді ондаған аса бағалы формалары — байқау сынағы мен мемлекеттік сынақтан өткізіліп жатыр. Беде мен жоңышқаның топырақ патогендеріне, тұздануға және топырақтың өте жоғары қышқылдыгына шадамды сорттары институтуарда тексерістер мен сынақтардан өтуде. Сомаклональды нұсқалар алу, химиялық және радиациялық мутагенез әдісімен формалардың өзгергіштігін күшейту тамыр шірігіне төзімді бидай, соя, бұршақ сорттары мен будандардың склеротиния мен ботритиске төзімді күнбағыс, вилтке төзімді мақта, құрамында әрук қьшқыл мен глюкозинолаттар аз рапс сорттары мен будандарын шығару сияқты маңызды міндеттерді таяу жылдары шешуге нақты мүмкіндіктер тууда.

Генді инженерия әдістерінің негізінде картопқа байланысты ірі бағдарлама жасалып, іске асырылуда. Картоп клеткасына төрт генді - колорадо қоңызына, вирустарға; бактериоздарға және саңырауқұлақ инфекциясына төзімді гендерді нысаналы түрде енгізу жүргізілуде.

Зиянкес организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді келетін будандар шығару мақсатында бидай, картоп, күріш, томат және басқа да дақылдардың соматикалық будандарын алу технологиясы да жасалып жатыр.

Биотехнологияны дамытуда астық тұқымдастары мен басқа тұқымдастар өсімдіктерінде кездесетін нольдік тотипотенттікті жеңудің маңызы зор. Тұңғыш рет клеткалы дақылдан күріш пен жүгері өсімдіктері регенерацияланды. Бұл өсімдік шаруашылығында гендік инженерияны пайда-ланудың мүлде жаңа мүмкіндіктерін ашады. Кытайда оның көмегімен күріштің пирикуляриозға төзімді формалары түңғыш рет алынды.

Сұрыптаудагы биотехнологиялық зертеулерді дамыту ТМД елдерінің әр турлі аймақтарында орналасқан сұрыптау орталықтары мен арнайы осы үшін ұйымдастырылған 14 мемлекетаралық биотехнологиялық орталықтарда іске асырылады. Бұл бағыттағы ірі теориялық зерттеулер ТМД елдері Ғылым Академияларының жетекші институттарында жүргізіледі. ¥лттық ғылым Академиялары мен ауыл шаруашылығы академиялары ғалымдарының бірлескен ісқимылы практикалық маңызы зор трансгенді өсімдіктер шығаруды қолға алуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстар сонымен бірге, таяу уақытта, өсімдіктердің түпкілікті жаңа формаларын шығару мен оларды таяу Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығында пайдалануға мүмкіндік береді, әрі бұрынғы Экономикалық Өзара Көмек (ЭӨК) кеңесіне мүше елдердің бірлескен бағдарламасына да енгізілген болатын. Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласындағы жүмыстар басқа елдер ғалымдарымен бірлесе атқарылып жатқан жайы бар.

жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау