58
тұрақты отырыстарының орташа саны жылына 9-10 ретті құрайды, ал
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы
№ 86 бұйрығымен бекітілген мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар
үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне (Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 465 бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен) сәйкес жылына 6-12 отырыс.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес ЕҰ
Директорлар кеңестерінің отырыстары жылына 6 реттен кем емес өткізілуге
тиіс.
Осыған байланысты, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің
жұмысының тиімділігін күшейту және отырыстың күн тәртібіне үздік әлемдік
практиктерді енгізу бойынша, сондай-ақ Директорлар кеңесінің қарауына
берілетін материалдардың оңтайлы көлемі бойынша жұмысты жалғастырады.
Директорлар кеңестері қызметінің шынайы бағасы
ЕҰ Директорлар кеңестерінің қызметін бағалауын жүргізу рәсімі басқа
елдердің даму институттарының тәжірибесіне сәйкес жақсартуды да талап
етеді. Директорлардың жеке қызметін бағалаудың қазіргі нысаны тым
формалды және директор қызметінің дағдыларының және сапасының шынайы
бағасына ықпал етпейді. Бағалау нысандарын құзыреттіліктер, алқылауларға
жұмылдыру дәрежесі, сонымен бірге директорлардың жеке қызметі жөніндегі
сұрақтармен толықтыру ұсынылады. Бағалау нысандарын толтыру және жинау
кезеңі сондай-ақ толықтыруды талап етеді – директорлар аты-жөнін жазбай,
нысандарды толтыруға тиіс.
Неғұрлым айқын бағалау үшін бағалау парақтарын
жинау және талдау үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыны жұмылдыру ұсынылады.
Сыртқы тәуелсіз сарапшы әр директордың қызметі бойынша жеке есептерді
дайындауға және оларды құпиялы түрде таратуға тиіс. Осы есеп берулер
директорлармен тікелей Директорлар кеңестерінің Төрағаларымен жеке
тәртіпте талқылануға тиіс. Сондай-ақ, сыртқы тәуелсіз сарапшы Директорлар
кеңесінің қызметін бағалау бойынша жалпы есепті дайындайды, есеп
Директорлар кеңесінің жабық отырысында талқыланады. Директорлар
кеңестерінің бағалауын жүргізу кезеңдеріндегі өзгерістер әлемдік тәжірибеге
сәйкес олардың қызметінің тиімділігін едәуір жақсартуы мүмкін.
Директорлар кеңестері қызметінің жоғарыда аталған қағидаттарын сақтау
үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға ЕҰ-да аға тәуелсіз директордың тәжірибесін
енгізу қажеттігін қарастырады, оның функциясына тәуелсіз директорларға
басшылық етуді қамтамасыз ету, Басқарма төрағасы және ЕҰ Директорлар
кеңесі Төрағасының қолдауын және консультацияларын қамтамасыз ету кіреді.
Корпоративтік басқару жүйесінің жоғарыда айтылған өзгерістері
Директорлар кеңесі мен ЕҰ Басқармасының рөлі мен жауапкершілігін күшейте
түседі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ЕҰ мүліктік мүдделерін қаржылық
институттарды, оның ішінде жетекші шетелдік кредиттік ұйымдарының,
59
инвестициялық қорлардың және басқарушы кәсіпорынның қылмыстық
араласулардан, компьютерлік қылмыстардан және цифрлық деректерді жоғалту
тәуекелінен, көрсетілген функциялардың жеткіліксіздігі салдарынан зиянын
тигізген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелдерін (қателіктер
және байқаусызда жіберілген олқылықтар) сақтандыру тәжірибесінен өткен
қорғаудың кешендік сақтандыру ұйымдарының халықаралық қазіргі заманғы
стандарттарына жауап беретін сақтандыру жүйесін (сақтандырушы
қорғаныстың саясатын) әзірлеу және енгізу қажет. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның
еншілес ұйымдарының мүліктік мүдделеріне олардың котрагенттерімен
жүктелген сақтандыру бойынша ұсынымдар мен талаптар әзірлеу.
Қаржылық
даму
институттарының
қылмыстық
араласулардан,
компьютерлік қауіптерден және функцияның тиісті сапасына (қателіктер және
олқылықтар) зиян үшін жауапкершіліктен кешенді сақтандыруды сәтті
енгізгендер қатарынан мысалдар: EBRD, The World Bank, Asian Development
Bank, Crown Agents (Ұлыбритания).
4.6.4 Жаңа құзыреттіліктерді және жұмыстың ұйымдастыруындағы
әдістерді құрастыру
Талдау орталығы
Қазіргі уақытта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ экономика дамуын қолдаудың
бекітілген бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа
мемлекеттік органдарының қаулылары мен тапсырмалары шеңберінде
мемлекет белгілеген басымдылықтарды басшылыққа алады. «Бәйтерек» ҰБХ»
АҚ және оның ЕҰ жинақталған тәжірибесі, жинақталған институционалдық
жадысы басымдылықтарды айқындауда пайдаланылуы мүмкін.
Жинақталған тәжірибенің арқасында, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның
ЕҰ клиенттер қажеттіліктерін терең ұғынуда, атап айтқанда, функцияның ірі
бизнесте кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнес сегментінде
кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ тұрғын үй қолжетімділігін, экспорттық әлеуетті
ұлғайту, сондай-ақ трансферт және инновацияларды енгізу сияқты маңызды
бес стратегиялық бағытындағы институционалдық жадының негізінде
ұғынуда. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ-ның клиенттерімен – қызметтерді
алушылармен тікелей байланысы бар проблемалар мен қиындықтарға және
келешектегі қажеттіліктерге, сондай-ақ қажетті құралдар және даму
институттары тарапынан қолдау көлемдеріне қатысты маңызды ақпаратты
алуға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ осы ақпаратқа қолжетімділікті
тиімді қолдану және оны талдау орталығында орталықтандырылған түрде
өңдеуі мүмкін. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қорландырудың мемлекеттік емес
дереккөздерін жұмылдыру шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму
міндеттерін шешу жолдарын дербес айқындау (жаңа жұмыс орындарын құру,