25 емтихан билеті бірінші, екінші және үшінші космостық жылдамдықтар. Планеталар қозғалысы, Кеплер заңдары



жүктеу 0,49 Mb.
бет10/20
Дата23.05.2020
өлшемі0,49 Mb.
#30623
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
неразрезной гос каз

Хроматтық аберрация. Дисперсия құбылысы (сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі) салдарынан берілген линза үшін әртүрлі толқын ұзындықтары (түстер) үшін фокустар бір-біріне қатысты ығысқан болады (4.27–суретте Fk күлгін сәулелер үшін және Fқ қызыл сәулелер үшін фокус көрсетілген). Осының нәтижесінде ақ дақтың кескіні түрлі түсті болып шығады. Түстердің кезектесуі бақылау қалқаны (экраны) орнына тәуелді болады, ал бұған сәйкес кескіннің бұзылулары хроматтық аберрация деп аталады. Хроматтық аберрация сфералыққа ұқсас, сандық түрде бойлық хроматтық аберрациямен (Fk Fқ) сипатталады. Хроматтық аберрацияны мүмкіндігінше азайту үшін арнайы таңдалып алынған материалдардан жасалған линзалардың комбинациясын пайдаланады. Осындай линзалар жүйесі ахроматтық деп аталады.

3.Физика бойынша факультативтік курс және оны өткізу әдістемесі.

Факультатив сабақтарының маңызы: - оқушылардың қабілеттерін дамыту; - қызығушылықтарын қанағаттандыру; - оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту; - оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру; -оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру; - оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баян-дамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу); - оқушыларға кәсіби бағдар беру. Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады; 1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады. 2) Ҝолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді. 3) Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады. Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарла-масында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. [1].

Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы мазмұны жағынан негізгі физика курсының бағдарламасымен сәйкестенген болуы керек. Бұл сабақта қаралатын физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады. Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының мазмұны 8-сыныпта «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары», 9-сыныпта «Механика», 10-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Молекулалық физика», «Электродинамика», 11-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады.

Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар. Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады.



28 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1.Жарық қысымы. Жарықтың фотохимиялық әсері.

Жарық қысымы — жарықтың шағылдыратын және жұтатын денелерге, бөлшектерге, сондай-ақ, жекеленген молекулалар мен атомдарға түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезінде құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына Жарық қысымының әсері болатындығын тұңғыш рет И.Кеплер болжаған (1619). 1873 жылы ағылшын физигі Дж.Максвелл (1831 — 1879) электрмагниттік теорияға сүйене отырып, Жарық қысымының шамасын анықтады. Ал орыс физигі П.Н. Лебедев (1866 — 1912) ең алғаш жарықтың қатты денелерге (1899), кейінірек газдарға (1907 — 1910) түсіретін қысымын өлшеді. Жарық қысымы — болымсыз аз шама. Оның үстіне өлшеу кезінде пайда болатын кейбір құбылыстар да (конвекциялық ағын, радиометриялық күштер) Жарық қысымын өлшеуді қиындатады. Лебедев аспабының негізгі бөлігі — әр түрлі металдар (платина, алюминий, никель) мен слюдадан жасалған диаметрі 5 мм жазық, жеңіл қанатшалар. Қанатшалар жіңішке шыны жіпке ілініп, ауасы сорылған шыны ыдыстың (G) ішіне орналастырылады. Қанатшаларға арнаулы оптикалық жүйенің көмегімен күшті жарық сәулесі түсіріледі. Лебедев пайдаланған аспап қосымша құбылыстардың әсерін мейлінше кемітуге мүмкіндік береді. Жарықтың газдарға түсіретін қысымы қатты денелерге түсіретін қысымынан жүздеген есе аз болғандықтан, бұл тәжірибе алғашқы тәжірибеден қиын болды. Жарық қысымын жарықтың электрмагниттік теориясы бойынша да, жарықтың кванттық теориясы негізінде де түсіндіруге болады. Жарықтың электрмагниттік теориясы бойынша, қарастырылатын бетке перпендикуляр бағытта түскен Жарық қысымы — бет маңындағы электрмагниттік энергияның тығыздығына (u) тең. Бұл энергия тығыздығы (u) денеге түскен және денеден шағылған толқын энергияларының қосындысынан тұрады: u=Q (1+R)/c, мұндағы Q — дененің 1 см2 бетіне түсетін электрмагниттік толқын қуаты, R — электрмагниттік толқынның дене бетінен шағылу коэффициенті, c — жарық жылдамдығы. Лебедев тәжірибелері бұл формуланың дұрыстығын толық дәлелдеді, яғни: p=Q(1+R)/c (эрг/см3 немесе Дж/м3). Мысалы, Жерге келетін Күн сәулесінің қуаты: 1,4х106 эрг/см2*с немесе 1,4х103Bт/м2; олай болса абсолют жұтқыш бетке (R=0) түскен Күн сәулесінің қысымы: p=4,3х10–5дин/см= =4,3х10–6Н/м2. Күн сәулесінің Жерге түсіретін жалпы қысымы: 6х1013дин (6х108Н). Жарықтың бұл қысымы Күннің Жерді тарту күшінен 1013есе аз. Жарық қысымының анықталуы жарық сәулесінде энергия болуымен қатар, оның импульсі мен массасының да болатындығын көрсетті. Кванттық теория бойынша, Жарық қысымы — жарықтың жұтылу не шағылу процестері кезінде денеге фотондар (электрмагниттік өріс энергиясының кванттары) импульсінің берілу нәтижесі. Жарық қысымы астрономиялық және атомдық құбылыстарда маңызды рөл атқарады. Жұлдызаралық және жұлдыздар маңындағы газдардың динамикасы, құйрықты жұлдыздардың құйрықтарының пішіні Жарық қысымы арқылы түсіндіріледі. Жарық қысымы әсерінен Жердің жасанды серіктерінің орбиталары аз да болса толықсиды. Гамма-кванттар импульсінің белгілі бір бөлігінің электрондарға берілуі нәтижесінде пайда болатын шашырау құбылысы, сондай-ақ, Мессбауэр эффектісі — Жарық қысымына жуық құбылыстар.


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау