2014 жылєы 16 шілдедегі 146



жүктеу 0,69 Mb.
бет1/2
Дата01.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#27943
  1   2




Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 9736 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»





БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2014 жылғы 16 шілде № 146
Алматы қаласы город Алматы




Бағалы қағаздар нарығында

брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік

және (немесе) дилерлік қызметті

жүзеге асыратын ұйымдар үшін

пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы



«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады.

2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулының  қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің

Төрағасы


Ә.Смайылов _________________

05.08.2014 жылғы


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 146 қаулысына

қосымша 

 Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілер



тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы
22 тамыздағы № 120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) 1-тармағы.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) 1-тармағы.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі


№ 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6039 тіркелген) 1-тармағы.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041 тіркелген) 3-тармағы.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 110 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6403 тіркелген) 3-тармағы.

8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 18 және 25-тармақтары.

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 118 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7314 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер тізбесінің 6-тармағы.

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7407 тіркелген, 2012 жылғы
28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде


№ 7439 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде
№ 261-266 (27340) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.

13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7789 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 6-тармағы.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 27 шілдедегі № 227 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7871 тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 622-630 (27701) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 374 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8271 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 121 (28060) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы
26 шілдедегі № 204 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8667 тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 22 (28246) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 5-тармағы.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 146 қаулысымен

бекітілген



Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары

Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі - ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі - ИПБ) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - брокер және (немесе) дилер) сақтауға міндетті «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін (бұдан әрі - пруденциялық норматив) есептеу тәртібін белгілейді.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық почта операторына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушыларға қолданылмайды.

Брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ, ИПБ үлестес тұлғалары бөлігінде Қағидаларда көзделген нормалар заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иеленуі нәтижесінде брокермен және (немесе) дилермен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

 
1. Брокер және (немесе) дилер үшін пруденциялық нормативті есептеу тәртібі

 

1. Брокер және (немесе) дилер меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



К = (ӨА-М)/МКТМ, мұндағы

ӨА - брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтімді активтері;

М - баланс бойынша міндеттемелер;

МКТМ - меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері:

номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңге болатын МКТМ;

клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің 129 600 000 (бір жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз мың) теңге болатын МКТМ.

2. Қағидалардың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.

3. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

Африка даму банкі (the African Development Bank);

Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD);

Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

Халықаралық валюта қоры;

Халықаралық даму қауымдастығы;

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).

4. Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген көлемдегі өтімді активтері ретінде мынадай активтер танылады:

1) ақша, оның ішінде:

брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын кассадағы ақша;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

клирингтік ұйымның шоттарындағы брокердің және (немесе) дилердің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін резидент емес-ұйымдардағы шоттардағы ақша;

2) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда, Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген көлемдегі ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:

банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

банктер резидент емес-бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингіне немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие резидент-еншілес банктер болып табылады;

банктер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі –
№ 77 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) және (немесе) екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген эмитент-банктер болып табылады;

3) ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары ескерілген Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-банктердегі салымдар;

4) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

5) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

6) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

7) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары;

8) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және брокерге және (немесе) дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «(ең жоғарғы санат) рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатына қосылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша


«В+»-тен бастап «В-»-қа дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен бастап «kzВ-»-қа дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда белгіленген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

11) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, осы тармақтың 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде):

қор биржасы таныған Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасының немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасының немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасының болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;

осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;

12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;

15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

16) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

17) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) және (немесе) екінші (ең жоғары) санаттарына енгізілген ұйымдардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

18) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

19) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;

20) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

21) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);

22) брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы брокердің және (немесе) дилердің жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі қаражаты.

5. Қағдалардың 4-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар мына жағдайларда өтімді активтердің есебіне қосылмайды:

брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздарды қайтадан сатып алу талаптарында оларды сатуы немесе жалға беруі, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше түрде ауыртпалық салуы;

брокердің және (немесе) дилердің өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда брокерге және (немесе) дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздарды сатып алуы.



2. ЕЖЗҚ үшін
пруденциялық нормативті есептеу тәртібі

 6. ЕЖЗҚ-ның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті (К1) мына формула бойынша есептеледі:

К1 = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы:

ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың


8 және 10-тармақтарында көзделген өтімді деп танылатын өтімді активтері;

М - баланс бойынша міндеттеме;

МКТМ - меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген ЕЖЗҚ-ның меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

7. Егер:


инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны
40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ =
259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңгеге тең болады;

инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны


40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ =
259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0001 болады,

мұндағы БҚА – инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері.

8. Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген мөлшерде ЕЖЗҚ-ның мына меншікті активтері танылады:

1) ақша, оның ішінде:

кассадағы ақша, ЕЖЗҚ-ның балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын мөлшерде;

осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы теңгемен және Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің валютасындағы ақша;

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

ЕЖЗҚ кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын клирингтік ұйымның шоттарындағы меншікті ақша;

      Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi және (немесе) қысқа мерзiмдi рейтингi немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар елдердiң шетел валютасындағы басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерiнiң ағымдағы шоттарындағы ақша;

      Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi және (немесе) қысқа мерзiмдi рейтингi немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар елдердiң шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы операцияларды жүзеге асыру үшiн ЕЖЗҚ банктiк қызметтi ұсынатын басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша;

2) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдары;

3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары;

4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарын қоса алғанда);

      5) қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған облигациялар;

      6) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi дауыс беретiн акцияларының жүз пайызын иеленген екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      8) Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzВВ» төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

      9) № 77 қаулымен көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

      10) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      11) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулымен көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:

      қор биржасы таныған Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасының немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасының немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасының болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

      13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасының, немесе қор биржасымен танылатын басқа да рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кем дегенде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берген;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржылық үш жылдың біреуінде таза пайдасының болуы;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;



14) мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар;

15) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

16) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;


17) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;


18) Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде он екі айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері;

19) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

20) зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек.

9. Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне мыналар қосылмайды:



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздармен (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) «кері репо» мәмілелерін қоспағанда, ЕЖЗҚ-ның меншік құқығы шектелген активтер (ЕЖЗҚ-ның бағалы қағаздарды, оларды қайта сатып алу немесе кепілге беру шартымен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалықтары бар бағалы қағаздарды сатуы);

ЕЖЗҚ-ға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

ЕЖЗҚ-ның ірі акционерлеріне тиесілі ЕЖЗҚ-ның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары және осы сенімгерлікпен басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

ЕЖЗҚ-ға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар.

10. ЕЖЗҚ-ның балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, ЕЖЗҚ-ның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі қаражаты басқа активтер ретінде танылады.

11. ЕЖЗҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген) бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтер тізбесінің, олардың нормативтік мәндерінің және есептеу әдістемесінің, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінің 3-тарауына сәйкес инвестициялау лимиттерін сақтайды.

12. ЕЖЗҚ-ның меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 тіркелген) бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларының 2-тарауында белгіленген тәртіпте жасалады.




3. ИПБ үшін пруденциялық нормативті есептеу тәртібі
13. ИПБ-ның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К = (ӨА - М) /МКТМ, мұндағы

ӨА - Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ИПБ-ның өтімді активтері;

М - баланс бойынша міндеттеме;

МКТМ - меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес есептелген ИПБ-ның меншікті капиталының ең төмен мөлшері.

14. Егер:

басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ = 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңгеге тең болады;

басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ = 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0001 болады,

мұндағы БҚА - басқаруға қабылданған активтер.

МКТМ ең жоғарғы мәні 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс.



15. Қағидалардың 3-қосымшасында көзделген мөлшерде ИПБ-ның өтімді активтері ретінде мынадай меншікті активтер танылады:

1) ақша, оның ішінде:



ИПБ-ның балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшердегі кассадағы ақша;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;
клирингтік ұйымдардың шоттарындағы ИПБ-ның кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдардағы шоттардағы ақша;

2) Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде):

банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады;

банктер № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) және (немесе) екінші (ең жоғарғы) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;

3) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар;

4) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

5) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

6) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 77 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;

8) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

10) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, осы тармақтың 8), 
9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде):

қор биржасы таныған Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасының немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасының немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасының болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның – борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;

осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;

11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;

14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкiлi бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

16) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) және (немесе) екінші (ең жоғары) санаттарына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

17) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-» төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

18) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;

19) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

20) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);

21) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты танылады.

16. Қағидаларының 15-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне:

ИПБ меншік құқығы шектелген активтер (кейіннен кері сатып алу және кепілге беру міндеттеме шартында ИПБ бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды сату);

параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланатын қор биржасының тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда ИПБ қатысты үлестес тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар (қор биржасының өкілдік тізімі).

4. Пруденциялық нормативтің есебін және пруденциялық
нормативтің есебі үшін қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
17. Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ЕЖЗҚ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ИПБ Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы сондай-ақ тікелей алдыңғы ағымдағы жұмыс күніне тікелей әрбір демалыс күннің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциялық нормативтiң есебiн жүргiзедi.

18. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциялық нормативтiң есебiне және пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерге (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) ЕЖЗҚ, ИПБ бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және брокерді және (немесе) ЕЖЗҚ, ИПБ сақталады.



Уәкілетті органның талабы бойынша брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта белгіленген күнгі жағдай бойынша есептілікті ұсынады.

19.  Брокер және (немесе) дилер пруденциялық нормативтің есептеуін және қосымша мәлiметтерді уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ЕЖЗҚ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, ИПБ Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес есепті айдың соңғы күнтізбелік күні үшін есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

20. Пруденциялық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта беріледі.

Почта кәсіпорнының штемпелінде көрсетілген жіберу күні қағаз тасымалдағышта есептерді беру күні болып табылады.

21. Қосымша мәлiметтер уәкiлеттi органға электрондық форматта берiледi.

22. Пруденциялық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

23. Пруденциялық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

24. Электрондық форматтағы қосымша мәлiметтер және пруденциялық нормативтердің есебі ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

25. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

26. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болғанда, инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.

27. Пруденциялық нормативті бұзған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ бұзушылық болған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға пруденциялық нормативті бұзу фактісі мен себептері туралы, оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып хабарлайды.




Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларына

1-қосымша


Нысан


«Пруденциялық нормативті есептеу»
Есепті кезең: __.__.____ж.

Нысан индексі: Ф1 – ООБД.


Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын.
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

(мың теңге)





Көрсеткіштердің атауы

Баланс бойынша сома

Есепке алынатын көлем (%)

Есептеу сомасы

1.

Ақша - барлығы (1.1.-1.6-жолдарының сомасы), оның ішінде:

 

100

 

1.1

брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын кассадағы ақша

 

100

 

1.2

Қағидалардың 4-тармақтың  2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша

 

100

 

1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша

 

100

 

1.4

клирингтік ұйымның шоттарындағы брокердің және (немесе) дилердің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша




100




1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша

 

100

 

1.6

бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін резидент емес-ұйымдардағы шоттардағы ақша

 

100

 

2.

Мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі: банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB» төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; банктер резидент емес бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингіне немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие резидент еншілес банктер болып табылады

 

100

 

3.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде, осы эмитент-банктер №77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатына енгізілу талабымен, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

80

 

4.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде, осы эмитент-банктер №77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатына енгізілу талабымен, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

70

 

5.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдар

 

100

 

6.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

 

100

 

7.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

100

 

8.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары

 

100

 

9.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары

 

70

 

10.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары

 

50

 

11.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

100

 

12.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, № 77 қаулыға сәйкес қор биржаның ресми тізімінің «(ең жоғары санат) рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-қа дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-қа дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

80

 

13.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «(ең жоғары санат) бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

80

 

14.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қағидалардың 4-тармағы 11) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

80

 

15.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары

 

100

 

16.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

100

 

17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары

 

100

 

18.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

 

70

 

19.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

 

100

 

20.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, №77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

 

70

 

21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, №77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар

 

50

 

22.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

100

 

23.

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері

 

100

 

24.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және өзге де заңды тұлғалардың акциялары

 

50

 

25.

Брокерге және (немесе) дилерге қатысы үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша актив сомасының он пайызынан аспайтын (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде) дебиторлық берешек

 

100

 

26.

Брокердің және (немесе) дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі брокердің және (немесе) дилердің негізгі қаражаты

 

100

 

27.

Өтімді активтердің жиынтығы (1-26-жолдар сомасы) - ӨА

 

х

 

28.

Баланс бойынша міндеттемелер

 

х

 

29.

Меншікті капиталдың барынша төмен мөлшері (МКТМ)

х

х

 

30.

Меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативі ((27-жол – 28-жол)/29-жол) 1-ден кем емес

х

х

 

Брокердің және (немесе) дилердің толық атауы ___________________________
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ______ күні __________

Бас бухгалтер _____________ күні _____________

Орындаушы _____________ күні _____________

Телефон: ___________


Мөр орны

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау