Барлық орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволық комитеттерінде, сонымен қатар 16 облыстық әкімінің аппараттарында МОИП сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 40 000 астам мемлекеттік қызметкерлер тіркелді.
2013 жылы МОИП-та электрондық түрде «НҚА келісу» модулі жетілдірілді ол, келесі бірқатар артықшылықтарға ие:
- НҚА келісу барысының ашықтығы;
- НҚА жобасымен бірлесіп жұмыс жасау;
- бірыңғай толассыз нөмірлеу;
- соңғы өзектіленген нұсқаны келісу;
- жоба нұсқасының тарихын сақтау;
- келісушіде барлық келсушімен келісу парағына қол қою қажеттілігін жою;
- бір құжатқа бірнеше ЭЦҚ қою мүмкіндігі.
МОИП арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (бұдан әрі – НҚА жобалары) (Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары, Қазақстан Республикасының заң жобалары) келісу бойынша «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы №450 қаулысы әзірленді.
Сонымен қатар келесі құжаттар әзірленді және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрімен бекітілді:
- Мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2013 жылғы 2 қазандағы № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8897 тіркелді
- Мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 617 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8023 тіркелді.
МОИП арқылы мемлекеттік органдармен:
- НҚА жобаларын орналастыру және келісу;
- МОИП-та МО Іс-шаралар жоспарын, хаттамаларды, тапсырмаларды, бұйрықтарды және олардың тармақтарын орналастыру, сондай-ақ бұл тармақтарды орындау;
- мемлекеттік қызметшілердің саны бойынша тоқсан сайын есептерді орналастыру;
- мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы тапсырмаларының орындалуын қарау;
- құжаттарды талқылау және дауыс беру үшін орналастыру;
- «Пошта» сервисін қолдану;
- қосымша сервистерді пайдалану: күнтізбе, мемлекеттік органның анықтамасы, ҚР стандарттары, құжаттар кітапханасы, қазақ-орыс-ағылшын сөздігі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, информерлер, баптау, жедел хат алмасу қамтамасыз етіледі.
2013 жылы сонымен қатар келесі жұмыстар жүзеге асырылды:
- Пайдаланушыларды сауалнама/әлеуметтік сұрау жүргізу функционалын әзірлеу;
- Туған күн сервисін құру;
- ЖТ МДҚ ықпалдасуын ескерумен МО кадр қызметінің жұмыскерлерімен МО қызметкерлерінің деректерін түзету функционалымен «МО анықтамасын» жетілдіру;
- Құқық қорғау органдарының порталымен ықпалдастыру;
- «Жарнама» модулін әзірлеу;
- «Форум» модулін әзірлеу;
- «Жоспарларды және тапсырмаларды бақылау» модулін жетілдіру;
- «Мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы құжаттар бойынша ескертулер» модулін жетілдіру.
|