2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы


Жұмагельдиева Гүлнар Амангелдіқызы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

6.

Жұмагельдиева Гүлнар Амангелдіқызы  – Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтары Федерациясы Төрағасының орынбасары; 

7.

Қалтаева   Ләззат   Молдабекқызы  –   «Шырақ»   мүгедек-әйелдер

ассоциациясы»   ҚБ   төрайымы,   ҚР   Президенті   жанындағы   Әйелдер   ісі   және

отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі; 

8.

Козырева   Евгения   Александровна  –  «Феминистік   лига»   ҚБ

президенті; 

9.

Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы  –  Қазақстан Журналистер Одағы

Басқармасының төрағасы; 

10.


Мектепбаева Сәуле Қайыргелдіқызы – «Penal Reform International»

(Халықаралық   түрме   реформасы)   халықаралық   ұйымның   Орталық   Азиядағы

өкілдігінің өңірлік директоры, з.ғ.к.;

11.


Рахымбердин   Қуат   Хажұмұқанұлы  –   Адам   құқықтары   және

заңдылықты   сақтау   жөніндегі   қазақстандық   халықаралық   бюроның   Шығыс

Қазақстан   бөлімшесінің   директоры,   Қоғамдық   бақылау   комиссиясының

төрағасы; 

12.

Рубежанская Любовь Алексеевна  –  Ақмола облысының Қоғамдық

бақылау комиссиясының төрайымы, «Луч надежды» ҚҚ директоры; 

13.

Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы – ҚР Парламенті Сенатының

депутаты,   ҚР   Парламенті   Сенатының   Конституциялық   заңнама,   сот   жүйесі

және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі; 

14.


Турецкий   Николай   Николаевич  –    ҚР   Президенті   Әкімшілігінің

Құқық   қорғау   жүйесі   мәселелері   жөніндегі   бөлімінің   инспекторы,   з.ғ.д.,

профессор;

15.


Түгел   Ануар  Құрманбайұлы  –  Қазақстан   адвокаттар   одағының

президенті, з.ғ.к.;  

16.

Федотова Зинаида Леонтьевна – ҚР Президенті жанында,ы Кешірім

жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы; 

17.

Шукенов   Батырхан  Қамалұлы  –    Қазақстандағы   БҰҰ   Балалар

қорының (ЮНИСЕФ) ізгі ниет елшісі. 

ҰАТ   қатысушыларының   топтарын   құру   процедурасы   толықтай   айқын

және Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін ашық. Сондай-ақ

қоғамдық   бірлестіктер   ҰАТ   Үйлестіру   кеңесіне   ҚР   жеке   азаматтарының

кандидатурасын   қарау   үшін   ұсынуы   мүмкін.   Алайда   тізілімге   сәйкес

құжаттарды   ұсынудың   жалпы   тәртібі   барлық   үміткерлер   үшін   бірдей.

Үйлестіру   кеңесінде   түрлі   коммерциялық   емес   ұйымдардың   және   басқа

азаматтық қоғамдастық институттарының   өкілдік ету мәртебесі бойынша да,

«географиясы» бойынша да   айтарлықтай кең (2014 жылғы Үйлестіру кеңесі

мүшелерінің тізімін қараңыз). 

1.6.

 Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын

немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау

түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың

талаптарына сәйкес қамауда ұстау орындарында алдын ала болу  

15



Ұлттық   алдын   алу   тетігінің   қатысушыларынан   құралатын   топтардың

алдын   ала   болу   қағидалары   Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   2014

дайжылғы 26 наурыздағы  № 266 қаулысымен бекітілген, ол алдын ала болулар

үшін   құқықтық   негізді   құратын   нормативтік   құқықтық   актілердің   тізілімін

қамтиды, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын

топтардың   Қазақстан   Республикасының   заңдарымен   айқындалған   мекемелер

мен ұйымдарда алдын ала болу тәртібін белгілейді.  

Алдын   ала   болуды   Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкіл   жанындағы

Үйлестіру   кеңесі   (бұдан   әрі   –   Үйлестіру   кеңесі)   ұлттық   алдын   алу   тетігінің

қатысушыларынан   құратын   топтар   жүзеге   асырады.   Үйлестіру   кеңесі

топтардың алдын ала болу жоспарларын бекітеді, олар:

алдын ала болу түрлерін (кезеңдік, аралық, арнаулы);



алдын ала болу мерзімдерін;

алдын   ала   болуға   жататын   мекемелер   мен   ұйымдардың   тізбесін



айқындайды.

                 Кезеңдік және аралық алдын ала болуды топтар бекітілген жоспарға

сәйкес жүзеге асырады. Арнаулы алдын ала болу азаптауларды және басқа да

қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер

мен   жазалаудың   түрлерін   қолдану   туралы   келіп   түскен   хабарламалардың

негізінде ескертусіз жүзеге асырылады.  Алдын ала болуға жататын мекемелер

мен   ұйымдардың   арнаулы   алдын   ала   болуын   жүзеге   асыру   үшін   топтарды

жіберу туралы шешімді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылдайды.

Заңға сәйкес алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдар кестеде

келтірілген (2-қосымша). 

Ұлттық   алдын   алу   тетігінің   қатысушысының   алдын   ала   болуға

өкілеттілігін растайтын құжат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін ұлттық

алдын алу тетігінің қатысушысының куәлігі болып табылады.

Топтар   алдын   ала   болуды   жүзеге   асырған   кезде   ұлттық   алдын   алу

тетігінің қатысушысы:

алдын   ала   болуға   жататын   мекемелер   мен   ұйымдарды   кедергісіз



таңдап, баруға;

алдын   ала   болуға   жататын   мекемелер   мен   ұйымдарда   орналасқан



тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәлерсіз әңгімелесулер

өткізуге;

азаптауларды   және   басқа   да   қатыгез,   адамгершiлiкке   жатпайтын



немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану

туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға;

Қазақстан   Республикасының   заңдарында   көзделген   өзге   да



құқықтарға ие болуға құқылы.

Ұлттық   алдын  алу   тетігінің  қатысушысы  заң   қызметін  жүзеге   асырған

кезде тәуелсіз. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі

қатысушысының турашылдығы күмән тудыратын жағдайлар болған кезде, ол

алдын ала болуға қатысудан бас тартуы тиіс.

16



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау