566. Жұмыс үлгілері:
Қалыптау:
1) арқалықтар стропильді бір ылдилы, негізді және тұтқырлы арқалықтар, ригельдер, прогондар;
2) күрделі пішінді негізгі блоктар;
3) заборлар мен қоршаулар;
4) екі тарамды краннан басқа барлық үлгідегі консольдары мен сөрелері бар бағандар;
5) ашық тәсілмен құрылыста қолданылатын метро тоннельдері, көлік қиылыстары мен өтетін коллекторларды әрлеу құрылымдары;
6) жалпақ және қабырғалы баспалдақтар;
7) байланыс желілерінің, электр беру және шамдардың тіректері;
8) сыртқы қабырғалардың панельдері мен блоктары;
9) аралық жабындар мен жабындар панельдері, ішкі қабырғалар панельдері, кассеталық және прокаттық бөлшектер;
10) аэродром плиталары;
11) балкон және карниз плиталары, лоджияларды, кіріс күнқағарларды қоршау панельдері, парапет тастары;
12) 6 м аса ұзындықты свайлар, шпунт;
13) барлық көлемдегі арынсыз құбырлар.
Параграф 4. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын
қалыптаушы, 5-разряд
567. Жұмыс сипаттамасы:
қалыптау конвейерінде гипсокартон табақтарын қалыптау;
құрауыштардың, сульфидті-спирт барды бар ерітінді концентрациясының дұрыс мөлшерленуін және гипстің сапасын тексеру, гипс араластырғыш пен қалыптау конвейерінің тапсырылған жұмыс режимін реттеу;
жетектердің гипспен толуын қадағалау;
гипсокартон табақтарының ені мен қалыңдығын реттеу;
гипсокартон табақтарының кебу режимі мен сапасын тексеру;
журналда жазбаларды жүргізу;
өте күрделі бұйымдар мен құрылымдарды қалыптау бойынша жұмыстарды орындау;
қалыптарды, қондырғыларды тазарту, майлау, жинау және дайын болуына қарай оларды қабылдау бойынша жұмыстарға басшылық;
жоба күйінде ірілендіру жинағымен және бекітумен жекелеген арматуралық каркас элементтерді қалыпқа (қондырғыға) орнату;
салу бөлшектері мен монтаж ілгектерін орнату;
қалыпқа электртермиялық немесе механикалық (домкраттар немесе созба станцияларының көмегімен) кернеу тәсілімен кернеулі арматураны оранту;
ішпектерді, өзектер мен бөлу қалқандарын орнату;
қалыпты бетон қоспасымен толтыру;
бетон қоспасын тығыздау;
қалыптандырылған бұйымдардың ашық қабаттарын жону;
бұйымдарды жылумен өңдеу орындарына беру;
бөлу постына немесе қатқабатқа жеткізумен жылумен өңдеуден кейін бұйымды қалыпсыздандыру;
қалыптандыру процесінде барлық қолдағы машиналар мен механизмдер жұмыстарын (көлемді-қалыптау машиналарын қоспағанда) басқару.
568. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары;
гипс және гипсокартон табақтарының сапасын бақылаудың негізгі әдістері;
арматураны салу және кернеу тәсілдері мен ережелері;
дайндалатын бұйымдарға қойылатын техникалаық талаптар; сызбаларды оқу ережелері;
қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары;
бұйымдарды орнынан жылжыту амалдары мен тәсілдері.
569. Жұмыс үлгілері:
Қалыптау:
1) стропильді екі ылдилы арқалықтар, , подстропильді, кранды арқалықтар;
2) архитектуралық бетоннан жасалған бұйым;
3) кәріздік, суа,ынды, жаңбыр қабылдау, су өткізгіш және газ өткізу жұмыс құбырларының камералары: телефон қораптары және құдықтар;
4) екі тарамлы кранды бағандар;
5) сүрлемдер мен элеваторлар үшін темір бетон шиыршықтары, көлемді лифтілер шахтасы, көлемді коллкторлар секциялары;
6) жартылай алаңдары бар баспалдақты марштар;
7) табиғи таспен қаптай отырып сыртқы қабырғалардың панельдері;
8) ұшу көпірлері мен жол жетектерінің құрылыстары;
9) аығнды құбырлар;
10) стропильді және подстропильді фермалар.
146. Тас құю өндірісінің қалыптаушысы
Параграф 1. Тас құю өндірісінің қалыптаушысы, 2-разряд
570. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қолмен және пневматикалық, гидравликалық таптағышты қолданумен тастан жасалған бұйымдарды құю үшін қалыптарды дайындау;
қалыптау қоспасын дайындау;
қорамжәшіктерді тасымалдау кезінде тельферді басқару;
кептіру-түйреу пештеріне қалыптары бар вагонеткаларды беру.
571. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін құралдардың жұмыс істеу қағидаттары, жайц жай және орташа күрделі құймакесектерге арналған қалыптарды дайындау тәсілі;
қалыптау қоспаларының негізгі қасиеттері;
дайын қалыптарға қойылатын талаптар.
Параграф 2. Тас құю өндірісінің қалыптаушысы, 3- разряд
572. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі сызбалы жұмсақ және өрнекті бұйымдарды тастан құю үшін қалыптарды дайындау;
қалыптау қоспасын дайындау;
бұйымдарды қолмен, қалыптау машиналарында және вибрациялық алаңдарда қалыптау;
техникалық ережелерге сәйкес балқытылатын үлгілерін дайындау үін бастапқы материал сапасын анықтау;
қоспадан жасалған үлгілерді прес-қалыпқа нығыздау;
бұйымдардың пішінін ескере отырып блоктарда үлгілерді дайндау, жинау кезінде қоректендіргіштердің қалыптары мен көлемдерін аныөтау;
этилсиликаттың гидролизденген ерітіндісінің есебі және оны дайындау;
үлгіге сыртқабықшаны салу;
құюға қалыптарды дайындау.
573. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін құралдардың құрылғысы;
қолданылатын қалыптар мен үлгілерді дайындау тәсілдері, амалдары;
қалыптардың нығыздалу тығыздығын және газ өткізбеуін қамтамасыз ету тәсілдері;
құюжолдарын белгілеу орындары;
қалыптарды кептіру және түйреу режимдері;
қалыпқа құйылатын балқыма қасиеттері мен температурасы;
дайындалатын бұйымдардың техникалық шарттары.
147. Жылу оқшаулағыш бұйымдарын қалыптаушы
Параграф 1. Жылу оқшаулағыш бұйымдарын қалыптаушы, 3-разряд
574. Жұмыс сипаттамасы:
қалыптау станоктарында жылу оқшаула бұйымдарын қалыптау;
қалыптау станоктарына түптабандарды салу, қалып бойынша массаны біркелкі бөлу, үстіңгі қабатын әрлеу;
станоктарды, қалыптар мен түптабандарды тазарту, жуу.
575. Білуге тиіс:
қалыптар, түптабандар, станоктар мен басқа да механизимдердің құрылғысы;
қалыптау массасына қойылатын талаптар, қалыптау үшін оның жарамдылық белгілері;
қалыптандырылған бұйымдарды шешу, тасымалдау тәртібі;
қалыптарды дайындау, құралдарды тазарту және жуу тәртіптері.
Параграф 2. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд
576. Жұмыс сипаттамасы:
қалыптау конвейерлерінде жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау;
тарату қондырғыларынан қалыптау массасының түсуін реттеу.конвейер және басқа да механизмдерді іске қосу, басқару, тоқтату, тазарту, майлау.
577. Білуге тиіс:
конвейер, тарату құрылғылары және басқа да механизмдер құрылғысы;
қалыптау массасын дайындау технологиясы;
қалыптау технологиясы;
механизмдерді іске қосу, тоқтату және басқару тәртібі.
Параграф 3. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд
578. Жұмыс сипаттамасы:
үздіксіз және мерзімді жұмыс істекдің автоматтандырылған қалыптау қондырғыларында жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау;
қондырғының барлық механизмдерін дайындау, ьаптауп, басқару;
тарату қондырғыларынан қалыптау массасын беруді реттеу;
қалыптандырылған бұйымдарды рольгангтерге, тасымалдауыштарға, төмендеткіштерге беру.
579. Білуге тиіс:
алыптау қондырғылары, тасымалдаушы, тараты қондырғылары және басқа да механизмдердің құрылғысы;
бақылау-өлшеу аппаратурасын, автоматты реттеу құрылғылары мен механизмдерді оқшаулау құралдарын пайдалану ережелері;
дабыл жүйесі; қалыптандырылған бұйымдарды тасымалдау тәртібі;
қалыптау массасын дайындау технологиясы;
бұйымдарға, шикізатқа және байланыстырғыштарға қойылатын техникалық талаптар;
қалыптау массасы мен өнім сапасын бақылау тәсілдері.
148. Асбестцемент плиталарын фпезерлеуші
Параграф 1. Асбестцемент плиталарын фпезерлеуші, 2-разряд
580. Жұмыс сипаттамасы:
фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды салу және оларды станоктан алу. фрездерді ауыстыруға қатысу. Плиталардағы қылауларды тазалау. Штангенциркульмен плита қалыңдығын өлшеу. Станокты тазарту және майлау.
581. Білуге тиіс:
фрезерлі станоктың жұмыс қағидаттары;
станокты майлау ережелері;
өңделетін бұйымдардың стандарттары (техникалық шарттары).
Параграф 2. Асбестцемент плиталарын фрезерлеуші, 3-разряд
582. Жұмыс сипаттамасы:
фрезерлі станоктарда плиталарды өңдеу;
фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды орнату және бекіту;
өңдеуден кейін плиталарды алу;
фрездерді орнату және ауыстыру;
станок жұмысындағы ұсақ ақауларды баптау және жою.
583. Білуге тиіс:
фрезерлі станок құрылғысы;
станокты майлау ережесі;
өңделетін бұйым стандарттары (техникалық шарттары);
ақаулардың сыртқы белгілері;
асбестцемент электр оқщаулағыш материалдарды механикалық өңдеу кезінде ақауларды жою және түзету тәсілдері.
149. Тасты фрезерлеуші
Параграф 1. Тасты фрезерлеуші, 3-разряд
584. Жұмыс сипаттамасы:
консольды және порталды аудару станоктарында жай бейінді табиғи тастан жасалған плиталарды фрезерлеу;
сызбалары мен шаблондар бойынша бөлшектерді белгілеу;
қолмен және механикалық берумен бұрғылау станоктарында плиталарда және техникалық бұйымдарда тесіктерді бұрғылау;
станоктардың жұмыс режимін реттеу;
кесу құралын толтыру және орнату;
бақылау-өлшеу құралдарымен плиталарды өңдеуді тексеру;
станок жұмысында ақауларды анықтау және жою, қызмет көрсететін құралдарды жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.
585. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін құралдар құрылғысы, жұмыс істеу пқағидаттары және техникалық пайдалану ережелері;
абразивті құрал қасиеті және қолдану ережелері;
сызбаларды оқу ережелері;
бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |