2. Әңгіме – дәріс. Педагог оқушыға тапсырманы бірігіп дайындауды ұсынады, жаңа сұрақтар қою, жауапты нақтылау, толықтыру арқылы (ескерту:сәтсіз жауапты сынауға жол берілмейді) дәрістің әр тарауына сәйкес білім мазмұнын жүйелеп, қорытындылайды. Проблемалық дәрісті жүргізу мұғалімнен талқыланатын тақырыпты терең білуін талап етеді. Ол сұрақты анық, түсінікті түрде қойып, оқушы жауабын талдай білуі және өзекті мәселені шешуде бағыт беруі қажет, тақырыптан ауытқуға жол берілмейді. Мұндай жұмыс түрін педагог пен оқушы арасында жағымды психологиялық ахуал мен қарым-қатынас болған жағдайда шағын топтарда қолданған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |