ПОӘК 042-05-14-5-05.9/01-2010.
|
2008ж. №1 басылым орнына 2010ж. №2 басылым
|
28 беттің -шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
|
«Журналистикадағы менеджмент және маркетинг» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
2008ж.
№1 басылым орнына
2010ж.
№2 басылым
|
ПОӘК 042-05-14-5-05.9/01-2010.
|
050504 «Журналистика» мамандығына арналған
«Медиаменеджмент» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ 2014 ж.
Мазмұны
1. Қолданыс аясы.....................................................................................................4
2. Нормативтік сілтемелер......................................................................................4
3. Жалпы ережелер..................................................................................................4
4. Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны..............................6
5. СӨЖ-ның тақырыптары....................................................................................23
6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы…………………………………………......24
7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы..........................26
8. Әдебиеттер……………………………………………………………….....…27
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
«Журналистикадағы менеджмент және маркетинг» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Журналистикадағы менеджмент және маркетинг» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- 050504 «Журналистика» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Пәннің қысқаша мазмұны
а) Басты мәселе:
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы журналистика экомикасының теориялық негізін меңгеру.
ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі:
ақпарат құралдары жұмысындағы өзіндік белгілерін теориялық негізінде игере отырып тәжірибемен ұштастыру;
керекті жерінде шетел ақпарат көздерінің іс – тәжірибесіндегі
жетістіктерін дәлелді талдауға пайдалану;
қоғамдағы өзекті мәселелерді шетел теоретиктерінің пікірлері негізінде бүгінгі журналистердің қызметіндегі кемшіліктерін орынды сынға алып талдай білу.
3.2 Бұл пәннің мақсаты - студенттерді Қазақстан мен шетелдердегі инновациялық маркетинг және менеджментпен таныстыру, олардың проблемалары мен перспективаларын тарата айту. Журналистика менеджменті мен маркетингі тарихымен. теориясы және тәжірибелерімен таныстыру.
3.3 Курстың міндеттері:
- менеджмент және маркетинг ұғымымен, олардың тарихымен, теориясы мен тәжірибесімен,
-ақпараттық рынокпен.
-журналистиканы басқарудың теориясы тәжірибесін,
-редакция және баспа маркетингімен,
-экономика дамуындағы журналистиканың ролі,
-редакция қызметіндегі экономикалық принциптермен,
-басқару жүйесімен,
-жоспарлаумен,
-дәлелді менеджмент негіздері,
-журналистикадағы конфликтология негіздері,
-журналистика менеджментінің қазіргі проблемаларымен таныстырып,оқыту арқылы студенттерді жақсы маман етіп баулу.
3.4. Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
Қазіргі кезде маркетинг пен менеджменнтті білмейінше экономикалық рынокқа енуге және тіпті БАҚ саласында жай ғана жұмыс істеуге де болмайды. Әрі осы сала туралы ғылыми-теориялық білімін одан әрі жетілдіре түсетін болады.
Онда бұл пәнге дейінгі алынған негізгі пәндердегі теориялық білім тереңдетіліп, жетілдіріле түседі: секілді жалпы курстардың жалғасы болып есептеледі.
- Журналистика экономикасының өзекті мәелелерін білуі керек;
- Алған білімдерін практикада қолдана білу;
- Теориялық талдау жасай алу;
- Медиабизнестің даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;
- Өзіндік пікір айта алу;
- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
3.5. Курстың пререквизиттері
«РR. Қоғаммен байланыстың теориясы мен тәжірибесі», «Имидж технологиясы», «РR.БАҚ-тың теориясы мен тәжірибесі», «Пресса және экономика»
«Экономика».
3.6. Курстың постреквизиті:
Пәнді меңгеруге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі:
«Экономика », «Менеджменд», «Маркетинг».
Кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылу түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1
|
3
|
15
|
30
|
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
Дәріс сабақтары
|
1.Медиабизнестің негіздері
Кез келген редакцияны немесе телерадиокомпанияны, біріншіден, БАҚ-тың әлеуметтік жүйесінің субъектісі деп қарастыру қажет. БАҚ туралы Заңға сәйкес олар осы сипатта мемлекеттік тіркеуден өтеді. Редакцияны коммерциялық өндіріс ретінде қарастыруға болады. Ол – жеке дербес заңды мекеме, барлық құқықтық талаптарға сай құрылған өндіріс, тауар өндіре отырып пайда түсіруге ұмтылған субъект, өзіндік қаржыландырудың талаптары бар қаржылық орта. Оның тауары ерекше – зияткерлік, қаласаңыз идеологиялық. Ол журналистік қызметтің өніміне айналған. Сондай-ақ, газет немесе журналдың баспа бетінде, көрсетілетін теле немесе радио бағдарламалар эфирінде, Интернетте берілетін БАҚ-тың электрондық нұсқасы түрлерінде таралатын бұқаралық коммуникация құралы болып табылады. Сонымен, кез келген өндіріс сияқты редакция да нарықтық экономика жүйесіне негізделген.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,5
|
2. БАҚ-тағы бизнес саясаты
Нарықтық экономика менджментінің мақсаты – тілшілерінің материалдарын сатып, оның кірісін анықтау. Бұл оның бизнес саясаты болып табылады. Осы ретте редакцияда бизнес-жоспар құрылады. Бизнес-жоспар – есепті құжат және инвестициялардың негіздеуі болып табылатын редакция дамуының комплекстік жоспары. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады және төмендегі бөлімдерден тұрады:
- нарықты талдау және маркетингтік жоспар;
- өнімдік стратегия және өндірістік стратегия;
- фирманы және меншікті басқару жүйесінің дамуы;
- қаржылық [экономикалық] стратегия
Нарықтық өмір жағдайында өндірісті басқарудың өзегі – бизнес-жоспар болып табылады. Бизнес-жоспар ішкі ұжымдық басқару құралы.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,6,7
|
3. Редакциядағы кәсіпкерлікті – жоспарлау
Редакция қаражаттық саясаты негіз сияқты редакция қызмет кәсіпкерлік-жоспарлауы барысында редакция менеджментті іске асады.
Жоспарлау – газеттік редакцияның басқарудың нәтижелі әдістерінің бір.Шығармашылық бөлімімен бірақ кіруімен түрлердің жүйесіне ақпараттық нарық және әдістердің журналшылардың қызмет жоспарлаулары және редакцияның шығармашылық құрылымдарының жаңа элемент кірді – кәсіпкерлік-жоспарлау. Оның үстіне, редакция қызметтің, ұжым барлық бөлімшелерінің ол барлық экономикалық– шығармашылық сияқты, дәл осылай негізбен болды.
Кәсіпкерлік-жоспарлауға бірнеше мақсатқа жету үшін ұмтылады
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,5
|
4. БАҚ-ғы экономикалық қатынастың
мемлекеттік реттелуі
БАҚ-ты құруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы БАҚ меншік иесінің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының акцияларының 20 пайызынан астамын шетелдік және заңды тұлғалардың тікелей және жанама иеленуіне тыйым салынады.
Меншік иесі дегеніміз – БАҚ құралын иелену, билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, олардың бірлестігі. БАҚ меншік иесі тиісті шарт негізінде БАҚ-қа қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде қызмет жасауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдар редакциясы меншік иесінің тапсыруы бойынша БАҚ-ты әзірлеуге, шығаруға, оның ішінде эфирге шығаруды жүзеге асырады. Редакцияға редактор басшылық етеді. Меншік иесімен редакция арасындағы қатынастар жарғы немесе шартпен реттеледі.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,6
|
5. Медиабизнес саясатындағы
менеджер қызметі
Менеджер – бұл редакция ұжымын басқарушы, кәсіпкер және жетекші. Оның атқаратын міндеті:
- басылым мен газет номерлерінің өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау, осы орайда пайда түсіруді көздегені жөн. Өйткені редакцияның бүкіл қызметі, табысы қаржыландырусыз жүзеге аспайды
- әр заманға, жағдайға сай редакция ұжымының басқару тәсілдерін білу
- редакция қызметкерлеріндегі швғармашылық қабілетті бағалау
- әділетті, объективті болу
- дағдарыс жағдайлардан дұрыс шыға білу
- қызметкерлерді таңдау, үйрету, сараптау да оның құзырында
- іскерлік қарым-қатынас орнату
Нарықтық экономика жағдайында менеджердің мақсаты - өндірілген затты сату, табыс түсіру. Бұл амалды газет редакторы қалайша шешеді? Оқырман талғамын, ортасын, қызуғышылығын анықтау және оны қанағаттандыру. Осы орайда газет менеджменті екі сәйкестікте жүреді: экономикалық [газет экономикасын және маркетингін басқару] және әлеуметтік-психологиялық [шығармашылық ұжымды басқару].
Радио мен теледидарда экономика және маркетингтік басқару менеджерлерінің өзіндік әдіс тәсілдері бар.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
2,7
|
|
|
6. Қаржылық жауапкершілік орталықтары
Бұқаралық ақпарат құралдар ұжымында әкімшілік [менеджерлер], шығармашылық, техникалық және коммерциялық қызметкерлер қызмет атқарады. Әкімшілік құрамына бас редактор, оның орынбасары, жауапты хатшы, коммерциялық редактор, бас есепші, редакция жетекшісі, жүргізуші, шаруашылық жетекшісі немесе істерді басқарушы кіреді. Сондай-ақ, бөлім менеджерлері бар – бөлім меңгерушілері, бөлім редакторы, жауапты хатшының орынбасары. Олар шығармашылық қызметкерлер де болып табылады. Бұдан басқа бұл бөлімге жүйелік басқарушы немесе компьютер бөлімінің меңгерушісі, бас корректор, коммерциялық бөлім меңгерушісі, жарнама бөлімінің меңгерушісі қызметкерлерін жатқызуға болады. Шығармашылық қызметкерлер – бұл журналистер, тілшілер, шолушылар, арнайы тілшілер, фото тілшілер, суретшілер, дизайнерлер.
Техникалық қызметкерлер редакция жұмысындағы және газет өндірісіндегі қызметкерлердің мүмкіндіктерін жасайды. Бұл корректорлар, компьютерде басу және теру мамандары, стенографистер, хаттар мен құжаттардың есепшілері. Коммерциялық қызметкерлер – бұл коммерциялық қызмет пен жарнама бөлімінің меңгерушілері. Бизнес-жоспарды бастамас бұрын, редакция құрылымының ұйымдастырылуына байланысты қаржылық жауапкершілік орталықтарын анықтау қажет. Бұл редакцияға түсім әкелетін тауар сатылымының бөлімшесі.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,7
|
7. Медиабизнестің басты қағидасы -
өзін-өзі қаржыландыру
Кез-келген коммерциялық ұйым сияқты БАҚ редакциясы да қаржыландыру арқылы экономикалық жағынан тұрақтандырылады. Редакциялық менеджменттің жетістікке, табысқа жеткізетін бір негізі – маркетинг. Ол газет басылымының нарықтағы рөлін, оқырмандарын, бәсекелестерін, нарық жағдайындағы дамуын зерттейді.
Редакциядағы маркетингпен маркетолог мамандар айналысады. Оны маркетинг саласы бойынша редакция менеджері басқарады. Ол редакциялық менеджментті, журналистика мен нарықтық экономикадағы газет ісін меңгерген білікті маман болу қажет. Маркетолог маманның басты міндеті – газет басылымы шығатын нарық жағдайын зерттей білу.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,3
|
8. Редакциялық менеджмент
Редакциялық менеджменттің талаптарын ескермей, медиабизнеспен айналысу мүмкін емес. Менеджмент астарында біз мынаны түсінеміз:
1. редакция ұжымын басқару және осы процестердің түрлері
2. басқарушылар тобын құрайтын арнайы мамандық түрі
Редакциялық менеджменттің бүкіл процесіне экономикалық фактор үлкен әсер етеді. Ол оның мақсатын, бағытын, сипатын анықтайды. Редакцияның ілгері жұмыс істеуінде, пайда түсіруінде, дамуында қаржылық еркіндік болу керек, яғни басқарушылар экономикалық тұрақтылықты, қамтамасыздықты жасау қажет. Сонымен редакциялық менеджменттің басты қызметі – бүкіл қызметкерлер тобын басқару.
Редакциялық менеджменттің екінші мақсаты – редакция қызметкерлерінде экономикалық сананы қалыптастыру, яғни олардың атқаратын қызметі редакцияның экономикалық базасына әсер ету қажет.
Редакция басқармасының жүгінетін принциптері:
1. Пайда табу. Пайда табу ғана газетті қамтамасыздандырады, сондықтан бүкіл қызметкерлердің жұмысы соған бағытталу қажет.
2. Баспасөз бәсекеге қабілетті бола білу керек.
3. Экономикалық қамтамасыздық – редақция менеджерлерінің өз мақсатына жетуде аз құралдар мен күштің жұмсалуын анықтайды[3].
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,3,5
|
9. Мерзімді БАҚ-ғы менеджменттік
қызмет түрлері
Газет редакциясының экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізуде, өзін-өзі қамтамасыз етуінде экономикалық, бірінші кезекте қаражаттық менеджменттің ролі ерекше. Онымен, белгілі болғандай, экономика менеджерлері, екінші ұжымды құрайтын редакцияның коммерциялық бөлімдерінің басшылары шұғылданады. Шығармашылық топ басшыларынан айырмашылығы, олар редакцияны түсім түсіретін, заңды тіркеуде тұратын кәсіпорын ретінде қарастырады.
Редакциядағы экономикалық бөліктің әрбіреуі өз алдына экономикалық менеджменттің маңызды бағытымен шұғылданатын бөлімшелерінің жиынтығын құрайды. Олар бір бірімен тығыз байланыста, бір біріне және редакцияның басқа бөліктеріне де әсер етеді. Редакцияның қаражаттық қызметі, оған енетін бухгалтер басқаратын бухгалтерия ірі ұжымдарда жоспарлы қаражаттық бөлімдер. Қаражаттық қызметі редакцияның қаражатын менеджер басқарады.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2
|
10. Электрондық БАҚ менеджменті
Мемлекет пен қаламгерлер қауымдастығын біріктіретін ортақ желі мемлекеттік идеология бойынша зерттеулер жүйелі жүргізілуде. Біздің елімізде де осындай зерттеу жұмыстарының қажеттілігі күн санап арта түсуде. Өйткені, “Қазақстан - 2030” Стратегиясында ел идеологиясының теориялық – тұжырымдамалық негізі қаланғанмен, оны бағдарламалық – мақсаттық тұрғыда өрбіту насихаттық науқандар деңгейінде қалып отыр. Міндет ғылыми – практикалық ізденіс деректеріне сүйене отырып, Стратегияның қағидаттары мен идеологемаларын нақты ұрандар тіліне көшіру, орталық және жергілікті деңгейлерде басқару шешімдерін қабылдау, маркетингтік қамтамасыз ету шараларын ұсыну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда идеология саласындағы тура және кері ақпараттық байланыстарды тиімді басқару маңызды орын алады.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,3,4
|
11. БАҚ- тағы маркетингтік қызметті
ұйымдастыру жолдары
1990 жылдардың бас кезінде Қазақстан, сондай – ақ бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдер басқа бағыттағы экономикалық жүйеге көше бастады.
Нарықтық қайта жаңарулардың он бес жылы ішінде Қазақстан Республикасында нарықтық экономика орнықты. 2001 жылы Қазақстан нарықтық экономикасы бар елдердің одақтасы болып танылды.
Бұрынғы топтық – басқарушылық экономика жағдайында өндірілген өнімді, әсіресе өндіріс құрал- жабдықтарын сату туралы ойлауға да мүмкіндік болмады. Төмен сапалы өнімдерді орталықтандырылған түрде бөлу, халықтың сұранысында жоқ тауарлар өндіру және оларды тұтынушының ойымен , талап- тілегімен санаспай жүктеу сияқты және т.б. осындай құбылыстар экономикада сапалы шикізаттан өнім өндіретін кәсіпорында жұмыс істеді, бірақ олардың үлкен өндірістік көлемдегі айқын кемшіліктері болды. Өндірістің экономикалық басымдылығы қайткен күнде де сапасыз, қажет емес өнімді жоспар бойынша міндетті түрде шығаруды көздейтін әкімшілік талаптардың көлеңкесінде қала берді.
Нарықтық қатынастардың орнығуы тауарлар өндірісінің қажеттілігін тек қана нарық бағалай алатынын білдіреді. Халық үшін шығарылған барлық тауарлар сатушы белгілеген және тұтынушы төлеуге келіскен бағада еркін сатылады және сатып алынады. Бұл тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандырып, талап – тілегіне жауап беретін және өндірушінің шығындарын ақтай алатын тауарлар ғана шығарылатынын , сатылатынын және сатып алынатынын білдіреді.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,4
|
12. Редакциялық Маркетинг
Редакциялық менеджменттің басты жетістікке жетуі тікелей маркетингтік қызметтің ұйымдастырылу дәрежесіне байланысты. Бұл сөздін астарында баспа нарығын зерттеу, газетті нарыққа шығару жолдары, оқырман аудиториясын зерттеу, бәсекеге қабілетті болуы жатыр.
Маркетологтын бірінші және өте маңызды мақсаты – өз газеті шығатын немесе шығайын деп жүрген баспа нарығын зерттеу. Бұл жерде әрине газет нарығы жайында айтылып отыр. Бірақ маркетологты басқада баспа шығарылымдары қызықтырады,олар – журналдар, бюллетеньдер және т.б. Өйткені оларда оның газетті таралатын аймаққа әсер етеді ғой. Аудитория оларда бір. Нарық зерттеушісі басқа БАҚ түрлеріне бейқам, немқұрайлы қарай алмайды,себебі теледидар және радио, оның газеті тарататын хабарды өздерінің ерекшеліктерімен және мүмкіншіліктеріне қарай таратады. Егер сөз жаңа газет мекемесін ашу туралы болса, онда маркетолог ролі зор. Ол газет иесіні? және негізгі редакторға шығатын газеттін аймағын анықтап,қай салада, яғни қандай газет шығару арқылы өз оқырманын және пайда таба алатыны жөнінде көмектесу керек.
Сонымен қатар маркетолог басылым таратылатын аймақ туралы мәліметтер жинайды. Менеджерлер мәлімдеулерсіз нәтижелі баға және тиражды өткізу саясатын жүргізе алмайды.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,3
|
13. Мерзімді баспадағы маркетинг
Газет редакциясы, бір жағынан, басылым даңқының деңгейінің нәтижесінде пайданы арттыруды көздесе (ал бұл оқырман қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайында мүмкін болады), екінші жағынан редакциялық және басылымға кететін шығын мөлшерін төмендетуге тырысады.
Табыс – газет ісінде белгілі бір стратегияны қолданатындарға келеді. Біріншіден, нарыққа басылымды ұсынбас бұрын, оқырман аудиториясын зерттеп (мінезі мен газетке деген сұраныс мөлшерін), өзіндік өндірістік мүмкіндіктер мен сауданы таразылап алған жөн (редакция ресурстары – қаржылық, материалдық, техникалық, шығармашылық, бастапқы және кейінгі капитал қандай екенін). Екіншіден, нарықты зерттеп алғаннан кейін, редакция одан газетті ешқандай қиыншылықсыз сата алатындай қуыс таңдай алуы шарт. Нарықты сегменттеу дегеніміз- оны әрбіреуіне қажет болатындай бірнеше топқа бөлу. Үшіншіден, табылған сегмент , нарықтық қуыста тауар – газетті орнықтырып, сол жерде осыған ұқсас газетті бәсекелес редакциялар да сататындықтан басылымның бағытын ұстап қалу. Төртіншіден, редакция өзгермелі оқырман қауымының сұранысын алдын ала сезініп отыруы шарт. Бесіншіден, инновация туралы ұмытпаған жөн. Газеттің безендірілуі мен мазмұнын әрқашан өзгертіп, жаңартып отыруды ұмытпау керек. Алтыншыдан, нарықтық бәсекелестіктің өткірлігін жұмсарту мақсатында қауіп – қатер стратегиясын жоспарлап қою қажет.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2
|
14. Баға – маркетингтің негізгі элементтерінің бірі
Бағаны төмендете отырып, баспагер жаңа сатып алушылардың көңілін аулайды, жекелеп сату бағасы мен жазылу бағасының теңдігін ауыстыра отырып жекелеп және жазып сатып алушылардың санын арттырады. Шындығына келсек, бағаны түсіру – ұзақ мерзімге жетістікке жетудің қолайлы тәсілі емес. Оның себебі баспагер бағаны 10пайызға түсіре отырып, таралым санының өсуіне қол жеткізе алмайды және кірісін 50 пайызға төмендетіп шығынға ұшырауы мүмкін.
Баға – маркетинг комплексінің кірісіне жататын бірден- бір элемент, қалғандары шығынға жатады. Сауда- саттық каналдарына байланысты тауар қасиеттері мен міндеттеріне қарағанда, бағаны тез өзгертуге болады
Баға айналымы мәселесін шешуге ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,4
|
15. Электронды БАҚ- тағы
маркетингтік қызмет
Редакция қаражаттық саясаты негіз сияқты редакция қызмет кәсіпкерлік-жоспарлауы барысында редакция менеджментті іске асады.
Жоспарлау – газеттік редакцияның басқарудың нәтижелі әдістерінің бір.Шығармашылық бөлімімен бірақ кіруімен түрлердің жүйесіне ақпараттық нарық және әдістердің журналшылардың қызмет жоспарлаулары және редакцияның шығармашылық құрылымдарының жаңа элемент кірді – кәсіпкерлік-жоспарлау. Оның үстіне, редакция қызметтің, ұжым барлық бөлімшелерінің ол барлық экономикалық– шығармашылық сияқты, дәл осылай негізбен болды.
Кәсіпкерлік-жоспар – құжат, өнім өндірістері мақсаттар және процес ұйымын анықтаушы, кәсіпорынмен шығарылушыны және оның орындаудың нарықта,қаржылық саясатқа кәсіпорын бастықтары, және пайда алу әдістері қолдануда.
|
1+0.5ОСӨЖ
|
1,2,4
|
Тәжірибелік сабақтар
|
1.Негізгі және айналым қаржысы.
БАҚ өндірісінің материалдық қамтамасыздығы нақты капиталды ұйғарады. Экономиканың өзге салаларында, өндірісінде сияқты негізгі капитал [негізгі қор] және айналым капитал [айналым қаржысы] түрлері БАҚ-қа да тән. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі капиталына жылжымайтын мүлік [ғимарат] және өндіріс құралдары [машиналар, құрылғылар, компьютерлер мен программалық қамтамасыздық, баспагерлік құрылғылар, көлік құралдары, радио мен бейнежазудың техникалық құралдары] жатады. Өндірістің негізгі қоры – бұл өндірістік қызметті қамтамасыздандыру үшін жасалған негізгі және айналым қаржысының бағасы. Барлығы қаржыландыру көздерінің ізденісінен, іске салынатын және жұмылдырылатын шығындық капиталдан басталады. Бұл ішкі қорлар да [құрылтайшының жеке қаржысы] болуы мүмкін, ал алдағы даму барысында редакцияның таза пайдасының қаржысы да болу ықтимал.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,4
|
2. Нарықтық экономика жағдайында БАҚ ісімен айналысу
Газет редакциясы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын алу үшін заңды тұлға болуы қажет екені бәрімізге белгілі. Ол үшін оның құрылтайшылары тұрғылықты басқару үкіметінің заң органдарында газетті тіркеуі қажет және шаруашылық қоғамының, шаруашылық жолдастығының немесе кәсіпорынның ұйымдастырушысы – құқықтық тұрпаттарының бірін таңдап алу керек. Осы таңдау түрі редакциямен оның құрылтайшылары арасындағы барлық экономикалық қатынастарды – мүлік иесінің кім екенін, қаржы құралдарының пайдалану жолдарын, редакция алатын пайданың қайда кететінін анықтап береді. Осы ұйымдастырушы – құқықтық тұрпат екі бөлікке бөлінеді, біріншісіне – негізгі мақсаты пайда табу емес, дұрыс құқықтық – экономикалық қызмет атқару болса, онда редакция мемелекеттік немесе муниципалды, автономды, коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеле алады.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,4
|
3.Баспасөз имиджі
Күнделікті баспасөз оқырманына таныс және белгілі бір ой қалыптастыратындай беделі болуы тиіс. Жалпы, имидж қалыптасу үшін жеткілікті уақыт керек. Газеттің қалыптасып, ары қарай жетілуіне редакция алқасының көбеюіне және бағалануына, қаржы жағынан жеткілікті түрде қамтамасыз етілуіне аудиториясының кеңеюі үшін имиджді қалыптастырған жөн. Кейбіреулер оқырманды өздерінің көптен бері қалыптасқан атағымен, яғни жоғары біліктілігімен және сапалығымен баурап алса, кейбір газеттер алдымен өздерін жариялап, жарнамалайды.
Баспасөз имиджінің қалыптасуы оның бәсекеге қабілетті болуына жәрдемдеседі. Оны қалыптастыру қиынға соғады. Әрине, қызметкерлердің қажырлы еңбегі мен біліктілігін қажет етеді. БАҚ құралдарындағы имидждің қалыптасуына бүгінгі таңдағы әртүрлі сайыстар өз септігін тигізеді.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,3,5
|
4. Кәсіпкерлік-жоспар – құжат, өнім өндірістері мақсаттар және процес ұйымын анықтаушы, кәсіпорынмен шығарылушыны және оның орындаудың нарықта,қаржылық саясатқа кәсіпорын бастықтары, және пайда алу әдістері қолдануда. Кәсіпкерлік-жоспарлаусыз замандас нарық экономика шарттарында кәсіпорындар бар бола алмайды.Ол газеттік редакцияға толық жатады.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,4
|
5. Бизнес жоспардың сипатамасы
Бұл бизнес-жоспар дайын болған кезде жазылатын ең маңызды бөлім болып саналады. Оның басты мақсаты - әріптестерді осы құжаттың өмірлік маңыздылығына көндіру. Қысқаша сипаттамада жоспардың барлық элементтерін тезис түрінде беріп, жоғары деңгейде жеткізу.
Жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын белгілер мыналар:
- Компания [атауы немесе қалай аталмақ, орналасуы, меншік түрі, шаруашылықтың заңды түрі, бизнестің мәні]
- Компания міндеттілігі [қызметтің мақсаты]
- Жоба дамуының тармақтары [іс бастауы, фирма құрылымы туралы мағлұмат]
- Тауарлар мен қызметтер [компания өндіретін немесе сататын тауарлар мен қызметтер сипаты]
- Тұтас нарық [тұтас нарықтың сипаты, нарықтағы маркетингтік жоспарлаудың нәтижелігі]
- Маркетинг стратегиясы [тұтас нарықта тұрақтанудың, дамудың жоспары]
- Бәсеке [қызмет жасап отырған ортаның бәсекелестік сипаты, қазіргі уақыттағы нарық бөлігі]
- Компанияның бәсекелестік мүмкіндіктері [компанияның өзгелермен бәсекеге түсудегі лицензиясы, куәлігі, жасалған келісімшарттар, хаттамалар, тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың ортасы, қызметкерлердің мамандануы.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,3,4,6
|
6.БАҚ-тағы менеджменттің ерекшеліктері
Мұнда редакцияның кірісі мен шығыны, дайындалу желісі,материалдардың тиімді берілуі, қаржылық шығынның, күш пен құралдың мөлшерлі түрде жұмсалуы қарастырылады. Әрине, мұнда қаралатын басты нәрсе шығармашылық ұжымның дұрыс ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, атқарар міндеті мен қызметі. Мұның барлығы үлкен шығынды қажет етеді.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,3,4
|
7. Аралық бақылау жұмысы
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
2,3,4,,6,7.
|
8. Редакцияның меншік иесі
ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) редакция – коммерциялық ұйым, бір немесе біренеше адамдармен құрылады. Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдық жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиториялық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады. ЖШС-нің бастапқы капилы пай бөлшектеріне бөлінеді. ЖШС редакцияның құрылтайшылары оның толық міндетіне жауапты емес. Олар тек сәтсіз шыққан шаруашылық қызмет қаупінде болады. ЖШС-нің құрылтайшылар құжаты құрылтайшының келісім, олармен қабылданған редакцияның жарғысы болып саналады. Редакция қызметінің басшылығы коллегиялық [редколлегиялық, директорлар кеңесі] немесе даралық [басредактор, директор] болып бөлінеді. Ондай ЖШС құрылтайшылар басшылығы бар басылымдарға республикалық “Жас Алаш”, “Жас қазақ” және халықаралық “Қазақстан ZAMAN”, “Түркістан”, “қазақ елі” газеттерін жатқызамыз. Ал аймақтық облыстық газет басылымдарынан “Ертіс өңірі”, “Семей таңы” осы қатарға жатады.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,36,8
|
9. Редакция жетекшісінің, менеджер-журналистің бағалануға жататын қасиеттер тізімі
Жалпы біліктілік дағдылары: директивтік құжаттарды, журналистиканың теориясы мен әдістемесі, басқару әдісін, психологиялық басқаруды, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын, әлеуметтануды, құқықты, әлеуметтік психологияны, шетел газет басылымдарының тәжірибесін, редакциялық ұжымды басқарудың шетелдік тәжірибесін білу.
Уақыт талабына сай мәселелерді: нарық жағдайындағы басқарудың ерекшелігін, қоғамдық байланыс пен адамдар психологиясын, журналистиканың жүрісін білу және түсіну.
Жалпы қабілеттілік: құжаттармен жұмыс жасау, тапсырылған істің орындалуын ұйымдастыру, қызметкерлерді үйрету және тәртіптік жұмыс жүргізу, ұжымды батыл шешім қабылдауға үйрету жұмысы.
Шешім қабылдау шеберлігі: қызметкерлердің қабылдаған шешімдеріне сенімдік таныту, шешімнің альтернативтік нұсқаларын сараптау, қабылданған шешімдердің нәтижесін болжау, нақты шешімдерді тез қабылдау.
|
2+0,5
|
1,2,3,4
|
10. Нарық сегменті
Сегмент мына сұрақтарға жауап береді : Тауар кім үшін өндіріледі? Баспасөз, радиостанция, телебағдарлама кімге есептелген? Егер редакция сегментті тапса, тауарды сату оңай болады. Сегменттеу кезінде георграфиялық, аймақтық, демографиялық белгілер бойынша нарық зерттеулері ескеріледі. Сондай психографиялық [өмір салты, тұлғалық сипат, сатып алушының жағдайы], тәртіптік [сатып алудың себебі, тауарға деген көзқарас, қызуғышылық] аспектілері де назарда болады. Мысалы, баспа жұқа қаптамалы детектив кітабын басып шығарды делік [дайындалудың өнімі мен технологиясын анықтайтын сегмент]. Ол жас және орта жастағы аудиторияға арналып, ауылдық және үлкен қалалардағы шаруа істі орта білімді [әлеуметтік-демографиялық сегмент] оқырмандар ықыласын аулайды. Детективтер бөлшек сауда және поездар, қалааралық автобустар, вокзалдар [өткізу жоспарының сегменті] арқылы таратылады. Әрине, бұл детективтерді “Атамұра” дүкенінде немесе университеттің бас ғимаратындағы кітапханадан табу мүмкін емес, ал базар мен вокзалдарда оңайлықпен табуға болады.
Сонымен, нарық сегменті – бұл оқырмандар мен тұтынушылардың маркетинг ісіне, бөліміне бірегей қарайтын жиынтық. Сегмент анықталған кезде, басылымның көркемдік және мазмұндық моделі жасалады.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,4
|
11. Редакцияның таралымдық саясаты
Осы ретте көбінесе газет редакциясы екі бөлікке бөлінеді – жазылу таралымы және сату таралымы. Қазірде кейбір газет редакциясында да бір таралымдық сипат кездеседі. Шектелген мамандандырылған, кәсіптік аудиториясы бар газеттер жазылу таралымына бағытталады. Ол аудандық, ауылдық жерлерде көп кездесетін таралым түрі. Керісінше, кешкілік, ақпараттық, анықтамалық, сауықтық газет редакциялары сату таралымын қалайды, соған бағытталады. Мұндай редакцияға жазылу таралымы тек дәнекер ретінде қолданылады.
Редакциялық таралым саясаты оның бағалық саясатымен де байланысты. Менеджер газет номерінің жазылу және сату бағасын анықтау қажет. Осы кезекте бірнеше факторлар басты назарға алынады. Олар:
1. Типография қызметі мен қағаз бағасы
2. Нарықтағы газеттің сұранысы, яғни сұраныс неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның бағасы да өседі және керісінше
3. Тұтынушылардың қаржы мүмкіндіктері. Егер газет оқырманы газетті жазуға немесе сатып алуға мүмкіндігі болмаса, онда редакция нөмірдің бағасын түсіруге мәжбүр болады. Сонымен, оның менеджері жергілікті ақпараттық нарықты бақылай отырып, бәсекелес басылымдардың бағасын ескерумен нөмір бағасын реттейді. Баспа менеджерлері осыларды негізге ала отырып, газет бағасын тағайындайды.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,4,6
|
12. Теледидардың өзін-өзі қаржыландыруы
Көрерменге күнде әртүрлі әсер қалтыратын хабарларды шетелдерде болып жатқан құбылыстарға күнделікті мәлімет беру, талаптарды көрсету арқылы халыққа танымал қылу.
Теледидардың міндеттері: халыққа кеңінен хабар тарату, өзінің хабарларын қызықты, оперативті түрде таратып, өз аудиториясын табу және де т.б. түрде өз деңгейін көтеріп, одан әрі дамыған үстіне даму. Теледидар хабарларында демократиямен жарнамалық көрсетілім аз емес. Коммерциялық телеарналарда жарнаманың мақсаты – ақпарат берудің нәтижесінде аудиторияға ықпал ету. БАҚ құрылымдары үшін пайда табудың ең бір зор мәнді күші.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,8,10
|
13. Маркетинг дегеніміз не?
Қазіргі кезде “маркетинг” түсінігінің екі жүзге жуық анықтамасы тұжырымдалған, олардың әрқайсысы оның әртүрлі қыр – сырын қамтиды, бұл түсінік айтарлықтай жаңа сипатта және серпінді болып келеді.
Жеке сату мен насихаттау техникасын , жарнама техникасын қоса алғанда, өткізуді ынтадландыру шараларын, баға белгілеу жүйесін, өткізім амалдары мен тиімді әдістерін пайдалану, бөлу арналарын бақылау мен ұйымдастыру, осы өнімнің нарығын зерделеу, жаңа өнімді жасаудан бастап маркетинг процесінде қарастырылады.
Маркетинг – бұл басқарушылық қызмет түрлерінің бірі, осыған сәйкес маркетингті басқару себептері мен фирманың сауда аппараттарын ынталандыру, олардың қызметін бақылау, маркетингтік қызметті ұйымдастыру мен маркетингті жоспарлау қызметтерін іске асыруды талап етеді. Маркетинг фирмалардың өндірушілік қызметін өрістетеді, қызмет көрсету саласына енеді, тұтынушы үшін күресте жетекші құрал болып табылады.
Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық өмірі мен кәсіпорын жұмысының барлық салаларында маркетинг ең танымал ұғымға айналды.
“Маркетинг” термині XIX – XX ғасырлар тоғысында АҚШ–та фирмалар мен компаниялардың өндіріс тауар өткізу қызметін басқару тәсілі ретінде пайда болды. “Маркетинг” - “market” деген ағылшын сөзінен шыққан.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,3,7,10
|
14. Редакциялық маркетинг
Бұл оқырмандардың, телекөрермендердің немесе радиотыңдаушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және бұл баспаның өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған мерзімді баспасөздің нарыққа жылжуына байланысты редакциялық қызметтің ерекше түрі.
Редакцияда маркетингімен шұғылданатын адам – маркетолог. Ол – кәсіпқой, бойында редакциялық маркетингтік білімі және журналистикалық білімі бар, газет нарығын толық білетін, экономика жағынан хабары бар маман.
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,3,6,8
|
15. Аралық бақылау жұмысы
|
2+0,5 ОСӨЖ
|
1,2,5,6,7,8
|
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Медиабизнес туралы түсінік
5.2 Нарық және БАҚ
5.3 БАҚ-тағы менеджмендтік қызмет
5.4 БАҚ-ты ашудың құқықтық негіздері
5.5 Редактор - менеджменд
5.6 Жергілікті БАҚ-тардағы менеджменттік қызметтің ерекшелігі
5.7 Электрондық БАҚ және нарық
5.8 Медиабизнес жоспарды жасау
5.9 БАҚ нарығындағы бәсекені зерттеу
5.10 Қазақ журналистикасының нарыққа бейімделуі
5.11 БАҚ құрылтайшылары
5.12 «Семей таңы» газетінің бүгінгі экономикалық жағдайы
5.13 Маркетингтік қызметтің ерекшелігі
5.14 БАҚ-тағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру
5.15 Жергілікті БАҚ-тағы маркетингтік қызмет
5.16 Жарнама және БАҚ
5.17 Электрондық БАҚ-тың негізгі қаржыландыру көзі – жарнама
5.18 БАҚ кеңістігіне әлеуметтік зерттеулер жүргізу
5.19 Басылымдардағы жарнама саясаты
5.20 Республикалық басылымдардағы маркетингтік қызметтің ұйымдастырылу тәсілдері.
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы
Дәріс сабағының
тақырыбы
|
Семниар сабағының тақырыбы
|
Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер
|
Өз бетімен дайындалу сұрақтары
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
4
|
5
|
6
|
1. Медиабизнестің негіздері
|
Медиабизнестегі негізгі және айналым қаржысы
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернет материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
2. БАҚ-тағы бизнес саясаты
|
2.Нарықтық экономика жағдайында БАҚ ісімен айналысу
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернет материалдары-мен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
3. Редакциядағы кәсіпкерлікті – жоспарлау
|
3.Баспасөз имиджі
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
4. БАҚ-ғы экономикалық қатынастың
мемлекеттік реттелуі
|
4. Теледидардың өзін-өзі қаржыландыруы
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
5. Медиабизнес саясатындағы менеджер қызметі
|
5. Бизнес жоспардың сипатамасы
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс
|
Жазбаш, ауызша
|
6. Қаржылық жауапкершілік орталықтары
|
6. БАҚ-тағы менеджменттің ерекшеліктері
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
7. Медиа-бизнестің басты қағидасы -
өзін-өзі қаржыландыру
|
7. Аралық бақылау жұмысы
|
Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары
|
Тест тапсырмалары-мен жұмыс
|
Жазбаша
|
8. Редакциялық менеджмент
|
8. . Редакцияның меншік иесі
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
9. Мерзімді БАҚ-ғы менеджменттік
қызмет түрлері
|
9 . Редакция жетекшісінің, менеджер-журналистің бағалануға жататын қасиеттер тізімі
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
10. Электрондық БАҚ менеджменті
|
10. Нарық сегменті
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
11. БАҚ- тағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру жолдары
|
11. Редакцияның таралымдық саясаты
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
12. Редак-циялық Маркетинг
|
12. Радиодағы менеджмент
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
13. Мерзімді баспадағы маркетинг
|
13. Маркетинг дегеніміз не?
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
14. Баға – маркетингтің негізгі
элементтерінің бірі
|
14. Редакциялық маркетинг
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Интернетпен материалдары-мен жұмыс
|
Ауызша
|
15. Электронды БАҚ- тағы маркетингтік қызмет
|
15. Аралық бақылау жұмысы
|
Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары
|
Тест сұрақтарына жауап беру
|
Жазбаша
|
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Ворошилов «Экономика журналистика» 2002 Москва
|
3
|
9
|
33 %
|
2. Ворошилов В. Журналистика.-Санкт-Петребург:изж.Михайлово.-1999.-304с.
|
7
|
9
|
77 %
|
3. Барманкулов М.К. Телевидение: Деньги или власть? –Алматы, 1995
|
8
|
9
|
88 %
|
4. . Нургожина Ш.И., Нуртазина Р.А. Актуальные проблемы экономики и пресса Казахстана.// Алматы. 1996 г.
|
3
|
9
|
33%
|
5. Гуревич С. Газета и рынок. -М.: Евразия, 1998.-240с.
|
2
|
9
|
22%
|
6. Гуревич С. Экономика средств массовой информации.-М.:Рип холдинг, 2001.-244с.
|
5
|
9
|
55%
|
7. Иваницкий В. Бизнес -план редакции.-М., 1999.
|
1
|
9
|
11%
|
8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Ассэль Г. Маркетинг: принципы и стратегия. - М.: Инфа - М, 2001. - 804с.
8.1.2. Нургожина Ш.И., Нуртазина Р.А. Актуальные проблемы экономики и пресса Казахстана.// Алматы. 1996 г
8.1.3. Веснин В.Р. Основы менеджмента. -М.: Триада, ЛТД, 1996.-384с.
8.1.4. Ворошилов В. Журналистика.-Санкт-Петребург:изж.Михайлово.-1999.-304с.
8.1.5. Гейто Б. Бизнес со скоростью мысли. -М.: Эксмо-пресс,2001.-480с.
8.1.6. Гудмэн Г. Семь секретов прирожденного продца.- М.: грант, 2001.-304с.
8.1.7. Гуревич С. Газета и рынок. -М.: Евразия, 1998.-240с.
8.1.8. Гуревич С. Экономика средств массовой информации.-М.:Рип холдинг, 2001.-244с.
8.1.9. Вачугов Д., Кислякова Н. Менеджмент: практические занятия и деловые игры. -М.: Элит -2000,2000. -272 с.
8.1.10. Толковый словарь терминов рыночной экономики и научно-технического прогресса. Под ред. Б.А.Кембаева.// Алматы, 1994..
8.1.11. Барманкулов М.К. Журналистика для всех Алма-Ата, 1972
8.1.12. Барманкулов М.К. Телевидение: Деньги или власть? –Алматы, 1995
8.1.13. Иваницкий В. Бизнес -план редакции.-М., 1999.
8.1.14. Имшинецкая И. Ситуативный промоушн. -М.: Рип холдинг. 2002. -148с.
8.2. Қосымша әдебиеттер
8.2.1. Введение в бизнес / Рефепат книги Джеймса А. Стоупера и Эдвина Г. Долана. -Ижевск: «Странник», 1991. -272с.
8.2.2. Джей Э. Эффективная презентация. - Минск: Амалфея. 1996. -208с.
8.2.3.Доти Д. Паблисити и паблик рилейшнз. - М.:Филинь, 1998. -288с.
8.2.4. Психологические тесты для деловых людей. / Сост. Н. Литвинцева. -М.: Интел - Синтез, 1998. - 522с.
8.2.5. Райзберг Б. А. Введение в экономику. Книга 1. - М.: Новая школа, 1993. -144с.
8.2.6. Райзберг Б. А. Основы экономики и предпринимательства. Книга 2. - М.: Новая школа, 1993. -204с.
8.2.7.Рокфеллер Дис. Д. Искусство разбогатеть. - М.: Алфавит, 1992.
8.2.8. Сесмен Лил. Верный путь к успеху. - Минск.: Попурри, 1996. -382с.
8.2.9. Таранов П.С. Золотая книга руководителя. - М.: Гранд, 1998. -496с.
8.2.10. Техника юридической безопасности для журналиста. -М.: Права человека, 1997. - 126с.
Достарыңызбен бөлісу: |