2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


-параграф. Кенді ЖЗ зарядтарымен екінші рет қайталап ұсату және ақауларды жою тәртібі



жүктеу 6,11 Mb.
бет6/44
Дата18.12.2017
өлшемі6,11 Mb.
#4653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

3-параграф. Кенді ЖЗ зарядтарымен екінші рет қайталап ұсату және ақауларды жою тәртібі

427. Жарылыс тәсілімен кенді екінші қайталап ұсату және ақауларды жою ауысымаралық үзілісте немесе жұмыс емес ауысымда жүргізіледі.

428. ЖЗ жеке зарядтарын немесе дүмпіткіш пілте кесіндісін жару электрлік жолмен жүргізіледі.

Бір уақытта екі немесе одан да көп зарядтарды жару, бір сәтте дүмпіткіш пілте немесе тез әрекеттегі электрлік дүмпіткіштің көмегімен жүргізіледі.

429. Екінші ұсату кезіндегі жару жұмыстары ауаның шығар ағымы қозғалысының жолында адамдар болмаған кезде және 2 бұрылыс болған жағдайда таза ауа келетін жерден 10 метрден кем емес қашықтықта, бұрылыс болмаған жағдайда 150 метрден жақын емес қашықтықта жүргізіледі.

430. Жарылыс жұмыстарын жүргізер алдында қазба бетінің екі жағына зарядты бекітетін жерден 5 метрден кем емес қашықтықта алысқа шашатын суландырғыштың немесе шлангтың көмегімен суландырады.

431. Кен шығаратын саңылауларда тығындалған кенді таратуға арналған зарядты алдын ала гидропастамен немесе сумен толтырылған полиэтилен қапқа салады және оған ЖЗ оқтамын орналастырғаннан кейін қап байланады. ЖЗ оқтамы салмағының инертті толтырғыштың салмағына қатынасы 1 артпайды. ЖЗ конструкциясы және оны орналастыру әдісі жарылыс жұмыстарына жасалған техникалық құжаттамада көрсетіледі.

432. Тығындалған кенді тарату техникалық қадағалау қызметкерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.

433. Шойтастарды ұсату кезінде бастырма оқтам немесе шпурлық оқтам қолданылады.

434. Шойтастарды бастырма оқтам мен ұсату кезінде ЖЗ шашыранды түрде немесе патрондарда кен кесегінің бір жазықтығына салынады және сыртқы жағынан біркелкі гидропастамен немесе ылғалдандырылған саз балшық қабығымен жабылады. Қабық салмағының оқтам салмағына қатынасы 2:1 қатынасынан кем болмайды.

435. ЖЗ шпурлық зарядтаын жару зарядтың айналасында судан немесе гидропастадан қабық болған жағдайда жүргізіледі.

Су, жарықтары жоқ, төмен түсетін шпурларда ғана пайдаланыла алады.

Инерттік қабықтың қалыңдығы 4-5 мм кем болмайды, осыған байланысты шпурдың диаметрі патронның диаметрінен 8-10 мм кем мәнге артпайды.

Шпурларды инерттік материалмен толтыру оларды оқтау алдында жүргізіледі. Пастаны шпурларға беру қолмен айдамалау жабдығымен жүргізіледі.

436. Шойтастарды жаруды сумен толтырылған шпурларға салынған дүмпіткіш пілте кесінділерінің байламымен жүргізуге рұқсаттама беріледі. Байламдағы ДП жіптерінің саны 8 артпайды.

437. Гидроминалық әдісті пайдаланған жағдайда сыйымдылығы 20-40 литр, суы бар полиэтилен қаптар қазбаның жабынды төбесіне ілінеді немесе ЖЗ оқтамынан 1,0 - 2,0 метр қашықтықтағы жерге орналастырады.

438. Суды бүркіп, шашу ыдыстың ішінде орналастырылған, салмағы 0,1-0,2 кг шашыратқыш оқтамды жару арқылы жүргізіледі.

439. Негізгі жару оқтамынан 1,5 метр кем ара қашықтықта 50 мс баяулату арқылы, ал үлкен ара қашықтықта негізгі оқтаммен бірге детонациялық сым көмегімен жүргізіледі.

440. Полиэтилен ыдыстардың саны ЖЗ-тың 1 кг салмағына 5 литр су шығыны қажет есебінен таңдалады.

441. Екінші ұсату деңгейжиектерінде ауысым аралық жарылыстарды тек қана кеніш бас инженерінің рұқсатымен, кеніш бойынша бұйрық рәсімдеу арқылы жүргізіледі.

Ауысым аралық жарылыстарға рұқсат берілген блоктар тізімі ай сайын бекітіледі.

442. Тығындалған кенді тарту үшін шығару саңылауында (кенді түсіру) орнатылатын ЖЗ оқтамының салмағы 2 кг артпайды.

Жинақталатын қазбада ұсатқан жағдайда оқтамның салмағы 0,6 кг артпайды.

443. Егер жарылыс жылдам жүргізілетін болса және оқтамдардың қосынды салмағы 2 кг артпайтын шартта екі немесе одан да көп оқтамдарды бір уақытта жаруға болады.

444. Ауысым аралық жарылыстар жүргізілетін блоктар жекешеленген ауа ағымымен желдетіледі.

445. Зарядты бекіткен жерден басқа жұмыстық кенжарларға баратын таза ауа ағымына дейінгі ара қашықтық 20 метрден кем болмайды. Ара қашықтық аз болған жағдайда жарылысты тек қана салмағы 0,6 кг артық емес зарядпен немесе дүпіткіш пілтенің қиындысымен жүргізуге рұқсаттама беріледі.


17. Жер бетінде орналасқан объектілерде арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

1-параграф. Жалпы қағида

446. Маңызды мағыналы нысандар маңайындағы (ядролық реакторлар, электр станциялар, темір және көлік жолдар, су жолдары, электр беру жүйелілер аралық станция, зауыттар, темір жол станциялар, кемежайлар, кеңістіктер, гидротехникалық құралдар, жер асты құралы, телефон желілері) жарылыс жұмыстарын жүргізу осы нысандарға байланысы бар мекемелердің келісімімен жүргізіледі.

447. Жарылыс станциясын қауіпті аумақтардан тыс жерлерге орналастырылады. Бұл шарттар орындау мүмкін болмайтын кезде қорғаныштар жасалады (блиндаждар және тағы басқа). Қорғаныштар орналастыратын жерлер паспортпен немесе жобамен белгіленеді.

Жасанды немесе шынайы қорғаныштар жарылыс жүргізетін орындаушыларды жарылыс әрекетінен улы газдар әсерінен мұқият қорғайды. Қорғанышқа барар жолды бөгеуге рұқсат берілмейді.

448. Жарылыс жұмыстарының жетекшісі, жарғыш, қауіпті жердің қоршап алу бекеті екі жақты радио немесе радиотелефонды желілерімен қамтамасыз етіледі.
2-параграф. Ұңғымалық, қазандық және камералық

зарядтарды жару тәртібі

449. Ұңғымалы зарядтарын пайдаланғандағы Д топбын ЖЗ пайдаланғанда (күкіртті түтіннен басқа) және детонациялық байлам забой материалдарын оқтау блогына ұшқын өшіргіш және отсөндіргішпен жабдықталған өзі аударғыш автокөліктермен жеткізілуіне рұқсат беріледі. Бұл ретте детонациялық байламды басып кетуге болмайды.

450. Жалынды бұрғылау станогының бұрғыланған ұңғыманы оқтауды бұрғылағаннан кейін 24 сағаттан бұрын жүргізуге рұқсат берілмейді.
3-параграф. Сейсмобарлау кезінде жарылыс жұмыстарын

жүргізу тәртібі

451. Жұмыс кезінде жарылыс пунктінің станциясында жарылыс жұмыстарының жұмысшылары, көлік жүргізуші, жарылыс жұмыстарының жүргізілуін қадағалайтын тұлғаның болуына ғана рұқсат беріледі.

452. Жарылыс жұмыстарына қолданылатын радиостанцияларды жарылыс пунктінің станциясындағы оқшауланған бөліктерде орнатуға рұқсат беріледі. Бұл бөлікте электрлі детонаторларды сақтауға және тасымалдауға рұқсат берілмейді.

453. Электрлік жарылыс магистралын радиостанция орналасқан жердегі бөлікке енгізілуіне, магистральды жүйенің қосөткізгішті кабелден жасалынып, экраны жерлендірілген болса ғана рұқсат беріледі.

454. Жарылыс және уақытша магистралын немесе телефон жүйесінің сымдарын аппаратураға қосылуына арналған және қате қосылуын болдырмайтын айырысыз қосуға рұқсат берілмейді.

455. Жарылыс пунктінде жарылыс жұмысын жүргізгенде тек қана бір электрлі жарылыс магистралін қолдануға рұқсат беріледі.

456. Уақытша магистралдың сыртқы пішіні электрлік жарылыс магистралынан ерекшеленеді.

457. Тұрақты қыртыста бұрғыланған және тығынсыз оқталынған атылғанға дейін бірыңғай күзетпен қамтамасыз етіледі.

458. Ұңғымаға зарядтарды түсіруге қауіпсіздік құралмен жабдықталмаған бұрғылау құралын, сырықтарды немесе басқа заттарды пайдаланып бұл операцияны жүргізуге рұқсат берілмейді.

459. Ұңғыманы шаблондау қажеттілігі зарядты түсірер алдында жобамен анықталады.

460. Егер заряд ұңғыма забойына дейін жетпесе, ол шығарылады. Оларды шығару мүмкін болмағанда оны қалыпты жағдайда жарады.

461. Зарядтарды жеке ұңғымаларда жарғанда жарғыштың жарылыстан кейін ұңғыманың ауызына келу уақыты орнатылмайды.

462. Істен шыққан қуаттары бар немесе істен шыққан зарядтың жарылысынан кейін ұңғыманы қайта бұрғылауға рұқсат берілмейді.

463. Су бассейндеріндегі сейсмобарлау жұмыстарындағы ЖМ пайдаланылуы қызығушы мекемелермен және аумақтық өкілетті орган бөлімшесімен келісілген жобамен жүргізіледі.


4-параграф. Мұнай, газ және су ұңғымаларындағы ату және

жару жұмыстарды жүргізу тәртібі

464. ЖМ жару жұмыстарына жеткізілген, оқталған ату және жару аппараттары арнайы бөлінген жерде сақталады. Жарылыс материалдарын, ату және жару аппараттарын жылжымалы заряд шеберханасында (перфораторлық станциясы зертханасында) сақтағанда ұңғыманың аузынан 20 метр жақын емес жерге орналастырылады.

465. Дайындаушы-зауыттарда жасалған ЖЗ зарядтарын, бастамашы құралдарды, ату және жару аппараттарын бөлшектеуге рұқсат берілмейді.

466. Қарулану, ату және жару аппараттарының оқталуы пайдалану нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі:

1) жылжымалы оқтау шеберханаларда, перфораторлық зертхана станциясында;

2) ыңғайлы бөлмелерде (күрке, сарай және тағы басқа), ұңғымаға 20 метр жақын болмайтын жерде орналасқанда;

3) ауа райына қарай дайындалған ашық алаңдарда.

Бұл алаңдар түрғын және тұрмыстық үй-жайлардан кемінде 100 метр, ал ұңғыма сағасынан – 50 метр алыстатылады.

467. Жарылыс патрондарының, электр детонаторлардың, электр жандырғыштар және оқталған ату және жару аппараттарының өткізгіштерінің темір бұйымдармен және құралдармен түйісуін болғызбайтындай етіп орналастырады және тасымалданады.

468. Ату аппараттарына арналған электрлік жандырғыштар, шынжырдың бүтіндігіне және мінбесінің электрлі кедергісіне:

1) аппаратқа орнатқанға дейін;

2) аппаратқа орнатылғаннан кейін;

3) ұңғыманың ішінде жарылыс алдында тексеріледі.

469. Ұңғыманы торпедалауға зауытта жасалған торпедаларды пайдаланады. Қажет кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобамен жасалған торпедоларды қолдануға рұқсат беріледі.

470. Ұңғыманы торпедалауға барлық дайындау жұмыстары біткен соң және акт жасалу арқылы ұңғыманы шаблонмен тексеруден кейін торпедоны оқтауға рұқсат беріледі.

471. Салмағы 10 кг артық оқталған ату және жару аппараттарды тасымалдау олардың құлауын болдырмау құрылғысын қолдануымен жүзеге асырылады.

472. Ату немесе жару аппараттына бастамашыл құралды қондыру тек қана ұңғыманың ауызында аппаратты түсіру алдында ғана жүргізіледі.

Бастамашы құралдарды ату (жару) аппаратына, перфораторлы зертхана станциясында орнатуға (жылжымалы оқтау шеберханасында), ату (жару) аппаратының кездейсоқ іске қосылуын болдырмау құралын қолданып орнатуға рұқсат беріледі.

Жарудың электр әдісін пайдалану кезінде адасқан токтан қорғау бойынша шаралар пайдаланылады. Оларды орындау мүмкін болмаған кезде бастамашы құрал және электр желісі жүйесінің монтажы бойынша жұмыстар геофизикалық ұйымдар әзірлеген және жару-ату жұмыстар өндірісіне техникалық жобада көрсетілген шараларды сақтаумен жүргізіледі. Бұл ретте бірінші кезекте қорғалған электр жарылу жүйесін, бұғаттау және басқаларды адасқан токтан қорғаудың техникалық құрылғыларын пайдалану көзделеді.

Толық жөнделген электр жарылыс желі ақаусыздығын тексеру аппаратты 50 метрден кем емес тереңдікке түсіргеннен кейін қарсыласу аспабымен өлшеумен жүргізіледі. Бұдан кейін ұңғыма сағасы айналасындағы қауіпті аймақ радиусын жарылыс жұмыстары жетекшісінің нұсқаулығы бойынша қысқартуға рұқсат беріледі.

473. Ату және жару аппараттарын алдын-ала шаблондалмаған, бағанасындағы гидростатистикалық қысымы өлшенбеген және ату немесе жару жұмыстар интервалындағы бұрғылау ертіндісінің температурасы анықталмаған ұңғымаларға түсіруіне рұқсат берілмейді. Шаблонның диаметрі және салмағы, жару (ату) аппараттарының диаметрі мен салмағына сәйкес болады.

Ұңғыма ұңғымасын бақылау шаблондауы диаметрі, салмағы және ұзындығы пайдаланылатын жару (ату) аппараттары габаритті-салмақтық техникалық сипаттамасына сәйкес болатын шаблон кабелінде түсірумен орындалады. Жұмсақ құрылымда (корпуссыз перфораторлар, қысымның оқ-дәрілі генераторлары, баулы торпед және басқалар) жару (ату) аппараттары орындау кезінде шаблон ұзындығы бйынша шектеу белгіленбейді.

474. Ұңғымада ату және жару аппараттарын түсіріп-көтеру, электрлік жарылыс магистралының (каротаж кабелі) өткізгіштері оқшауланғанда жүргізіледі.

Геофизикалық жабдықтың жекелеген жерге тоғыту өткізгіштерін ұңғыманың металл құрылымдарына қосу үшін оңай қолжетімді, жақсы көрінетін орындарда «Жер» белгісімен қосу орны белгіленеді.

475. Салмағы 50 кг астам немесе ұзындығы 2 метрден астам ату және жарылыс аппараттарын ұңғыманың ауызына түсіру (көтеру) тек жүк көтеру-түсіру механизмдері арқылы жүргізіледі.

476. Егер ату немесе жару аппараттары ұңғымаға берілген тереңдікте өтпесе, ол алынады. Аппарат алынғанда ұңғыманың жанында тек жарылыс жұмыстарының жұмысшысы және көтерілу механизімінде жұмыс істейтін тұлғалар орналасады.

477. Пайдаланбаған ату және жару аппараттарын оқтайтын шеберханаға қайтарылады.

478. Теңіз ұңғымаларында ату-жару жұмыстарын жүргізу ауа райының қолайлы уақытында жүргізіледі.

Рұқсат берілген жел жылдамдығының параметрі және теңіз толқуы, техникалық теңіз бұрғылау құралы және қызметкерлерді жеткізу үшін қолданылатын көлік құралы, ЖМ және каротажды-перфораторлық станциялар сипаттамаларымен анықталады.

479. Ату-жару кезінде толқынды ескерту алынған кезде ұңғымаға түсірілген ату немесе жару аппараттары берілген тереңдікте тездетіп атылады.

480. Босаң қыртысында бұрғыланып шыққан ұңғымаларды оқтауды (топырақ, қорыс және тағы басқа) қуыс шиектер арқылы жүргізуге рұқсат беріледі.

481. Дөңгелекті техника қиын жүретін жерлердегі ұңғымаларды оқтағанда жарылыс материалдарды жұмыс орнына, қазіргі осы Қағида талаптарына сай жабдықталған арнайы шанаға орналастырылған арнайы жәшіктермен жеткізіледі.

482. Аз мекендеген жерлердегі ұңғыманы, жарылыс жұмыстарының жобасына сәйкес сейсмостанцияның үзіліссіз жұмыспен қамтамасыз ететін мөлшерде алдын ала оқтауға болады.

483. Геологиялық қиын жағдайларда: қорыстар, сырғымалы топырақтар және тағы басқа жарылыс жұмыстары жобасына сәйкес бұрғылау қондырғысын қауіпсіз жерден тыс жерге алып кетпей-ақ, ұңғыманы бұрғылап болған соң оқтауға болады.

484. Ұңғыма ауызында бұрқаққа қарсы қондырғы (техникалық жағдайын және сығымдап тексеру актілері бар) жоқ болған жағдайда ұңғымада ату-жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.

485. Жұмыс аяғында перфорациялық жолмен жасалған тереңдігінің сапасын анықтау, перфорацияны бақылау аппаратының зерттемесімен акт жасалынып жүргізіледі.

486. Ұңғыманың айналасында, барлық уақытта, ату және жарылыс жұмыстарының геофизикалық партиясы (ЖМ жеткізілуінен бастап аяқталғанға дейін) 50 метрден кем емес радиусындағы қауіпсіз жерде орналасады. Ұңғыма аппаратын ұңғымаға 50 метрден астам тереңдікке түсіргеннен кейін, қауіпті жердің радиусы 20 метрге дейін қысқартылады. Қауіпті жерді белгілеу үшін қызыл жалау ілінеді.

Ұңғымаға жеткізген ЖМ арнайы бөлінген жерлерде арақашықтығы ұңғыма ауызынан 50 метрден кем емес немесе жылжымалы оқтау шеберханасында (зертхана) мұнараның биіктігіне 10 метр қосылған қашықтықта сақталады.

ЖМ мен ату жару аппараттары жұмыстары орнының айналасында жарылыс жұмыстарының қауіпті аймағы шекараларының белгілері қойылады:

Ату жару аппараттарын оқтау орындарына – 20 метрден кем емес радиуста;

ұңғыма сағасында – 50 метрден кем емес радиуста.

487. Ұңғымада жарылыс және ату жұмыстары келесі жағдайларда жүргізілмейді:

1) ату-жару аппараттарын түсіруге ұңғымадағы кедергілердің болуы;

2) ұңғымада ату және жару аппараттарына құлау және қысып қалу қауіпті учаскелердің болуы;

3) жоба тапсырмасымен қаралған ыстырманың ұңғымада болмауы, (стационарлық техникалық қондырғыларға таралмайды);

4) забойдағы температураның, жарылыс заттардың және жарылыс құралдардың рұқсат етілген температурасынан асқан жағдайда;

5) дауыл, жауын-шашын, боран және қатты тұман кезінде (көру мүмкіндігі 50 метр кем болуы);

6) қараңғы түскендегі жұмыс орынның және қауіпті жердің жасанды жарық түсірумен толық қамтамасыз етілмеуі;

7) арналған мекенге ашық жұмыстар үшін орнатылған ауаның температурасының ең төменгі деңгейінен төмен болуы;

8) құрғақ газ шығушы және ұңғыманың ертінді жұту жағдайында лубрикатор қолданбағанда.

488. Ату-жару жұмыстары тапсырыс берушінің геологиялық қызмет тапсырысы бойынша типтік техникалық жобаға сәйкес әрбір ұңғымаға жүргізіледі. Ұңғымадағы жұмыс көлемін жарылыс жұмыстарының жетекшісі және тапсырыс беру өкілі анықтайды.

489. Мердігер мен тапсырыс беруші персоналының тікелей өзара қарым-қатынасын талап ететін сынаудың қиын технологиясы құрамында және ұңғыманы игеруде ату-жару жұмыстарын орындау кезінде жұмыстар олардың басшысы бекіткен, келісілген жоспар бойынша жүргізіледі.

490. Ату-жару жұмыстарын орындау бойынша бөлімше жетекшісі жарылыс жұмыстарына жауапты жетекшінің құқына ие рұқсат куәлігі болады.

491. ЖМ тікелей жұмыстарды тек жарушылар (жарушының бірыңғай кітабы бар каротажниктер) орындайды. Бастамашы құралдарды пайдаланумен, электр жарылысты желіні тексерумен және монтажымен, бас тартылған ату-жару жұмыстарымен жұмыс жүргізуге, ату-жару аппараттарымен жұмыстың жекелеген операцияларын жарылыс жұмыстары жетекшісінің немесе жарушының тікелей жетекшілігімен геофизикалық партияның (отрядтардың) нұсқауландырылған жұмыскерлерінің орындауына рұқсат беріледі.

492. Геофизикалық жабдыққа қызмет көрсетпейтін түсіру-көтеру операцияларын және сорғылық-компрессорлық немесе бұрғылау құбырларында түсірілетін аппараттардың жұмысын орындау үшін тартылған персоналды жарылыс жұмыстарының жетекшісі қауіпсіздік шарасы бойынша нұсқауландырады және оның бақылауымен жұмыс істейді.

493. Геофизикалық ұйымдардың олар пайдаланатын барлық ату жару аппараттарын, ЖЗ жасалған өнімдерді, жарылғыш жұмыстар аспаптарын пайдалануға құжаттамасы болады және оларды пайдаланудың барлық сатысында оны басшылыққа алады.

494. Ату жару аппараттарын ұңғымада пайдалану шарттары (барынша көп температура мен гидростатты қысым, барынша аз өту диаметрі және басқалар) нақты ату жару аппараттарына рұқсат берілген пайдалану құжаттамасына сәйкес болады. Пайдаланылатын аппаратура үшін барынша шекті рұқсат берілетін (± 10 %) деңгейде перфорация (интенсификация) интервалындағы температура мен қысымда ұңғымада ату жару аппараттарын түсіру алдында осы параметрлерді өлшеу жүргізіледі.

495. Ұңғымада ату жару жұмыстарын орындауға кірісу «Ату-жару жұмыстары өндірісіне арналған ұңғымалар дайындығының актісімен» расталған, оның аумағын, ұңғыманы және ату жару жұмыстарына қажетті жабдықты дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейін рұқсат беріледі.

496. Ату-жару жұмыстарын орындау кезінде ұңғыма сағасы ату жару аппараттарын іске қосу, жұмыс істеу және көтеру кезінде герметизациясын қамтамасыз ететін бекіту арматурасымен және лубрикаторлы құрылғылармен жабдықталады.

497. Электр қондырғылардың болу-болмауына байланыссыз ұңғыманың барлық металл құрылымдарының өзара металлдық байланысы болады және бір жерге тоғытқышқа тоғытылады (ұңғыманы жерге тоғыту контуры).

498. Ату жару жұмыстарын тәуліктің қараңғы уақытында жүргізу кезінде мынадай қосымша талаптар сақталады:

1) жарық беру жүйесінің деректеме зарядты қауіпті аймақтан тыс жерде орналасады. Жұмыс орнының қауіпті аумағынан 50 метрден тыс жерде прожектормен жарық беруге рұқсат беріледі;

2) ату-жару жұмыстарына ұңғыма тәуліктің қараңғы түсу кезінде дайын болғанда акт жасалып, жауапты тапсырыс өкілі, жарылыс жұмыстарының жетекшісі қол қояды. Акт жарылыс жұмыстарының жауапты басшысына беріледі.

499. Өндірістік-геофизикалық жұмыстарын ұңғымада жүргізу кезінде апаттар туындағанда, тапсырыс беруші мен мердігер жоспары бойынша және екі жақтың құралдарын пайдаланып жойылады.

500. Ұңғымада қалдырған заряд геофизикалық мекемемен және тапсырыс беруші келісілген жоспар бойынша қосымша зарядпен (торпеда) жару арқылы жойылады.

501. Ұңғыма ішінде қалдырылған геофизикалық құралдар мен аппараттарға, барлық болған апаттарға акт жасалады. Апат жағдайының туындағанын тапсырыс берушіге, геофизикалық мекеменің жетекшісіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

502. Жауын-шашын болар алдында, жарылыс немесе ату жұмыстарының уақытында ұңғымаларда келесі қауіпсіздік шаралары қолданылады:

1) жер бетінде орналасқан ЖМ және оқталған аппаратура бұрғылаудан орындарынан алып кетіліп, алдын-ала дайындалған жерге орналастырылады;

2) ұңғымаға түсірілген ату аппаратурасы немесе торпеда берілген тереңдікке дейін жеткізіліп тез арада атылып немесе жарылады;

3) ұңғымадан көтеріліп жатқан аппаратура ұңғыманың бекітілген бөлігінде жауын шашын тоқтатылғанға дейін тоқтатылады.

Ату-жару жұмыстарын жүргізгенде және дайындау кезінде ұңғымадағы және қауіпті жердің аймағындағы барлық басқа жұмыстар жүргізуге рұқсат берілмейді. Бұрғының электр жабдықтары өшіріледі.

503. Ату жару аппараттарын кабельге қосылар алдында, соңғысы бір қатар жағдайларда алдын-ала аппараттың қосылуын туындататын тоқтың жоқтығына, тоқтың сыйымдылығына (тоқ қалдығы) тексеріледі.

504. Ату жару аппараттарына жарылыс патронын немесе жарғышты қосар алдында жарылыс жұмыстарының жауапты жетекшісі бірінші белгі береді, қызмет көрсетіп жүрген жұмысшылар қауіпсіз жерге кетеді. Осы шартты орындағанда және магистраль сымдарын тоқ көзіне қосқанда екінші соққы-белгі беріледі. Осы белгімен жарылыс жұмыстарының жетекшісі магистральдық сызықшаға тоқ қосады. Үшінші белгі – «тоқтау» жарылыс орны тексерілгеннен кейін беріледі және жұмыстың аяқталғанын белгілейді.

505. Ұңғымада ату немесе жару жасалғанда, жарылыс магистралі (кабель) тез арада тоқ көзінен ажыратылады. Ұңғыманың ауызына жарылыстан кейін 5 минуттан соң жарылыс жұмыстарының жетекшісіне ғана баруға рұқсат беріледі. Аппаратты ұңғымадан көтергенге дейін және жұмыс жетекшісінің рұқсатынсыз ұңғымаға басқа тұлғалардың баруына рұқсат берілмейді.

506. Ату және жарылыс аппараттары істен шыққанда, аппарат алынған жағдайда кабель тез арада тоқ көзінен ажыратылады.

507. Ұңғымадан көтерілген істен шыққан ату немесе жарылыс аппараты тез арада кабельден ажыратылып және оның электрлі өткізгіші сыртына қысқартылады, қысқартылу ұңғыманың аузында жасалады.

Іске қосылған ату жару аппараттарын көтеру кезінде факті мен қопарылыс толықтығына аппаратуралық бақылау болмаған жағдайда, ату жару аппараттары жарушышының қарауына дейін, ұңғыма сағасы айналасындағы қауіпті аймақ режимі сақталады.

508. Істен шыққан жарғыштар және жарғыш патрондарды ыдыратуға рұқсат берілмейді, олар жойылады.


5-параграф. Ұңғымалардағы өрттерді сөндіру кезінде, сондай-ақ биік таулы аудандарда және тау қиылысы орындарында жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

509. Ұңғымадағы мұнай және газ атқылаулары пайда болған кезде өрт сөндіруді, кәсібі авариялық-құтқару қызметімен келісілген паспортқа сәйкес жарылыс жұмыстарын қолданумен жүргізеді.

510. Биік таулы аудандарда және тау қиылысы орындарында жарылыс жұмыстары технологиялық регламент талаптары орындалған кезде жүргізіледі.
6-параграф. Батпақтарда жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

511. Батпақтағы жарылыс жұмыстарының паспортына жанғыш газдың жарылысын алдын алу іс-шаралары енгізіледі.

Жалынды жарылысты жалғыз зарядпен жүргізуге рұқсат беріледі.

Электр детонатор немесе капсюль-детонаторларды пайдаланып жарылыс жүргізгенде, забойникпен соққышқа басқанда детонаторға қысым бермейтін арнайы қаптамадағы соққыштар пайдаланылады.

512. Детонациялық байламмен жарғанда ұңғымаларды (теспелерді) бұрғылаудан кейін оқтауға рұқсат беріледі. Ұңғымаға (теспеге) екіден көп емес ЖЗ патронын бастамашы құралсыз бірігіп жеткізілуіне болады.

513. Электрлі жарыс жүйесін құрастырғанда сыландырылған жағдайда тек қана антенна сымдарын пайдалануға рұқсат беріледі.


7-параграф. Жарылыспен арналар, жыралар және қазаншұңқырлар қалыптастыру кезінде жару тәртібі

514. Траншея зарядтарын құрғанда эксковатормен (траншея қазғыш) және кранмен, ЖЗ траншеяға орналастыратын, 1,1 соммасынан кем емес экскаватор және кран кесіп шығаруының (айналым) радиусы, ол кран және бульдозердің арақашықтығы, тығыны орындайтын кран айналымының радиусы 1,1 кем болмайды.

515. Жүйелік зарядтарды бір тәуліктен астам оқтағанда соққылар жарылыс жүргізілетін күні салынады.

516. Қиын таулы-геологиялық жағдайда (қорыстар, сулану, қыртыс құлаулары және тағы басқа) детонациялық байламмен ЖЗ зарядтарының Д тобынан (түтінді күкірттен басқа) жарылыс кезінде ұзындатылған көлденең қуаттарды (траншеялық, саңылаулы) тікелей олардың жүргізілуінің соңынан орналастыруға рұқсат беріледі. Зарядтың қалып қоюы көпқалақты эксковатордан 5 метрден кем емес, бір қалақтыдан 10 метрден кем болмайды.


8-параграф. Мұзды жару және су асты

жарылыс жұмыстарының тәртібі

517. Мұз жарылысын тікелей жетекшілік ететін бақылаушы адам жүргізеді.

518. Қайықта жұмыс істеушілер құтқару кеудешесімен немесе сақтандыру белдіктермен қамтамасыз етіледі.

519. Өзеннің ортасынан жағасына дейін тік жардан жайпақ жағаға дейін ағындарға заряд кері қарай жарылады.

520. Жалғыз жарғыш мұзды майдалағанда бір ретте 12 жандырудан астам жандырылатын түтік жүргізуге рұқсат беріледі.

521. Зарядтарды жылжымалы мұзға тастау қалыңдатылған учаскелерге анжыр немесе кептелулері жағасынан не болмаса тікелей қорғаныш құралдарынан ерекше жағдайларда рұқсат беріледі. Бұл жұмыстарды мұз жарылыс жұмыстарында екі ауысымнан кем емес практикалық тәжірибесі бар жарғыш жасайды. Зарядтарды біртіндеп тастайды.

522. Лақтырылатын зарядтар от өткізгіш байламдардың ұзындығы (жандырғыш түтік) 15 см кем және 25 см артық болмайды.

523. Су асты зарядымен мұз жамылғысын жарғанда оларды ойыққа (шұңқыр) жіппен және тағы басқа заттармен мұқият қатайту арқылы түсіреді.

Зарядтарды ерітіп ашылған ойдым жерден және шайған шұңқырдан, мұздың үстінен түсіруге рұқсат берілмейді.

Зарядтарды суға түсірер алдында ойықтың (шұңқыр) көлемі тексеріледі.

524. Мұз жарылысында кемеден жарылыс заттарын берілуге тек қана жарылыс жұмыстарының жетекшісінің мәлімдемесімен және кеме капитанының жазбаша өкімімен беріледі.

525. Су асты жарылыс жұмыстарын жүргізгенде бригаданың құрамы жарылыс жұмыстарының жобасында анықталады. Зарядтардың салынуын тек қана жарғыш жүргізеді.

526. Егер зарядтың жалпы салмағы 40 кг асқан жағдайда жарылыс жұмыстарына арналып жабдықталған өзі жүретін жүзу құралдары қолданылады.

527. Жалынды жарылыс кезіндегі жалпы жарулар саны реттік жарғанда бесеуден артық болмайды.

528. Электрлік жарылыс жүйесінің ағыс күшінен жұлынуынан қорғау үшін зарядтарды өзара қабылдаушы және созылу күшін қабылдайтын құралдармен жалғайды.

529. Зарядтарды орналастырған жарғыш жарады.

530. Электр жарылыс жүйесінің дұрыстығын тексеріп, магистралдық өткізгіштерге зарядтарды өзара құралдармен тоқ көзіне қосылуы, су астындағы орналасқан қуаттарды жаруын, жүзу құралы жарылыс жерден алып кеткенде жобамен белгіленген қашықтықта, тек 100 метрден кем емес жерде ғана жүргізіледі.

531. Зарядтың құрылымы су астына батуында түбіне еркін түсуін қамтамасыз етеді.

Әрбір түсірген зарядқа кемеден (қайық) және орындардан жарылыс құралы көрінетіндей буй қыстырылады.

532. Зарядтар жарғыштың немесе арнайы белгіленген бақылаушы адамның бұйрығымен суға түсіріледі.

533. Салмағы 50 кг дейін зарядтармен жарғанда сүңгуірдің және басқа адамдардың 1000 метрден жақын радиусында суда болуына рұқсат берілмейді, ал 50 кг астам зарядтарда 2000 метрден кем болмайды.

Өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізген жағдайда қоршап алу және жоғарыға деген белгі өзеннің ағысымен арақашықтығы 500 метрден кем емес қауіпті жердің шекарасынан қойылады.

534. Тұманда және қараңғы уақытта және су толқыны 3 баллдан астам немесе жел жылдамдылығы 12 м/с астам болғанда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.
18. Металл бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізудің тәртібі

1-параграф. Металл бойынша жарылыс жұмыстарын

жүргізудің жалпы тәртібі

535. Металл бойынша жарылыс жұмыстары осы Қағидаларға және жарылыс зарядын пайдаланумен металл өңдеу нұсқаулығы кезінде технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

536. Металл өндеу жүргізетін бөлмелердің және алаңдардың құрылымы, зарядтың көп жарылыс мөлшеріне есептеледі.

537. Технологиялық жабдықталған зарядтар құрастырылған көтеру құралдары бір-бірімен байланыссыз әрекет ететін екі тежегішпен құрастырылып және автоматикалық тоқтату қосқыштарымен жабдықталады.


2-параграф. Металл және металл құрылымдарын бөлшектеу тәртібі

538. Әрбір бронешұңқырдың екі шеттен шығатын жері бар. Бронешұңқыр қақпағының және оның құрылғысының салмағы, жылжуының немесе жарылыс кезіндегі қақпақ бұзылуын болдырмайды. Бронешұңқырды пайдалануға қолданар алдында жөндеу немесе брондалған тақтаның бөліктерін қақпақ немесе қабырғаны ауыстыру үш есе заряд жарылысымен, екі есе (ең қолдануына қарсы) заряд салмағын бронешұңқыр мықтылығына тексереді.

539. 80 0С астам температуралы теспелерді оқтауға рұқсат берілмейді.

540. Тексеру, тасымалдау, сақталу және металл сынығының қауіпті жарылысын жою технологиялық регламент талабына сәйкес жүргізіледі.


3-параграф. Ыстық сілемдерді бөлшектеу тәртібі

541. Ыстық сілемдерді бөлшектеу технологиялық регламентпен келісіп жасалады.

542. Ыстық сілемдерде жару үшін тек Д тобының (түтіндігі күкірттен басқа) сәйкес ЖЗ қолдануға рұқсат беріледі. Электр жарылыс түріне рұқсат берілмейді.

543. 800 С температураға дейінгі теспедегі (ұңғыма, тармақта) термоизоляциялық қаптамасыз оқталуға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда соққыш қосымша пергамент, крафт-целлюлоза немесе қаптама қағазына оралады.

Соққыштың орамының мықтылығына тексеру жоғалатын түтік теспеге орнатылу арқылы жүргізіледі. Егер детонатор 5 минуттан бұрын жарылса, орама көлемі ұлғаяды.

544. 800С астам температурада барлық зарядты жалпы термоизоляциялық қаптамаға салынады. Жарылыс жандыру түтік арқылы ұзындығы 60 см кем от өткізгіш сыммен капсюль-детонатор ауыздығымен бірге бірыңғай бөлектенетін қаптама орналасып жүргізіледі. Домалақтау және орау от өткізгіш сымды бөлектеген қаптама патрон-соққы және жалпы қаптамада рұқсат берілмейді.

Ұңғымада зарядты зарядтау және жару 200 0С жоғары температурада жүргізуге рұқсат берілмейді.

545. Ыстық сілемдерде 80 0С жоғары температурада сыртқы зарядтарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

546. 80 0С төмен теспедегі температурада оқтауға және жаруға бес зарядтардан артық емес қатар жаруға, ал 80 0С жоғары температурада біреуден артық жаруға рұқсат беріледі.

547. Барлық жағдайда оқтау және тығын екі жарғышпен, қадағалау тұлғасы, жарылыс жұмыстарының жетекшісінің қатысуымен жүргізіледі.

Егер 4 минут ішінде жарғыштар барлық теспелерді оқтап бітірмесе, бақылаушы адам жарылыс жұмыстарының басшысы дереу оқтауды тоқтауға және адамдарды қауіпсіз жерге алып кетуге бұйрық береді.
19. Ғимараттарды, құрылыстарды, фабрикалық құбырларды, іргетастарды құлату бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

548. Жарылыс жұмыстарының паспортында, басқа да сұрақтардың шешілуімен бірге құлату объектінің құлау бағыттары көрсетіледі және толық құлатылмаған жағдайдағы іс шаралар қарастырылады.

549. Құлату нысандарындағы сілемдегі ашылған кеңістіктері бар теспелерді (ұңғыма) оқтауға рұқсат берілмейді.

550. Бірінші белгіні зарядқа электр детонаторлы соққышты салар алдында, ал детонациялық байлам арқылы жару кезінде жарылыс жүйесін құрар алдында беруге рұқсат беріледі.

«Тоқтатылу» белгісі тек жарылыс жүргізуіне жауапты бақылаушы адам жарғышпен бірге жарылыс орнын қарағаннан кейін береді.

551. Қысымды қазандардың, құбыр өткізгіштер және басқа да нысандар қауіпті аймақта орналасқанда осы нысандарды пайдалану мекемесімен келісіліп шектік аймақтары шегеріледі.


20. Томарларды түбімен жұлу, орманды құлату, орман өрттеріне қарсы күрес, қатып қалған ағаштар мен баланстарды қопсыту, сал ағызуды жою кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

552. Тамыр жұлудағы бөлек жұмыс жасаушы жарғыштар немесе жарғыштар бригадасы бір-біріне 500 метрден жақын емес жерде орналасады және өздеріне көрші жұмыс істеп жатқандардың орналасқан жерін және қозғалу бағытын дәл анықтайды.

Бір ұйым құрамына кіретін тамыр жұлу жұмыстарындағы бөлек жарғыштар мен жарғыштар бригадалары ара қашықтығы, егер олардың қозғалу бағыттары бір жаққа бағытталса және жандыру түтікшесін тұтатқанда қорғанышқа баратын анық келіскенде бір-бірінен 300 метр қашықтықта орналасуына болады.

553. Жарылысқа дайындалған зарядтармен түбірді қазуға (түрткілеуге) болмайды.

554. Жарылыс жұмыстары арқылы тамыр қазғанда немесе жалынды тәсілмен бірнеше жарғыш ағаш құлатқанда, жарылыс жұмыстары басталар алдында аға жарғыш қалған жарғыштардың әрқайсысына қозғалу бағытын көрсетеді.

555. Тамырды жұлғанда және ағаштарды құлатқанда бақылау түтігі барлық жағдайда жандыру түтігінен тегіс алаңда жұмыс істегенде кемінде 85 см және қопалар мен қиылысқан жерлердегі жұмыс кезінде кемінде 1 метр қысқа болады.

556. Қатып қалған ағаштарды, аршылған ағаштарды тағы сол сияқты босату үшін жарылыс жүргізгенде тек сақтандырғыш ЖЗ ғана пайдаланылады. Сонымен қатар төмендегі жағдайлар орындалады:

1) бастамалау құралы ретінде электр детонаторлар қолданылады;

2) жарғыштардың ағаштармен жүргендегі қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі (жиналған ағаштардың және үйінділер арасында ажыратпа орнатқанда);

3) оқтау алдында керекті өртке қарсы шаралар жүргізгенде.

557. Орман ағаштарының сал ағысындағы кедергілерді жою тәртібі, жарылыс жұмыстарының тікелей жетекшісімен орнатылады.

558. Орман өрттеріне қарсы жарылыс жұмыстары, аумақтық өкілетті органмен келісілген, орман өрттерінен күресудегі жарылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шараларына сәйкес жүргізіледі.

Орман өрттерін жою кезінде, бастамашы құралдар арнайы контейнерлерге қапталған, осы жағдайларға арналған және өртті жоюы жүзеге асыратын ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен қауіпсіздік шараларын сақтап ЖЗ және бастамашы құралдар ұшақтан лақтыруға болады.

559. Шымтезектегі (жер асты) өртті сөндіргендегі жарылыс жұмыстарын өрт шетінен 10 метрден жақын емес жерден жүргізеді.


21. Қатып қалған кендер мен кен қойыртпаларын,

тақта тастарды, көмірлерді, металл жоңқаларын қопсыту кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

560. Қатып қалған кен және кен құрамдарын, тақтастарды, көмірді, металл жоңқаларын және тағы сол сияқты қопсытуға сұйық нитроэфир құрамды ЖЗ қолдануға болмайды.

Темір жоңқаларды қопсытқанда электр жарылыс жұмыстар арқылы қопсытуға рұқсат берілмейді.

Минералды тыңайтқыштарды қопсытқанда аммиакты селитра негізінде қопсытуға рұқсат берілмейді.

561. Ас тұзын қопсыту үшін қағаз гильзадағы капсюль-детонаторды пайдаланып жарылу жұмыстарын жүргізуге болады.
22. Магистральдық құбыр жолдарды өткізгіштердің қорғау аймақтарында жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

562. Ашық немесе жабық (көмілген) магистралды құбыр өткізгіштердің қорғау аймақтарындағы жарылыс жұмыстары осы құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйымның жазбаша түрдегі келісімі болғанда жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізуге келісім алу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуші құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйымға жарылыс жұмыстарының паспортын келісуге ұсынады.

Паспорттың техникалық шешімдерінде құбыр өткізгіш, құрылғылар (айдау бекеттері және тағы сол сияқты) сақталуы және құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйым орнатқан басқа шарттардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
3-бөлім. ЖМ қоймасының құрылысы және оны пайдалану тәртібі

23. Жалпы ережелер

563. ЖМ қоймасы – орнатылған тәртіппен рәсімделген жер телімінің ортақ аймағында орналасқан өндірістік және қосымша мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс кешендері, ал жер асты қоймалары – ЖМ сақтайтын ұяшықтар мен камералар және қоймаға тартылған қазбалары бар қосымша камералар. Жылжымалы ЖМ қоймасы, ол «фургон» түріндегі жабық қорапты, қойма меңгерушісі (үлестіруші) отыруға жабдықталған орны бар, ЖЗ, ату және жару аппаттары, сонымен қоса бастамалау құралдары орналасатын көлік құралы.

Барлық қоймалар және ЖМ сақтау орындары осы Қағидаларға сәйкес белгіленген жобалар бойынша жарақталады.

564. Жер үстінде орналасқан орны бойынша ЖМ қоймасы жер бетінде, жартылай тереңдетілікке, тереңдікке және жер астылық болып бөлінеді.

Жер бетіндегі қоймаларға, сақтауыштың негізі жер беті деңгейінде орналасқан қоймалар, жартылый тереңдетілген-жер қабатына карнизге дейін тереңдетілген сақтауыш қоймалар, тереңдетілген-жер қабаты сақтауыш ғимараты үстінен 15 метрге дейін биік болғандағы қоймалар, жер астылық жер қабатының сақтауыш ғимараты үстінен 15 метрден артық биіктікте болғандағы қоймалар жатады.

565. Пайдалану мерзіміне сәйкес қоймалар ЖМ кіргізген уақыттан бастап есептегенде тұрақтылар – үш жыл және одан көп, уақытша – үш жылға дейінгі, қысқа мерзімдік - бір жылға дейінгі болып бөлінеді.

Аттестацияланған ұйымның келісімі бойынша қысқа мерзімді қоймалардың пайдалану мерзімін бір жылға дейін созуға болады.

566. Мақсатына сәйкес ЖМ қоймасы базистік және шығыстық болып бөлінеді.

Сақтау кезінде ЖЗ жарылыс құралдармен (бастамалашы) және керісінше, жарылыс жылу коэффициентін есептеп, толық үйлесімділігіне сәйкес ЖМ бір-бірімен ауыстыруға болады.

567. ЖМ базистік қоймалардың жалпы сыйымдылығы шектелмейді және бөлек сақтағыштағы ЖМ салмағы 420 тоннадан артық болмайтынына байланысты орнатылады.

568. Жер бетінде және жартылай тереңдетілген шығыстық қоймасының жалпы сыйымдылығы барлық сақтағыштарға:

1) тұрақты шығыс қоймасында ЖЗ – 240 тоннадан, детонаторлар – 300 мың данадан, детонациялық сым – 400 мың метрден артық емес, от өткізгіш сым мен оны жағу құралдары шектелмейді.

ЖМ мезгілмен пайдаланатын мекемелер ЖМ контейнерлерде немесе сақтағыштарда сақтағанда тұрақты шығыс қоймаларының жалпы сыйымдылығы – шектелмейді;

2) уақытша ЖМ қоймасында: ЖЗ – 120 тоннадан, детонатор – 150 мың данадан, детонациялық сым – 200 мың метрден артық болмайды, от өткізгіш сым мен оны жағу құралдары шектелмейді;

3) қысқа мерзімді шығыстық ЖМ қоймасында: ЖЗ – жоба бойынша, детонатор – 75 мың данадан және детонациялық сым – 100 мың метрден көп болмайды, от өткізгіш сым оны жағу құралдары шектелмейді.

569. Тұрақты шығыстық жарылғыш материал қоймасының әрбір ЖЗ сақтағыштарының шектелуін сыйымдылығы 120 тоннадан, уақытша – 60 тоннадан артық болмайды, ал қысқы мерзімде – жоба бойынша.

570. ЖМ бар контейнерлерде тек арнайы алаңдарда сақтауға болады. ЖМ контейнерлердің алаңдары ЖМ қоймасы аумағында салынады және контейнерлік алаңдары бар дербес қойма болып салынады. Контейнерлік алаңдар сыйымдылығы ЖМ қойма сақтағышына бекітілген сыйымдылығындай болады.

571. Жер асты (тереңдетілген) шығыс қоймасының жалпы сыйымдылығы және бөлек камералар (ұяшықтар) сыйымдылығы жобамен анықталады. Сонымен қоса көмір және қатпар тас шахталарындағы қойма сыйымдылығы, үлестіру камералары сыйымдылығын есептелмегенде ЖЗ қоры жеті тәуліктен, бастамашы құралдардың қоры он бес тәуліктен аспайды.

Камералық қоймадағы камера сыйымдылығы 2 тонна ЖЗ, ал ұяшықты қоймадағы ұяшық сыйымдылығы 400 кг ЖЗ артық болмайды.

Жер асты қазбаларындағы бөлек тарату камерасының шектік сыйымдылығы 2 тонна ЖЗ және осыған сәйкес мөлшердегі бастамашы құралдар, ал бөлек учаскелік сақтау талабына – 1 тонна ЖЗ және осыған сәйкес мөлшердегі бастамалау құралдары.

572. Ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, оқу орындарында ЖМ сейфтерде сақтауға рұқсат беріледі (әр сейфте 10 кг артық емес немесе 500 детонатор және 300 метр детонациялық және от өткізгіш сым). Бір бөлмедегі әр басқа сейфтерде ЖМ сақтауға болады. Сейфтер детонация берілмейтін ара қашықтықта орналастырылады.

573. Кәсіпорындарда ЖМ сынау және жою жағдайлары жасалады. Бұл мақсатта жобамен полигондар және зертханалар қаралады.

574. Базистік қоймадағы ЖМ жарғыштарға беру операциясын орындағанда және олардан пайдаланылмаған ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттары қоймаға кірер алдындағы осы мақсаттарға орнатылған ғимараттар, бірақ ЖМ сақтағышына 20 метрден жақын емес, жанбайтын материалдармен салынады. Олар ЖЗ және бастамашы құралдарды сақтайтын екі бөлікке бөлінеді. Тұтас жанбайтын қыштан немесе 25 см кем емес бетон қабырғалардан салынады. ЖЗ және бастамашы құралдарды қабылдау-жіберуге арналған екі тамбурмен жабдықталады.

Төмендегі жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етеді:

1) көрсетілген ғимараттағы барлық түрдегі ЖЗ жалпы көлемі 3 мың кг артық емес, сонымен қоса детонатор саны 10 мың данадан көп емес;

2) детонаторлары бар жәшік сақтағыштың сыртқы қабырғасындағы сөрелерге орналастырылады.

575. Тұрақты және уақытша шығыс қоймаларындағы жарылыс материалдар ыдысын ашу және жарғыштарға беру, олардан пайдаланылмаған ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттарын қабылдауды бөлек ғимараттарда немесе сақтағыш тамбурларда немесе ЖМ дайындау ғимараттарында жүргізіледі. Сонымен қоса детонатор беруге березентпен, киізбен немесе қалыңдығы 3 мм кем емес резина мен қапталған үстел қойылады, детонациялық және от өткізгіш сым кесетін үстел қойылады. Электр детонаторларға статистикалық электр қуатының қауіпті әсерін жою үшін үстел тұйықтандырылады.

ЖМ базистік қоймада жіберу-қабылдау жүргізген жағдайда детонациялық байлам соққы жасау (дайындау) бөлек ғимаратта жүргізіледі.

576. ЖМ қоймасының сақтағыштарының едені тегіс және тесіктерсіз болады, ал қабырғалары әктеліп, сырланады.

ЖМ кез келген сақтағышы желдетіледі және судың, қардың кіруінен қорғалады.

ЖМ сақтағышы ағынды-тартушы өзіндік желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

Ғимарат ішіне термомлер қойылады.

577. Тұрақты және уақытша ЖМ қоймалары екі түрлі жарықпен қамтамасыз етіледі – жұмыстық және резервтік (апаттық).

578. Барлық ЖМ сақтау орындарындағы жұмыс орындарының еден деңгейіндегі жарықтандыру және бастамашы құралдар пайдаланғандағы жарық 30 лк кем болмайды.

579. ЖМ қоймасының сақтағыштарындағы ЖЗ және бастамашы құралдар сөрелері және ЖМ штабельдері қабырғадан 20 см кем емес ара қашықтықта қойылады, ал еденнен 10 см кем емес биіктікте орнатылады. ЖЗ бар жәшіктер, қаптар төсеніштерде орналастырылады. Штабель биіктігі 2 метрден биік болмайды. Штабельдер ені орын санауын жеңілдететіндей қылып, екі қатар қап (жәшік) қылып жайғастырылады.

Тиеп түсіру операцияларында механикаландырылған құралдарды пайдаланғанда ЖЗ қаптарын және жәшіктерін тұғыры бар түйіншектерде, шығыршықты контейнерлерде, екі қатардан биік емес қылып жинайды. Тұғырларды және шығыршықты контейнерлерді орналастыру тәртібі жобамен анықталады. Штабельдердің ең биік жиналуы 2,6 метрден аспайды.

Штабельдер арасында, соның ішінде шығыршықты контейнер және сөрелер арасында ені 1,3 және 1 метрден кем емес өту жолдары қалдырылады.

580. Сөрелердегі жәшіктер, қаптар (шығыршықты контейнер) және басқа ЖМ бар орындарда штабельдер биіктігі екеуден жиналады.

Топтары В,С және түтінді дәрі ЖМ ашылған орындарда биіктігі тек бір қатар болып жиналады. Аталған ЖМ жоғары сөрелері биіктігі 1,7 метрден артық, қалғандарына 2 метрден артық болмайды.

Екі сөре ара қашықтығы, ЖМ бар жәшіктер (қаптар) арасы мен жоғары сөре арасында 4 см аз емес кеңістік қалатындай қылып есептеледі.

Сөре енінде жәшіктерді екі қатардан көп қоюға болмайды, ал қабырға жанында орналасқанда және өту жолы болмағанда бір қатардан көп жиналмайды. ЖМ сақтағышындағы сөрелерді қатайтқан шегелермен бұрандамалар бастары толық батырылады.

Сөре тақтайлары ара қашықтықтары 3 см дейінгі ара қашықтықта төселеді. Төменгі сөре толық жабылады.

581. Камера, сөре және ЖМ қоймасындағы штабельдерге ЖМ, бастамашы құралдар немесе ату жару аппараттарының аты, көлемі, партия саны, жасалған уақыты, кепілдік пайдалану мерзімі көрсетілген белгілер ілінеді.

582. Электр детонаторлар, электр тұтандырғыш түтіктер және электрлік жанғыш құрамды ЖЗ қоймаларында және басқа ЖМ сақтау орындарында заводтық немесе арнайы ыдыста сақталады.

583. Жандырғыш және бақылау түтіктері ЖМ дайындау ғимараттарында жасалады. Бұл ғимараттар ЖЗ дайындау ғимараттарынан жанбайтын материалдардан салынған немесе сыланған және жанбайтын бояумен боялған қабырға арқылы бөлінеді, ал жер асты қоймаларында-жандыру түтігін жасау камераларда жүргізіледі.

Жандыру және бақылау түтіктерін жасау үстелінде бірнеше жарғыш жұмыс істегенде ұзындығы бірнеше ағаш қалқандар арқылы бөлінеді.

Жандыру және бақылау түтіктерін (от өткізгіш сымның бақылау бөлігі) жасайтын және сақтайтын орындардағы ғимарат едені жұмсақ кілемшелермен жабылады.

Дайындалған жандыру түтіктері темірден немесе ағаштан жасалған ЖМ қоймасының сақтауышысындағы (үлестіру камерасындағы) ішін жұмсақ төсенішпен қаптаған, сыртын темір қабатымен қаптаған жәшіктерде (шкафтарда), кассеталарда және тағы сол сияқты сақталады. Жәшіктер қақпақпен жабылады.

584. Аммиакті селитра негізіндегі ЖЗ қойма сақтауышында және контейнерлерде сақтағанда 300 С артық емес температура сақталады, ал басқа ЖМ техникалық құжаттарында көрсетілген көрсеткіштердегідей температурада сақталады.

585. ЖМ контейнерлерді сақтағанда алаң ішінде оларды екі қатар етіп қоюға болады.

586. ЖМ қоймасындағы тиеп-түсіру операциялары, осы мақсаттағы көтеру мүмкіндігі қаптамаланған ЖМ салмағынан кем емес механизмдермен орындалады, сонымен қоса қолдап жүргізуге болады. Жүк көтеруге арналған шығыршық (жебелік крандар және жебені көтеру шығыршықтары) екі тежегішпен қамтамасыз етіледі.

587. ЖМ қоймасы сақтауышының ішінде жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышты жүк көтеру механизмдері жанған газды залалсыздандыратын қондырғымен және ұшқын өшіргішпен жабдықталады, ал электрлік қондырғылар (электрлік жүк тиегіштер, тельферлер) В – ІІа классты ғимараттарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары талаптарына сәйкестендіріледі.

588. ЖМ сақтау орындарын жөндеу кезінде олар ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттарынан босатылып, басқа қоймаларда (алаңдарда) уақытша сақталады. Егер қойма тұтас қабырғамен бөлінсе жөндеу жұмыстары кезінде бір жағындағы ЖМ екінші жағына сақтауға болады.

589. Әрбір ЖМ қоймасына апаттық жағдайлар болған жағдайдағы өзара іс-қимылын анықтайтын апаттарды жою жоспары жасалады. ЖМ жер асты қоймаларындағы мүмкін болатын апаттарды жою шаралары апаттарды жоюдың ортақ жоспарына енгізіледі.


24. ЖМ жер үсті және жартылай тереңдетілген тұрақты

қоймалары құрылғыларының тәртібі

1-параграф. Аумақ

590. ЖМ жер үстілік тұрақты қоймасына қойылатын талаптар:

1) су кететін жыраның болуы;

2) жолдар және келу жолдарының таза және жарамды болуы;

3) сақтауыштардың әрқайсысына еркін жақындау мүмкіндігі және өту жолы болатындай орналастырылады;

4) бөлек сақтағыштардың арасында, сақтағыштар мен әр түрлі ғимараттардың, қойма аймағы мен одан тыс құрылыстардың ара қашықтықтар осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес анықталған өртке қарсы орнатылған ара қашықтықты ұстану;

5) қоймаларды қоршап, қоршаудан ені 50 метрден кем емес қашықтықта тыйым салынған аймақ болады. Тыйым салу шекараларында қоршау және ескерту белгілері қойылады;

6) қойма периметрі бойынша аумақ бейнебақылау жүйесімен жабдықталады. Барлық бейнеақпарат бейнежинағышқа жазылады: жазудың ұзақ мерзімді бейнемагнитофондары немесе ақпараттың цифрлы бейне жинағыштары.

591. Қойма аумағына мынадай ғимараттар мен құрылыстарды салуға рұқсат беріледі: ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттары, сақтағыштары, контейнердегі ЖЗ, бастамашыл құралдарды және ату жару аппараттарын сақтауға арналған алаңдар, ЖМ беру ғимараты (бөлмесі), қосалқы ғимараттар (қоймалар, алаңдар), ЖМ дайындау ғимараттары, қабылдау рампы және ЖМ қабылдау, сақтау және тиеп-түсіруге байланысты басқада нысандар, қарапайым түйіршіктелген және суқұрамды ЖЗ заттар жасау пункті, зауыттың ЖЗ механикаландырылған оқтауға дайындау пункттері, зертханалар, қарауыл мұнарасы, қарауыл итке арналған үйшік, шамдар орнатылған (бағана, діңгек) мұнаралар, өртке қарсы құралдар және жабдықтар сақтау орны, өртке қарсы қолданылатын су жинау ыдыстары, өту сарайы (бақылау-жіберу пункті).

592. Қауіпті аймақ шегіндегі, қойма сыртындағы тыйым салынған аймағында: ЖМ жою және сынау полигоны, ыдыстарды жағу, қарауыл ғимараты, қойма жұмысшыларына арналған әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, механикаландыру құралдарын қызмет қылу және толтыру пунктері, қазандықтар, отын қоймасы, су өткізгіш және канализациялық сораптық бекеттері, трансформаторлық бекеттер, әжетханалар салуға болады.

Ыдыстарды сақтау сарайларын немесе бастырмаларды тыйым салынған аймақ шегіндегі қойма қоршауына 25 метрден жақын емес қашықтықта орналастыруға болады.

593. Қоршау мен жақын орналасқан қойма ара қашықтығы 40 метрден кем емес. Таулы жерлерде бұл ара қашықтықтарды ішкі істер органдарының келісуімен қысқартуға рұқсат беріледі.

Қоршау темір бетон немесе металл торлы құрылымдардан (18 мм қалыңдықтан кем емес шыбықтан жасалған, шыбықтар арасындағы жарық 100 мм аспайтын), кірпіштен, металл табақтардан (қалыңдығы 2 мм кем емес), немесе тордан (диаметрі 5 мм кем емес және ұяшығының өлшемі 70 х 70 мм, бірақ ұяшығының өлшемі 150 х 150 кезде 10 мм артық емес арматурадан) жасалады.

Қоршау биіктігі жерге 200-400 мм тереңдетіліп енгізілген темір бетон ірге немесе арматуралы тормен қазылған қатынаста күшейтіліп, 2,5 метрден кем болмайды.

Қоршауға құлыпқа жабылатын дарбаза мен есіктер орнатылады.

594. Қойма аумағында және тыйым салу аймағы айналасындағы ағаштар мен бұталар, құрғақ шөп және басқа да оңай тұтанатын заттардан тазартылады.


2-параграф. Қоймалар құрылымының тәртібі

595. Тұрақты қоймалардың ЖМ қоймасы жанбайтын материалдан салынады.

Өрт бақылау органдары шешімімен сақтауыш қабырғаларын бөренеден немесе каркасты-толтырылма материалдардан салуға болады. Каркасты-толтырылмалы қабырғасын және қалқаларды тұрғызғанда, толтырылма есебінде жіңішке бетон, шлак немесе жауынмен суланған ағаш қалдықтарын қолдануға болады.

Каркасты-толтырылмалы және бөренелі ЖМ қойма қабырғалары мен қалқандары жанбайтын құраммен жабылады немесе ішкі және сыртқы жақтарынан сыланады. ЖМ қоймалардың ағаш төбелері сыланады немесе жанбайтын құраммен қапталады.

Құрғақ климатты жерлерде саздан жасалған, шикі кірпіштен немесе сабанды кірпіштен сақтауыштар құруға болады.

Қойма жабындысы жанбайтын материалдан салынады немесе іші-сыртын жанбайтын құраммен қаптайды.

Қоймалардың ішіндегі ауа температурасы 300 С жоғары болмайтындай етіп салынады. Қойманың әрқайсысында шатырлы бөлме болады (темір бетонды жабындыларға шатырлы бөлме болуы міндетті емес).

596. Қойма едені ағаштан, бетоннан, асфальттан немесе тапталған саздан жасалынады. Түтінді оқ-дәрі қоймалары едендер жұмсақ маталармен қосымша қапталады.

597. ЖМ қысқа партиямен үлестіруге арналған қоймаларда біреуден кем емес тамбурмен жабдықталады. Тамбур көлемі 2×2 метр болады және жанбайтын материалдан жасалады. Тамбурға кірер ауыз сыртқа ашылатын, 2 данадан аз емес есіктерінен жабдықталады. Есіктің біреуі тамбурдың сыртына шығады, екіншісі – тамбурдан сақтағышқа барады. Сыртқы есік тұтас болады және болатпен қапталады.

Екінші есік ағаш тордан жасалады.

Рампасы және тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдары (электрлік тиегіштер және тағы сол сияқты) бар сақтағыштарда тамбур орнату міндетті емес, бірақ екі жақтан есік қойылады.

598. ЖМ қоймасының кірер ауыздары саны, қойма кірісі мен ең алыс ғимарат нүктесіндегі ара қашықтық 15 метр, ал тиеп түсіру механикаландырылғанда 25 метрден артық болмайды.

599. Қойма терезелері болат торлармен орнатылады, тор темірі диаметрі 15 метрден кем болмайды және тор көздерін 150×150 мм үлкен емес қылып әрбір қиылыс дәнекерленеді. Темір тор сымдары шеті қабырғаға 80 мм кем емес тереңдікке енгізіледі. Торлар ашық бояумен сырланады. Күн беткейге қарап тұрған сиыны терезелер ақ бояумен сырланады. Терезенің еден алауына жарық қатынасы 1:25 тен 1:30 дейін қамтамасыз етіледі.

600. Шатырлы бөлмелерде кейбір заттарды немесе материалдарды сақтауға болмайды. Шатырға шығуға ғимарат сыртына орналастырылған саты көзделеді.

601. Қоймаларға және шатырға кіреберістер құлыпқа жабылады және пломбыланады немесе мөрленеді.
3-параграф. Үймек құрылысының тәртібі

602. Егер ЖМ сақтау немесе қайта өңдеу орнының ғимаратқа және құрылысқа дейінгі қашықтығы осы Қағидада көзделген ара қашықтықтан аз болса, үймектер орнатылады. Сонымен қатар қауіпсіз ара қашықтық тереңдетілген зарядтар жағдайына есептеледі.

603. Үймектерді пластикалық немесе сусыма топырақтан соғады. Үймекті тастан, шебіннен және жанғыш материалдан (көмір қиқымдары және тағы сол сияқты) соғуға болмайды.

604. Үймек ЖМ жиналған штабелдің (стеллаждың) жоғарғы деңгейінен 1,5 метрден биік қылып соғады. Үймектің үстінгі ені 1 метрден кем болмайды. Үймектің төменгі жақ ені себілген топырақтың шынайы бұрышына сәйкес анықталады.

605. Қойма толық үймектелгенде кіру үшін үймектен ашық жер жасалады. Ашық жерге көлденең салынған қорғаныш үймек соғылады.

Қорғаныш үймек ұзындығын, жобаға сәйкес ғимарат бұрышынан негізгі дуал жотасына дейінгі және қорғау үймегінің жотасы арқылы есептеледі.


4-параграф. Электр қондырғылар

606. Электрлік қондырғыларға талаптар (тарату құрылғылары, бекеттер, апаттық электрлік көздері), электр қабылдағыш санаттығы, сенімділікті қамтамасыз ету жобамен қаралады. Бейтарап оқшауланған электрлік қондырғылар пайдаланылады.

607. ЖМ қоймасының электрлік қондырғылары, соның ішіндегі негізгі және жарық беру жүйесі электр қуатының жоғалуынан және адамдарды электр тоғымен күйдіруден сақтайтын құрылғылармен жабдықталады. ЖМ қоймасының жерлендірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

608. ЖМ қоймасы, кіре беріс, ЖМ қоймасы жарықтандырылады. Жарықтандыруды қоршау периметрі бойынша жүргізуге рұқсат беріледі.

609. ЖМ қоймасында жұмыстың жарықтандырылуы 220 вольт дейінгі қуатты шамдармен жүргізіледі. Апаттық жарықтандыру жобамен анықталады.

Қойма сақтағышына апаттық жарық беруге кеніш аккумуляторлық шамдар немесе құрғақ батареяларымен (металл қорапты – резинамен қапталған) фонарлар пайдалануға болады. Электрлік жүйеден қуат алатын қолдап тасымалдау шамдарын пайдалануға қойманың барлық ғимараттарында рұқсат берілмейді.

Егер ЖМ беру тек күндіз жүргізілетін болса, сақтағышқа электр жарығы талап етілмейді.

610. Қосқыштар, сақтандырғыштар, тарату қорғандары, суырмалар және тағы сол сияқты ғимараттың сыртқы жағындағы жәшіктерге немесе өртке қарсы құралдармен жабдықталған оқшау ғимараттарға орнатылады.

611. Қойма ішіне жарық беру жүйелерінде жануды таратпайтын кабельдер қолданылады.

612. Ғимараттардың қабырғасымен және төбесімен кабель жүргізгенде көлденеңінен 0,8 метр сайын және биктігінде 2 метр сайын бекітіледі.

Кабельдерді бір-біріне жалғауға және ажыратуға арнайы муфталар қолданылады.
5-параграф. Байланыс және дабылдағыш

613. Барлық қоймалар, қоймалардағы қарауыл үй-жайлары ұйыммен, өртке қарсы қызметімен және ішкі істер органдарымен хабарласуы үшін телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Телефон байланысын жабдықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті ішкі істер органдарының келісім бойынша қойма санамаланған абоненттермен радиобайланыспен қамтамасыз етіледі. Қарауыл бекеті мен қарауыл үй-жайы арасында екі жақты телефон байланысымен жабдықталады.

Байланыс құралдары жарылыс өрт қауіпті үй-жайлардан тыс орнатылады.

Қоймалар және сақтағыштар жобаға сәйкес міндетті түрде күзет және өрт дабылы белгілері құралдарымен жабдықталады.


6-параграф. Өртке қарсы қорғану

614. Қоймалар өрт автоматика қондырғылармен, өртке қарсы құралдармен жабдықталады, олардың болуы, номенклатурасы, саны мен орналасқан орны жобада айқындалады.

615. Орман және еден үстілік өрттерден қорғану үшін әрбір ғимараттар айналасынан 5 метрден кем емес қашықтықтағы шым алынып тасталады, қойма аймағындағы қоршаудан 10 метр ара қашықтықта, үстінгі ені 1,5 метр және тереңдігі 0,5 метрден кем емес, өсімдіктерді жою үшін жүйелі түрде аударылып, қопсытылатын тілме жасалады. Тастық және шебіндік топырақта жыра немесе қопарылған тілме қажет етілмейді.

616. Нысандары пештің жылуымен қамтамасыз еткен жағдайда түтін шығу құбырларына ұшқын ұстау торлары қойылады.


жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау