§ 45. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА БОЙЫНША СЛЕСАРЬ - МЕХАНИК
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелік үлгідегі ерекше күрделі аппаратураларды, құралдарды және механизмдерді бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, механикалық реттеу және 5-6 квалитеттер бойынша әртүрлі механикалық және слесарьлық өңдеумен ұштасқан мөлшердегі көп санды кез келген күрделіліктегі бөлшектерді дайындау. Кез келген күрделіліктегі дайындалған аппаратуралардың электрлік және механикалық бөліктерін сынау. Бөлшектердегі, тораптардағы және дайындалған құралдардағы құрылымдық кемшіліктерді анықтау. Талап етілетін дәлдікті алуға кепілдік беретін базистік бетті таңдаумен механикалық өңдеудің үнемді жүйелілігін белгілеу. Әмбебап тетіктер мен арнаулы кескіш құрал-саймандарды дайындау. Ерекше күрделі құралдарды күрделі жөндеу.
Білуге тиіс: әртүрлі түрдегі аппаратуралар мен жабдықтардың құрылымын, дәлдікке тексерудің тәсілдері менқағидасын; ерекше күрделі бөлшектер мен тораптарды орнату, бекіту және салыстыра тексеру; кез келген күрделіліктегі механизмдерінің әртүрлі жүйелерінің қызмет ету принципін; кез келген күрделіліктегі аппаратураларды, құралдар мен механизмдерді құрастыру және механикалық реттеу тәсілдерін; әртүрлі тісті және басқа да ілгіштерді есептеу принципін; ерекше күрделі және арнайы бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, арнайы тағайындаудағы электр өлшеу аспаптарын белгілеу мен пайдалану тәсілдерін; ерекше күрделі айлабұйымдарын, қалыпты және арнаулы жұмыс кескіш құрал-саймандарының құрылымы және қолдану тәсілдерін; ерекше күрделі және жауапты жұмыстарды орындауға байланысты есептеулер принципін.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері.
Дециметрлік антенналар – құрастыру.
Ерекше күрделі тіркеуші, әріп басушы аппаратуралар – механикалық бөлігін реттеу, электрлік және механикалық параметрлерді өлшеу.
5- және 7- элементтік кодты телеграфтық аппараттар – жөндеу, механикалық бөлігін реттеу.
Бейнемагнитофондар – тәжірибелік нұсқасын құрастыру және реттеу.
Гетероидты толқынды өлшегіш, верньерлі құрылғылар мен ауыспалы сыйымдылықтағы конденсаторларға бөлшектер – номиналдан +/- 0,01 жиілік бойынша электрлік люфтіні жеткізумен дайындау, құрастыру және реттеу.
Декадалы – қадамдық іздегіштер – кіретін күрделі бөлшектерді дайындаумен тәжірибелік нұсқаларды құрастыру (әртүрлі жауапты ілгіштерді оларды есептеумен дәл үйлестіру және дәлдеу, аспапта үйлестірумен тораптарды құрастыру және құралдарды түпкілікті механикалық реттеу).
Теледидарлық беруші камералар – тәжірибелік нұсқаларды құрастыру.
Тісті және бұрамдық ілгіштермен және электромагнитті механизмдермен өзара әрекетте болатын жұдырықша жүйесінен басты қозғалысы бар электромеханикалық құралдардың макеттері – жауапты бөлшектерін толық дайындау, құрастыру және реттеу.
Жоғары жиілікті осциллографтар – күрделі жөндеу және баптау.
Көп каскадты және көп диапазонды бергіштер – тәжірибелік нұсқаларын құрастыру.
Тұрғызушылар - техникалық шарттар мен тексеру таблицаларына сәйкес «өлі» қадамды және айналма сәттерді реттеумен алдыңғы және артқы цилиндрлерді, күймешелер мен тісті төрткілдештерді қоюмен және берілген рұқсаттар шеңберінде бөлшектерді үйлестірумен құрастыру, сондай-ақ межелікті қою.
Өзара әрекет жағдайында болатын және өздерінің арасында күрделі иінтіректі, жұдырықшаны, тісті және бұрамдықты бірілістермен байланысқан бірнеше механизмдерден, электромагнитті механизмдерден тұратын және жалпы негізде құрастырылған құралдар – бөлшектерді үйлестірумен құрастыру және реттеу.
Қабаттасқан электромагнитті, сағаттың механизмдері және дифференциалды ілгіштері бар кез келген күрделіліктегі құралдар – жауапты бөлшектерін үйлестірумен құрастыру, механикалық реттеу, бұрыштарды өлшейтін аспап бойынша эксцентриктер мен қисықтарды салыстыра тексеру.
Бұрыш өлшейтін құралдардың бір-біріне қатысы бойынша айналудың 0,1°-тен артық емес қателігімен, тісті, арқанды, бұрамдықты және басқа да берілістегі айналулармен бұрыш өлшейтін құралдар жүйелері – бөлшектердің тәжірибелік нұсқаларын дайындаумен құрастыру.
§ 46. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРАЛАР МЕН
ҚҰРАЛДАРДЫҢ СЛЕСАРЬ - ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары слесарь – құрастырушының басшылығымен құрастыруға жататын бөлшектерді слесарьлық үйлестірумен қарапайым құралдарды, тораптар мен радиоэлектронды аппаратуралар блоктарын және сымды байланыс аппаратураларын құрастыру. Дайындаманы кесу, құрастыруға бөлшектерді жинақтау және дайындау. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектердің жазықтығын өңдеу. Белгі салу, бұрғылау, бұранданы ою, ию, тойтарып шегелеу, дәнекерлеу, желімдеу және басқа да қарапайым механикалық құрастыру жұмыстары. Ұштасатын бөлшектер мен тораптарды өңдеу және үйлестіру кезінде әртүрлі қарапайым слесарьлық операцияларды орындау.
Білуге тиіс: жұмыста қолданылатын жабдықтардың құрылысы және әрекет принциптері туралы негізгі мағлұматтарды және оларды басқару қағидасын; қарапайым слесарьлық – құрастыру жұмыстарын орындау қағидасы мен тәсілдерін; барынша кең тараған тетіктердің, бақылау-өлшеу құрал-саймандардың және құралдардың, қалыпты және арнаулы кескіш құрал-саймандардың тағайындалуын және қолдану шарттарын; өңделетін және құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың негізгі механикалық және радиотехникалық қасиеттерін; өңдеу өлшемдері туралы мәліметтерді; қарапайым кесу құралын қайрау қағидасын; электр және радиотехниканегіздерін.
Жұмыс үлгілері.
Қарапайым толқын өткізгіш блоктар, арнаулы құрылғылар, сәулелік жинақтамалар және басқа да бұйымдар –сызбанегіздерді орнату және бекіту, жалпы құрастыру.
Антенналық кірістемелер – құрастыруда (конвейерде) орнату және бекіту.
Ашалық айырлар, ағытпалар мен фишкалар – құрастыру.
Күрделі емес толқын өткізгіштер – ию және слесарьлық өңдеу.
Сомындар, бұрамалар, бұрандалы жақтаулар - орнату және бекіту, лакпен жабу.
Оқшаулағыш панельдеріндегі ашалық ұясы – ұштықтар мен жалғастырғыштар орнатумен құрастыру.
Магнитті бастиектер - өзегін құрастыру.
Трансформаторлардың шарғы қаңқалары – құрастыру.
Шағын аумақты магнитофондарға үнтаспалар – құрастыру.
Кинескоптар, динамиктер – орнату және бекіту.
ФРМ, ФШМ түрлеріндегі бұйымдардың қалпақшалары; ПРМ, ПШМ түрлеріндегі бұйымдардың корпустары; ФМТ, СА, ВД түрлеріндегі бұйымдар - құрастыру.
Әртүрлі түрдегі түйіспелер – қол және механикалық баспақта және автоматта түйіспе серіппесін баспақтау.
Телефондық бөлгіш қорапшалар – құрастыру.
Магнитофондар – ПГК ауыстырып – қосқыштарды құрастыру.
Дозиметрдің объективі – құрастыру және автоматта жаншу.
Панельдер, сызбанегіздер, гетинаксты, текстолитті, әйнекті текстолитті және т.б. қалыптар – алдын ала тесік бұрғылаумен станокта бос денелі тойтарып шегелеуді жаншумен түйіспе нүктелерді орнату.
Сызбанегіздер, панельдер – пистондарды, төлкелерді, қалақшаларды тойтарып шегелеуді, қадалық істікті қолмен және баспақта жаншу.
Көп қабатты баспа сызбанегіздері – дайындаманы кесу, қимаүлгі бойынша сұлбасын тегістеу, құрастыру, арматуралау.
Резеңкеден және басқа да материалдардан төсемдер - кертпелер, тесіктер салу.
Қарапайым реле – құрастыру.
Теледидарлар, радиоқабылдағыштар – конвейерде пооперациялық құрастыру.
Бұрыштамалар, тоғындар, планкалар, ұстағыштар – төлкелерді, тойтарып шегелеуді орнату және жаншу.
Реле үшін тораптар – құрастыру.
ЭЕМ тораптары мен блоктары (қарапайым) – ағымды және операциялар құрастыру.
Алыс байланыстың кварцтық аппаратурасының сүзгіштері – конвейерде құрастыру.
Радио өлшегіш құралдардың шассилері – құрастыру.
Шкафтар – бұранда салумен қаптаманы орнату, бірліктік үлгідегі қарапайым бөлшектерді үйлестіру.
Коммутациялық тізбе үшін кірістірме қалқаншалары – құрастыру.
Электрорадиоэлементтер – дайындау, қолмен қалыптау.
§ 47. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫҢ СЛЕСАРЬ - ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді слесарьлық өңдеумен, 11-12 квалитеттер шегінде үйлестірумен және дәлдеумен орта күрделіліктегі радиоэлектронды аппаратураның тораптары мен блоктарын, құралдарды, сымды байланыстың механизмдері мен аппаратураларын құрастыру және механикалық реттеу. Сызбаның талаптарын сақтай отырып бөлшектерді тойтарып шегелеумен, бұрамамен (тесікті белгілеумен және бұрғылаумен) және дәнекерлеумен біріктіру. Техникалық шарттарға сәйкес вибростендтерге және саңылаусыздыққа аппаратура блоктарын сынау. Техникалық шарттарға сәйкес жиналған тораптарды, механизмдер мен аппараттарды тексеру және анықталған ақауларды жөндеу.
Білуге тиіс: жұмыста қолданылатын орта күрделіліктегі және дәлдіктегі жабдықтардың, әмбебап және арнаулы тетіктердің, бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдардың құрылысын, белгілеуді және қызмет ету принципін; жиналатын тораптардың, блоктардың, аппараттардың, құралдардың тағайындалуы мен жұмыс принципін; арнаулы кескіш құрал-саймандарды қайрауқағидасын; орта күрделіліктегі слесарьлық – құрастыру, белгі салу және басқа да механикалық – құрастыру жұмыстарын орындаудың негізгі қағидасы мен орындау тәсілдерін, өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; материалдарды құрастыру кезінде өңделетін және қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері мен таңбалауды; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
Блоктар, тораптар – құрастыру, қаңқаға орнату, орны, қимаүлгі және ұқсатқыш бойынша үйлестіру.
Ауыспалы сыйымдылық конденсаторының блоктары, ауыспалы сыйымдылық конденсаторлары – статор пластинасын құрастыру және қиюластыру, ротор жүрісін реттеумен және аралық статорлық секторларда ротор секторының дәл орналасуымен бөлшектерді дайындау және құрастыру.
Бір жақты желдеткіштер – құрастыру, реттеу.
Толқын есептегіштер – дайындау.
Түйісу топтары – қысым саңылауларын жаттықтырумен және реттеумен құрастыру.
Коммунациялық имектер мен экрандалған сызбанегіздер – құрастыру.
ФРМ, ПРМ, ШС-2, МГК1-1, КН 28 түріндегі бұйымдар, тарамдаушылар, айырғыштар, розеткалар – құрастыру.
Түрлі-түсті бейнедегі теледидарлардың кинескоптары – орнату, алдыңғы панельге қатысты үйлестірумен бекіту.
Алыс байланыс аппаратурасының бақылаушылары – құрастыру.
ДП, ФРМ, ФШМ түріндегі бұйымдардың шанақтары – құрастыру.
Ротордың, статордың және магнитті сымдардың пакеттері – конвейерде құрастыру.
Қабылдағыштардың, теледидарлардың және басқа да аппаратуралардың алдыңғы панельдері – құрастыру, орнату және орны бойынша үйлестірумен бекіту.
Жоғары жиіліктегі баспа сызбанегіздері – кертпелерді белгілеу, түйістіру тесігін және фреза кіру үшін тесікті бұрғылау, фигуралы кертпелер мен қисаюлар сұлбасы бойынша егеу.
Алыс байланыс аппаратурасының үндес жинау қабылдағышының сызбанегіздері – құрастыру.
Қоректендіру блоктарының радиаторлары – транзисторларды, диодтар мен басқа да электрорадиоэлементтерді орнату.
Жылжымалы радиостанциялар мен радиоқондырғылар – шанақтағы радиоқондырғыларды (қаптамадағы терезелер мен ойықтарды кесу) орнату (орны бойынша үйлестірумен), тіреуішті, раманы, қаңқаны бекіту; күш антенна шығыстарын құрастыру және орнату, кабельдер мен сымдарды салу және бекіту.
Орта күрделіліктегі реле - бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру.
Ауытқушы жүйелер – кинескопқа орнату, бекіту.
Теледидарлар, теледидар блоктары, радиоқабылдағыштар – конвейерде құрастыру (кем дегенде 50% операцияларды орындау).
. Теледидарлар, қабылдағыштар – корпусқа құрастыру.
Динамикалық стереофоникалық телефондар – құрастыру.
Барлық түрдегі трансформаторлар – темірмен құрсаулау, магнитті сымды орнату және бүрлі шегемелермен, құрсамамен, бұрыштамамен, тартумен пакетті бекіту, панельге орнату және бекіту.
Шасси – алдын ала және түпкілікті құрастыру.
Қоректендіру шиналары – резисторларды қоюмен құрастыру.
§ 48. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫҢ СЛЕСАРЬ - ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құралдарды, сымды байланыс механизмдері мен аппаратураларын, радиоэлектронды аппаратураның тораптары мен блоктарын, радиоқұрылымдарды механикалық реттеумен құрастыру. Құрылымдардың базалық беттерін және бағыттаушы элементтерін ысқылау, әртүрлі тектегі тісті және бұрамдық ілгіштерді қосымша істеу, күрделі бөлшектерді 7-10 квалитеттер шегінде үйлестіру және дәлдеу. Техникалық шарттарға сәйкес жиналатын бұйымдардың қатты бекітілуі мен дұрыс әрекеттерін қамтамасыз етумен плиталарға, негіздемелерге оларға механизмдер, блоктар мен тораптар орнатуға белгі салу. Жиналған механизмдерді, блоктар мен аппаратура құрылғыларды және құралдарды сынау және сынақ кезінде анықталған жұмыстағы сәйкессіздікті жөндеу. Бақылау-өлшеу құрал-саймандар мен тетіктерді пайдаланумен жиналған бұйымдардың механикалық бөліктерін тексеру. Құрастырма тетіктерді дайындау.
Білуге тиіс: жұмыста қолданылатын жабдықтардың құрылысы, қызмет ету принципін және оны жөндеу тәсілдерін; жиналатын аппаратураны тағайындауды, құрылысы мен қызмет ету принципін; қалыпты және арнаулы кескіш тетіктерді термоөңдеуқағидасын; жиналатын аппаратураларды механикалық реттеу тәсілдері мен әдістерін; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
Автотоқтатқыштар, консолдар, электромагниттер – құрастыру және механикалық реттеу.
Телескопиялық антенналар – үйлестірумен құрастыру.
Жартылай өткізгіштердегі аппаратуралар – күрделі тораптарды құрастыру.
Фототелеграфтық аппараттар – құрастыру, дәлдеу және реттеу.
Алыс байланыстың жоғары жиілікті телефондау аппаратурасының блоктары мен субблоктары – құрастыру.
Өлшеу блоктары – құрастыру.
Кіретін тораптар мен электрорадиоэлементтердің үлкен қанығуымен қоректендіру блоктары – құрастыру.
Жоғары вольтты түзеткіштер, күшейткіштер, бөлгіштер, модульдаушылар, ферровалиометрлер – құрастыру.
Генераторлар, осциллографтар – бөлшектерді салыстыра тексерумен және үйлестірумен құрастыру.
Бірнеше түйісу пластиналарынан тұратын түйісулер топтары – қысыммен мәжбүрлі сынау мен құрастыру.
Кодтық дискілер – құйғаннан кейін тегістеу.
«Бейнетехника» үшін бұйымдар – құрастыру.
Декадалық – қадамдық іздегіштер – толық құрастыру, үйлестіру және тексеру.
Жартылай өткізгіштерде тұрақтандырылған қоректендіру көздері – күрделі тораптарды құрастыру.
Жалпақ кабельдер – ЭЕМ бағаны мен рамасында қосылыстарды салу, қосу, тексеру.
Кабиналар – бұранда салумен және бөлшектерді үйлестірумен тесіктерді белгілеумен, бұрғылаумен құрастыру.
Командалық қоңырау түймелері – бүркеншікті құрастыру және реттеу.
Магнитті сымдар – тәжірибелік нұсқаларды калибрлеу, тегістеу.
Тіркелім механизмдері – құрастыру.
Қалпақтар, әйнекті матадан қаптамалар – баспақтау және босату, саңылаусыздыққа тексеру.
Пластмассалық негізде ауыстырып – қосудың берілген жылдамдығындағы арнаулы радиоэлектронды аппаратура үшін барлық климаттық орындаудағы микроауыстырып – қосқыштар; арнаулы электронды аппаратура үшін барлық климаттық орындаудағы «Тумблер» түріндегі ауыстырып – қосқыштар – электрлік өлшемдерді тексерумен толық құрастыру және реттеу.
Әр түрлі іліністегі белдірендер – құрастыру және реттеу.
Қабылдап – берушілер – құрастыру.
Пластмасса негізінде арнаулы радиоэлектронды аппаратура үшін жарықтық дабыл бергішімен баспа монтажына барлық климаттық орындаудағы қоңырау түймені ауыстырып – қосқыштар – электрлік өлшемдерді тексерумен құрастыру.
ПКБ түріндегі ауыстырып – қосқыштар – шунттар мен сақиналарды орнату.
Кернеуді өзгерткіштер – құрастыру.
Радиоқабылдағыштар – күрделі блоктар мен механизмдерді құрастыру және бір білікке орнату (антенна мен редукторлы межелікті қалпына келтіру).
Радиостанциялар – блоктар мен тораптарды кешенді құрастыру.
Орта күрделіліктегі редукторлар – құрастыру, реттеу.
Саңылаусызданған реле (күрделі және ерекше күрделі) – бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру.
Толқын өткізгіш секциялар (күрделі) – дайындау.
Желдету, антенналық жүйелер, кондиционерлер, ауа өткізгіштер, жарықтандыру – құрастыру және шанаққа орнату.
Арнаулы аппаратуралар – жинақтаушыны орнатумен құрастыру.
Стендтер – бөлшектерді, тораптарды үйлестірумен тәжірибелік нұсқаларды құрастыру.
Операторлар столдары – алдын ала және түпкілікті құрастыру.
Теледидарлар – жекелеген тораптар мен бөлшектерді ауыстырумен құрастырудың механикалық ақауларын кетіру.
Трансформаторлар: жоғары вольтты, жоғары әлеуетті, барлық климаттық орындаудағы – құрастыру.
Трансформаторлар: күштік, шығыстық, торалдалды, кадрлық, дыбыстық – шағын сериялық өндіріс жағдайында құрастыру.
Трансформаторлар және будандық – таспалық сызба үшін импульстық трансформаторлардың блоктары; баспа монтажының сызбасы үшін жоғары жиілікті трансформаторлар; импульстық микротрансформаторлар; ерекше тұрақты трансформаторлар мен кедергіштер – құрастыру.
Тістегеріштер, төлкелерорнатқыш сақиналар – алдын-ала бұраумен және тесіктерін қаріптердің астына өрістете конусты қаріптермен білікшеге қаріптеу.
§ 49. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫҢ СЛЕСАРЬ - ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 7 квалитет шегінде үйлестірумен және дәлдеумен жалпы кинематикалық және электрлік сұлбамен өзара әрекетте болатын ерекше күрделі тораптарды, құралдарды, радиоэлектронды аппаратураны және сымды байланыс аппаратурасын механикалық реттеумен құрастыру. Эксцентрирлік механизмдерімен, электромагниттерімен күрделі кинематикалық сұлба бойынша құрылғыны құрастыру. Аппаратураның тәжірибелік және эксперименттік үлгілерін механикалық реттеумен үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру. Конустық, цилиндрлік, бұрамдық және тісті дөңгелектермен ерекше күрделі ілгіштерді құрастыру, бейімдеу және реттеу. Сатылы дәнекерлеу әдісімен құрастыру операцияларын орындау (жиналатын бөлшектерді әртүрлі маркалы дәнекерлермен біріктіру). Радиоэлектронды аппаратуралар мен құралдарды құрастыру бойынша слесарьлық – құрастыру жұмыстарына байланысты қажетті есептеулерді орындау.
Білуге тиіс: жұмыста пайдаланылатын жабдықтардың құрылысын, қызмет ету принципін; құралдардың, станциялар мен аппаратуралардың әртүрлі модельдерінің, механизмдерінің дәлдігін тексеру тәсілдерін; ерекше күрделі және жауапты бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеудің, құралдар мен қондырғыларды құрастырудың озық әдістерін; ерекше күрделі механизмдерді, құралдарды және құралдар кешендерін механикалық реттеу тәсілдерін; ерекше күрделі және жауапты жұмыстарды орындауға байланысты жүйелілік пен өңдеуді анықтау тәсілдерін; ерекше күрделі және жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының құрылысын, жұмыс істеу принципін, тағайындауды, оларды пайдалану қағидасын; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; жұмыста қолданылатын әртүрлі материалдар мен қоспалардың технологиялық қасиеттерін; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
Автотрансформаторлар – қылшақтың білік люфтінің түйісу қысымын реттеумен толық құрастыру.
Тіркеуші және әріп басушы аппаратура – құрастыру, қалыпқа келтіру, реттеу.
Телеграфтық аппаратура (ерекше күрделі) – толық құрастыру.
Барабандар мен магниттік бастиектер – құрастыру.
Ерекше күрделі толқын өткізгіш блоктар – құрастыру, бақылау-өлшеу құралдарын қолданумен механикалық параметрлер бойынша тексеру.
Вакуумдық тораптары бар ерекше күрделі блоктар – құрастыру (шағын сериялы өндіріс жағдайында).
Дәл бұрыштық бергіштер – бөлшектер мен тораптарды үйлестірумен толық құрастыру, оқшаулағыштың кедергісін тексеру.
Кварцтік дыбыс сымдары – құрастыру кезінде базистік мөлшерлерді тәжірибелік орнату, механикалық реттеу.
Түрлі-түсті және қара-ақ бейнедегі теледидарлық камералар – құрастыру.
Кідірту желілері – базалық беттерді тегістеу, май ваннасында саңылаусыздықты кейіннен тексерумен және қалдық қысымды тексерумен саңылаусыздандыру.
Есептеу механизмдері, кодтық ауыстырып – қосқыштар, резонаторлар – құрастыру, реттеу.
Ерекше күрделі құрылғының арнаулы тағайындаудағы пульттері, блоктары, тағандары - құрастыру.
Басқару пульттері (ерекше күрделі) – басқару пульттерін орнатумен және тораптарды реттеумен құрастыру.
Арнаулы радиоаппаратуралар – бөлшектерді үйлестірумен, реттеумен және сынаумен тәжірибелік үлгілерін құрастыру.
Көлбеу редукторлары (азимуттық) – құрастыру және механикалық параметрлер бойынша тексеру.
Механикалық және электрлік ауыстырып – қосқыштармен уақыт релелері - құрастыру және реттеу.
Көп серіппелі, аз ауқымды телефондық релелер – тәжірибелік үлгілерін құрастыру.
Өзектер – микроскоп астында желімдеу және дәлдеу.
Арнаулы аппаратуралар – аз сериялы өндіріс жағдайында реттелетін ойықтарды орнатумен клавиатураны механикалық құрастыру.
Кез келген күрделіліктегі алыс байланыс аппаратурасының бағандары - құрастыру.
Жоғары және төмен жиіліктегі күшейткіштер (көп каскадты) – құрастыру, қалыпқа келтіру, үйлестіру, реттеу және амплитудалық жиілік сипаттамасын сызу.
Климаттық сынаулар өткізу үшін қондырғылар – құрастыру.
Арнаулы бұйымдар шкафтары және ірі ауқымды ерекше күрделі ЭЕМ аппаратуралары – калибрлер бойынша блоктарды, түйісу ағытпаларын және бағыттаушыларды орнатумен құрастыру; есіктерді, басқару панельдерін орнату.
§ 50. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫҢ СЛЕСАРЬ - ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиоэлектронды аппаратура құрылғысының тәжірибелік және эксперименттік үлгілерін кейіннен оның механикалық бөлігін реттеумен, икемдеумен және сынаумен құрастыру. Бөлшектерді үйлестірумен кез келген күрделіліктегі ілгіштерді құрастыру, реттеу және сынау. 5-6 квалитеттер шегінде барынша күрделі слесарьлық операцияларды орындау. Техникалық шарттар талаптарын есепке ала отырып, тәжірибелік және эксперименттік бұйымдарды құрастырудың дұрыстығын тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ерекше күрделі жабдықтардың құрылымын, жиналатын аппаратуралар мен құралдардың құрылысын, қызмет ету принципін; ерекше күрделі және жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының құрылысын, тағайындалуын және қолдану шартын; эксперименттік және тәжірибелік жұмыстарды орындаумен байланысты есептеулердің әдістерін.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері.
1. Әртүрлі тағайындаудағы, ерекше күрделі радиоэлектронды аппаратуралар – реттеумен, радиорелелі жүйелермен келісумен, сынақ өткізумен және сынақ хаттамаларын ресімдеумен құрастыру.
2. Құрылғылардың тәжірибелік үлгілерінің блоктары–бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, механикалық реттеу.
3. Қозғағыштар – бөлшектер мен тораптарды қажетті үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, икемдеу, түпкілікті тапсыру.
4. Генераторлық камералар, жиілік өлшеуіштер–тәжірибелік үлгілердің бөлшектері мен тораптарын қажетті үйлестірумен, дәлдеумен толық құрастыру.
5. Роторлар–механикалық реттеумен және қиюластырумен құрастыру.
6. Түрлі-түсті теледидар камерасы үшін ауытқу (беру) жүйелері– бөлшектерді қиюластырумен толық құрастыру, білікті туралау (эксперименттік және тәжірибелік үлгілер).
Достарыңызбен бөлісу: |