2013 жылғы 13 тамыз №817 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Өз еркімен қоныс аударуға және қатысуға үміткерлерді іріктеу тәртібі мен әлеуметтік келісімшарт жасасу



жүктеу 0,49 Mb.
бет5/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#23864
1   2   3   4   5   6

Өз еркімен қоныс аударуға және қатысуға үміткерлерді іріктеу тәртібі мен әлеуметтік келісімшарт жасасу
41. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

42. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі және отбасы құрамы (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімнің анықтамасы);

3) еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың (болған кезде) көшірмелері.

Бағдарламаның осы бағытына қатысуға басым құқықты ауыл жастары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады) иеленеді.

43. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдірген адамдардың өтініштері мен құжаттарын – уәкілетті органға, аудан ішінде – аудандық/қалалық комиссияның қарауына жібереді.

Уәкілетті орган басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдіргендердің өтініштері мен құжаттары келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.

44. Бағдарламаға қатысуға өтініш беруші адамдардың құжаттарын қарау нәтижесі бойынша:

1) аудандық/қалалық комиссиялар:

бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;

бір облыс шегінде басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) немесе басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және өңірлік комиссияға жібереді;

2) өңірлік комиссиялар:

бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар дайындайды және уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтары шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде құрылысы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2013 жылғы 1 шілде аралығында жүрген қызметтік тұрғын үйлерге көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;

басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсыныстар әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өңірлік комиссияның басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу және қосудан бас тарту туралы ұсынысын шешім қабылдау үшін Бағдарлама операторына жібереді.

Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың түсуіне қарай өткізіледі.

45. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшетін Бағдарламаның осы бағытына қатысуға үміткерлер мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санатына жатуға;

2) жұмыс берушілер жаңа тұрғылықты жері бойынша мәлімдеген қолданыстағы дерекқордағы жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттемесі болуға;

3) соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұруға тиіс.

46. Көрсетілген өлшемшарттар жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оралмандар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытының қатысушыларына қолданылмайды.

Бұл ретте отбасы мүшелерінің бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеуді қамтамасыз ету және отбасының бөлінген тұрғын үйде тұруы Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.

47. Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында көшуді және қызметтік тұрғын үй салуды, сатып алуды, салып бітіруді, сондай-ақ жастарға арналған жатақханалар салуды және сатып алуды субсидиялауға көзделген жалпы қаражат (жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып) көлемі негізінде айқындалады.

Қызметтік тұрғын үйлер пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және жатақханалардағы бөлмелерден тұрады.

48. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама операторының, өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бағдарламаға қатысуға үміткер осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайларда Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізуден бас тартылады.

49. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге жазбаша хабарлайды.

50. Халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шағым жасауға болады.

51. Шыққан және келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қабылданған шешімдердің негізінде Бағдарламаға қатысушылардың көшу тәртібін, мерзімін және оларды қабылдау шарттарын келіседі.

52. Азаматтарды Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізу туралы шешімнің және көшу шарттарын келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келісу негізінде шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жолдама береді.

53. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негізінде келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады, жұмыс беруші оның тарапы болады. Жұмыс беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасқанын растайды.

Әлеуметтік келісімшарт барлық тараптар оған қол қойған сәттен бастап не халықты жұмыспен қамту орталықтары және Бағдарламаға қатысушылар қол қойған және жұмыс берушілерден әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) алған сәттен бастап күшіне енеді.

Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер мемлекеттің оқытуға және/немесе көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді.

54. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған әлеуметтік келісімшарттар өз күшін сақтап қалады және өзгеріссіз күйінде қолданылады.

55. Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдауды ала отырып, Бағдарламаның осы бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.

56. Бағдарламаға қатысушылардың жұмыспен қамтылуы әлеуметтік келісімшарт негізінде қамтамасыз етіледі. Жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары пайдаланылады.

57. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде, оған қатысушылар туралы ақпарат әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушылардың өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды.
4. Еңбек ресурстары ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларды қаржыландыру
Тұрғын үйді салу және бөлу тәртібі
58. 2013 жылы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.

59. Жұмыс беруші көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде қоса қаржыландыруды тұрғын үйлердің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде жүзеге асырады.

60. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет білдіру шартын жасасады:

1) тұрғын үйді бірлесіп салу, сатып алу;

2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті жұмысқа орналастыру;

3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыруының мөлшері.

61. Жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуді, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді, қосылуға техникалық шарттарды беруді, сондай-ақ аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуды жүзеге асырады.

Жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге бекіту жергілікті бюджеттің және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмсалған қаражатқа пропорционал жүзеге асырылады.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге бекіту жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің нақты құнын айқындағаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй салу және осы құрылысты қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.

Мердігерлік шартқа сәйкес аванс төлемдерін аударған кезде бірінші тәртіпте міндетті түрде жұмыс берушінің қоса қаржыландыру сомасы аударылуға тиіс.

Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға жұмсалған қаражатқа пропорционал бөлінеді.

Жергілікті атқарушы органның шешімімен жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру қаражаты есебінен салынған тұрғын үй жұмыс берушінің меншігіне беріледі, ал мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының теңгеріміне беріледі.

62. Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушылармен жалға алу шартын жасасады, кейін Бағдарламаға қатысушыға жалға береді.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік

қолдау шараларын қаржыландыру
63. Қызметтік тұрғын үй, жатақхана салу және (немесе) оны сатып алу, Бағдарламаға қатысушыларға көшуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға субсидия беру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.

Нысаналы трансферттерді уақтылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкілікті нәтижесіне мониторинг жүргізу үшін:

1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың көшу шығындарын өтеу бөлігінде;

2) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында қызметтік тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.

64. Бағдарлама операторы мен өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттерді аударады.

65. Қызметтік тұрғын үй, жатақхана салуға және (немесе) оны сатып алуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға арналған нысаналы трансферттер объектілер бойынша бөлінбей, бiр сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті шешiмдер қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына қаражат көзделген объектілер бөлінісінде жергілікті инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Бағдарлама операторына жібереді

66. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiне Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіп келген, оның ішінде субсидия алған, тұрғын үй, жатақханадан бөлме алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлері бөлінісінде) Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы;

2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға – сатып алынған және (немесе) пайдалануға енгізілген қызметтік тұрғын үйлердің, жатақханалардың саны туралы есеп береді.


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң

белсендi шараларына қатысатын

адамдардың ұтқырлығын арттыруға

жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк

қолдау шараларын көрсету қағидаларына

1-қосымша


______________ ауданының (қаласының)

Халықты жұмыспен қамту орталығының

директорына кiмнен ________________

___________________________________


Қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беруге және көшуге субсидия тағайындауға

ӨТІНІШ

Сiзден __________________________________________________________________

(көшу себебi көрсетiледi) байланысты маған және отбасымның мүшелерiне отбасының мынадай құрамын ескере отырып:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) берудi, қоныс аударуға субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын.

Бiзге тиесiлi соманы ________________________________________________

(банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес

_____________________________________________________________________________

шотының нөмiрi көрсетiледi)

аударуыңызды сұраймын.

Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

20__жылғы «__» ______________ ________________________________

(Бағдарламаға қатысушының қолы)
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң

белсендi шараларына қатысатын

адамдардың ұтқырлығын арттыруға

жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк

қолдау шараларын көрсету

қағидаларына

2-қосымша
________________________________ ауданының (облыстық маңызы бар

қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты

жұмыспен қамту орталығы
Бұйрық
Күнi № _____ ауыл (қала)
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларының 28-тармағына сәйкес Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы әлеуеттi қатысушылары ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:

1. ____________________ отбасына қоныс аударуға мынадай мөлшерде субсидия тағайындалсын:

1) Бағдарламаға қатысушыға____________ теңге мөлшерiнде;

2) отбасы мүшелерiне _____________ теңге мөлшерiнде.

Барлығы ____________ теңге.

2. Субсидия ____________________________________________________

(банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес шотының немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi)

аударылсын.


Басшы Т.А.Ә. қолы

__________________________


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысатын

адамдардың ұтқырлығын арттыруға

жәрдемдесу және оларға мемлекеттік

қолдау шараларын көрсету

қағидаларына

3-қосымша
_________________ ауданының (қаласының)

Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _______________________________мекенжайы бойынша тұратын _____

_______________________________

ӨТIНIШ
Мені Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.

Мына құжаттарды өтінішке қоса беремін:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтері;

3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімдернің анықтамасы) көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;

5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі.

Барлығы ______ құжат _____ парақта.

Көшу шартымен таныстым.
Күні қолы

----------------------------------------------------------------------------------------------

Азамат_____________________________________________өтініші

20____ж.«___» ____________ қабылданды № ___ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:

____________________________________________________________

Күні қолы


*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады.

______________________

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысатын

адамдардың ұтқырлығын арттыруға

жәрдемдесу және оларға мемлекеттік

қолдау шараларын көрсету қағидаларына

4-қосымша


Көшуге №____ жолдама
Осы жолдама халықты жұмыспен қамту орталығының 20__ ж. «___» ____________ шешіміне сәйкес __________ мекенжайы бойынша тұратын ________________ берілді.
Онымен бірге отбасының мынадай мүшелері көшеді:


Р/с №

Т.А.Ә.

Туыстық қатынасы













































Басшы Т.А.Ә. қолы

Жолдама берілген күн М.О.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысатын

адамдардың ұтқырлығын арттыруға

жәрдемдесу және оларға мемлекеттік

қолдау шараларын көрсету қағидаларына

5-қосымша


Әлеуметтік келісімшарт

___________________ 20__ жылғы «__»______________

(жасалатын орны)
Бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын _________

________________________________________________________________________________

(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан _____________________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын _________________________________

(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

____________________________________________________________________

(бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

екінші тараптан төмендегілер туралы осы әлеуметтік шартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасасты:


1. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекеннен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекенге көшу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

2. Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалары) көзделген жағдайларда жұмыс беруші келісімшарттың тараптары (бұдан әрі – тараптар) болады.

3. Жұмыс беруші жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен расталған әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтінішті (хабарламаны) беру арқылы келісімшартты жасасқанын растайды.
2. Тараптардың міндеттері
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдем көрсетуге;

2) Бағдарламаға қатысушыдан көшуге субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй бөлу үшін өтініш және құжаттар пакетін қабылдауға;

3) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға қызметтік тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауға;

4) Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалға беру шартын жасасуға;

5) көшуге субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияны Бағдарламаға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;

6) Бағдарламаға қатысушыларды қызметтік тұрғын үйге қоныстандыруды қамтамасыз етуге;

7) Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуге және бақылауды жүзеге асыруға;

8) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Бағдарламаға қатысушы:

1) көшуге жолдама мен әлеуметтік келісімшартты алғаннан кейін белгіленген мерзімде межелі елді мекенге келуге;

2) халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй бөлу үшін өтініш және құжаттар пакетін беруге;

3) халықты жұмыспен қамту орталығымен қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасасуға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейін жұмысқа орналасумен кәсіптік оқудан өтуге;

5) коммуналдық және жалдау ақысын уақытында төлеуге;

6) халықты жұмыспен қамту орталығының сұрауы бойынша өзінің, сондай-ақ жұмыс берушінің міндеттемелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды уақытында және толық ұсынуға міндеттенеді.


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау