2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар



жүктеу 5,39 Mb.
бет14/29
Дата24.12.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5729
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар

Ел тарихына деген қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыс
Кітапхана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Жолдауларын, әлеуметтік экономикамыздың дамуын, еліміздегі және әлемдегі саяси жаңалықтарды оқырмандарға дер кезінде жеткізу, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің мерейтойларын атап өту және жергілікті қаламгерлермен кездесу кештерін өткізу арқылы құнды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылады. Елбасының «Бүгінгі жастарды отан­шылдық рухта тәрбиелеу – мемле­кеттік идеологияның темір­қазығы болу тиіс» деген сөзінің бүгінгі таңда Мәңгілік ел идеясының басты шамшырағы.

(ОҚБК) Елбасының Жолдауы жария етілгеннен кейін кітапханада оқырмандарға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін түсіндіріліп, болашақ дамуымыз үшін нақты әлеуметтік-саяси бағдарлар айқындалғаны туралы ой өрбітті. «Жолдаудан жолдауға» кітап көрмесімен таныстырылды. (ф№5) «Елбасы Жолдауы – 2017», (ф№1) «Президент Жолдауы. Болашаққа көзқарас» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары қойылды, атап айтқанда: «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік белестері» және т.б. Сонымен қатар, Елбасының 1997 жылдан бугінгі күнге дейінгі жарық көрген 20 Жолдауы ұсынылды. Бұл көрмелер оқырмандарды мерзімді басылым беттерінде жарық көрген ой-пікірлерімен таныстырды.

(ф№5)„Отаным – тәуелсіз Қазақстан“ Тұрақты кітап көрмесі. 5-9с. оқушыларына арналған. «Болашаққа жол тартқан Қазақстан» бөлімінде Қазақстанның картасы және елбасымыз, елордамыз, рәміздеріміз, елімізді мекендеген халықтар туралы әдебиеттер қойылған: Қасымбеков М.Б. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстан және әлем елдері» кітап-альбомы, Романов И.М., Жандәулетов В.А. «Қазақстан». «Дала өркениеті» бөліміне тарихи-танымдық, этнографиялық әдебиеттер қойылған.



EXPO-2017

Әр дәуірдің өз қиындықтары,әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. 2017 жыл — еліміз үшін ерекше жыл. Бүкіл әлемкөзін тігіп отырған «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге ие болуы, өзге елдерге үлгі боларлықтай игі іс болды.Осығанорай кітапханаларда әр формадағы іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылды. (ОҚБК) ЭКСПО - 2017 көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру мақсатында«ЭКСПО - 2017балалар көзімен» аттыкөрме ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталған «Әлемдік тұлға», «Мен Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным  Тәуелсіз Қазақстан», т.б. кітаптар және мерзімді басылымдар ұсынылды. (ф№5). Кітапхананың оқу залында «Болашақ энергиясы- ЭКСПО-2017» тақырыбында аппликация жұмысы өткізілді. Мүмкіншілігі шектеулі балалар мектеп оқушыларымен бірге дискілерды қиып жапсырып, шар тәріздес көрменің ғажайып павильионының макетін жасап шығарды. Макет кітапхананың ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап жасалған көрмеге қойылдыБарлық кітапханалар көрмелер ұйымдастырып, шаралар өткізді: (ф№3) ЭКСПО-2017–ынтымақ кепілі – көрме, (ф№1) «Экспо –энергия будущего» ақпарат сағат, (ф№2) ЭКСПО-2017 информ сағат.

Бүгінгі өскелең ұрпақтың Қазақстан мәдениеті, ғылымы, рухани өмірі мен сол мәдениетті жасаушыларға деген қызығушылықтарының күн санап арта түсуінен де ұлтымыздың ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі анықталады. Сондай өз ғасырының біртума перзенттерінің бірегейі ретінде тарихтың алтын парақтарында өмір жолы мен қызметі хатталып, халқының жадында мәңгілікке сақталып қалған есім - Дінмұхамед Қонаевқа арналған (ОҚБК) «Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби портрет өтті. Оқырмандар дара тұлғаның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы мағлұмат алды.Іс-шара мақсаты –Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигі тарихында қалған Қонаевтың жақсы қасиеттерін жастарға айта отырып, олардың бойына адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік, кішіпейілділік сезімдерін ұялату. Жас оқырмандар  ұйымдастырылған аталмыш кітап көрмесімен де мұқият танысып, Д.А.Қонаев туралы өлеңдер оқыды. (№1) «Жұртым деп төккен жылуын» атты саяси сағатында кітапханашы Д.А.Қонаевтің өмірі мен шығармашылық жолдарымен, сонымен қатар Қазақстан елі мен халқына  жасаған ерен еңбектерімен, мемлекетіміздегі экономика, ғылым, білім, мәдениет және өнер салаларын дамытудағы үлкен рөлдерімен таныстырды. Тұлғаның өмірі Балқаш қаласымен байланысты, еңбек жолын Қоңырат кентінде бастаған. Іс-шара барысында «Узелки памяти» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. (№5) Әдеби портрет „Мақтан тұтар ұлы тұлға“. (Д.А. Қонаев-105ж.), №6 „Ер тұлға“ әдеби портрет өтті. Еліміздің әрбір азаматы өз Отанында тұратын көптеген ұлттардың барына мақтаныш сезіммен қарайды. Біздің басты байлығымыз – көпұлттылық бір тұтастық. (ф№2) «Дружба и братство – главное богатство» атты іс-шара 1 мамыр Қазақстан халқының бірлестігі күніне ұйымдастырылды. Виртуалды слайд арқылы қатысушылар өткен тарихқа көз жүгіртіп, осы мерекенің шығу тарихымен, әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен және сәндік бұйымдарымен танысты. Іс-шара барысында әлем ұлттарының ақын-жазушыларының өлеңдері оқылды. Әңгіменің басты тақырыбы көп ұлтты Қазақстандағы халықтардың бірлігі мен достастық идеясы болды.

жүктеу 5,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау