2013 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы жедел есептілік



жүктеу 452 Kb.
бет2/5
Дата11.02.2020
өлшемі452 Kb.
#28746
1   2   3   4   5




  1. Қызметтік мүмкіндіктерді дамыту




Стратегиялық бағытты және мақсаттарды іске асыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар

Нақты орындалуы

Орындалмау себептері

1

2

3

1. Стратегиялық бағыт. Кадр саясаты
1.1 мақсат. Қызметкерлердің сапасы мен кәсіби шеберлігін арттыру.

1.1 міндет. Атқарушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын қажетті деңгейге көтеру, ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, басшылық пен қызметкерлердің өзара құрметі мен сеніміне негізделген басқарудың заманауи үлгілері мен әдістерін енгізу. Қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарына жіберу, кадрларды қайта даярлау,қызметкерлерді оқыту.

1.2 мақсат. Әйелдердің шешім қабылдау деңгейіне көтерілуін 30%-ға жеткізу

1.2 міндет. Әйелдердің мемлекеттік мекемелерде алға жылжу тетіктерін әзірлеу

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2 қызметкер, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына 26 қызметкер жіберілді.

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді.

Алматы қаласы әкімдігінің қабылданған 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 1/74 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері гендерлік саясаттың бағыттарын айқындайтын шаралар қарастырған.

Сонымен бірге бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімгерлері 2013-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарлар әзірлеген және іске асыруда, оларда гендерлік аспектілер қарастырылған.

Комиссияның 2013 жылға арналған Жұмыс жоспары және Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі Медиа-Жоспар іске асырылған.

Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттары бойынша – 11 семинар, 3 дөңгелек үстел, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын әйелдерді қолдау бойынша 2 көрме, әлеуметтік бағытта 3 акция, студенттермен 3 кездесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша 16 тренинг, 7 әкелер слеты, 1 конференция, 1 флеш-моб, Отбасы Күнінің қарсаңында 1 велошеру ұйымдастырылды. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің 7 отырысы өткізіліп, оған 350 адам қатысты.


-

2. Стратегиялық бағыт.

Алматы қаласының әкімі мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту және жетілдіру, іс құжаттарының одан әрі мемлекеттік тілге көшіруді жүзеге асыру.



2.1 мақсат. Құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге асыру бөлігінде электрондық құжат айналымының белгіленген корпоративтік ақпараттық жүйесін (ЭҚКАЖ) жетілдіру, хат-хабарларды тіркеуді ретке келтіру және ақпараттық қорғау, қағазсыз электронды құжат айналымына көшу.

2.1 міндет. Қолданыстағы ЭҚАБЖ жүйесіне жаңғырту жүргізу, ҚР мемлекеттік органдарының ведомствоаралық электрондық құжат айналымына қатысу, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталы» ақпараттық жүйесіндегі жұмысты жетілдіру, «Электрондық үкімет» веб-порталын және ЭҚАБЖ Ұлттық куәландыру орталығын» пайдалана отырып, жіберілген электрондық өтініштерді қабылдау және өңдеу» электрондық қызметінің іске асырылуын қамтамасыз ету.


ЭҚАБЖ әкімдіктің 30 құрылымдық бөлімшесі қосылған. Аталған жүйе толық көлемде құжаттардың орындалу барысына бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді: орындаушылардың тапсырмаларды жедел алу, электрондық ескертулерді жеткізу және басқалар.


-

3. Стратегиялық бағыт.

Алматы қаласы әкімі аппаратының нормативтік-құқықтық базасын жаңғыру және қамтамасыз ету.



3.1 мақсат. Заңнамаға сәйкес әділет органдары көрсететін мемлекеттік және заң қызметтерінің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру.

3.1 міндет. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін оңтайландыру (НҚА ресімдеу мен тіркеу), олардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Қала әкімі мен әкімдіктің актілері ЭҚАБЖ электрондық базасында уақтылы тіркеледі.

2013 жылғы кезеңде әкім мен әкімдіктің 7 121 актісі , оның ішінде жер мәселелері бойынша 5 955 акті, қала әкімінің 485 өкімі және 1 шешімі, аппарат басшысының 253 бұйрығы өңделді және тіркелді. Тоқсан сайын әділет органдарына әкім мен әкімдіктің қабылданған актілері туралы есеп беріліп отырады. Уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, сондай-ақ актінің заңды күші жойылған.

Заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша 325 құжат берілді.


-

4. Стратегиялық бағыт. Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қаржылық тәртіп деңгейін арттыру.

4.1 мақсат. Бақылау шараларын жүргізе отырып, Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражатын пайдалану тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.

4.1 міндет. Мемлекеттің атынан Алматы қаласы жергілікті атқарушы органы қатысатын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және заңды тұлғалардағы басқару жүйесінің қызмет етуіне, оның тиімділігі жөніндегі тұжырымдамалар мен ұсынымдар және Алматы қаласы әкіміне есеп бере отырып, бағалау бойынша бақылауды жүзеге асыру

2013 жылы алған қойылған міндеттерді шешу үшін 13 бақылау іс-шаралары өткізілді, оның 12 нысаны Алматы қаласы әкімінің бекіткен жоспары бойынша және Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 1 жоспардан тыс тексеру өткізілді. Әрбір тексерістен кейін ұсынымдамалар әзірленді, Нақты ұсыныстары бар ұсыныстары бар жөнсіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және оны Алматы қаласының әкімі бекітті.

Тексерілген нысандардың басшылары тыңдалды. Барлық бағыныстағы нысандар ішкі бақылау бөлімінің ұсынымдамаларын назарға алды және жөнсіздіктерді жойды, сондай-ақ оны алда болдырмау жөнінде жоспарлар әзірледі. Тексерілген нысандарды бақылауды бөлім тұрақты негізде жүргізеді.




-

5. Стратегиялық бағыт.

Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту



5.1 мақсат. Қаланың аумағында заманауи ақпарттық коммуникациялық технологияларды дамыту

5.1 міндет. Электрондық үкімет шеңберінде электрондық әкімдікті дамыту

Электрондық үкімет шеңберінде электрондық әкімдікті дамыту 2013 жылы:

37 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшірумен;


қолжетімділік пен ашықтық деңгейін арттырумен;

ЖАО-дың 8 интернет-ресурсын толықтыру және жаңғыртумен;

19 ақпараттық жүйені дамыту және сүйемелдеумен және олардың «электрондық үкімет» базалық бөліктерімен ықпалдасуымен;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен;

3 ведомстволық ақпараттық жүйені тіркеумен қамтамасыз етілді.


-

6. Стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау жасау.

6.1 мақсат. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, тұрғындардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануы.

6.1 міндет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерін енгізу арқылы әкімшілік тосқауылдарды қысқарту

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Тізіліміне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі 65 мемлекеттік қызметті көрсетеді, олардың ішіндегі 49 мемлекеттік қызмет бойынша регламенттер бекітілген, 12 мемлекеттік қызмет бойынша регламенттер әзірленуде, 1 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметтердің стандартына өзгерістер енгізу қажет.

-

7. Стратегиялық бағыт. Жергілікті атқарушы органның Алматы қаласының аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

7.1 мақсат. Бөлімнің атқарушы органдардың қаланың аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдармен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жақсарту.

7.1 міндет. Жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғау қызметінің мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асыру.

Қаланың атқарушы және құқық қорғау органдарының қылмыспен күресті күшейтуге және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған ұйымдастыру, құқықтық және алдын алу сипатындағы қабылдаған шаралары қаладағы қылмыстың деңгейін төмендетуге ықпал етпеді.

Нәтижесінде ішкі істер органдарының желісі бойынша 2013 жылы 2012 жылғымен салыстырғанда қылмыс 7,3 пайызға, оның ішінде қылмыстық іздестіру желісі бойынша 7.2 пайызға ұлғайды.

Қылмыс деңгейінің жалпы өсуімен бірге қалада оның жекелеген түрлерінің азайғаны байқалды, мысалы: адамдарды ұрлау 22.2 пайызға, кісі өлтіру -6,2 пайызға, қарақшылық ­­­2,8пайызға.

Есепті кезеңде қылмыстық іздестіру желісі бойынша қылмыстарды ашудың орташа көрсеткіші 2013 жылғы ­­­16,5 пайызбен салыстырғанда ­­­ 27,8 пайызды құрады. 2012 жылғы .



-

8. Стратегиялық бағыт. Шет ел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру

8.1 мақсат. Алматы қаласында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және бауырлас-қалалармен қатынастарды нығайту және дамыту.

8.1 міндет. Шет ел қалаларымен қатынастарды орнату мен дамыту жөнінде жұмыс жүргізу.


Аталған бағытты іске асыру үшін Алматы қаласының сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар саласында түрлі іс-шаралар өткізіледі.

2013 жылы ҚР СІМ-нің өтініші бойынша Алматы қаласы әкімінің Алматы қаласында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесуі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің, Латыш Республикасының Президенті А. Берзиньштің, Татарстан Республикасының Президенті Р. Миннихановтың, Малайзия Сенатының Президенті Тан Сри Абу Уджангтың, Венгрияның Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кевердің ресми сапарларын ұйымдастыруға қатыстық. Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов басқарған Алматы қаласы делегациясының Қазан қаласына (Ресей Федерациясы) сапарын ұйымдастыруға көмек көрсетілді.

Алматы қаласын экономикалық тұрғыдан дамыту, шетелдік инвестицияларды тарту және жобаларды іске асыру мақсатында Германия, Испания, Ұлыбритания, Словакия, Норвегия, Тәжікстан, Чехия, Ресей, Франция, Әзірбайжан, Бельгия, Польша, Италия, Иран тараптарының қатысуымен үкіметаралық комиссиялардың қарауына инвестициялық жобалардың тізімі берілген, ұсыныстар жолданды.



-

9. Стратегиялық бағыт. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін дамыту. Жалпыға ортақ әскери міндет шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

9.1 мақсат. Басқару органдары мен ұйымдарын жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында жұмыс істеу кезеңіне аудару, мемлекет мүддесіне қаланың жұмылдыру қажеттілігін және халық пен арнайы құрамалардың алғашқы қажеттілігін қамтамасыз ету.

9.1 міндет. Аумақты, Алматы қаласының экономикасын дайындау және жұмылдыру кезеңіне, әскери жағдай мен соғыс уақыты кезеңіне мемлекеттік органдар, мекемелер жұмыстарының жағдайын анықтау.

9.2 мақсат. Алматы қаласының аумақтық қорғанысын ұйымдастыру

9.2 міндет. Алматы қаласының аумақтық қорғанысын материалдық-техникалық қамтамасыз ету

9.3 мақсат. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету.

9.3 міндет. Әскерге шақыру науқанын материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Жұмылдыру жоспарында және аумақтық қорғаныс жоспарында айқындалған іс-шараларды іске асыру (құпия)

Аумақтық қорғаныс жоспарында айқындалған іс-шараларды іске асыру (құпия)


Алматы қаласының азаматтарын ҚР ҚҚ қатарына әскерге шақыру ұйымдастырылды. Адамдар саны _____.

Жетісу ауданының әскерге шақыру пунктіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Медициналық комиссиялар:

- медициналық персоналмен;

- жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жарақтандырылды.

Әскерге шақыру пункттері:

- адам ресурстарымен;

- жиһазбен және электрондық-есептеу техникасымен;

- бланк өнімдерімен;

- ЖЖМ, көлік құралдарымен қамтамасыз етілді.



-

10. Стратегиялық бағыт. Алматы қаласында авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру

10.1 мақсат. ТЖ туындау тәуекелдерін төмендету және техногендік авариялар мен дүлей зілзалалардан нұқсандарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасау

10.1 міндет. Авариялар мен дүлей зілзалалар салдарын жою.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, кешенді апаттар құтқару жұмыстарын жүргізу.

«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК қызмет етуін қамтамасыз ету.

Беделбай және Батарейка өзендерінде қорғаныс құрылыстарын салуға, Медеу-Шымбұлақ жолының қауіпті бөліктеріндегі құзды баурайларды нығайтуға республикалық бюджеттен 949503,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.

«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК жарақтандыруға ______ мың теңге сомасында қаражат бөлінді.






жүктеу 452 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау