222
-
белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор
орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының
идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс
нұсқасын қабылдау);
-
сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды
талқылау;
-
оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді
талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын
(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.
Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу
үшін сабақта құқықтық-нормативтік
актілермен, заң түсіндірмелерімен және
ресми құқықтық деректермен жұмысты ұйымдастыру ұсынылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Құқық негіздері» оқу пәнінің
мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық
қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі
құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары,
заңдар мен нормативтік
құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу,
жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық
ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық
қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық
сана-сезім құндылықтарын
қалыптастыруға негізделген.
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
−
әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық
мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін
тереңдету және кеңейту;
−
қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының
негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
−
құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен
орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
−
қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм
мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық
санасын қалыптастыру;
−
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және
қолдану дағдыларын қалыптастыру;
−
әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-әрекеттерді
таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту;
−
қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық
жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
−
қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты
пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.
2022/2023 оқу жылында 10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінен оқу
процесі Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік
оқу жоспарлары бойынша
223
ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу
бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған
«Құқық негіздері» пәнінен 1 сағатқа арналған
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
кейбір оқыту мақсаттары қысқартылды. Сонымен қатар, 10-11-сыныптарда әр
тақырыптық бөлімнен кейін берілетін зерттеу жұмысы тақырыптары
қысқартылды.
Достарыңызбен бөлісу: