6. Бастамашылдар мен сыншылдар. Педагог оқушылар алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар.Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну.Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу.Жұмыс алдын ала дайындықсыз, жылдам жүргізіледі. Оқушылардың бір-бірін сынауына тыйым салынады. Талқылауға өмірде, ғылымда таныс, ал оқушыларға беймәлім оқу материалдарын, ғылыми мәселелерді ұсынуға болады. Адамгершілік мәселелері де оқушылардың қызығушылығын туғызады. Бұл әдісті дәрісті соңында тыңдаушыларды өз бетінше жұмысқа ынталандыру мақсатында қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |