9
6.3.7.
Төлемдер мен аударымдарды, сондай-ақ жүзеге асырылуы үшін Интернет-банкинг
жүйесінде Қауіпсіздік кодының/ОТР СМС-ті қайта көрсетілуін қажет ететін басқа әрекеттерді
жасағанда, Клиент Қауіпсіздік кодын/ОТР СМС-ті қосымша көрсетуі тиіс.
6.3.8.
Клиент
кез
келген
үшінші
тұлғаларға
өзінің
БТН-н/Пайдаланушының
атын/Құпиясөзін/Токенін/Қауіпсіздік кодын жарияламауы, ұсынбауы тиіс, алынған ОТР СМСке
қолжетімділік бермеуі керек және БТН-н/Пайдаланушының атын, Құпиясөзді, Токенді кез келген
үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз, БТН-нің/Пайдаланушының атының, Құпиясөздің, Токеннің
тұтастығының сақталуына және кейінгі қолданысына кепілдік беретін жерде сақтауға міндетті.
6.3.9.
Клиент Интернет-банкинг жүйесіне қол жеткізу, сондай-ақ Электрондық банктiк
қызметтердi алу үшін Токен жасаған Құпиясөз бен Қауіпсіздік кодын бірнеше мәрте (қатарынан
үш реттен аса) қате енгізген немесе ОТР СМС-ті қате енгізген жағдайда, Интернет-банкинг
жүйесіндегі Клиенттің Тіркелгісін Банк біржақты тәртіппен Клиентке ескертусіз автоматты түрде
бұғаттайды. Клиенттің Тіркелгісі бұғатталғаннан кейін Банк Клиенттің Интернет-банкинг
жүйесіне қолжетімділігін тоқтатып, Клиенттің Нұсқауларын орындамайды. Бұл жағдайда, Банктің
Электрондық банктiк қызметтердiң тоқтатылғандығы туралы Клиентке хабарламауға құқы бар.
Клиенттің Тіркелгісін бұғаттан шығару үшін Клиенттің Банктің ішкі рәсімдерінің негізінде
сәйкестендіруден өту шартымен, Клиенттің Банктің Байланыс орталығына жүгінуі қажет.
6.3.10.
Клиенттің БТН-н/Пайдаланушының атын, Құпиясөз бен Қауіпсіздік кодын/ОТР СМС-ті
қате енгізуі Банктің Электрондық банктiк қызмет көрсетпеуіне негіз болып табылады.
6.3.11.
Қауiпсiздiк мақсатында, Жүйеде Клиент Тіркелгісінің ағымдағы сессиясын үзу атқарымы
ескерілген. Клиент Тіркелгісінің ағымдағы сессиясын үзу деп Жүйе ұзақ (10 минуттан астам
уақыт) белсенді емес күйде болған (тұрып қалған) жағдайда, Электрондық банктiк қызметтер
алуға тыйым салу түсініледі. Жүйеге қол жеткізу үшін Клиентке Жүйеге қайта кіру қажет.
6.3.12.
Клиент Клиенттің банк Шоттарына (Шотына) қол жеткізу, Клиенттің атынан Электрондық
банктік қызметтер алуды және басқаны қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін мақсаттарда,
Клиенттің атынан рұқсат етілмеген қолжетімділікті анықтаса немесе Жүйеде рұқсат етілмеген
қолжетімділіктің жоқтығына күмән келтірсе, бұл туралы Банкке +7 727 2596900 телефон нөмірі
бойынша дереу хабарлауға міндетті, ондағы қызметкерлер тәулік бойы мерекелік және демалыс
күндерінсіз істейді.
6.4.
Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы Клиентке Электрондық банктiк
қызметтер көрсету келесі Қауiпсiздiк рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады:
6.4.1. Phone banking арқылы Электрондық банктiк қызметтi алу үшін Клиент дыбыс тәртібімен
жұмыс істейтін телефонға қолжетімділікке ие болуы, өзімен бірге ЖСН-н қамтитын құжаты мен
өзінің атына Банк шығарған дебет немесе кредит Картасы болуы тиіс. Қызмет Жалпы шарттарға
және Банк пен Клиенттің арасында жасалған басқа да банктік қызмет көрсету шарттарына сәйкес
Шоттың иелері болып табылатын Клиенттерге ғана қолжетімді.
6.4.2. Phone banking электрондық банктiк қызметіне қолжетімділікті ұсыну Банктің +7 727
2596900 телефоны бойынша Клиенттің тиісті ауызша Нұсқауы алынғаннан кейін және Клиент
телефонның дыбыс тәртібі жұмысында тиісті санды – Phone banking арқылы көрсетілетін
Электрондық банктiк қызметке өту кодын енгізген соң жүзеге асырылады.
6.4.3. Phone banking арқылы байланыс желілері бойынша көрсетілетін Электрондық банктiк
қызметтерге қолжетімділікті ұсынған кезде Клиентті сәйкестендіру мақсатында, келесi рәсiмдер
ескерілген: (i) бірінші рет жүгінгенде – Клиенттің ЖСН-н, Тексеру коды мен Клиенттің
картасындағы нөмірдің соңғыс 4 санын телефонмен дыбыс тәртібінде енгізу, (ii) кейінгі
қолжетімділікте – Клиенттің ЖСН мен Клиенттің Картасындағы нөмірдің соңғы 4 санын енгізу.
6.4.4. Осы арқылы Клиент Клиент Қауіпсіздік рәсімдерінен сәтті өткен жағдайда, Банктің Phone
banking арқылы көрсетілетін Электрондық банктiк қызметтi әрі қарай пайдалануды Клиенттің өзі
жүзеге асырады деп есептеуге құқылы екендігімен келіседі.
6.4.5. Осы арқылы Клиент Phone banking арқылы көрсетілетін Электрондық банктiк қызметтi
көрсетудің Клиенттің өтініші бойынша тоқтатылмайтындығымен, бұғатталмайтындығымен
немесе өшірілмейтіндігімен келіседі. Сонымен бірге Карта жоғалған/ұрланған/басқа заңсыз
пайдаланған жағдайда, Банк оны Жалпы шарттарда қарастырылған тәртіппен бұғаттайды.
6.4.6. Осы арқылы Клиент Байланыс орталығы арқылы байланыс желілері бойынша
Электрондық банктiк қызметтер көрсетудің Клиент Банктің Қауіпсіздік рәсімдерінен сәтті өткенде
ғана, атап айтқанда, Клиент Банктің уәкілетті қызметкерінің Банктің ішкі рәсімдеріне сәйкес
және/немесе Клиентті серпінді сәйкестендіру жолымен анықталған сұрақтарына анық және толық
10
жауап бергенде жүзеге асырылатындығымен келіседі. Сонымен қатар Байланыс орталығы
қарастырылған жағдайларда және шектерде Жүйені интерактивті қолдауды Келісімде көрсетілген
жағдайларда жүзеге асырады.
6.4.7. Клиент осы түйiспенi арқылы байланыстың тораптарына арналған Электрондық банктiк
қызметтердi беру табысты өтуде банктiң қауiпсiздiгiнiң рәсiмдерiн клиент ғана жүзеге асқанын
мақұлдайды, ал тап беруде шынайы және толық жауаптардың банктiң уәкiл қызметкерiнiң
сұрақтарына, белгiлi банктiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес және/немесе клиенттiң динамикалық
сәйкестендiруiн жолмен. Түйiспе - орталығы да және жағдай ескерiлген шек, келiсiм көрсетiлген
жағдайлардағы жүйенiң өздiгiнен қолдауын жүзеге асырады.
6.4.8. Сонымен қатар Банк Банктің бөлімшелеріне ақпараттық-кеңестік қолдауды жүзеге асырып,
Келісімнің шарттарымен көрсетілетін Электрондық банктiк қызметтерге жатпайтын, Банктің
Байланыс орталығы арқылы көрсетілетін Электрондық банктiк қызметтер алу үшін қажетті
Қауіпсіздік рәсімдерінен өтусіз, Байланыс орталығы арқылы Банктің өнімдері мен қызметтері
бойынша Клиенттерге қажетті ақпарат ұсынады.
6.4.9. Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы байланыс желілері бойынша Электрондық
банктiк қызметтер көрсеткенде, Банкте мобильді телефонның осы нөмірін Банкке Клиенттің
бергендігі туралы Клиенттен растамасы болған жағдайда, Банк мобильді (ұялы) телефон нөмірінің
Клиентке шын тиесілігін тексермейді және тексеруге міндетті емес және кейін Банк мобильді
(ұялы) телефонның осы нөміріне заңды/заңсыз иелік ететін және/немесе оны пайдаланатын кез
келген үшінші тұлғаның СМС хабарландырулар алғаны үшін жауапкершілік көтермейді.
7.Клиенттiң тіркелгісін бұғаттау/бұғаттан шығару және БТН-ні, Құпиясөзді, Токенді қайта
шығару
7.1.
БТН, Құпиясөз, Токен жоғалған, ұрланған, жойылған жағдайда, Клиенттiң Жүйедегі
Тіркелгісін бұғаттау үшін Клиент мерекелік және демалыс күндері де, тәулік бойы жұмыс істейтін
+7 727 2596900 телефон нөмірі бойынша дереу Банкке жүгінуі қажет. Клиент Жүйедегі тіркелгіні
бұғаттау қажеттілігі туралы хабарлайды.
7.2.
Клиенттiң Жүйедегі Тіркелгісі бұғатталғанда, Клиенттің Электрондық банктiк қызметтерге
қолжетімділігіне тыйым салынып, Клиентке Электрондық банктiк қызметтер көрсету біржақты
тәртіппен Клиентке ескертусіз тоқтатылады.
7.3.
Клиенттің Банкке Клиенттің Тіркелгісін бұғаттауға жүгінгеніне дейін Банк Жүйе арқылы
алған Клиенттiң барлық Нұсқауларын Банк олардың алаяқтық жолмен жасалып, Клиенттің кез
келген уақытта берген басқа нұсқауларының немесе тапсырмаларының шарттарына қайшылығына
қарамастан, оларға тиісті түрде Клиент бекіткен Нұсқаулар ретінде қарайтын болады. Банк
Клиенттің Нұсқауларының түпнұсқалылығын және/немесе Клиенттің Нұсқауларын беруге
Клиенттің уәкілеттілігін тексеруге міндетті емес, сондай-ақ Клиенттің Банкке Клиенттің
Тіркелгісін бұғаттау үшін уақыты жүгінбегені үшін жауапкершілік көтермейді.
7.4.
Клиенттің Жүйедегі Тіркелгісін бұғаттау жағдайларын қоспағанда, Клиенттің Жүйедегі
Тіркелгісін бұғаттан шығару, Құпиясөз және/немесе Құпия код үш реттен астам қате терілген
жағдайда, Клиенттің жазбаша өтінішінің негізінде, Банк белгілеген нысанда, Клиенттің Банкке
келуі шартымен жасалады. Клиент қажетінше жаңа БТН-н, Құпиясөз бен Токенді (БТН-н,
Құпиясөздер мен Токендерді) ала алады. Сонымен бірге Клиенттің Банктің алдындағы барлық
міндеттемелері Клиент толық орындағанша толық көлемде қолданысын жалғастырады.
7.5.
Клиенттің Тіркелгісі Клиенттің Интернет қауіпсіздігінің құрылғысы жасаған Құпиясөзді,
Құпия кодты үш рет қате енгізуі нәтижесінде бұғатталған жағдайда, Клиенттің Жүйедегі
Тіркелгісін бұғаттан шығару Клиенттің Банктің Байланыс орталығына жүгінуі негізінде жасалады.
7.6.
БТН-н, Құпиясөз бен Токенді қайта алу, Жүйенің пайдаланушы ретінде тіркелу
Ережелердің 4-бөліміне сәйкес жасалады.
7.7.
Клиенттiң Банктегі барлық Шоттары жабылған кезде, Клиенттің Тіркелгісін жою барлық
Шоттардың жабылуымен бір уақытта жасалады.
8.
Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы электрондық банктiк қызметтер
алу тәртiбi
8.1.
Байланыс орталығы арқылы Электрондық банктiк қызметтер көрсету тек Банк
Клиенттерiне ғана және олар Банктің Қауіпсіздік рәсімдерінен сәтті өткеннен кейін жүзеге
асырылады.