2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет122/181
Дата20.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#39332
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   181
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу 
жоспары бойынша
10-1

(ҚГБ, ЖМБ) 




5-9 сыныптарда және 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика 
бағытында (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2022 жылғы 
26 қаңтардағы бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Дүниежүзі 
тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу 
жоспарларымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық 
жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес зертттеу жұмыстары 
Жалпы орта білім беру деңгейінде үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 
тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік 
қабілеттерін дамыту үшін 
10-11-сыныптарда 
қоғамдық-гуманитарлық 
бағытында (ҚГБ) оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша
әр оқу 
тоқсанының соңында білім алушылардың зерттеу жұмысын өткізу 
қарастырылған.
Зерттеу жұмысын өткізу мақсаты:
оқытылатын бөлім тақырыптарының 
жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, терең талдау 
және жүйелеу. 
Зерттеу жұмысы барысында білім алушылар жеке, жұпта немесе топтарда 
тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кіші-
зерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын білім алушылар тоқсан бойы таңдай алады. 
Әр тоқсан соңында білім алушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада 
сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, 
шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. 
Зерттеу жұмысы 
қорытындысы бойынша формативті бағалау қарастырылған
. Сонымен, 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын білім алушылар 
өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, 
ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп 
мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында 
зерттеу жұмысын беру қарастырылады. 
 
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі 
формалары ұсынылады: 
-
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
-
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;


218 
-
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;
-
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс 
түрлерін ұйымдастыруды қолдану; 
-
оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат 
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды 
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 
-
сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға 
мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және танымдық 
ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын 
қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану ұсынылады. Белгілі 
бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде 
оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және 
дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге 
асыруға мүмкіндік туғызады.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи 
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. 
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс. 
Барлық білім алушыларды оқу тапсырмаларын орындау процесіне тарту 
үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргізу ұсынылады. Тапсырмаларды 
нақты орындау үшін әр оқушы өзінің функцияларын, сондай-ақ қызмет 
нәтижелерін бағалау критерийлерін түсіндіруі керек. 
«Дүниежүзі тарихы» 
пәнінен ұсынылатын сайттар: 
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; 
http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/. 
 
6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен элективтік 
курс тақырыптары
Ұсынылатын элективті курстардың тақырыптары: 

«Әлемдік озық мәдениеттің жауһарлары» курсы 

«Әлемдік мұражайлар өркениеттер тарихы» курсы 

«Евразия кеңістігіндегі көшпелілер өркениеті» курсы 

«Тарихи демография» курсы

«Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі заман» курсы

«Дүниежүзі тарихында әлеуметтік-саяси қозғалыстар: коммунистік, 
социалистік, жаңа демократиялық қозғалыстар» курсы

«ҒТР және оның әлеуметтік және рухани салаға ықпалы» курсы 

«Батыстық өркениет: мәселелер мен үдерістер» курсы
 
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Дүниежүзі тарихы» пәні 
мұғалімдерінің кәсіби қызметін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар 


219 
мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және 
т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар


Білім алушылардың тәрбиелік әлеуетін арттыруда тарих сабағының 
орны;

Тарих сабақтарын қашықтықтан оқыту: мәселелер мен тенденциялар; 

Оқушылардың тарих бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру; 

Тарих бойынша білім алушылардың зерттеу жұмыстары; 

Тарих сабақтарында негізгі жалпы білім берудің ЖМБС-ның мета-
пәндік талаптарын іске асыру жолдары; 

Тарих бойынша оқу-әдістемелік жинақтарда негізгі жалпы білім берудің 
мемлекеттік стандартының талаптарын іске асыру; 

Педагогтың тарих сабағына дайындалуы; 

Тарихты оқытуда техникалық құралдарды пайдалану тәсілдері; 

Мұражай 
педагогикасы 
арқылы 
оқушылардың 
тұлғасын 
әлеуметтендіру; 

Тарихты зерделеу кезінде оқушылармен экскурсиялық жұмысты 
ұйымдастыру; 

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу кейстерін жобалау және 
пайдалану 

Тарихты зерделеу кезінде білім алушылардың АКТ – құзыреттілігін 
қалыптастыру әдістемесі; 

6-7-сыныптардағы тарих сабақтарында мәтіндік құжаттарды оқу 
процесінде білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. 
 
8. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 
 
оқулықтардың, оқу-әдістемелік 
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның 
ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі.
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, 
мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-
әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 
мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 10 
маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген. 
 
2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» бойынша келесі 
оқулықтар пайдаланылатын болады: 
 
 


220 
 

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау