2017 жылғы «10» Ақпан №4 хаттама Жеке тұлғаға электрондық банктiк қызметтер



жүктеу 223,49 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата20.05.2018
өлшемі223,49 Kb.
#14771
1   2   3   4   5   6

 

 



3.1.1. 

Ақпараттық банктiк қызметтер, оның ішінде: 

1) 


Клиенттің Банкте ашылған банк Шоттарының болуы мен оның нөмірлері туралы ақпарат 

беру; 


2) 

Жүйе  арқылы  Клиенттiң  Банкте  ашылған  кез-келген  банк  Шоты/Картасы  бойынша  ақша 

қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат (үзiндi-көшiрме) ұсыну; 

3)  қажеттi өзгерістерді енгiзудi қоса алғанда, төлем алушылардың тiзiмдерiн баптау;  

4)  төлемдер мен аударымдар тарихын қарау;  

5)  бір  типті  төлемдер  мен  аударымдарды  болашақта  Жүйе  арқылы  жүзеге  асыру  үшiн  үлгілер 

жасау;  

6)  Банк өнiмдерi бойынша пайыздық мөлшерлемелерді сұрау; 

7)  Клиенттiң дербес ақпаратын жаңарту; 

8)  Клиенттiң Шоттары бойынша СМС-хабарландыруды қосу/өшіру; 

9)  Клиенттiң Шоттары бойынша СМС-хабарландыру баптауларын өзгерту; 

10) СМС-хабарландыруларды жеткiзу баптауларын жаңарту; 

11) Қауіпсіз қосылыстар арнасы бойынша электрондық хабарламалар арқылы Банкпен байланысу 

мүмкiндiгі (Банктің жауап беру мерзiмі мен тәртібі Банктің ішкі рәсімдерімен анықталады);  

12) Банктен хабарламалар алу; 

13) 


Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы Шоттардағы қалдықтар, қолжетімді кредит 

лимиті,  минималды  өтеу  сомасы  мен  кредит  Картасы  бойынша  берешек  сомасы  туралы  ақпарат 

ұсыну; 

14) 


Байланыс  орталығы  арқылы  Клиенттің  банк  Шоттары  мен  оның  нөмірлері, 

ақшасының қалдықтары мен қозғалыстары туралы мәліметтерді ұсыну сұрауын қабылдау;  

15) 

Байланыс орталығы арқылы 3D Secure атқарымын қосу/өшіру; 



16) 

шетелде  төлемдердi  интернетпен  жүзеге  асыру  үшін  Байланыс  орталығы  арқылы 

қолжетімділіктерді ашу/жабу; 

17) 


Банк белгілеген әдепкі қалпымен төлем картасы бойынша лимиттердi арттыру; 

18) 


қате терілген ДСН-кодты санауышты Байланыс орталығы арқылы ысыру; 

19) 


Төлем  карталары  жоғалғанда/ұрланғанда  мән-жайлары  анықталғанға  дейін  оларды 

Байланыс орталығы арқылы бұғаттау; 

 

3.2. Электрондық төлем қызметтерi, оның ішінде: 

1) 


жинақ ақша (депозит) Шоттарын ашу; 

2) 


ағымдағы қосымша Шоттарды ашу; 

3) 


Клиенттiң банк Шоттарынан төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру;  

4) 


шетел валютасын сатып алуды және сатуды жүзеге асыру; 

5) 


Клиенттің  Шоттары  бойынша  тұрақты  қолданыстағы  нұсқауларды  белгілеу,  өзгерту 

немесе олардың күшiн жою; 

6) 

Клиенттiң  шоттары  бойынша  төлемдер  мен  аударымдарды  жүзеге  асыру  бойынша 



нұсқауларды алдағы күнге белгілеу; 

3.2.1.   Электрондық  банктiк  қызметтердiң  тiзбесі  мен  оларды  Банктің  Клиентке  көрсету 

тәсілдерін  Банк  кез  келген  уақытта  өз  қалауы  бойынша  біржақты  тәртіппен  өзгерте  алады 

және/немесе толықтыра алады.  

3.3  Клиенттің  Шоттарымен,  Картасымен  банк  амалдарын  жүргізу  тәртiбі  мен  шарттары  Кешендi 

шартпен анықталады.  

3.4. 

Клиенттің  Шоттарымен,  Картасымен  банк  амалдарын  жүргізгені  үшін  Банктің  алатын 



комиссиялардың  мөлшерлері  Кешенді  шарттың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  Тарифтермен 

анықталады.  

3.5. 

Жүйе  арқылы  жүзеге  асырылатын  төлемдердің  және/немесе  аударымдардың  Банк 



белгілеген лимиттерін Клиенттің жазбаша өтініші негізінде Банктің келісімімен арттыруға болады. 

Сонымен  бірге,  Банк  Клиентке  Жүйе  арқылы  жүзеге  асырылатын  төлемдердің  және/немесе 

аударымдардың лимиттерін арттырудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. 

 

4. Жүйеге қолжетімділікті алу тәртiбі  



Интернет-банкинг қызметiне Токен құрылғысының көмегiмен қосылған жағдайда. 

4.1. 


Жүйе  арқылы  Электрондық  банктiк  қызметтерге  қолжетімділікті  алу  үшiн  Клиентке 

пайдаланушы ретінде тiркелуді жүзеге асыру қажет. Жүйені пайдаланушы ретінде тiркеуден өту 

және  Клиенттің  Тіркелгісін  құру  үшін  Клиентке  Банктік  тіркеу  нөмірін  (БТН),  Құпиясөзді, 

Қауіпсіздік кодын жасайтын Интернет қауіпсіздігі құрылғысын (Токен) алу керек. 




 

 

4.2. 

Клиент  Банкке  өзі  келіп,  Келісімге  қосылу  туралы  өтініш  берген  кезде  Банк  Банктің 



аталған өтінішті акцепттеу шартымен Клиентке БТН, Құпиясөз бен Токенді ұсынады. 

4.3. 


Клиент  Банкке  өзі  келмей,  Келісімге  қосылу  туралы  өтініш  беру  жолымен  Келiсiмге 

қосылған  жағдайда,  Клиенттің  Келісімге  қосылу  туралы  өтініштегі  қолы  нотариалды 

куәландырылуы,  қажет  болса,  апостиль  қойылуы  немесе  заңдастырылуы  тиіс.  Бұл  жағдайда 

Клиент өз бетінше және өз есебінен Банкке Келісімге қосылу туралы өтініштің қол қойылған және 

нотариалды куәландырылған (қажетінше апостиль қойылған немесе заңдастырылған) түпнұсқасын 

жібереді.  Жоғарыда  көрсетілген  Клиенттің  өтiнiшiн  алғаннан  кейiн,  Банк  оны  акцепттеуге 

құқылы,  бірақ  міндетті  емес,  немесе  оны  кез-келген  негiздер  бойынша  акцепттеуден  біржақты 

тәртіппен Клиентке ескертусіз бас тарта алады. 

4.4. 

Ережелердің  4.3  тармағында  көрсетiлген  жағдайда,  Банк  Келісімге  қосылу  туралы 



өтінішті акцепттеген болса, Токенді Клиенттің жазбаша нұсқауы және Клиенттің Келісімге қосылу 

туралы  өтінішінде  жеткізілімнің  пошта  мекенжайын  көрсету  шартымен  жоғарыда  көрсетілген 

Клиенттің  өтінішін  Банк акцепттеген кезден бастап  5  (бес)  жұмыс  күні  ішінде  Келісімге  қосылу 

туралы  өтініште  Клиент  көрсеткен  мекенжайға  пошта  арқылы  хабарландыруы  бар  тапсырыс 

хатпен жібере алады. 

4.5. 


БТН  мен  Құпиясөз  Клиентке  Банктің  көрсетілген  Клиенттің  өтінішін  акцепттеу  және 

Клиенттің  Банкке  келу  шартымен  Клиент  Келісімге  қосылу  туралы  өтінішті  берген  кезде 

ұсынылады.  Бұл  ретте  Клиент  БТН  мен  Құпиясөзді  табыстау  нысандарына  қол  қоюға 

міндеттенеді.  Сонымен  қатар  Банк  БТН  мен  Құпиясөзді  Клиенттің  жазбаша  нұқсауы  және 

Клиенттің  Келісімге  қосылу  туралы  өтінішінде  жеткізілімнің  пошта  мекенжайын  көрсету 

шартымен  жоғарыда  көрсетілген  Клиенттің  өтінішін  Банк  акцепттеген  кезден  бастап  5  (бес) 

жұмыс күні ішінде пошта арқылы хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жібере алады. 

4.6. 


Банк Клиентке БТН, Құпиясөзді, Токенді хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жіберген 

жағдайда,  Тараптар  БТН-нің,  Құпиясөздің,  Токеннің  қауіпсіздік  мақсатында  әртүрлі  пошталық 

жөнелтімдерімен  жіберілуі  мүмкін  екендігімен  және  Клиенттің  БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді 

қабылдап  алғандығының  тиісті  растамасы  БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді  хабарландыруы  бар 

тапсырыс  хатпен  жіберілгендігі  туралы  хабарландыру  болатындығымен  шүбәсіз  және  сөзсіз 

келіседі.  

4.7. 

Клиенттің  БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді  қабылдап  алған  күні  болып  Клиенттің  БТН-н, 



Құпиясөзді, Токенді  табыстау  нысанына  қол  қойған  (Клиент  БТН-н,  Құпиясөзді, Токенді  Банкте 

алған  жағдайда)  күні,  немесе  Келісімнің  шарттарына  сәйкес  БТН-нің,  Құпиясөздің,  Токеннің 

хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жіберілген күні саналады. 

4.8. 


Осы арқылы Клиент Келісімнің шарттарына сәйкес БТН, Құпиясөз, Токен пошта арқылы 

жіберілген  жағдайда,  үшінші  тұлғаның  БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді  заңды/заңсыз 

алуына/жариялауына байланысты Клиентте және/немесе кез келген үшінші тұлғада туындаған кез 

келген  шығындар,  залал,  шығыстар,  сондай-ақ  үшінші  тұлғаның  БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді 

пайдалануы нәтижесінде Клиентте және/немесе кез келген үшінші тұлғада туындаған кез келген 

шығындар, залал, шығыстар үшін Банктің жауапкершілік көтермейтіндігімен шүбәсіз және сөзсіз 

келіседі. 

4.9. 


Осы арқылы  Клиент  БТН-нің, Құпиясөздің, Токеннің пошта арқылы жіберілуі  БТН-нің, 

Құпиясөздің,  Токеннің  құпиялылығын  қамтамасыз  етпейтіндігімен,  нәтижесінде  БТН-н, 

Құпиясөзді,  Токенді  үшінші  тұлғалардың  алуы/көшіруі/жариялауы/оқуы  немесе  басқаша 

қабылдауы  және/немесе  жаңғыртуы,  сондай-ақ  жоюы  мүмкін  екендігімен,  осылайша  Клиентке 

шығындар,  залал  немесе  басқа  шығыстар  келтіруі  ықтимал  екендігімен  шүбәсіз  және  сөзсіз 

келісіп,  оны  толығымен  түсінеді.  Осы  арқылы  Клиент  БТН-нің,  Құпиясөздің,  Токеннің  пошта 

арқылы жіберілуіне байланысты туындайтын барлық шығындарды, залалды, шығыстарды, зиянды 

толығымен өзіне қабылдайды. 

4.10. 

БТН-н,  Құпиясөзді,  Токенді  пошта  арқылы  алу  мақсатында,  Клиент  көрсеткен  пошта 



мекенжайы  дұрыс,  Клиентпен  тиісті  түрде  тексерілген  болып  табылады,  және  Банк  Клиент 

көрсеткен мекенжайды тексеруге, сондай-ақ Клиент мекенжайды түсініктсіз көрсеткен жағдайда, 

БТН-н, Құпиясөзді, Токенді пошта арқылы жіберуге міндетті емес. 

4.11. 


Осы  арқылы  Клиент  пошта  байланысы  операторының,  шабармандардың,  БТН-н, 

Құпиясөзді,  Токенді  жіберуге  және/немесе  алуға  тартылған,  оның  ішінде  БТН-нің,  Құпиясөздің, 

Токеннің кез келген себептермен уақытылы жеткізілмегендігі, жоғалғаны, жеткізілмегендігі, басқа 

мекенжайға  жеткізілгендігі  үшін  жауапты  өзге  тұлғалардың  әрекеттері  және/немесе  әрекетсіздігі 

үшін Банктің жауапкершілік көтермейтіндігімен шүбәсіз және сөзсіз келіседі. 



жүктеу 223,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау